Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Шайнау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Шайнау бұлшықеттері бас сүйектерінің белгілі сүйектік нүтелерден басталып, төменгі жақ сүйегіне бекитін төрт жұп бұлшықеттерден тұрады Негізгі қызметі: самай-төменгі жақ буынын қозғалысқа келтіру.

1.Шайнау бұлшықеті, m.masseter, сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізденіп,төменгі жақ сүйегінің бұтағының сыртқы бетінде орналасқан бұлшықет. Ол,бет сүйектік доғаның төменгі жиегінен басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары беткей орналасқан және тереңде орналасқан бұлшықеттер топтарына бөлінеді

Беткей орналасқан бұлшықеттер тобы, pars superficialis, ол сүйектік доғаның сыртқы бетінде орналасса, тереңде орналасқан бұлшықеттер тобы, pars profunda, бетсүйек доғаның ішкі қапталынан басталады. Беткей орналасқан бұлшықеттік талшықтары төмен жіне артқа қарай бағытталса, тереңде орналасқан бұлшықеттің талшықтары керісінше төмен және алға қарай бағытталып, одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталып төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіндегі шайнау бұлшықетінің бұдырына, tuberositas massaterica барып бекиді.

Қызметі:төменгі жақ сүйегін көтеріп, алға қарай тарту.

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл ми нервінің, n.trigeminus, шайнау бұлшықеттік нервісі,n.massatericus арқылы нервтендіріледі.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior арқылы қанмен қамтамасыз етіледі

2. Самай бұлшықеті, m.temporalis, бас сүйектің самайлық ойысында,fossa temporalis желпуіш тәрізденіп орналасқан.Бұл бұлшықеттің талшықтары: маңдай сүйектің самайлық бетінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай ойысына қараған бетінен, самай сүйектің қабықшалы бөлігінің самай ойысына қараған талшықтары, одан әрі жинақталып және төмен қарай бағытталып, төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне processus coronoideus барып бекиді

Қызметі: бұлщықеттің алдыңғы, артқы, ортанғы бұлшықеттері талшықтарының қызметі төменгі жақ сүйегін жоғары және алға қарай тартса, артқы топ талшықтары керісінше, жоғары және артқа қарай тартады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: самайлық терең және беткей артериялары,aa.temporalis profunda et superficialis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервінің терең самайлық нервтері арқылы нервтендіріледі.

3.Қанат тәрізді латеральды бұлшықет, m.pterygoideus lateralis сыртқы пішіні қысқалау және қалыңдау болып келген.Бұл бұшықеттің жоғарғы және төмнгі басы ажыратылады.

Жоғарғы басы, caput superior ол сына сүйектің үлкен қанатының төменгі самайлық бетінен және төменгі самайлық қырқасынан, crista infratemporalis басталады.Төменгі басы сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латеральды табақшасының бүйір бетінен басталады.Бұлшықеттің жоғарғы басы мен төменгі басының бұлшықеттік талшықтары жинақталып, артқа қарай бағытталып, төменгі жақ сүйектің қанатты шұңқыршасына, fovea pterygoidea барып бекиді.

Қызметі: бір жақты жиырылған кезде төменгі жақ сүйегі қарсы жағына қарай ауытқыса, екі жақты бұлшықет бір уақытта жиырылса төменгі жақ сүйегі алға қарай қозғалады.

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервтің,n.trigeminus қанатты бұлшықеттік нерві,n.pterygoideus medialis арқылы нервтендіріледі.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы альвеолярлық артериялар,aa.alveolaris superior, бет артериясы,a.facialis арқылы.

4. Қанат тәрізді медиальді бұлшықет, m.pterygoideus medialis.