Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТХС.1.леекция жинаы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

2.Іс жүзінде тазалау әдістерін сипаттау

Тіс пастасы өндірісінде қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздеріне қатты, сұйық және газ тәрізді заттар жатады. Бұл ластау көздерін болдырмау үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Түрлі ластау көздерінің өздеріне лайықты тазалау әдістері бар. Ғылыми негізделген әдістерді қолдану қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартына жатады. Мысалы, қатты өндірістік қалдықтарды залалсыздандырудың мынадай әдістері бар:

1.Табиғи жағдайды моделдендіріп, биологиялық тотықтыру;

2.Термиялық өңдеу;

3.Калдықтарды жер бетінде қоймаландыру.

Аса зиянды қалдықтарды шаруашылыққа маңызы жоқ жерлерге – шарларға, карьерлерге, шруфтарға, траншеяларға, скважиналарға көміп тастау.

Тіс пастасы өндірісінде пайда болған қатты қалдық ретінде кальций карбонатының қалдықтарын қарастыруға болады. Ал бұл қалдықты шикізат ретінде ең көп қолданатын өндіріс – құрылыс материалдарының өндірісіне (цемент, кірпіш, плита, құбыр, құрылыс ерітінділері) жібереді.

Өндіріс орындарының ағызынды суларын тазалау әдістеріне келесілер жатады: механикалық, физика-химиялық, флотация кері осмос, электродиализ, ион алмастыру, адсорбция, химиялық (реагенттік), радиациялық-химиялық, биологиялық және термиялық.

Қалдықсыз технология құрудың әлемдік бірнеше бағыттары бар: 1) тұйық айналыммен жұмыс жасайтын жаңа технологиялық процестер енгізу; 2) ағызынды суларды тазалаудың тиімді әдістерін пайдаланып, ағызынды сусыз технологиялық жүйе құру; 3) өндіріс қалдықтарын өңдеу және екіншілей шикізат ретінде қолдану; 4) шикізат пен қалдықтың материалдық ағынынан тұйық құрылымы бар территориялық өндірістік комплекс құру.

3.Технологиялық процестің шығынын тазалау немесе

залалсыздандыру әдісін сипаттау

Тіс пастасы өндірісінде бірінші сатыда абсорбциялау кезінде абсорберге сутекті фтор қышқылы беріледі және оған қосымша әк сүті - Са(ОН)2 беріледі.. Бұл газдың қоршаған ортаға шығынының мүмкін шекті концентрациясы 0,02%-ға тең. Сондықтан бұл өндірістің тастандыларын екі топқа бөлуге болады: а) қатты заттардың ауадағы қалқып жүрген бөлшектері (аэрозоль) – шаң, түтін; сонымен бірге сұйық заттардың бөлшектері - тұман; б) газ және бу күйіндегі заттар.

Өндірістік газ тастандыларының көпшілігі оларды тазарту әдісінің, қолданатын реактор мен химиялық реагенттердің де көп түрлі болғанын қажет етеді.

Н3РО4, NaҒ

Сұйылту

С үзу

Тұнба СаО, Са(ОН)2

Бейтараптау

Сүзу

Тұнба (СаСО3)

Ерітінді кептіру

Қ ақтау

НҒ газ тазалауға

Тазаланған газ ауаға

Ө нім

Монофторкальцийфосфат тіс пастасына

Сурет 12- Тіс пастасы өндірісінің принципті технологиялық үлгісі

Газдарды аэрозольдерден тазартудың дымқыл әдісі газды сұйықпен (кәдімгі сумен) жууға негізделген. Мұнда газ бен сұйықты барынша араластырып отыру үшін қондырғылы мұнаралар, яғни скрубберлер қолданылады. Олар құрылымының және пайдаланудың қарапайымдылығымен, төзімділігімен, энергияны аз жұмсайтындығымен, аз гидравликалық кедергімен ерекшеленеді.

Газ тастандыларын газ және бу түріндегі улы қоспалардан тазартудың өндірістік әдістері былай бөлінеді:

1.Сұйықпен абсорбциялау;

2.Қатты жұтқыштармен абсорбциялау;

3.Катализді тазарту;

4.Термиялық әдіс.

Газ тастандыларын толық тазарту үшін бірнеше әдістерді қатар қолданады, әр жағдайда тиімді болатындай қарапайым, орта, толық тазарту әдістерінің әрқилы көлемінде қосып жүргізеді. Тазартудың алғашқы сатысында улы заттар әлі көп кезеңде абсорбциялық әдіс қолданса, толық тазартып шығу үшін – адсорбциялық немесе катализдік әдіс қолданады.

Тіс пастасы өндірісінде газ қалдықтарын болдырмас үшін тұйық айналыммен жұмыс жасайтын жаңа технологиялық процестер мен жүйелер енгізілген.

Сонымен қатар өндірісте сүзуден шыққан ерітіндіге әк суын жіберіп, ерітіндіні процесс басына қайтарады.

Қоршаған ортаны зиянды тастандылардан қорғаудың ең сенімді әрі экономикалық тиімді әдісі – қалдықсыз өндіріске өту болып табылады.

Тақырып бойынша сұрақтар

1. Фторлы қалдақтарды залалсыздандыру жолдары

2. Қалдықтарды өңдеу әдістері

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Пасты зубные. МЕСТ 7983-99. Общие технические условия. М.1999.-31с.

2.Табунчиков С.А. Производство извести, М.: Химия, 1972.-178с.

3.Позин М.Е. Расчеты по ТНВ, М.:Химия, 1974.-234с.

4.Крашенинников С.А. Технология соды. М.: Химия, 1984.-246с.

5.Бестереков У.Б. Сода және азотты қосылыстар өндірісінің технолгиясының негіздері мен шығу түрлері. Алматы, 2000-56б.

6.Ершов В.А,Данцис Я.Б. и др. Технология карбида кальция, М.:Химия,1976.-186с.

7.Патент №2796142/23-23.СССР. Способ выделения содовых осадков из алюминатных растворов глиноземного производства. Опубл. 23.09.81.

8.Патент Япония. №59-45923 Способ и устройства для извлечения NaOH. Опубл.15.03.84.

9.Патент США №4451443. Causticization method. Опубл. 29.05.84.

10.Патент США. №4626426. Получение гидрооксида натрия. Опубл. 02.12.86.

11.Патент Япония. №62-65924. Получение хлора и гидрооксида натрия. Опубл. 25.03.87.

12.Позин М.Е. и др. Технология минеральных солей.-М.:Химия, 1974.- Т.1.-С.791.

13. Гильманова Г.Б, Молдабеков Ш.М. Триполифосфат натрия. технология, методика расчетов. Изд.2-е Ш.:1998.- 26 с.

14. Сейтмагазимов Ә, Ш.М. Молдабеков, т.б. Фосфор қосылыстарының

технологиясы. : Алматы-2000.-34б.

15. Бишимбаев В.К., Анарбаев А.А. Молдабеков Ш.М. т.б.

Минералды тыңайтқыштар технологиясы.:Алматы.:Кітап.2007-544б.

15. Конституция Республики Казахстан. Астана-1992г.

16. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., всербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі -Шымкент, М.Әуезов атындагы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005 - 243 б.

17.Маханов Б. Б., Сатаев М.И., Сатаева Л.М., Тіршілік қауіпсіздігі. Электрондык кітaп. :Шымкент, 2004 – 34б.

18.Маханов Б. Б., Сатаев М.И.. всербаев М.Т., Сатаева Л.М., Азаматтық қорғаныс -жекеленген мәселелер. Электрондық кітап.:Шымкент, 2004-29б.

19.Сулейменов А.Т. и др. «Безопасность жизнедеятельности» Учебное пособие, ЮКГУ, Шымкент 2000.- 26с.

20.Шертаев Е.Т. Тіршілік қауіпсіздігі. :Шымкент, 2003-115 б.

21.Аргинбаев Д.К «Енбекті қоргау және қауіпсіз техникалары» Методикалық құрал, ЮКГУ, Шымкент, 2004- 26 б.

97