Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Бас миының IV-ші қарыншасы, қабырғасының құрылысы. Жұлын-ми сұйықтығының ағу жолдары.

Жауабы: Төртінші қарынша, ventriculus quartus cerebri, артқы ми көпіршігі, metencephalon, және сопақша ми көпіршігі, myelencephalon, қуыстарынан дамыған тақ қуыс. Төртінші қарынша жоғарыдан ми суқұбыры арқылы үшінші қарынша қуысымен, төменнен-орталык өзектің көмегімен жұлын қуысымен байланысады. Сонымен катар, төртінші қарынша қуысы үш тесік арқылы торлы қабық астындағы кеңістікпен, cavum subarachnoidale, байланысады. Төртінші қарынша мидың барлық карыншалары сиякты жүлын сүйыктығымен, liquor cerebrospinalis, толтырылған. Ол алдынан көпір мен сопақша мимен, артынан және бүйірлерінен мишықпен қоршалған. Ал, төртінші қарынша қуысы дорсалді — төртінші қарынша төбесімен, вентралді - оның түбімен және латералді - әрбір бүйір жағынан жиекпен түзілген бұрышпен шектелген. Төртінші қарыншаның артқы қабырғасын немесе төбесін, tegmen ventriculi quartii, алдан артқа жүретін жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, тузеді, ол бүйірінен мишықтың жоғарғы аяқшаларымен шектеліп, төбенің алдыңғы, жоғарғы бөлігін құрайды; кейін төбенің артқы бөлігін төменгі ми желкені, velum medullare inferius, және ішінен тамырлы эпителиалді табақшамен, lamina chorioidea epithelialis, көмкерілген төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысын, tela chorioidea ventriculi quarti, құрайды. Төменгі ми желкені бүйір жағынан мишықтын төменгі аяқшаларының медиалді жиегіне бекиді. Кейде тамырлы жамылғы мен төменгі ми желкенін ромбтәрізді шұңқыр төбесі атауына біріктіреді. Төртінші қарынша төбесі шатыр пішінді, жоғарғы және төменгі ми желкендерінін мишық құртына өткен жерінде шатыр бұрышы -ұшын , fastigium, түзеді, ол мишықтың вентралді бетінде, алдынан мишық тілшігі, lingula cerebelli, және артынан мишық түйіншегінің, nodulus cerebelli, арасында орналасады; аталмыш екі үлес мишық құртына жатады. Төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысы эмбрионалді дамудың бірінші кезенінде барлық жағынан тұйық, кейін ол жарылып, төртінші қарынша қуысы мен торлы қабықастындағы кеңістік, саvum subarachnoidale, арасындағы байланысты аталмыш тесіктердің көмегімен түзеді. Тесіктер үшеу: біреуі - төртінші қарыншаның орталық тесігі, apertura mediana ventriculi quarti; және екеуі - бүйір немесе төртінші қарыншаның латералді тесіктері, aperturae laterales ventriculi quarti. Орталық бүйір тесіктерден үлкен; төбенің төменгі бөлімдерінде, ысырманың, obex, үстінде орналасып торлы қабықастындағы кеңістікке, мишық-буылтық цистернаға, cisterna cerebellomedullaris, ашылады. Латералді тесіктердің әрбіреуі төртінші қарыншаның латералді қалта, recessus lateralis ventriculi quarti, аймағында орналасып, мишық сыңары үлесі - жырымга, flocculus, жетіп, торлы кабықастындағы кеңістік қуысына, көпір цистернасына, cisterna роntis, барады. Қарынша куысы жағынан тамырлық жамылғыда талшыктық салпыншақтар бар, олар дәнекер тінмен және бірігіп кеткен тамырлармен бірігіп, карынша куысы жағынан эпителиалді табақшамен жабылған төртінші карыншаның тамырлык өрімін, plexus chorioideus ventriculi quarti, түзеді. Төртінші қарыншаның тамырлық өрімі мишық түйіншегінің алдынан екі: орта­лык тамырлық өрімге, plexus chorioideus medius, екі жіпше түрінде орталық жазықтықтың жан-жағында жатып, тамырлық жамылғының орталық тесігіне баратын және екі бүйір тамырлық өрімдерге, plexus chorioidei laterales, латералді қалтаға бағытталған өрімдерге бөлінеді. Тамырлық өрімді алып тастағанда, төртінші қарыншаның бүйір қабырғасына бекнтін жерінде тістелген таспа - төртінші қарынша таспасы, tenia ventriculi quarti, түрінде із қалады. Таспаға артынан және жоғарыдан мишық аякшасы сопақша миға жанасады, ол, яғни pedunculus cerebellaris inferior артынан жіңішке ядро төмпешігіне өтіп, төменнен ысырмаға, obex, жетеді. Таспа алдынан және бүйірлерінен латералді қалта, recessus lateralis, аймағына бағытталып, оны коршап, кейін жырым аяқшасы, pedunculus flocculi, бойымен төменгі ми желкенінің бос жиегіне өтеді, сонымен түйіншекке, nodulus, жетеді. Түйіншекке қарама-қарсы жақтағы таспа да жақындайды. Сонымен екі жақтың таспалары бір-біріне өтеді. Төртінші қарынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шұңқыр, fossa гһomboidea, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке қабатымен, stratum cinereum fossae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұңқыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми қылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралық бөлігі, pars intermedia, артқы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопақша мидан, myelencephalon, құрылып, оң және сол мишықтың төменгі аяқшаларының, pedunculi cerebellares inferiores, арасында орналасады. Ромбтәрізді шұңкыр алдынан мидың суқұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жүлынға, доғал бұрыштары - латералді қалталарға бағытталады. Шұңқырдың ұзындық диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae, өтеді, ол алдынан суқұбырына өтеді. Қысқа диагональ латералді қалталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үшбүрыштарға бөледі. Әрбір үшбүрыштың негізі орталық жүлгеде жатады, ал ұшы ромбтәрізді шұңқырдың ең жалпақ учаскесі - латералді қалталарға, recessus lateralis, бағытталады. Мишыктьщ төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромбтәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбүрыштарға бөледі. Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айқындалған. Осы томпақтардың қалыңдығында ми нервтерінің қимыл ядролары жатады. Әрбір томпақтың алдыңғы бөлігінде бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculus facialis, бар. Медиалді томпақ пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-та жақын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты. Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шүңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралык жүлгенің кеңейген жері болып саналады. Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шұңқырдың аралық бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tuberculum acusticum, басталып, орталық жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде ұлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі арасындағы бетте өтеді. Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбүрышты, trigonum n. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шұңқырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum n. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұңқырдың орталык жүлгесі жұлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталық өзекке кіреберіс орналасады. Ысырманың астында, бірақ тортінші карынша қуысынан тысқары, сопақша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталык жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопақ көтеріңкі - нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum nuclei gracilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа карай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік будаға, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei cuneati, жатады. Ол жоғарғы болімінде мишықтың төменгі аяғына, төменгі бөлімінде сынатәрізді будаға,fasciculus cuneatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum cinereum, жатады, төмпешік сынатәрізді томпешік пен оливаның арасында орналаскан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.