- •Мазмұны
- •Кiрiспе
- •1 Құқықтық сана
- •1.1 Құқықтық сана, жалпы түсінігі
- •1.2 Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы рөлi
- •2 Құқықтық мәдениет
- •2.1 Құқықтық мәдениеттің мәні.
- •2.2 Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу жағдайы.
- •2.3 Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2 Құқықтық мәдениет
2.1 Құқықтық мәдениеттің мәні.
«Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» ‑ қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ‑ орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы. Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр.
“Мәдениет” ұғымының негізгі мағынасы адамның қолымен, санасымен жасалған барлық құндылықтар жүйесін білдіруге саяды. Осылай анықталған мәдениет мына негізгі бөлшектерден тұрады: 1.Материалдық мәдениетті адам қызметінің заттық түріндегі қарау, өндірістік құралдары және басқа жадығаттар жиынтығын құрады; 2. Рухани мәдениетке адамзаттың өнер мен ғылымдағы, мемлекеттік өмір мен қоғамдық тұрмыстағы жетістіктерінің жиынтығы жатады. Бұл мағынада өнегелік-имандылық нормалары мен құқықтық қағидалар мәдениеттің бір бөлігі болып саналады.
Әдетте, мәдениеттің бір бөлігі болу үшін осы туынды қандай да бір тәсілмен объективтенндірілуі, яғни заттануы тиіс. Оның амалдар арқылы қазіргі техникалық құралдармен қайтадан бейнеленуі, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз, әдет-ғұрып, дәстүр арқылы өтуі болады.
Мәдениет уақыт пен кеңістікте орналасады. Ол әлеуметтік топтан тыс өмір сүрмейді. Демек, түрлі әлеуметтік қауымдасулардың ерекше мәдениетінің қалыптасуы заңды құбылыс. Сөйтіп, біз жасөспірімдердің, топтың, қаланың, ұжымның, ұлттың және т.т. мәдениетін зерттейміз. Жеке тұлғаның мәдениеті - бұл оның тәртіп тәсілдерінің, қызмет жасау әдістерінің, оның ойлары мен түсініктерінің, іс-әрекетінің нәтижелерінің жиынтығы. Жеке адамның мәдениеті, әдетте, оның өзі жататын әлеуметтік топтың мәдениетінің шеңберінде қалыптасады, бірақ үлкен ауытқудың болуы мүмкін. Бұл көбіне құқықтық мәдениетке қатысы.
Құқық мәдениеті ресми-идеологиялық құбылыс ретінде жеке адамның саяси және құқықтық сана-сезімінің, олардың құндылықты-нормалық кешенінің, сонымен қатар құқықтық ортадағы жүріс-тұрысы мен қызметінің қалыптасуына және дамуына мемлекет пен қоғам арқылы бағытталған. Бұл ықпал айқындалған құқықтық көзқарастарды, рухани байлық, қазыналарды және т.б. бекітеді: құқықтық идеология мен құқықтық сана-сезімнің мазмұнының дамуы мен мүлдем өзгеруі, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, бүкіл қоғамның құқықтық сана-сезіміне жаңа көзқарастарды, құқықтық құндылықтарды және т.с.с. көнерген құқықтық таптаурындарды, үлгілерді, көзқарастар мен құндылықтардың бөлшектерін енгізу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан құқықтық мәдениет тұтас құқықтық жүйе сияқты құқықтық нормаладың және адамның шынайы мінез-құлқының бірлігімен, мөлшерлер мен құндылықтардың сәйкес келуімен, құқықтың әлеуметтік тиімділігіне жетуімен сипатталады.
Демек, құқықтық мәдениеттің интеграцияланған, яғни кіріктіріліп дарытылған қасиеттері нормалық бағыттаудың мәнімен шектелмейді. Оның мақсаты - әлеуметтік ортаға белсенді енуі, қалыптасқан ұстанымдарға ықпал жасауы, ұжымдары мен әлеуметтік топтардың мүшелерін ілгерішіл нормалардың, олардың құкықтық жүріс-тұрысына қажеттілігін түсінуге бағыттау болып табылады. Сонымен, құқықтық мәдениет жеке адам мен ұжымның әлеуметтік бірлестігінің бірыңғай жүйесіне кіруін қамтамасыз етеді. Бірақ құқықтық мәдениеттің шынайы жағдайы ресми ұстанымдары мен мұрат тұтушы үлгілерінен елеулі айырмашылығы болуы мүмкін. Құқықтық білімнің деңгейіне байланысты оған жеке адамның, әлеуметтік таптардың тарапынан қарым-қатынастары да сәйкестелінеді.
