Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аминышыл синтезі1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
927.63 Кб
Скачать

1. Галогеналмасқан май қышқылдарын аммиакпен әрекеттестіріп алу:

Иминодисірке қышқылының минимум мөлшерінің түзілуін қадағалау жағдайы мына реакция бойынша

Реакцияны жүргізуде аммиактың өте көп мөлшердегі артық мөлшері алынады немесе аммоний карбонаты қатысында жүргізіледі, ол амин тобын қорғайды. Яғни реакция нәтижесінде түзілетін аминқышқылдарының карбаминді туындыларынан қыздыру барысында оңай ыдырайды.

2. Циангидриндерден және альдегидтерден алу (циангидринді әдіс).

-аминқышқылдарын алудағы маңызды реакциялардың бірі болып альдегидтердің циангидриндеріне және кетондарға аммиактың әсерлесуі маңыздылығы

Келесі кезектегі аинонитрилдердің сабындануы нәтижесінде аминқышқылының түзілуі:

Аминонитрилдерді альдегидтер мен кетондарға аммоний цианидімен әрекеттестіріп алуға да мүмкіндіктері бар. Бұл реакция Н.Д.Зелинский өзінің әріптестерімен көрсеткендей синил қышқылын және аммиакты немесе аммоний цианидін аминқышқылын алу әрекеттестіріп сатыларында олардың орнын аммоний хлориді мен калий цианидінің сулы ерітіндісімен алмастыруға болатындығын көрсеткеннен соң өте маңыздылыққа ие болды, олар реакция барысында альдегидтерменде немесе кетондармен де әрекеттеседі 25

3. Аминқышқылдарын қозғалғыш сутегі атомы бар күрделі эфирлерден синтездеу.

Аминқышқылдарының ситезі үшін үлкен маңызды мәнге ие болға мына органикалық қосылыстар малон эфирі, малонсіркецианидінен және ацетосірке эфирлерінен алу маңызға ие. Осы әдістерді қолдана отырып аминқышқылдарының әр түрлі радикалды қосылыстарын синтездеуге болатындығын көрсеткен.

а) Малон эфирінен синтездеу.

Малон эфирінен нитрозоаммони эфир алады, оны аминомалон эфиріне сутегі қатысында қышқыл ортада катализатор қатысында немесе мырышпен тотықсыздандырып алады

Онда амин тобын ацилдеп қорғайды.

Алынған ацетиламинмалон эфирін металды натиримен және алкил галоидпен әрекеттестіре отырып сатылы түрде алкилдейді:

Сабындау және декарбоксилдеуден соң -аминқышқылы алынады:

б) сірке қышқылының циан эфирінен аминқышқылдарын синтездеу малон эфирінен синтездеп алу әдісіне сәйкес жүргізіледі

в) Ацетосірке эфирінен синтездеп алу. Біратомды алмасқан ацетосірке эфиріне фенилдиазотат ерітіндісімен әрекеттестіріледі, содан соң сілтімен әрекеттестіргенде сірке қышқылы бөлінеді және нйтижесінде түрақсыз азоқосылыс түзіледі, олар яғни фенилгидразон сәйкес келетін кетоқышқылдарына изомерленеді:

Фенилгидразонды мырыштың кетоқышқылынымен спиртті тұз қышқылды ерітінді ортасында тотықсыздандырғанда -аминқышқылының түзілуіне әкеп соғады:

Аминқышқылының ситезінің бұл әдісін В. В. Феофилактов ұсынған.

4. Оксимдерді немесе альдегид гидрозиндерді тотықсыздандыру арқылы алу. мысалы:

Бір мезеттегі аммиактың кетоқышқылына және сутегі катализатор қатысында (платина немесе паллади) әрекеттестіріп жасалған әдіс ерекше тиімді болып шықты. Бұр әдістің реакциялық жүрісінің барысында аралық иминотуындылар түзіледі:

Бұл әдіс бойынша белгі салынған азот изотобы бар N15 («меченый азот») аминқышқылдары синтезделеді, ол арқылы тірі ағзада аминқышқылдарының іс-әрекеттерін зерттеуде қолданылады.

Соңғы жылдары аминқышқылдарының синтезі үшін тағы да екі жаңа әдіс ұсынылағн, ол әдістер арзан өндірістік шикізаттарды фуран және тиофенді қолдануды ұсынған.

5. Фуран туындыларынан аминқышқылдарын синтездеу ( А. П. Терентьев және Р. А. Грачева әдісі)

Синтездеу әдісі фуран сахинасының перманганатпен оңай тотығыуына негізделген, реакция нәтижесінде карбоксил функционалды тобын түзеді. Егер фуран сахинасының бүйір тізбегінде амин тобы болатын болса (көп жағжайда бензойл тобымен қорғалған), тотықтыру нәтижесінде бензойламинқышқылы түзіледі, ал сабындану реакциясынан соң аминқышқылының өзі түзіледі. Амин тобының тізбектегі орналасу жағдайына байланысты α-, β-, γ- және т.б. қышқылдар түзіледі.

Сонымен 1-бензоиламино-1-( α-фурил ) –алкилдерді тотықтыру барысында α-қышқыл түзіледі, мысалы 1-бензоиламино-1-(α-фурил)-этаннан — бензоил-α-аланин түзіледі:

β-аминқышқылдарын алу үшін 2-бензоиламино-1-(α-фурил) алкилдер қосылыстары қолданылады

ал γ-аминқышқылын синтездеу үшін 3-бензоиламино-1-(α-фурил)-алкилдер алынады:

Аминтоптары алшақ орналасқан аминқышқылдарын алу әдістері (β-, γ-, δ-, ε-, . . ., ω-аминқышқылдары)

Аминқышқылдарын синтездеп алудың жалпы әдістерінен басқа альфа аминқышқылдары сияқты қосылыстарын синтездеуге мүмкіндік береді және де амин топтары алшақ орналасқан аминқышқылдарын алуға болады, соңғыларын арнайы әдістер арқылы алады, оны төменде қарастырамыз.

Аммиактың қанықпаған қышқылдарға қосылуы.

Спирттегі аммиакты ерітіндісін α,β-қанықпаған карбон қышқыларымен немесе олардың эфирлеріне әсер еткенде амин тобы β-жағдайына орналасады. Бұл оксоқышқылдардың түзілу реакциясындағы судың байланысуына ұқсас, аммиак алдымен қабысқан қос байланысты жүйенің 1,4 жағдайына байланысу мүмкіндігі бар:

Сондықтан аммиактың байланысу реакциясы Марковников ережесіне қарама –қарсы бағытта жүреді. Акрил қышқылының эфиріне аммиакпен емес фталимидпен (гидроокиси триметилфениламмониді қатысында ретінде) әрекеттестіріп жүргізген тиімдірек:

Эфирдің гидролизі нәтижесінде түзілген фталил-β-аланиннен β-аланиннің өзін де алуға болады: