Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпус Нова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.53 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

I-ТАРАУ. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері және оларға жалпы сипаттама .......................................................................................4

1.1. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарға жалпы сипаттама..................4-5

1.2. Әскери қылмыстардың түрлері .......................................................................5-6

II-ТАРАУ. Әскери қылмыстардың түрлерінің құқықтық

сипаттамасы ..............................................................................................................7

2.1. Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар .......................................................................................................7-12

2.2. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар .....................................................................................................12-16

2.3. Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар .....................................................................16-21

2.4. Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар ....................................................................................................21-25

Қорытынды .............................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.

Еліміздің Қарулы Күштері - оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі

Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы II-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.

Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толықтырылатынымен түсіндіруге болады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысуы үшін жауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді.

Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.

Арнайы орындалған курстық жұмысымда әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.

I-ТАРАУ. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері және оларға жалпы сипаттама