Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

1.1.4 Қабырғалар және төс: құрылысы, қызметтері. Қабырғалардың төске беку ерекшеліктері.

Төс - sternum үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі-тұтқасы, manubrium sterni, ортаңғы бөлігі-денесі, corpus sterni, және төменгі бөлігі-семсер тәрізді өсінді(processus xiphoideus). Саптың жоғарғы жиегінде саптың мойындырық бөлігі, incisura jugularis, орналасады; оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана тілігі, incisura clavicularis, болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға шығыңқы төс бұрышы, angulus costales, деп аталады.Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер, incisurae costales, жатады, олар ІІ қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.

Семсер тәрізді өсінді түрі жағынан күшті өзгеріп отарады, тесігі болуы, екіге тармақталуы, бір жағына қарай майысуы мүмкін және т.б. құрылысы өте бай қантамыр торы бар жұмсақ кеуек молдығымен ерекшаланеді, бұл төс арқылы қан құюға мүмкіндік жасайды. Төсте кемік майының көп болуы, сәуле ауруын емдеу кезінде жілік майын ауыстырып салуға мүмкіндік береді.

Қабырғалар. Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады.Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады.Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады.Бұлар-қара нағыз қабырғалар, costae vera. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға (VIII, IX және X) сүбе (жалған) қабырғалар, costae spuriae деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes.

Қабырғалар, costae, жіңішке иілген табақшалар болып табылады, олардың артқы, ұзындау бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен, os costales, ал алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен, cartilago costales, тұрады. Әрбір сүйекті қабырғада артқы және алдыңғы шеттерін, ал олардың арасында қабырға денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы шеті қырмен бөлінген буындық беті бар қалыңдау қабырға басы, caput costae, болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады. І, ІХ және ХІІ қабырғаларды буындық беті қырмен бөлінбейді. Қабырға басына кейін тарылған бөлік қабырға мойнына, collum costae, жатады, оның жоғарғы жиегімен бірінші және соңғы қабырғада болмайтын бойлық қыр, crista colli costae, өтеді. Мойынның қабырға денесіне айналатын жерінде, сәйкесті омыртқаның көлденең өсіндісінің буындық бетімен буындасу үшін, буындық беті бар қабырға төмпешігі, tuberculum costae, орналасқан. ІХ және ХІІ қабырғаларда төмпешік болмайды, өйткені бұл қабырғалар соңғы кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерімен буындаспайды.І қабырғаның жоғарғы бетінде практикалық тұрғыдан маңызды төмпешік, tuberculum m.scaleni anterioris, байқалады, ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін жері. Осы төмпешіктің артқы жағынан кішкентай жүлгені ,sulcus a.subclaviae, көруге болады, оған І қабырға бұғанаасты артериясы орналасады.Төмпешіктің алдында бұғанаасты венасы үшін басқа, жайпақтау жүлге, sulcus v.subclaviae, жайғасқан.