Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Тіл,lingua, бұлшықетті мүше. Ол ауыз қуысының ауыз қуысының төменгі қабырғасына жақын тіласты безі, мен жақ-тіл астылық бұлшықеттің үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті арқылы ұнтақталған тамақты жұтыну актісі кезінде аран арқылы жұтқыншаққа өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы, денесі, және түбі ажыратылады.

Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:

1.Тілдің жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae filiformes et papillae conicae ,тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып,тіл ұшынан түбіне дейінгі аралықта орналасқан.Тілдің дорзалды бетінің немесе арқашығыныңбархыт тәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты.Жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі:жалпы сезімдерді қабылдау.

2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformis, тілдің бүйір беттерінде,арқашығында шашыранды түрде,тіл ұшында топталып орналасқн.Мұндай бүртіктердің қызыл түсті болып келуі қан тамырлар капиллярларыныңбеткей орналасуына байланысты.

Қызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.

3.Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae бүртіктердің жалпы саны 7 – 12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланың алдында бұрыш құрап орналасқан.Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2 – 3 мм-дей.Бүртіктердің ұшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан.

Қызметі: дәмді сезу.

4.Жапырақтәрізді бүртіктер,papillae foliatae, олар тілдің бүйір қабырғаларында орналасқан.

Қызметі:тұзды, тәтті сезімдерде қабылдау.

Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп,көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты–қабыққа жалғасады.Тіл түбінің шырышты қабығын құрап,көмейдің бөбешігіне, epiglottis қарай өтіп,ортаңғы тіл–бөбешік қатпарын, plica epiglottis medialis,және латералды тіл-бөбешік қатпарын, plica epiglottis lateralis, аралығында орналасқан қорғаныш қызметін атқаратын тіл-бөбешік қалтасын құрайды.

Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш құрап орналасқан шашақтәрізді екі қатпарды құрайды.Шашақтәрізді қатпарлар,тіл ұшында бұрыш құрай түйісіп,ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп,аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, құрайды.Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында,тіласты бүртігі,caruncula sublingualis,орналасқан.Бұл бүртіктің артқы бүйір қапталында,тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналасқан.

Тіл бұлшықеттері.

Тіл бұлшықеттері,көлденең – жолақты ерікті бұлшықеттерден тұрады.

Топогрофиялық орналасуына қарай тіл бұлшықеттері скелеттік және меншіктік бұлшықеттерге бөлінеді.

Тілдің бұлшықеттері:

1.Біз – тіласты бұлшықеті, m.styloglossus, самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып,тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшықеттеріне жалғасады.

Қызметі: тілді жоғары және артқа тарту.

2. Тіласты – тіл бұлшықеті, тіласты сүйегінің денесінен және үлкен, кіші мүйіздерінен басталып,тілге қарай өтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.

Қызметі: тілді төмен және артқа қарай тарту.

3.Иек – тіласты бұлшықеті, m.geniaglossus, ол төменгі жақсүйектің иектік қылқанынан, басталып, тілдің меншікті вертикалды бұлшықетіне жалғасады.

Қызметі: тілді төмен және алға қарай тарту.

Тілдің меншікті бұлшықеттері:

1. Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті,m.longitudinalis superior, тілдің біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып, бойлай алға қарай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.

Қызметі: тілді қысқартып, тіл ұшын жоғары көтеру.

2. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, m.longitudinalis inferior, бұл бұлшықетте біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Ол тіл түбінің маңындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.

Қызметі: тілді қысқартып,арқашығын жоғары көтеріп, тіл ұшын төмен түсіру. Біржақты жиырлғанда тілді бүйір жағына тартады.

3. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae, ол тілдің тіл асты – тіл бұлшықетініңбүйірқапталында орналасқанфасциялдықтінге барып бекиді.

Қызметі: тілдің көлденең енін кішірейту.

4.Тілдің вертикалды бұлшықеті,m.verticalis linguae, тілдің бүйір бөлігінде орналасқан,тілді жалпайтады.

Тідің қанмен қамтамасыз етілуі

Тіл сыртқы ұйқы артериясының тармағы тіл артериясымен, a.lingualis,қанмен қамтамасыз етіледі.

Тіл нервтері бірнеше қайнар көздерінен қалыптасады. Тілдің бұлшықеттерін, тіл асты нерві, n.hypoglossus, нервтендіріледі.

Тілдің шырышты қабығының алдыңғы үштен екі бөлігі тіл нервісімен, n.lingualis, артқы үштен бірі IX жұп тілжұтқыншақ нерв талшықтарымен, тіл түбінің шырышты қабығы Х жұп кезбе нервтің жоғарғы көмей нервімен;алдыңғы үштен екі бөлігі VII жұп бет нервісінің дабыл ішегінің, талшықтары құрамында тіл нервімен нервтендіріледі.

Тіс, dens, шайнау және сөйлеу аппаратының негізі болып саналады.Тіс: тіс сауытынан, corona dentis, мойнынан,cervix dentis және түбірінен,radix dentis, тұрады.

Тіс сауыты,corona dentis, қызылиектен жоғары орналасқан. Тіс сауытының тілдік беті,facies lingualis, кіреберістік беті, facies vestibularis, түйісу беті,facies contactus, артқы беті және қабысу беті, facies occlusalis, ажыратылады.

1.Тіс түбірі, radix пішіні конус тәрізді, жоғарғы жақ сүйек пен төменгі жақ сүйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.

2. Тіс мойны, cervix, тіс сауыты мен түбірінің аралығында орналасқан бөлік.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы бар Тіс сауыт қуысының ішінде тісті қандандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан. Тіс затының құрылысы:

а) эмаль

ә)Дентин

б)цемент

Тіс жалпы пішініне және атқаратын қызметіне қарай: күрек, ит, кіші азу және үлкен азу тістерге бөлінеді.

Тістердің арбір қатары симметриялы орналасқан. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамның тұрақты тістерінің жалпы формуласында горизонталді сызықтың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақсүйектің тістері белгіленсе, төменде төменгі жақ сүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді.

Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі: тістерді жоғарғы жақсүйек артериясының артқы жоғарғы ұяшықтар артериясы, aa.alveolares superiors posteriores; Алдыңғы тістерді көзұясы артериясының тармақтары-aa.alveolares superiores anteriores; төменгі жақсүйек тістерін төменгі жақсүйек артериясының тармағы төменгі ұяшық артериясы a.alveolaris inferior, қанмен қамтамасыз етеді.