Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать

1.1.5 Иық белдеуі сүйектері, иық және білек сүйектері: құрылысы, қызметі.

Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.

Тоқпан жілік humerus ұзын қозғалыс рычагы болып табылды, ұзын жілікті сүйек түрінде дамиды. Осы қызметыне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз, апофиздерден құралады. Жоғарғы шетінде жауырынның буындық тілігімен буындасатын шар тәрізді басы, caput humeri(проксималды эпифиз)болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum деп аталатын тар жүлгемен бөлінеді. Анатомиялық мойыннан кейін екі бұлшықет төмпешігі( апофиздер)орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі, tuberculum minus , одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырлар (бұлшықеттердің бекуі үшін) шығады: үлкен төмпешіктен- crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен-crista tuberculi minoris.

Екі төмпешік пен қырлар арасында жүлге, sulcus intertubercularis өтеді, онда екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірі орналасады.Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекрада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың ең көп сынатын жері) деп аталады. Сүйектің денесінің ортасында, оның латералды бетінде бұдырмақ, tuberositas deltoidae бар, оған дельтатәрізді бұлшықет бекиді.Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі шеті, condylus humeri, жан-жағы бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады, олар сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады, және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет(апофиздер).Медиалды айдаршықүсті латералдыға күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ нерв жүлгесі, sulcus n.ulnaris , орналасады.Айдаршықүсту араларында, білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буындық беті(дисталды эпифиз) орын алады.Шығыршық, trochlea , медиалды жатады, ол шынтақ жілікпен буындасу үшін қажет.Шығыршықтан латералды шар кесіндісі түрінде буындық беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады, ол кәрі жілікпен буындасу үшін қажет.

Білек сүйектері ұзын қуысты сүйектерге жатады.Олар: шынтақ жілік, ulna, медиалды және латералды жағында кәрі жілік, radius, орналасады.

Шынтақ жілік ulna. Оның жоғарғы(проксималды) жуан шеті (эпифиз)екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісне, olecranon, және алдыңғы, кішкене, тәждік өсіндіге, processus coronoideus, бөлінеді.Бұл екі өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығымен буындасуға арналған шығыршықтық тілік, incisura trochlearis жатады.Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде дөңгелек , жайпақ, төменгі беті бар басы, caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus (апофиз) шығады. Бастың шеңберінде буындық айналма, circumferentia articularis, көрші кәрі жілікпен буындасатын жер орналасады.

Кәрі жілік radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетіне қарағанда қалыңдау. Проксималды шеті capitulum humeri-мен буындасуға арналған жалпақ ойысы бар дөңгелек бас,caput radii (эпифиз) түзеді.Кәрі жілік басы басқа сүйектен мойнымен, collum radii, бөлінеді. Одан төмен алдыңғы білек жағынан бұдырмақ, tuberositas radii (апофиз), иықтың екібасты бұлшықеті бекитін жері бөлініп тұрады.Дисталды шетінің (эпифиз) латералды жиегі созылып бізтәрізді өсіндіге, processus styloideus (апофиз), айналады.