Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Жұтқыншақ: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.Линфоэпителиальды сақина құрылысы.

Жауабы: Жұтқыншақ,pharynx мойын мен бастың маңында орналасқан сыртқы пішіні конус тәрізді келген ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігі. Жұтқыншақ топографиялық орналасуына қарай: мұрындық бөлікке,pars nasalis ауыздық бөлікке, pars oralis және көмейлік бөлікке, pars laryngea, бөлінеді.

Топографиясы: Жұтқыншақ бассүйектің негізінен басталып, VI- мойын омыртқасының тұсында өңешке, esophagus, жалғасады.Артқы қабырғасы мойын омыртқаларымен, бүйір қабырғасы:мойын маңында орналасқан ірі қантамырлармен және кезбе нервпен,n.vagus, шектеседі, алдыңғы қабырғасы: хоан тесігі,choana, арқылы мұрын ұуысымен,аран,isthmus faucium арқылы ауыз қуысымен, алмұрт тәрізді қалта арқылы көмеймен шектеседі.

Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі, pars nasalis, бассүйектің негізінен жұмсақ таңдайға дейінгі аралықта орналасқан.Қабырғалары:

-Жоғарғы қабырғасы:сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінің төменгі бетімен шектеледі.

-Артқы қабырғасы: І-ІІ мойын омыртқасы мен және жұтқыншақ бадамшасымен,tonsillar pharyngealis, шектеледі

-Алдыңғы қабырғасы жоқ, хоан тесігі арқылы мұрын қуысымен байланысады.

-Бүйір қабырғасында: түтік буылтығы,torus tubarius, және есту түтігінің сыртқы тесігі,ostium pharyngeum tubae auditivae, сыртқы есту түтігі мен таңдай пердесінің аралығында түтік бадамшасы,tonsilla tubaria, айқын байқалады.

-Төменгі қабырғасы жоқ, жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасады.

Жұтқыншақтың ауыздық бөлігі,pars oralis, ол жұмсақ таңдай мен көмей бөбешігінің,epiglottis, аралығында орналасқан

Қабырғалары:

-Алдыңғы қабырғасы жоқ, аран,fauces, арқылы меншікті ауыз қуысымен, cavum oris propria, байланысады.

-Артқы қабырғасы бірінші, екінші мойын омыртқаларымен шектеледі.

-Жоғарғы, төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұтқыншақтың мұрындық және көмейлік бөліктеріне жалғасады.

Жұтқыншақтың көмейлік бөлігі,pars laryngea, ол көмей қақпағының тұсынан басталып, VI-мойын омырқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады.

Қабырғалары:

-Алдыңғы қабырғасы көмеймен шектескендіктен жұтқыншақтың көмейлік бөлігі деп аталынады.Мұнда жұтқыншақтың алмұрт тәрізді орналасқан қалтасы,recessus piriformis, айқын байқалады.

-Жоғарғы және төменгі қабырғалары жоқ, ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасса, төменгі бөлігі алтыншы мойын омыртқаның тұсында өңешке жалғасады.

Жұтқыншақтың қабырғаларының құрылысы:

Жұтқыншақ қабырғалары: шырышты, бқлшықеттік және дәнекер тінді қабаттан тұрады.

-Шырышты қабығының,tunica mucosa pharynges, мұрындық бөлігі кірпікшелі эпителиймен, ауыздық және көмейлік бөліктері көпқабатты эпителиймен қапталған.Жұтқыншақтың шырышты қабығы нашар дамуына байланысты қатпарлар түзбейді, шырышты бездерге өте бай.

-Жұтқыншақтың бұлшықеттік қабығы: бойлық және дөңгелек қабат көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады.

1.Жұтқыншақтың бойлық қабат бұлшықеттері:

а)Бізжұтқыншақ бұлшықеті,m.stylopharyngeus, ол самай сүйектің біз тәрізді осіндісінен,processus styloideus, басталып, жұтқыншақтың бойлық қабат бұлшықет қабығын құрайды.Қызметі: тамақты жұтқаннан кейін жұтқыншақты қалыпты деңгейге әкелу.

ә)Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті,m.palatopharyngeus, ол жұмсақ таңдайдың фиброзды қабықшасынан басталып, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.Қызметі: тамақты жұтқаннан кейін жұмсақ таңдайды төмен тартып, ауаны мұрын қуысынан көмейге қарай еркін өткізу.

2.Жұтқыншақтың дөңгелек қабаты немесе қысқыш бұлшықеттері.Бұл топ бұлшықеттері 3 жұп бұлшықеттен тұрады.

а)Жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұлшықеті,m.constrictor pharyngis superior, ол сынатәрізді сүйектің қанатты өсіндісінің медиальды табақшасының артқы жиегінен, оның ілмегінен, hamulus pterygoideus, және төменгі жақтіласты сызықшасынан,linea mylohyoidea, тілдің түбірінен басталып, жұтқыншақтың бүйір қабырғасынан орай артқы қапталына қарай өтіп, қарсы жағындағы бөліммен өзара айқасып, жұтқыншақ бұлшықетінің тесігін, raphe pharyngis, құрайды.Қызметі:тамақты қысып, жұтқыншақтың аралық қысқыш бұлшықетіне қарай өткізу.

ә)Жұтқыншақтың ортаңғы қысқыш бұлшықеті, m.constrictor pharyngis medius ол тіласы сүйегінің үлкен және кіші мүйізінен басталып, жұтқыншақтың артқы бетінде жұтқыншақтың тігісін құрап аяқталады.Қызметі: жұтқыншақтың ауыздық бөлігіндегі тамақты, көмейлік бөлігіне қарай жылжыту.

б) Жұтқыншақтың төменгі қысқыш бұлшықеті, m.constrictor pharyngis inferior қалқанша шеміршектің сыртқы беті мен жүзіктәрізді шеміршектің бүйір қапталынан басталады. Бұлшықет талшықтары, ортаңғы бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып, жұтқыншақтық тігісті құрайды. Қызметі: жұтқыншақтың ауыздық бөлігінен тамақты өңешке жылжыту.

-Жұтқыншақтың дәнекер тінді қабығы, tunica adventitia жұтқынтақтың сыртқы қабығы болып саналады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: Жұқыншақты жоғарылаған жұтқышақ артериясы, a.pharyngea ascendens жұтқыншақтық тармақтар(қалқанша-мойын сабауының тармағы) rr.pharyngeales;(бет артериясының тармағы, жоғарылаған таңдай артериясынан) rr.pharyngeales арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Жұтқыншақтан веналық қан жұтқыншақ өрімі,plexus pharyngeus, кейін жұтқыншақ веналары,vv.pharyngei, арқылы ішкі мойындық венасына,v.jugularis interna, ағады.

Жұтқыншақтың нервтенуі: IX жұп тіл-жұтқыншақ нервінің,n.glossopharyngeus, X жұп кезбе нервтің,n.vagus, тармақтарымен нервтендіріледі.

Бадамшалары: бадамшалары,tonsilla, лимфопоэтинальды тіндерден тұрады.Ауыз қуысының бадамшаларына: таңдай,тіл,жұтқыншақ және түтік бадамшалары жатады. Бұл бадамшалар бір-біріне өте жақын іргелес орналасып, Пирогов-Вальдейер атты лимфопоэтинальды сақинаны құрайды.

-Таңдай бадамшасы,tonsilla palatina, жұп бадамша, бадамшалар шұңқырында,fossulae tonsillares, орналасқан. Алдыңғы қабырғасы таңдай-тіл доғашығымен,arcus palatoglossus артқы қабырғасы таңдай-жұтқыншақ доғашығымен,arcus palatopharyngeus, сыртқы қабырғасы жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұшықетімен,m.constrictor pharyngissuperior, және ішкі ұйқы артериясымен,a.carotis interna, шектеседі.

-Тіл бадамшасы,tonsilla lingualis, ол тіл түбі мен көмей бөбешігінің аралығында орналасқан жұп бадамша.

-Түтік бадамшасы,tonsilla tubaria ол есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі мен таңдай пердесінің аралығында орналасқан жұп бадамша.

-Жұтқыншақ бадамшасы,tonsilla pharyngealis, жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің жоғарғы қабырғасының артқы қабырғаға өткен жерінде орналасқан.Сонымен қатар бадамшалар иммундық жүйенің шеттік бөлігіне жатады.