Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

1.3.9 Төменгі қуысты вена жүйесі, сыңар және жартылай сыңар веналар: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары. Кава-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.

Жауабы:

Төменгі қуысты вена, vena cava inferior, денедегі ең ірі вена сабауы, іш қуысында қолқамен қатар, оның оң жағында жатады.Ол IV бел омыртқаның деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының қосылуынан түзіледі. Төменгі қуыс вена қолқаның оң жағында орналасып, жоғары көтерілген сайын қолқадан алшақтай береді. Оның төменгі бөлімі оң жақтағы m.psoas-тың медиалды жиегіне жанасып жатады, содан кейін оның алдыңғы бетіне өтіп, жоғарғы жағында көкеттің бел бөлігі арқылы және бауырдың артқы бетінде sulcus venae cavae-де жайғасып, көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді (v.hepatica-дан басқалары). Олар қабырғақасылық веналарға және ішкі ағзалар веналарына бөлінеді.

Қабырғақасылық веналар:

1.vv.lumbales dextrae et sinistrae-әр жағынан төртеуден, аттас артерияларға сәйкес келеді, омыртқалық өрімдерден анастомоздар қабылдайды; олар өзара бойлық сабаулармен-vv.lumbales ascendens-қосылады

2.vv.phrenica inferiors бауыр жүлгесінен өтер жерде төменгі қуыс венаға құяды.

Ішкі ағзалар веналары:

1.vv.testiculares- еркектерде (v.ovaricae-әйелдерде) атабез аймағында басталып, аттас артерияларды өрім түрінде ( plexus pampiniformis ) шырмап алады; оң жақ v.testicularіs тікелей сүйір бұрыш жасай төменгі қуыс венаға құяды, ал сол жақ v.testicularіs тік бұрыш жасай сол жақ бүйрек венасына құяды.

2.vv.renales-бүйрек веналары

3.v.suprarenalis dextra-бүйрек веналарынан жоғарылау, бірден төменгі қуыс венаға құяды.

4.vv.hepaticae-бауыр веналары

Сыңар және жартылай сыңар веналар

Сыңар вена,v.azygos, мен жартылай сыңар вена, v.hemiazygos, іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме веналарын -vv.lumbales ascendens түзіледі. Олар m.psoas major артында жоғары жүріп, көкет аяқшаларының бұлшықет шоғырлары арасында кеуде қуысына: v. Azygos –оң жақтағы n.splanchnicus-пен бірге, v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicus немесе симпатикалық сабаумен бірге өтеді.

v.azygos кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағын бойлай жоғары көтеріледі. Ол IV немесе V омыртқа деңгейінде омыртқа бағанынан ажырап, оң жақ өкпе түбірінен асып, иіліп өтіп, жоғары қуыс венаға құяды. Көкірекаралық ағзаларынан қанды әкететін тармақтардан басқа, сыңар венаға тоғыз оң жақ төменгі қабырғааралық вена және солар арқылы омыртқалық өрімдердің веналары құяды.Сыңар вена оң жақ өкпе түбірінен иіліп асып өтетін жерге жақын жоғарғы үш оң жақ қабырғааралық веналардың қосылуынан түзілетін v.intercostalis superior dextra-ны қабылдайды.

Омыртқа денелерінің сол жақ бүйір беттерінде төмен түсетін кеуде қолқасының артында v.hemiazygos жатады. Ол тек VII немесе VIII кеуде омыртқасына дейін көтеріліп, кеуде қолқасы мен ductus thoracicus артында омыртқа бағанасының алдыңғы бетімен қиғаштай жоғары өтіп, v.azygos-қа құйылады.Ол өзіне көкірекаралық ағзалардан тармақтар мен төменгі сол жақ қабырғааралық веналары, сондай-ақ омыртқа өрімдері веналарын қабылдайды. Жоғарғы сол жақ қабырғааралық веналар v.hemiazygos accessory-ға құйылады, ал ол да v.hemiazygos сияқты омыртқа денелерінің сол жақ бүйір бетінде орналасып, жоғарыдан төмен қарай жүріп, не v.hemiazygos-ке немесе оңға қарай иіліп VII кеуде омыртқасы денесінің алдыңғы беті арқылы тікелей v.azygos-қа құйылады.

Кава-кавальды анастомоздар

Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз)қақпа венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін маңызы портокавалды және кавокавалды анастомоздар пайда болады.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тән түрге ие болады(медузаның басы)

Артқы жағында, бел аймағында, тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары (қақпа венасы жүйесінен) мен қабырғақасылық- vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен) түбірлері арасында.

Сонымен қатар, артқы құрсақ қабырғасында vv.lumbales түбірлері (v.cava inferior жүйесінен) мен v.lumbalіs ascendens арасында кавокавалды анастомоз бар. v.lumbalіs оі жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады, ал олар v.cava superior-ға барып құйылады.

Vv.lumbales және мойын аймағында жоғары қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалд анастомоз.