Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

3. Қылқан астылық бұлшықеті, m.Infraspinatus,Бұл бұлшықет жауырынның қылқан астылық ойысынан, басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырын үстілік артериясы, a.suprascapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: иық өрімінің жауырын үстілік нерві, n. suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

4. Жұмыр кіші бұлшыеті, m.theres minor, oл жауырынның латералды қырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі:иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

Қанмен қамтамасыз етілуі:жауырынның оралма артериясы, a.circumflexa scapulae, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: жауырын үсті нерві, n.suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

5. Жұмыр үлкен бұлшықеті, theres major, oл жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын төмен және артқа қарай тартып, қолды тұлғаға жақындатып, қолды ішке қарай айналдырып бұру.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырынастылық артeрия, a.subscapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендіріледі: жауырын астылық нерві, n. .subscapularis, арқылы нервтендіріледі.

6. Жауырын астылық бұлшықет, m.subscapularis, ол жауырынның бүкіл жауырын астылық ойысынан және бұл ойыстың бұлшықеттік көтеріңкілерінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне, барып бекиді.

Қызметі: иық буынын ішке қарай бұрып қоймай, буын қапшығын тартып, қозғалыс кезінде шаншылудан сақтайды.

Қанмен қамтамсыз етілуі: жаурын астылық артерия, a.subscapularis, арқылы қанмен қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: жауырын астылық нерві, n.subscapularis, арқылы нервтендіріледі.

  1. Иық бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Иық бұлшықеттері

Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай келе, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерге бөлінеді.

Иықтың алдыңғы топ бүгуші бұлшық еттері

1.Иықтың екі басты бұлшықеті,m.biceps brachii.Бұл бұлшықеттің проксималды бөлігі қысқа және ұзын басынан тұрғандықтан иықтың екі басты бұлшықеті деп аталуы сол себепті.Ол тоқпан жіліктің алдында терінің астында айқын байқалады.

а)Иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы,caput longum, ол жауырынның буын үстілік төмпешігінен жіңішкелеу және ұзындау келген сіңірше арқылы басталады.Бұл бұлшықеттің сіңіршесі иық буыны қапшығының астымен өтіп, одан әрі иық буынынан шыққаннан кейін, тоқпан жіліктің төмпешік аралық саласы,sulcus intertubercularis, арқылы өтіп, екі қарыншалы бұлшықеттің жалпы қарыншасын құрайды.

ә)Бұл бұлшықеттің қысқа басы,caput brevis, ол жауырынның құстұмсұқ әсіндісінен құстұмсұқ-иық бұлшық еті мен қосарласып бірге басталады.Тоқпан жіліктің орталық бөлігінде екі басы ұршық тәрізді болып келген қарыншасын құрап, одан әрі дисталді сіңіршесіне ұласып, кәрі жіліктің бұдырына,tuberiositas radii, барып бекісе,сіңіршенің медиалды бағытта бағытталған жалпақтау келген шандырлы табақшасы,aponeurosis musculi biceptis brachii, құрап блектің фасциялық қабықшасына ұласады.

Қызметі: иық пен шынтақ буынын бүгіп, ішке қарай айналдыру.

Қанмен қамтамасыз етілуі: шынтақ жіліктік жанама жоғарғы және төменгі артериялары, aa. collaterales ulnaris supreirior et inferior, мен кәрі жіліктік қайырылма артериясы a. reccurens radialis, ,арылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: иық өрімінің бұлшықет - терілік нерві, n. musculocutaneus, арқылы нервтендіріледі.

2. Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. Corcobrachialis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен processus coracoideus, жалпақтау келген сіңіршелері арқылы басталып, иықтың кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris , барып бекиді.

Қызметі: иық буынын бүгіп,қолды кеудеге қарай татады.Сонымен қатар, иықты қимылдатпай берік ұстаған жағдайда жауырынды алға және төмен қарай тартады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралма алдыңғы және артқы артериялары, aa.circumflexa humeri anterioret posterior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: бұлшықет-терілік нерві, musculocutaneus, арқылы нервтендіріледі.

3. Иық бұлшықеті m. Brachialis, ол тоқпан жіліктің алдыңғы бетінің төменгі 2/3 бөлігінен, дельта тәрізді бұдырының аралығынан және иық бұлшықеттерінің аралық медиалды және латералды табақшасынан, septum intertuberculares medalis et lateralis, басталады. сіңіршенің беткей орналасқан дәнекер тканды талшықтары, шынтақ жіліктің бұдырына, tuberositas ulnae, брып бекісе, тереңде орналасқан сіңіршелері шынтақ буынының буын қапшығына ұласады.

Қызметі: шынтақ буынын бүгу.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иық артерия, a. brachialis, мен шынтақ жіліктің жанама жоғарғы және төменгі артериялары, aa.collaterales ulnaris superior et inferior, және қайырылма кәрі жілікті артерия, a. reccurens radialis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: иық өрімінің бұлшықеттік нервісі, n. musculo-cutaneus арқылы нервтендіріледі.

Иықтың артқы топ жазушы бұлшықеттері

1.Иықтың үш басты бұлшықеті,m.triceps brachii.Ол иықтың артқы қапталында орналасқан өте жақсы дамыған бұлшықет болып саналады.Бұл бұлшықеттің атына сәйкес латералды, медиалды және ұзын бастары ажыратылады.

а)Латералды басы, caput laterale, ол қысқалау келген сіңіршелер мен бұлшықеттер талшықтары арқылы, тоқпан жіліктің ратералды бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералды бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералды табақшаларынан, septum intermuscularis lateralis, басталады.

ә)медиалды басының, caput mediale, басым бөлігі, бұлшықеттік талшықтардан тұрады.Бұлшықет талшықтары бірнеше сүйектік нүктеден: тоқпан жіліктің артқы бетінің төменгі бөлігінің артқы бетінен, шынтақ буынын ішке бұрғыш бұлшықеттің , m. pronatorteres, басталар жерінен, иықтық бұлшықет аралық медиальды табақшалардан және шынтақтық өсіндіден, olectranon, басталады.

б)Ұзын басы, caput longum, ол өте мықты келген сіңіршелер арқылы: жауырынның буындық төменгі төмпешігінен, tuberculum infraglenoidale, басталады.

Бұлшықеттің талшықтары тоқпан жіліктің орталық бөлігінде бұл бұлшықеттің медиальды және латералды қарыншаларымен бірігіп, иықтың үш басты бұлшықетінің жалпы қарыншасын құрауға қатысып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісіне, барып бекиді.

Қызметі: шынтақ буынын жазып, қолды тұлғаға қарай тарту.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралма артқы артериясы, a. circumflexa humeri posterior , иықтың тереңде орналасқан артериясы, мен шынтақ жіліктік жанама жоғарғы және төменгі артериясы, aa. collaterals ulnaris superior et inferior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Невтендірілуі: кәрі жіліктің нерві, n. radialis, арқылы нервтендіріледі.

3.Шынтақ бұлшықеті, m. anconeus.Сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді келіп, тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндіснен, epycondilus lateralis, және шынтақ буынының жанама кәрі жіліктік байламынан,lig.collaterale radiale, басталып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісінің артқы бетіне бекиді.

Қызметі: шынтақ буынын жазу.

Қанмен қамтамасыз етілуі: сүйек аралық қайырма артерия, a.interossae reccurens, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: кәрі жіліктік нерві,m. radialis, арқылы нервтендіріледі.