- •Шымкент, 2012
- •Мазмұны
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптаудың мақсаты
- •2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптау
- •2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Жасанды жуғыш құралдардың құрамы және қасиеті
- •2. Химиялық және оптикалық ағартқыштар
- •2. Химиялық және оптикалық ағартқыштар
- •3 Ерігіштік әсер ету қасиеті және беттік керілу
- •1 Құрама заттардың түрлері және оны сараптау
- •2 Қолдану саласы және аққыштық қасиеттері
- •1 Құрама заттардың түрлері және оны сараптау
- •Б) Хош иісті беретін заттар
- •1 Жжқ шикізаттарын дайында және сараптау
- •2 Ұнтақ шикізаттарға қойыыылатын талаптар және дайындау
- •1 Жжқ шикізаттарын дайындау процесстері
- •2 Ұнтақ шикізаттарға қойыыылатын талаптар және дайындау
- •1 Кептіру технологиясының ерекшелігі
- •2 Жуғыш заттарды шашыратып кептіру
- •1 Кептіру технологиясының ерекшелігі
- •2 Жуғыш заттарды шашыратып кептіру
- •1. Жинақты әдісті қолдану технологиясы
- •2. Жинақты әдістің ерекшелігі
- •1. Жинақты әдісті қолдану технологиясы
- •2. Жинақты әдістің ерекшелігі
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды өндіру
- •2 Жжқ өңдеу технологиясы
- •1.Жжқ өңдеу технологиясы
- •2. Композицияларды дайындаудағы көрсеткіштердің әсері
- •1.Жжқ өңдеу технологиясы
- •2. Композицияларды дайындаудағы көрсеткіштердің әсері
- •1 Жасанды жуғыш құралдардың құрамын және сапасын талдау
- •2. Өнімдерді физика химиялық әдіспен зерттеу
- •1 Жасанды жуғыш құралдардың құрамын және сапасын талдау
- •2 Емдік және тазалық тіс пастасы
- •1 Тіс пастасына сипаттама
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1 Тіс пастасына сипаттама
- •2 Кальций карбонаты және әк тасы
- •1 Натрий метафосфаты
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1 Натрий метафосфаты
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1. Тіс пастасын өңдеу жолдары және құрамаларды дайындау
- •2. Ағартқыш тіс пастасына қойылатын талаптар
- •1. Тіс пастасын өңдеу жолдары және құрамаларды дайындау
- •2. Ағартқыш тіс пастасына қойылатын талаптар
- •2.Іс жүзінде тазалау әдістерін сипаттау
- •3.Технологиялық процестің шығынын тазалау немесе
- •Сұйылту
- •Бейтараптау
- •Ерітінді кептіру
1.Жжқ өңдеу технологиясы
2. Композицияларды дайындаудағы көрсеткіштердің әсері
1.Жжқ өңдеу технологиясы
Өнеркәсіпте жинақты әдіс өте тиімді болып келеді. Сондықтан ол әдісті жиі қолданады. Бұл технология үш сатыдан тұрады:
композицияны шашыратып кептіру
органикалық қышқылдарды сусыз Na карбонатымен бейтараптандыру
кептірген мұнарадан алынған ұнтақты бейтараптандыру өнімдерімен және жылуға төзімсіз компонеттермен араластыру.
Бейтараптану өнімдерін алу үшін органикалық қышқылдар ретінде алкилбензолсульфонды және алкилкарбонды қышқылдар қолданылады.
Бейтараптану процесі толық жүру үшін Na карбонатын 2-3 есе артығымен алады және 5% су мен Na гидроксидін қосады. Бейтараптандыруды мерзімді не үздіксіз өте қатты араластыру арқылы барабанды араластырғыштарда, араластырғыш қайнау қабаты бар аппараттарда жүргізеді. Мерзімді процесітң ұзақтығы 6-8 мин, ол шикізатты тиеу, бейтараптандыру және өнімді шығарудан тұрады. Тиеу және шығару процестеріне 2 минуттан артық уақыт кетпейді.
Ұнтақ ЖЖҚ өндірісінде композицияларды дайындау технологиялық процестің негізгі операциясы болып саналады. Ол дайын өнімнің сапасына және шашыратып кептіретін кептіргіштің жұмысының нәтижелігіне әсер етеді. Композиция өзінің сапалы және сандық құрамы бойынша тұрақты және жеткілікті түрде қозғалмалы болуы қажет. Яғни оны механикалық форсункаларда шашыратуға мүмкіндік беретін тиімді тұтқырлығы болуы қажет.
Композицияларды дайындау процесі:
сұйық және сусымалы компонеттерді мөлшерлеу
оларды реактор – араластырғышта араластыру
сүзу
деаэрация
гомогендеу
Ұнтақ ЖЖҚ-ң рецентурасында қолданылатын сусымалы компонеттердің ерігіштіктері және кристаллогидрат түзу қабілеттері әр түрлі болады, олар композицияның тұтқырлығына және аққыштығына әсер етеді.
ЖЖҚ-ң композициясы – сулы суспензия. Бейорганикалық тұздардың ерігіштігі композиция дайындау процесінде температураның жоғарылауымен көбейеді. Бірақ ол гидраттардың түйіршіктеуімен шектеледі.
Композицияның құрамында ерімейтін және еритін ұнтақ материалдардың қатынасы композицияның қасиеттеріне және дайын өнім ЖЖҚ-ң сапасына өте көп әсер етеді. Ол композицияның тұтқырлығына, тығыздығына және аққыштығына әсер етеді. Ол қатынас неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бұл қасиеттер төмен болады.
Композицияның сапалы көрсеткіштеріне t-ра, судың құрамы, НҮПФ-ң ең аз мөлшері (әсіресе І-ші түрінің), дайындау уақытының қысқалығы, гидротропты үстемелердің үлесі және гомогенді нәтижелігі әсер етеді.
Температураның жоғарылауымен және композициядағы судың құрамының көбеюімен оның тұтқырлығы төмендейді. Бұл тұздардың композициядғы ерігіштігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.
Судың құрамы азайғанда және композицияның дайындау уақыты қысқарғанда (t-ра бірдей болғанда) гидратация процесі жәй жүреді және композициядағы НҮПФ-ң тетрагидратының құрамы төмендейді. Ол композицияның тұтқырлығының жоғарылауына алып келеді.
Композицияның тұтқырлығына НҮПФ-ң бірінші түрінің құрамы мағналы әсер етеді. Оның құрамы 35% (сал.) болған кезде НҮПФ тұтқырлы майда дисперсиалы композиция түзіп гидратацияланады. НҮПФ-ң екінші түрі неғұрлым көп болса, соғұрлым аз тұтқырлықты композиция түзіледі, бұл кезде НҮПФ гексагидратының ірі кристалдары пайда болады.
НҮПФ композиция дайындау сатысында гидратациялануы өте қажет, себебі толық гидратталмаған тұз дайын өнімнің сусымалдығының төмендеуіне және жоғарғы тығыздалуына алып келеді.
Атап өтілген жағдайларға қарамай ЖЖҚ шашыратып кептіру әдісімен өндіргенде бірінші түрі аз НҮПФ-ы қолданылады, себебі ол композицияның тұтқырлығының төмендеуіне және оның құрамындағы қатты бөліктің көбеюіне алып келеді, яғни кептіргіштің өнімділігі жоғарылайды.
Композицияның қасиеттеріне аэрация және гомогендеу процестері әсер етеді. Сұйық және қатты фазаларды тез араластырған кезде композиция аэрацияланады, ал бұны болдырмау қажет. Себебі, аэрацияланған композицияны кептірген кезде дайын өнімнің үйілу тығыздығы төмендейді және шаң тәріздес фракцияның құрамы көбейеді.
Композициядан ауаның құрамының жоғарылауы оның тасымалдануын қиындатады және оны форсункалар арқылы тозаңдатқан кезде қысымның ауытқуына алып келеді.
Композицияның тығыздығын оны вакуумді және ультрадыбысты жүйелердің көмегімен деаэрациялау арқылы жүзеге асырылады.
Композицияны гомогендеу кептіру процесін үдетуге және тұрақтандыруға алып келеді және ЖЖҚ-ң біртекті және берік түйіршіктеріні алуға леркіндік береді. Механикалық гомогендіргіштерді қолдану композицияның тұтқырлығын 2 есе төмендетуге, ал агломераттар мен кристалдардың өлшемдерін 4-тен 0,2 – 0,3 мм азайтуға мүмкіндік береді. Механикалық гомогендегіштер төмен қысымды айдағыштардың рөлінде қолданылады, себебі олардың жұмыс істейтін бөлшектері мүшелері бір қораптарды орналасады.
Композицияны мерзімді және үздіксіз әдіспен дайындайды.
Мерзімді әдісте кем дегенде екі аппарат қолданылады: біріншісінде композиция дайындалады, ал екіншісінден композиция кептіру сатысына беріледі. Яғни композицияның кептіруге үздіксіз берілуі қамтамасыз етіледі. Екі, үш немесе төрт араластырғыш – аппараттардан тұратын қондырғылар екі араластырғыштарда кезек-кезек дайындалатын әдіс қолданылады. Бұл араластырғыштар қыздырғыш жейдемен және араластырғыштармен қамтамасыз етілген. Дайын композиция емін еркін тұндырғышқа түседі, бұл жерде қоспалар бөлінеді, содан кейін композиция айдағыштармен шығындағыш – араластырғышқа айдалады. Одан кейін оны гомогендіргішке, жоғары қысымды айдағышқа және кептіруге жіберіледі. Үздіксіз әдістің бірнеше артықшылықтары бар:
композицияныдайындау уақыты қысқарады
шашыратып кептіретін кептіргіштің өнімділігі жоғарылайды
НҮПФ-ң гидратациялану дәрежесі төмен болғандықтан шоғырланған композиция алынады.
Сонымен қатар үздіксіз процестерде нәтижелі араластырғыш бар аз өлшемді араластырғыш қолдануға болады. Бұл композицияның сапалы көрсеткіштері пайдалы әсер етеді.
