Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Беттің бұлшықеттері,mm.facialis, немесе ымдау бұлшықеттері, дененің басқа басқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: эмбрионалдық дамуы өзгешелеу, тері астына орналасып, фасциялық қабықшасыз, сүйектік нүктелерден басталып , теріге барып бекиді жиырылған кезде беттің терісінде адамның көңіл күйін білдіретін қатпарлар пайда болады

Топографиялық орналасуына қарай ымдау бұлшықеттері: көздің, ауыздың, мұрынның, құлақ қалқанының төңірегіндегі және бас сүйектің қақпағының маңындағы бұлшықеттерге бөлінеді

1.Бассүйек қақпағының бұшықеттері, m.epicranius ол жалпақтау келіп, бас сүйек қақпағын жауып орналасқан апонеаротикалық табақшадан тұрады. Орналасуына қарай: шүйде-маңдайлық,апоневротикалық табақшадан, самай-төбелік бұлшықеттерден тұрады:

a) шүйде-маңдайлық бұлшықет,m.occipitofrontalis ол маңдай сүйектің жоғарғы қастық доғасынан,arcus superciliaris, шүйде сүйегінен, linea nuche suprema, басталып апоневрозға ұласады.Бұлшықет маңдайлық,venter frontalis және шүйделік қарыншадан6 venter occipitalis тұрады, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апо, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апоневрозды табақша арқылы жалғасқан.

ә)самай-төбе бұлшықеті, ол бас сүйектің самай бөлігінде орналасқан. Бұлшықеттер талшықтары құлақ қалқанының шеміршегінің алдыңғы қапталынан басталып, бастың апоневроз табақшасына ұласады.

Қызметі: шүйде бөлігінің қарыншасы жиырылғанда бастың терісін артқа қарай тартады, маңдай қарыншасы жиырылғанда көздің қабағы мен қасты көтереді.

Нервтендірілуі: VII жұп бет нерві,n.facialis арқылы нервтендіріледі

Қанмен қамтамасыз етілуі: шүйде артериясы,a.occipitalis құлақ қалқанының артқы артериясы,a.auricularis posterior самайдың беткей артериясы, a.temporalis superficialis және көз шарасының жоғарғы артериясы a.supraorbitalis арқылы.

2.Құлақ қалқанының алдыңғы бұлшықеті, m.auricularis anterior,ол самай бұлшықетінің фасциялық қабықшасы мен шүйде-маңдайлық бұлшықетінің апоневрозды қабықшасынанбасталып, құлақ қалқанының терісіне барып бекиді

Қызметі: құлақ қалқанын алға қарай қозғалту

Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis арқылы.

3.Құлақ қалқанының жоғарғы бұлшықеті, m.auricularis superior ол шүйде-маңдай бқлшықетінің апоневрозды қабықшасынан басталып, құлақ қалқан шеміршегінің жоғарғы қапталына барып бекиді

Қызметі: құлақ қалқанын жоғары қарай тарту мен қатар, бастың апоневрозды қабықшасын керу

Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis мен құлақ қалқанының артқы артериясы, a.auricularis posterior арқылы.

4.Құлақ қалқанының артқы бұлшықеті ол желкелік бұлшықеттердің фасциялық қабықшасынан басталып құлақ қалқаны терісінің артқы бөлігіне барып бекиді.

Қызметі: құлақ қалқанын артқа қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі:құлақ қалқанының артқы артериясы

5.Көздің дөігелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi, сыртқы пішіні жалпақтау келіп,көз шарасының маңында шеңбер бағытта орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай көз қабақтық, көз шарасының және көзжас бұлшықеттерңне бөлінеді

а) Көз қабақтық, pars palpebralis, көз қабағының медиальды байламынан және көз шарасының ішкі қапталынан басталып, көз шарасының латеральды бұрышындағы сүйектік қабықшасына барып бекиді

ә)Көз шарасының бөлігі, pars orbitalis, ол маңдай сүйегінің мұрындық бөлігінен, жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінен және көздің қабағының медиальды байламынан басталып шүйде-маңдайлық бұлшықеттің маңдайлық қарыншасы, venter frontalism. occipitofrontalis мен қасты түюші бұлшыұетке, m.corrugator supercilii, ұласады

б) Көзжас бөлігі, pars lacrimalis, ол көз жас сүйегінің латеральды бетінен және бұл сүйектің артқы қырқасынан басталып, көз жас қапшығына бекісе шамалы бөлігі қабақтық бөлігінің бөлшықетіне ұласады

Қызметі: а) көздік бөлігі жиырылған кезде, көздің саңылауын жұмып, маңдайдың көлденең қатпарларын құрайды; ә) көздің қабағының бұлшықеті көздің саңылауын тарылтады; б)бұл бұлшықеттің көздік бөлігі жиырылғанда қасты төмен тартып , ұрттың терісін жоғары көтереді; в) бұл бұлшықеттің көз жас бөлігі жиырылған кезде, көз жас-мұрын өзекшесінің өту жолы кеңейіп, жастың мұрын қуысына өтуіне ықпал жасайды.

Нервтендірілуі: VII жұп бет ми нерві n.facialis арқылы

Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, a.facialis самайдың беткей артериясы,f.temporalis superficialis, және көз шарасының жоғарғы және төменгі артериялары, a.supraorbitalis et infraorbitalis арқылы.

5. Қасты түю бұлшықеті,m.corrugator supercilii, ол маңдай сүйектің мұрын бөлігінен және көз жас сүйегінен басталып, қастың медиальды қапталына барып бекиді

Қызметі: екі жақтық қасты бір-біріне түйістіріп, аралығында вертикаль бағытта орналасқан сызықшаны құрайды.

Қанмен қамтамасыз етілуі: маңдайлық артерия, a.frontalis көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, самайдың беткей артериясы,a.temporalis superficialis арқылы.

6. Тәкәппар бұлшықеті,m.procerus ол мұрын сүйегінің қырынан немесе мұрын бұшықетінің апоневрозынан басталып, кеңсірік үстілік жазықтықтың маңындағы теріге барып бекиді.

Қызметі: екі жақты бөлігі бірдей жиырылғанда, мұрын қырының түбірі маңындағы теріде көлденең сызықша пайда болады

Қанмен қамтамасыз етілуі: құлақ қалқанының артериясы,a.auricularis, көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, арқылы.

7. Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oris ол еріндердің терең қабатында шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттер талшықтарынан тұрады. Бұл бұлшықеттердің талшықтар орналасуына қарай иектік және еріндік болып екі топқа бөлінеді.

Қызметі : ауыз тесігін қысып, ерінді сыртқа қарай ығыстырады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: еріннің жоғарғы және төменгі артериясы, aa.labiales superior et inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.

8.Үлкен бетсүйектік бұлшықет,m.zygomaticus major ол бетсуйектің сыртқы бетінен басталады. Бұлшықеттің талшықтары ауыздың езуінің маңындағы теріге және ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарын құрауға қатысады.

9.Кіші бетсүйектік бұлшықет, m.zygomaticus minor, ол бетсүйектің алдыңғы бетінен басталып ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетіне ұласады.

10.Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет,m.levator labii superioris, ол көз шарасының төменгі жиегінен басталып, ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.

11.Жоғарғы ерін мен мұрынның танауын көтеретін бұлшықет,mm.levator labii superioris et alaegue nasi, ол жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінің негізінен басталып, бір бөлігі жоғарғы еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарына ұласса, екінші бөлігі мұрын танауының терісімен бітісе жалғасады.

Қызметі: жоғарғы ерінді көтерумен қатар,мұрынның танауын керіп, жоғары қарай көтереді

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы және төменгі ерідік артериялар,aa.labiales superior et inferior мен ұрттың артериясы,a.buccalis арқылы.

12.Ауыздың езуін көтеретін бұшықет,m.levator angulus oris, ол кө шарасының төменгі жиегінен және оның тесігінен,foramen infraorbitalis, басталып, езудің терісі мен ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықет талшықтарына ұласады.

Қызметі:Ауыздың езуін жоғары көтеріп, латеральды бағытта тарту.

Қанмен қамтамасызетілуі:көз шарасының төменгі артериясы мен ұрттық артериялар,aa.infraorbitalis et buccalis, арқылы.

13.Ұрт бұлшықеті,m.buccalis, ол төменгі жақсүйегінің ұрттық қырқасынан,crista buccinatoria, және жоғарғы жақсүйегінің аз тістер маңындағы доға тәрізденген сызықшасынан және сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегі мен төменгі жақсүйегі аралығындағы фиброздық тігістен, raphe pterygomandibularis басталып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы мен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.

Қызметі: езуді сыртқа қарай тартып, еріндерді тістермен жанастырып еріндерді кереді.

Қанмен қамтамасыз етілуі: ұрт артериясы,a.buccalis арқылы.

14.Күлкі бұлшықеті,m.risorius тұрақсыз.Ол шайнау бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан және мұрын мен еріннің терілік қатпардан басталып, еріннің езуінің маңындағы теріге барып бекиді.

Қызметі: езуді көтеріп, сыртқа қарай тарту.

Қанмен қамтамасыз етілуі: Бет артериясы,a.facialis, беттің көлденең артериясы,a.transversa faciei арқылы.

15.Езуді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor anguli oris, ол төменгі жақ сүйегінің бетінен, иектік тесіктен төменірек жерден басталып, ауыз езуінің маңындағы теріге бекісе, біраз бұлшықет талшықтары езуді көтеретін бұлшықеттің талшықтарына ұласады.

Қызметі:езуді төмен түсіріп, артқа қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.

16.Ерінді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor labii inferioris, ол төменгі жақ сүйегі денесінің сыртқы бетінен және иектік тесіктің алдыңғы қатарынан басталып, төменгі иек пен еріннің терісіне барып бекиді.

Қызметі: төменгі ерінді төмен қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.

17.Иектік бұлшықет,m.mentalis, ол төменгі жақ сүйегінің күрек тістерінің маңындағы альвеолярлық көтеріңкілерінен басталып, иектің терісіне барып бекиді.

Қызметі: төменгі ерінді сыртқа қарай айналдырып, иекті жоғары көтеру.

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.

18.Иектің көлденең бұлшықеті,m.transversus menti, тұрақсыз шағын келген бұлшықет. Көлденең бағытта орналасып, езуді төмен тартатын бұлшықеттің тікелей жалғасы болып саналады.

19. Мұрын бұлшықеті,m.nasalis, ол жоғарғы жақ сүйегінің ит тіс пен латеральды күректістік көтеріңкілерден басталып, бұлшықет талшықтары : сыртқы және ішкі бөліктерге бөлінеді.

а)Сыртқы немесе көлденең бөлігі,pars transversa, мұрын қырының апоневроз тканына ұласады

ә)Ішкі нмесе танаулық бөлігі,pars alaris, танаудың шеміршектік бөлігіне барып бекиді.

Қызметі:танаудың тесігін тарылту.

Қанмен қамтамасыз етілуі:жоғарғы еріндік артерия,a.labialis superior, арқылы.

20.Мұрынның аралық қабырғасын төмен тартушы бұлшықет,m.depressor septi nasi, ол жоғарғы жақ сүйегінің альвеолярлық медиальдыкүрек тістік өсінділерінен және осы маңға орналасқан ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтарынан басталып, мұрын қуысының аралық қабырғаларының шеміршектік бөлігінің алдыңғы қапталына барып бекиді

Қызметі:мұрын қуысының аралық қабырғасын төмен қарай тарту.

Нервтендірілуі:Бет нерві,n.facialis, арқылы.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior, арқылы.