Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

13. Өкпеқап: топографиясы, плевральдық қуыс, өкпеқап қойнаулары және олардың маңызы.

Өкпеқап, pleura, деп аталады ол екі жапырақшадан тұрады: висералды өкпеқап, pleura vesceralis және париеталды, қабырғалық өкпеқап, pleura parietalis.

Висералды өкпеқап өкпенің өзін жауып, өкпе затымен тығыз тұтасатындығы соншалық, тінді зақымдамай алуға болмайды; ол өкпе саңлауларына еніп өкпе үлестерін бір-бірінен бөледі. Өкпенің барлық жағынан қаусыра өкпе қабы өкпенің түбірінде париеталды өкпеқапқа жалғасады.

Қабырғалық өкпеқап өкпенің сірлі қабығының сыртқы жапырақшасы болып табылады. Қабырғалық өкпеқап сыртқы жағымен кеуде қуысы қабырғаларымен тұтасады, ал ішкі бетімен висералды өкпеқапқа қарайды. Өкпеқап ішкі беті мезотелимен жабылған, аздаған сірлі сұйықтықпен ылғалданғандықтан жылтыр болады, ол екі жапырақша арасындағы үйкелісті азайтады. Бір-біріне жанаса жатқан париеталды және висцералды жапырақшалар арасындағы саңлау тәрізді кеңістік өкпеқап қуысы,cavitas pleuralis, деп аталады.

Қабырғалық өкпеқаптың мынадай бөлімдері бар: pleura costalis, diaphragmatica et mediastinalis. Өкпе жиектері өкпеқап шекараларымен сәйкес келмейтін жерлерде олардың арасында өкпеқап қойнаулары, recessus pleuralis, деп аталатын қосалқы кеңістіктер болады. Ең үлкені қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmaticus, көк ет пен қабырға арасында жатады. Қабырға-көкірек аралық қойнау, recessus costomediastinalis деп аталады. Өкпеқап қойнаулары-бұл өкпеқаптың екі париеталды қабықтары арасында жататын өкпеқап қуысының қосымша кеңістіктері.

14. Бүйректер: топографиясы, фиксациялаушы аппараты, құрылымдық-қызметтік бірлігі, тостағанша-астаушалық жүйе, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Бүйрек,ren,(грекше nephros), іш қуысының артқы қабырғасында, ішастардың артында жататын жұп экскреттік несеп шығаратын ағза. Бүйректе жоғарғы және төменгі шеттерін, extremitas superior et inferior, латералды және медиалды жиектерін, margo lateralis et medialis және алдыңғы және артқы беттерін facies anterior et posterior , ажыратады. Латералды жиегі дөңес, медиалды жиегі ішіне ойыс бөлігінде қақпасы hilus renalis, болып табылады, ол арқылы бүйрек артериялары мен нервтері кіреді, вена, лимфа тамырлары мен несепағар шығады. Қақпа бүйрек қойнауы, sinus renalis, деп аталатын бүйрек затына еніп тұратын тар кеңістікке ашылады.

Бүйрек денешігі мен оған жататын өзекшелер бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігін –нефронды,nephron, құрайды. Нефронда несеп түзіледі.

Foramina papillaria арқылы бөлінетін несеп өз жолында несеп қуыққа дейін кіші тостағаншаға, үлкен тостағаншаға, бүйрек түбегі, несеп ағар арқылы өтеді.

Кіші тостағаншалар, calyces renalis minoris, саны 8-9-ға жуық, бір шетімен бір-екі, кейде үш бүйрек бүртігін қамтиды, екінші шетімен үлкен тостағаншалардың біреуіне құйылады. Үлкен тостағаншалар, calyces renalis majorеs, әдетте екеу болады: жоғарғы және төменгі. Бүйрек қойнауында үлкен тостағаншалар бір бүйрек түбегіне, pelvis renalis қосылады, ол қақпа арқылы бүйрек тамырлары артынан шығып, төмен бұрылып, бүйрек қақпасынан төмендеу дерлік несепағарға ауысады.