Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТХС.1.леекция жинаы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті

Абибулла Әбілдаұлы Анарбаев

Тұрмыстық химия өнімдерін сараптау

Лекция жинағы

5В060600– Химия мамандығы студенттеріне арналған

Шымкент, 2012

Анарбаев А.А.

"Тұрмыстық химия өнімдерін сараптау" атты лекция жинағы. –Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012.

80 б.

5В060600-Химия мамандығына арналған "Тұрмыстық химия өнімдерін сараптау " атты лекция жинағы.

"Тұрмыстық химия өнімдерін сараптау" пәнінің лекция жинағы оқу бағдарламасы негізінде 5В060600 – Химия мамандығының "Химиялық, криминалистикалық және экологиялық" мамандану студенттеріне арналған.

Лекция жинағы құрлымы: тұрмстық химия өнімдері, бастапқы шикізаттар мен үстемелер, БАЗ, жасанды жуғыш құралдарды (ЖЖҚ) дайындау, жасанды жуғыш құралдардың сапасын анықтау және сараптау, косметикалық және гигиеналық заттарды өңдеу әдістері қамтылған. Лекция жинағы Химия мамандығы және Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау мамандандыруы бойынша оқып білім алатын студенттерге арналған.

Пікір берушілер: Молдабеков Ш.М., профессор, т.ғ.д., ОҚМП институты

Асильбекова А.Д., доцент, т.ғ.к., ОҚМП институты

Лекция жинағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды, № ___ хаттама " ____ " ________ 2012ж

Мазмұны

Кіріспе

4

1

Лекция №1. Жасанды жуғыш құралдар және олардың тұрмыстық жағдайда алатын орны

6

2

Лекция №2. БАЗ қассиеті және активті заттар

8

3

Лекция №3. Жасанды жуғыш құралдардың құрама заттары

11

4

Лекция №4. Жасанды жуғыш құралдардың құрама заттары

21

5

Лекция №5. ЖЖҚ шикізаттарын дайындау

27

6

Лекция №6. Жасанды жуғыш құралдарды кептіру

31

7

Лекция №7. Жинақты әдісті қолдану технологиясы

35

8

Лекция №8. Жасанды жуғыш құралдарды өндіру жолдары және оның өнім сапасына әсері

37

9

Лекция №9. ЖЖҚ шашыратып кептіру ерекшелігі

40

10

Лекция №10. Жасанды жуғыш құралдардың сапасын физика-химиялық әдіспен зерттеу

44

11

Лекция №11. Емдік тұрмыстық құралдар және тіс пастасы

51

12

Лекция №12. Тіс пастасының қасиеті және сапасына қойылатын талаптар

59

13

Лекция №13. Емдік тіс пастасына қажетті өнімдер мен құрамаларды сипаттау

66

14

Лекция №14. Тіс пастасын өңдеу технологиясы

72

15

Лекция №15. Өндіріс қалдықтары және оларды өңдеу

77

13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

82

КІРІСПЕ

Тұрмыстық химия өнімдеріне жасанды жуғыш құралдар, ағартқыштар, косметикалық және гигиеналық заттар жатады. Ағартқыш жасанды жуғыш құралдар ұнтақ, паста, сұйықтық, таблетка немесе түйіршіктер түрінде шығарылады. Бұл өнімдердің тіршіліктегі орны өте үлкен және оларды маталар мен бұйымдарды майлардан, дақтан және кіршік заттардан тазалау үшін күнделікті тұрмыста қолданылады. Олардың сапасы жуғыштық қасиетіне, дайындау және өнімді кептіру жағдайына байланысты болады.

Химиялық ағартқыш, жасанды жуғыш құралдар (ЖЖҚ) - органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі қоспасы. Оларға органикалық беттік активті заттар (БАЗ) - негізгі жуғыш компонент, натрий үшполифосфаты (немесе басқа фосфаттар), бұл үстемлер суды жұмсартады да, ерімейтін тұздарды еритін комплекстерге айналдырады; натрий металикаты (сұйық шыны), бұл үстеме дайын өнімнің жуғыш қабілетін және сусымалдығын жоғарылатады; гидротропты үстемелер - сулы суспензияның тұтқырлығын төмендететін органикалық заттар; хош иіс беретін үстемелер - ЖЖҚ-ға хош иіс беретін табиғи және жасанды майлы заттар т.б. барлығы 14 түрлі үстемелерден құралады.

Ағартқыш жуғыш құралдардың рецептурасына байланысты басқа да компоненттер қолданылуы мүмкін.

Олардың жуғыш қабілеті, су тоғандарында жоғарғы биологиялық ыдырауы, өндіру және қолдану тиімділігі, товарлық түрінің жақсы болуы, сапалық көрсеткіштерінің тұрақтылығы, адамдарға, жануарларға және су организімдеріне зиянсыз болуы қажет.

1980 жылдарға дейін бүкіл дүние жүзі бойынша ағартқыш жасанды жуғыш құралдар үлесі 31%, сабындікі 69%, ал 1991 жылы жуғыштарды қолдану 52-60% дейін жоғарылады, ал сабынның қолданылуы 48%-ке дейін төмендеді.

Қазіргі кезде кір сабынның қолданылуымен ағартқыш ЖЖҚ

алмастырылуының себептері; табиғи ас майларын үнемдеу, химиялық талшықтардан жасалған маталардың көбеюі.

Осылардың нәтижесінде ағартқыш жасанды жуғыш құралдар сапалы және ассортиментіне қойылатын жаңа талаптар пайда болды.

Ондай талаптарды орындау үшін тиіді заттар ретінде құрамында күрделі – эфирлі және амидті топшалары бар органикалық заттар қолданылады.

ЖЖҚ-дың құрамына энзимдерді енгізу кір жуу нәтижелігін едәуір жоғарылатады.

Европада ЖЖҚ-ң 60-70% құрамына энзимдер мен химиялық ағартқыштар кіреді. Қазіргі кезде осындай ЖЖҚ үшін 80% дейін жоғарылату көзделіп отыр.

Келешекте жоғары сапалы ЖЖҚ 20-250C нәтижелі энзим құрамдас жүйелер, оларға протеаза, липаза, аминаза және басқа ферменттер кіреді.

ЖЖҚ-ғы фосфаттарды басқа заттармен алмастыру мәселесі әлі шешілмеген. Көптеген шет елдерде ЖЖҚ-ғы фосфаттардың құрамы шектелген; фосфатсыз ЖЖҚ өндіру көлемі 60-100% -ды құрайды.

Бұл мәселені шешу қоршаған ортаны қорғау талаптарымен және экономикалық талаптар мен анықталады. Фосфаттардың орын басушылары ретінде карбонаттар, алюмосликаттар (цеолиттер) және нитрилацетат қолданылады. Цеолиттердің тұтынуына кедергі жасау үшін ионогенсіз БАЗ қосады. Кір жуу үшін жұмсақ су қолданатын мемлекеттерде, мысалы Жапонияда, фосфаттарды цеолиттермен толық алмастыруға болады.

Сондай ақ оқу құралында тіс пасталарын өңдеу, қолдану және оның құрамын зерттеу химиялық, экологиялық зерттеу қарастырылған. Өнеркәсіпте өндірілетін тіс пастасы бірнеше түрге бөлінеді: тазалық (гигиеналық), емдік-профилактикалық, жан-жақты және медициналық. Бұл емдік тіс пастасы күнделікті және аралық болып екіге бөлінеді және тазалық сақтайтын пасталар тазалағыш және жаңартқыштық қызмет атқаратындықтан оларға химиялық және экологиялық сараптаулар жүргізіледі.

Емдік-профилактикалық жоғарғы екі қызметтен басқа қосымша стоматологиялық ауруларды емдейтін және аурудың алдын алу үшін қолданылады, сондықтан олардың емдік қасиеттері мен құрамы негізгі орын алады.

Оқу құралында тұрмыстық химия өнiмдері мен шикiзаттың сипаттамасы, процестердiң физика-химиялық негiздерi, сонымен қатар өндiрiстiң технологиялық үлгiсiн сипаттау туралы мәлiметтер келтiрiлген.

Лекция №1. Жасанды жуғыш құралдар және олардың тұрмыстық жағдайда алатын орны