Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

18. Ерлердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жыныс мүшесі, penis, ұмамен бірге сыртқы жыныс ағзаларын құрайды. Құрамына үш дене енеді: жұп үңгірлі дене, corpus cavernosum penis және тақ, кеуекті дене, corpus spongiosum penis.

Жыныс мүшесінің үңгірлі денелері, corpus cavernosum penis шеттері үшкірленген екі ұзын цилиндр дене болып табылады, олардың шеттерінің арттары ажырап, қасаға сүйектердің төменгі тармақтарына бекитін crura penis түзеді. Бұл екі дене ортақ ақ қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum, жабылған, ол екі дене арасында қалқа, septum penis, түзеді. Қалқаға сәйкес жоғарғы бетінде v.dorsalis penis үшін, ал төменгі бетінде spongiosum penis үшін жүлге орналасады.

жыныс мүшесінің кеуекті денесі, corpus spongiosum penis tunica albunginea corporis spongiosi-мен жабылған, жыныс мүшесінің үңгірлі денелерінің астында жатады және бүкіл ұзына бойына несеп шығаратын өзек өтеді. Екі үңгірлі денеге қарағанда кіші, диаметрі 1 см-дей, бірақ олрдан өзгешелеу екі е\шеті жуандап, алдыңғы жағында жыныс мүшесінің басын, glans penis, ал артқы жағында буылтығын, bulbus penis, аяқталады.

Жыныс мүшесінің қасағаға бекіген артқы бөлігі түбір, radix penis, деп аталады. Жыныс мүшесі алдыңғы жағында баспен, glans penis, аяқталады. Басы мен түбірі арасында денесі, corpus penis, деп аталады.дененің жоғарғы беті төменгі бетінен кеңдеу, және арқашығы, dorsum penis , деп аталады. Жыныс мүшесінің басында вертикалды саңлау –үрпі, ostium uretrae externum, орналасады; басы дорсалды және латералды жақтарынан үңгірлі денелер деңгейінен сәл шығып тұард; бастың бұл жиегі corona glandis деп аталады, ал оның артындағы тарылған жері collum glandisдеп аталады.

Жыныс мүшесінің терісі басының негізгі жағында бос қатпар түзеді, ол күпек басы, preputium, деп аталады. Жыныс мүшесі басының төменгі жағында күпек бастың терісімен жүгенше, frenulum preputium, арқылы байланысады. Corona glandis айналасында және күпектің ішкі қатпарында көлемі әр түрлі май бездері, glandulae preputiales, орналасады. Бұл бездердің секреті Бұл бездердің секреті glans penis пен preputium арасындағы науашықта жиналатын препуиалды майдың, smegma preputii, құрамына енеді. Жыныс мүшесінің төменгі бетінде, frenulum perpytii-ден ортаңғы сызық бойында, төменде алғашқы екі жартының бітісіп өскен жерін көрсететін жік, raphe, байқалады. Жыныс мүшесінің үш денесі оларды қоршап, біріктіретін, борпылдақ тері асты шелмайында жатқан тұтас fasia penis-пен оралған. Оған қоса жыныс мүшесі байламдарымен бекітіледі.

Қан жыныс мүшесіне aa.profundae et dorsalis penis арқылы келеді. Артерия тамырлары дәнекер тінді қалқаларда өтіп, жіңішке артерияларға ажырайды, ал олар тікелей кеуекті, үңгірлі кеңістіктерге ашылады. Қан әкететін венаның, venae cavernosae-ның бір бөлігі үңгірлі денелердің орталық бөліктерінен, бір бөлігі шеттеу жақтан басталып, vv.profundae penis және v.dorsalis penis-ке құяды.

19. Әйелдердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Әйелдің жыныс аймағы, pudendum femininum, деген атауға әйелдің сыртқы жыныс ағзалары жиынтығы: үлкен жыныс ернеулері мен олардың арасындағы түзілістер жатады.

Labia majora pudenda , үлкен жыныс ернеулері, майы көп дәнекер тіні бар екі тері қатпары болып табылады. Олар өзара дәнекер деп аталатын тері бөліктерімен: жалпақтау алдыңғы дәнекер, commissura labiorum anterior, және енсіздеу артқы дәнекермен, commissura labiorum posterior, қосылады. Бүйір жақтарынан үлкен жыныс еріндерімен шектелген саңлау тәрізді кеңістік жыныс саңлауы, rima pudendi, деп аталады.

Үлкен жыныс ернеулерінен жоғары, қасаға біткен жердің алдында күшті дамыған май қабаты дөңесті – қасаға, mons pubis, түзеді. Қасаға төмпесі мен үлкен жыныс ернеулерінің латералды беті жүнмен жабылған, жүннің жоғарғы шекарасы кіндіктен 9-10 см төмен және әйелдерде горизонталды бағытталған. Үлкен жыныс ернеулерінің ортаңғы сызыққа жақын медиалды бетінің терісі жұқа да, қызыл түсті мен ылғалды жағынан шырышты қабыққа ұқсайды.

Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері, labia minora pudenda, орналасады, олар үлкен жыныс ернеулері арасынан мүлдем көрінбейді және солар сияқты түрі шырышты қабыққа ұқсайтын екі бойлы тері қатпары болып табылады. Кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері бір-біріне жанасып жатады. Әрқайсысының алдыңғы шеті екі кішкене аяқшаға бөлінеді: латералды аяқша деліткіні айналып өтіп, қарама-қарсы жақтың дәл осындай аяқшасымен қосылып, деліткі күпегін, preputium clitoridis түзеді. Медиалды аяқтары сүйір бұрыш жасай қосылып, төмен жағынан frenulum clitoridis түрінде деліткінің басына бекиді. Кіші жыныс ернеулерінің артқы шеттері кішкене көлденең қатпар, frenulum labiorum pudenda, арқылы қосылады.

Кіші жыныс ернеулері арасындағы саңлаутәрізді кеңістік қынап кіреберісі,vestibulum vaginae деп аталады. Кіреберіс қуысына несепшығаратын өзек, қынап және кіреберіс бездерінің шығаратын түтіктері ашылады. Несепшығаратын өзектің сыртқы тесігі – үрпісі, ostium urethrae externum, шамамен деліткі басынан 2 см артқа қарай орналасады, тесіктіе жиектері сәл томпайып тұратындықтан, қолмен сипағанда оңай сезіледі. Одан артқа және төмен қарай едәуір кең, жыныстық қатынасында болмағандарда hymen жауып тұратын ostium vaginae жатады. Қынап тесігінің жан – жағында, hymen мен кіші жыныс ернеулері түбірі арасындағы жүлгеде кіреберісітің үлкен безінің өзегі, glandula vestidularis major (Bartoloni) ашылады. Бартолин бездері, әр жағынан біреуден, еркектердің бульбоуретралды (купер) бездеріне сәйкес диаметрі 10-12 см сопақ пішінді түзілістер болып табылады, олар кіреберіс буылтықтарының артқы шеттерінде орналасады. Үсақ майда бездері- glandula vestibulares minors бар, олар үрпі мен қынап тесіктері арасындағы шырышты қабықтың бетінде ашылады.

Әйел жыныс ағзаларында еркектердің үңгірлі денелеріне сәйкес келетін түзілістер бар; олар – bulbus vestibulі мен clitoris.

Bulbus vestibulі, кіреберіс буылтығы, еркектердің corpus spongiosum penis-не сәйкес келеді, бірақ әйелдерде бұл жерде үңгірлі масса екі симметриялы бөлікке бөлінген. Әрбір буылтықтың ұзындығы 3 см, ені 1,5 см, қынаптың төменгі шетінен латералды орналасқан қою веналық өрім болып табылады.

Clitoris, деліткі, corpora cavernosa clitoridis penis-ке сәйкес келеді, бас, дене және кішкене аяқшалардан тұрады. Ұзындығы 2,5-3,5 см денесі, corpus clitoridis, тығыз фиброзды қабықпен, fascia clitoridis, жабылған, тұтас емес қалқа арқылы corpora cavernosa clitoridis болып табылатын екі симметриялы жартыға бөлінеді. Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен - Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен – glans clitoridis аяқталады. Артқы жағынан деліткі денесі екі аяқшаға – crura clitoridis, ажырайды, олар қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекиді. Деліткі денесіә қасаға симфизіне ілініп тұратын байламмен lig.suspensorium clitoridis бекиді.

Жүйкеленуі: plexus pudendus, n.pudendus

Қанмен қамтамассыз етілуі: a.bulbi vestibule (a.pudenda interna).