Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпус Нова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.53 Кб
Скачать

1.2. Әскери қылмыстардың түрлері

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:

Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ереже- леріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (438-бап). Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері (439-бап). Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (470-бап).

Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-бап). Қашқындық (442-бап). Әскери қызмет атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-бап).

Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қыл- мыстық құқық бұзушылықтар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың қағидаларын бұзу (444-бап). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу (445-бап). Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (446-бап). Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (447-бап). Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу (448-бап). Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-бап).

Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (459-бап). Әскери мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру (460-бап). Әскери мүлікті жоғалту (461-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (463-бап). Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (464-бап). Корабль жүргізу қағидаларын бұзу (465-бап). Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне, немесе басқаруына беру не жүргізуіне, немесе басқаруына жол беру (466-бап).

Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық: Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (458-бап).

Әскери лауазымды қылмыстық құқық бұзушылықтар: Билікті теріс пайдала- ну(450-бап); Билікті асыра пайдалану (451-бап); Биліктің әрекетсіздігі (452-бап). Қызметке салғырт қарау (453-бап).

Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Батып бара жатқан әскери кемені тастап кету (454-бап). Соғыс жүргізу құралдарын қарсыласқа беру немесе тастап кету (455-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (456-бап). Мародерлік (457-бап).2

Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Жедел қызмет бойынша әскери қызметшілер, келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезіндегі запастағы азаматтар үшін әскери қызметті өткерудің басталуы әскери қызмет туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде мазмұндалған ережелерге сәйкес анықталады.

Әскери бөлімнің жеке кұрамының тізімдерінен шығарған күн әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін әскери қызметті өткерудің аяқталған уақыты болып табылады.

Әскери қызметшінің нақты әскери қызметтің лауазымдық міндеттерін орындағаны туралы мәселені шешу кезінде әскери қызмет туралы нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.

Қылмыстық іс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-тарауының бірқатар баптарының диспозициясы бланкеттік (сілтемелік) болып келетінін ескеріп, әрбір нақты жағдайдағы әскери қылмыстар үшін адамды жауапқа тартқанда әскери қызметті өтеудің жалпы тәртібіне, сондай- ақ тәуліктік наряд қызметін атқаруға, қарауылға, мемлекеттік шекараны күзету бойынша нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке және әскери жарғыларда, өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша нарядтың әскерлер құрамына қатысты бұзылған ережелердің мазмұнын анықтау қажет. (ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысының 4-тармағы.) Қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігі қасақаналықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

II-ТАРАУ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ