- •Мазмұны
- •1.1. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарға жалпы сипаттама
- •1.2. Әскери қылмыстардың түрлері
- •2.1. Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар
- •2.2. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар
- •2.3. Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
- •2.4. Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
- •Қорытынды
2.4. Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру
Қылмыстың құқық бұзушылықтың заты - қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери көлік құралдары, түнде көретін приборлар, өзге де әскери мүліктер.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан қару-жарақты, оқ- дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Құрту деп көрсетілген заттарды толық жою арқылы оны өзінің тікелей мақсатында пайдалана алмайтын жағдайға келтіруді айтамыз.
Бүлдіруге - көрсетілген заттардың өз қажеттерін едәуір жоғалтуы, оны қалпына келтіру үшін біршама шығынның қажет болуы жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - материалдық. Қылмыстық құқық бұзушылық әскери мүлікті қасақана құртқан немесе бүлдірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан, немесе күш қолданып, немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған не адамдар тобы, немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 459-бабының 2-тармағында көрсетілген.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер қылмыстың ауырлататын (459-баптың 3-тармағы), ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады. (ҚК-тің 459-бабының 4-тармағы). Ауыр зардаптарға әскери дайындық міндеттерін жүзеге асырмау, ірі мөлшердегі мүліктік залал келтіру, адамдардың денсаулығына зиян келтіру жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың ниеті - бұзақылықтан, бастыққа кек қайтарудан, әскери қызметке көңілі толмаудан болуы мүмкін.
Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру
Бұл қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективтік жағының белгісінен басқа белгілері бойынша Қылмыстық кодекстің 459-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Қылмыстық кодекстің 460-бабындағы қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны арқылы жасалады.
Әскери мүлікті жоғалту
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан қызметте пайдалану үшін сеніп берілген қару-жарақты, оқ-дәріні немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзуы, бұл олардың жоғалуына әкеп соғу арқылы сипатталады.
Қылмыстық құқық бұзушылық әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Жоғалту мүлікті қарамай тастаудан, оның сақталу ережелерін бұзудан, ұрлатып немесе басқа жолдармен иеліктен шығарып алу арқылы болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамға жатады. Мүлікті пайдалану ережелерін бұзу мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін.
Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселерді ұстау қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптар әкеп соқса, онда қылмыстық құқық бұзушылық құрамы орын алады. Қылмыс құқық бұзушылық объективтік жағынан заң диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзудан, одан туындаған зардаптан, ережелерді бұзу мен зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - материалдық. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал (ҚК-тің 106, 107-баптары), әскери мүліктің жойылуына (387-бап) не өзге ауыр зардаптарға әкеп соғады. Өзге де ауыр зардаптарға - ірі көлемдегі материалдық залал келтіру; әскери техниканың істен шығып қалуы; құнды әскери немесе азаматтық объектінің жойылуы немесе бүлінуі; әуе, су, жер кеңістігінің улануы; аса маңызды әскери шаралардың болмай қалуы жатады.
Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық ҚК-тің 462-бабының 2-тармағында, ал осы баптың бірінші тармағында көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет үшін жауаптылық Кылмыстық кодекстің 462-бабының 3-тармағында көзделген.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны арқылы (немқұрайлық немесе менмендік) жасалады.
Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
Әскери машиналарды жүргізу немесе пайдалану Ережелері Қазақстан Республикасьшың «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы Ережелері арқылы анықталады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың затына әскери: арнаулы немесе көліктік машиналар жатады.
Әскери машинаға танкі, бронетранспорт, өздігінен қозғалатын ракеталық және артиллериялық қондырғылар, арнаулы машинаға - құрылыс, өрт сөндіру, медициналық, жөндеу жұмысын жүргізуге пайдаланылатын техникалар жатады.
Көліктік машинаға жеңіл, жүк көліктері жатады.
Көлікті жүргізу ережелерін бұзуға - оның жылдамдығын үдету, басып озу ережесін бұзу, тыйым салған бағдаршам белгісін бұзып, жүріп кетулер жатады.
Көлікті пайдалану ережелерін бұзуға - мас адамды көлік жүргізуге жіберу, техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығару, жабдықталмаған техникамен адам тасу т.с.с. жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы – материалдық.
Субъективтік жағынан қылмыс абайсыздықпен істеледі.
Ұшу немесе оған дайындау қағидаларын бұзу
Ұшу немесе оған даярлану, сондай-ақ әскери ұшу аппараттарын пайдалану Қазақстан Республикасы Әуе кодексімен, тағы да басқа арнайы нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Қылмыстық қүқық бүзушылық объективтік жағынан абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан үшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерін бұзу арқылы көрініс табады.
Яғни, қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының белгілері:
1) ұшу немесе оған даярлану ережелерін, сол сияқты әскери ұшу аппаратта- рын пайдалану ережелерін бұзу;
2) одан қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы абайсызда кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы;
3) көрсетілген ережелерді бұзу мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы болып табылады.
Ұшу ережелерін бұзуға ұшу бағыттарынан ауытқу; ұшу немесе қону ере- желерін бүзу; әр түрлі әуе кеңістігі шараларын жүзеге асырудағы жіберілген қа- теліктер т.с.с. жатады.9
Ұшуға даярлану ережелерін бұзуға — ұшу аппараттарын экипаждың алдына қойған міндеттерін дұрыс жүзеге асыруға даярламау (мысалы ұшу аппаратына техникалық қызмет көрсетудің тәртібін бұзу; оны жанармаймен толық қамтамасыз етпеу т.с.с.) жатады.
Әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерін бұзуға — ұшу аппаратын өз мақсатына пайдаланбау; ұшу аппаратына жүк тиеу ережелерін бұзу; ұшу аппараты экипажы мүшелігіне медициналық тексеруден өтпеген адамды жіберу сияқтылар жатады. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу мен одан пайда болған қылмыстың зардабы - кісі өлімі арасындағы себепті байланыста анықталуы қажет.
Өзге де ауыр зардаптарға экипаж мүшелерінің немесе басқа адамдардың денсаулығына ауыр немесе орта дәрежелі жарақат келтірілуі; ұшу аппараттарының бүлінуі немесе жойылуы; аса маңызды әскери шаралардың жүзеге аспай қалуы т.с.с. жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан абайсыздықпен жасалады.
Корабль жүргізу ережелерін бұзу
Қылмыстық кодекстің осы бабында абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери корабльді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Объективтік жағынан қылмыс:
1) корабль жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу;
2) абайсызда кісі өлімінің немесе өзге де ауыр зардаптардың болуы;
3) көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады.
Корабльді жүргізу немесе оны пайдалану ережелерін бұзу кеме жүргізудің белгіленген ережелерін сақтамау, оның жылдамдығы мен бағытын өзгерту, тіркеуге алу тәртібін бұзу, оның жекелеген агрегаттарын, бөлшектсрінің жұмыс істеу тәртібін сақтамау арқылы орын алуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жөнінен - материалдық. Корабль жүргізу ережелерін бұзу мен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы шарт. 10
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық кінәнің абайсыздық нысаны арқылы (менмендік немесе немқұрайлық) жүзеге асырылады.
Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-бап)
Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның жауынгерлік, арнаулы немесе көліктік машинаны жүргізуі, не әскери корабльдерді жүргізуі, не әскери ұшу аппаратын басқаруы, не осындай адамға аталған әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты осындай адамның әскери техниканы жүргізуіне немесе басқаруына лауазымды адамның жол бергені үшін жауаптылық ҚК-тің 466-бабында тұңғыш рет көрсетіліп отыр.
Қылмыстың объектісі - әскери техниканы пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан әрекетсіздік арқылы лауазымды адамның алкогольдік, есірткіге немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға машиналарды; корабльдерді, әскери ұшу ақпаратын жүргізуге, басқаруға беруі немесе осындай адамдарға көрсетілген техника құралдарын басқаруға, жол беру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.
Қылмыс субъектісі - арнаулы осындай іс-әрекеттерге жол берген лауазымды адам.
Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағында, егер мұнда іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтірсе - кінәлі адам ҚК-тің 466-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
