Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Жүрек: жүрекшелері мен қарыншалары, қақпақшалары, өткізгіштік жүйесі. Перикард.

Жауабы: Жүрек қуысы 4 камераға: оң жүрекше,atrium dextrum,оң қарынша, ventriculus dexter,сол жүрекше, atrium sinistrum, сол қарынша, ventriculus sinister, бөлінеді. Жүрекшелер бір-бірінен жүрекшеаралық қалқамен,septum interatriale, қарыншалар қарыншааралық қалқамен,septum interventriculare, бөлінген.

Жүрекшелер,жоғарыда айтылғандай, сәйкес қарыншалармен жүрекше – қарынша тесігі, osita atrioventricularia арқылы байланысады.

Оң жүрекше оң қарыншамен - оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare sinistrum, арқылы байланысады,

Оң жүрекше,atrium dextrum, жүрек негізінің оң бөлігі аймағында орналасқан, дұрыс емес текше пішіндес,auricula dextra,құрайды.

Оң жүрекшеде оңға қараған сыртқы, солға қараған ішкі, ол оң жүрекше мен сол жүрекшеге ортақ,жүрекше-аралық қалқа, және жоғарғы артқы, алдыңғы қабырғаларын ажыратады.Оң жүрекше – қарынша тесігі орналасқандықтан төменгі қабырғасы жоқ.Оң жүрекшенің ең кеңейген бөлігі, ірі веналық сабаулардың түсу орнын қуыс веналар қойнауы,sinus venarum cavarum, деп атайды. Жүрекшенің тарылған бөлігі алдынан оң құлақшаға,жалғасады.

Жүрекшеің екі бөлігі сыртқы бетінде шекаралық жүлгемен, бөлінген. Оң құлақша,жүрекшенің ең дөңес бөлігі, жалпақ конус тәрізді,ұшымен солға, өкпе сабауына бағытталған. Құлақша өзінің ішкі иірімделген бетімен қолқа түбіріне бағытталған:Құлақшаның жоғарғы және төменгі жиектерінде сыртынан теңсіздік бар.

Оң жүрекшеге екі – жоғарғы және төменгі қуыс веналар тәждік қойнау және жүректің ұсақ меншікті веналары ашылады

а) Жоғарғы қуыс вена, v.cava superior, қанды бастан, мойыннан, қолдан және тұлға қабырғасынан жинап, жүрекшенің жоғарғы және алдыңғы қабырғаларының шекарасында, жоғарғы қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae superioris, ашылады.

б) Төменгі қуыс вена, v.cava inferior, қанды аяқтан, жамбас астауы және құрсақ қуысы ағзалары мен қабырғаларынан жинап, оң жүрекшенің жоғарғы және артқы қабырғаларының шекарасында, төменгі қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae inferioris, ашылады.

Төменгі қуыс вена тесігінің алдыңғы жиегінде жүрекше қуысы жағынан жартылай айтәрізді бұлшықеттік төменгі қуыс вена жапқышы, valvula venae cavae inferioris, орналасады. Қуыс веналар тесігінің ара қашықтығы 1,5 минус 2 см-ге, жетеді. Жоғарғы және төменгі қуыс веналар ашылу жерлері аралығында, жүрекшелердің ішкі бетінде внеааралық төмпешік,tuberculum intervenosum, орналасқан.

в)Тәждік қойнау, sinus coronarius - жүректі меншікті внеаларының ортақ коллекторы.Тәждік қойнаудың орны оң жүрекшенің медиалды және артқы қабырғалары арсында, төменгі қуыс вена жапқыншының астында, орналасқан.

г)жүректің меншікті веналарынына жүрек қабырғаларынан жинайтын жүректің ұсақ веналары, vv.cordis minimae, жатады.

Оң жүрекшенің ішкі бетінің рельефі әркелкі. Ішкі (сол) және артқы қабырғалары тегіс. Ал сыртқы (оң) және алдыңғы беттері кедір-бұдыр, себебі жоғары және төменгі бұлшықеттік бұдырлары бар қырлы бұлшықеттер,mm.pectinati, орналасқан; жоғарғы бударлары қуыс веналар тесігімен жүрекшенің жоғарғы қабырғасына,төменгілері тәждік жүлгеден жоғары қабырғасына, төменгілері тәждік жүлгеден жоғарығы оң қабырғаның төменгі жиегімен бағытталады.

Оң құлақшаның ішкі беті тегіс емес; ол түрлі бағытта қиылысқан қырлы бұлшықеттерде орналасады.

Жүрекшелер қалқасында сопақша пішіндес жалпақ ойық сопақша шұңқыр,fossa ovalis, бекітілген сопақша тесік, foramen ovalis, орналасқан.

Оң қарынша

Оң қарынша,ventriculus dexter, сол қарыншадан алдыңғы және артқы қарынша аралық жүлгелермен; оң жүрекшеден тәждік жүлгемен бөлінеді.

Оң қарынша дұрыс емес үшжақты пирамида пішіндес, негізгі жоғары оң жүрекше жағына, ұшы- төмен және солға қараған. Оң қарыншаның алдыңғы қабырғасыы дөңес, артқысы жалпақ.Оң қарыншаның сол, ішкі қабырғасы қарынша аралық қалқа,septum interventriculare, болып саналады; ол сол қарынша жағынан қысыңқы немесе оң қарынша жағынан шығыңқы.

Жүрек ұшы денгейінің көлденең кесіндісінде оң қарынша қуысы алдан-артқа бағытталған созылған сыңылау, ол жоғарғы және ортанғы үштен бірінде үшбұрыш пішіндес, негізі болып қарынша аралық қалқа есептеледі.

Оң қарынша қуысында екі бөлімді: кең артқы, меншікті қарынша қуысы және алдыңғы бөлімді ажыратады.

Қарынша қуысының артқы бөлімі оңынан және артынан орналасатын оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare dextrum, арқылы оң жүрекше қуысымен байланысады. Бұл тесік оң жүрекше жағынан сопақша дөңгелек пішіндес.

Шеңбер қарынша қуысының алдыңғы бөлімі, артериялық конус, conus arteriosus, цилиндр пішіндес, қабырғалары тегіс. Ал сыртқы беті жағынан дөңес.Оның қуысы өкпе сабауы тегісінің, ostium trunci pulmonalis, көмегімен жоғары бағытталып, өкпе сабауына, truncus pulmonalis, өтеді.

Оң қарыншаның артқы және алдыңғы бөліктерінің арасында жақсы айқындалған бұлшықеттік буылтық, қарынша үсті қыры, crista supraventricularis, орналасады.

Тесік айналымына жүректің ішкі қабығы – эндокардтың,endocardium дупликатурасы, оң жүрекше-қарынша қақпағы, valva atrioventricularis dextra, ол қанның оң қарыншадан кері бағытта оң жүрекше қуысыны өтуіне кедергі жасайды.

Қақпақ қалыңдығында кішкене мөлшерде дәнекер эластикалық тіндер және бұлшықет талшықтары бар; бұлшықет талшықтары жүрекше мускулатурасымен байланысты.

Үшжармалы қақпақ 3 ұшбұрыш пішіндес жармалардан,cuspides: қалқалық жарма,cuspis septalis, артқы жарма,cuspis posterior, алдыңғы жармадан,cuspis anterior, тұрады.Барлық үш жарма өздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.

Жармалар жиектеріне біртүкті бұлшықеттерден басталатын жіңішке, ұзындығымен қалыңдығы әр түрлі сіңірлі жіпшелер,chordae tendinea бекиді.

Үш жармалы қақпақтың үш жармасына үш бүртікті бұлшықеттің сіңірлі жіпшелері бекиді, әрбір бұлшықет өздерінің жіпшелерімен екі көршілес жармамен байланысқан.

Оң қарыншада 3 бүртікті бұлшықетті ажыратады: сіңірлі жіпшелері алдыңғы және артқы жармаларға бекиді;бұл бұлшықет алдыңғы бүртікті бұлшықет,m.papillaris anterior, қарыншаның алдыңғы қабырғасынан тарайды; қалған екеуі көлемі жағынан кіші, қалқа аймағында орналасады – қалқалық бүртікті бұлшықет,m.papillaris septalis және қарыншаның артқы қабырғасында – артқы бүртікті бұлшықет,m.papillaris posterior.

Өкпе сабауының тесігі, ostium trunci pulmonalis, алдынан және солынан орналасып, өкпе сабауына әкеледі; оның жиегіне эндокарт дупликатурасынан құрылған жартыайлы, valvula semilunaris anterior, dextra et sinistra бекиді, бос жиектері өкпе сабауының ішіне енеді.

Осы үш аталған жапқыштар өкпе сабауының қақпағын, құрайды.

Сол жүрекше

Сол жүрекше, atrium sinistrum, оң сияқты дұрыс емес текше пішіндес, бірақ оңға қарағанда қабырғалары жұқа.

Сол жүрекшенің жоғарғы, алдыңғы, артқы және сыртқы қабырғаларын ажыратады.Ішкі қабырғасы – жүрекшеаралық қалқа.Төменгі қабырғасы болып сол қарынша қанша негізі саналады.

Жүрекшенің алдыңғы-жоғарғы қабырғасынан сол құлақша,auricula sinistra, тарайды.Ол оңға қарай иіліп, өкпе сабауының,septum interatriale, негізін қапсырады.

Жүрекшенің жоғарғы қабырғасының артқы бөлімінде өкпеден артериялық қанды әкелетін төрт өкпе веналарының тесігі, ostium venarum pulmonalim бар.

Сол жүрекшенің төменгі қабырғасында, сол жүрекшені сол қарынша қуысымен, байланыстыратын сол жүрекше – қарынша тесігі,ostium atrioventriculare sinistrum орналасады.

Сол жүрекшенің ішкі беті тегіс, тек ішкі қабырғасымен құлақшаларда өзгеше.Сол жүрекшенің ішкі қабырғасында жүрекшеаралық қалқада, сопақ тесікке,fossa ovalis сәйкес жалпақ ұңғыл,valve foraminis ovalis бар, ол қатпармен – сопақ тесік жапқышымен, қоршалған.

Сол құлақшаның ішкі бетінде әр түрлі бағытта өзара қиылысқан көптеген қырлы бұлшықеттер ,m.pectinati бар.

Сол қарынша

Сол қарынша, ventriculus sinister, сопақша пішіндес, жүректің басқа бөлімдеріне қарағанда солға, артқа және төмен орналасқан.Сол қарыншаның тарылған алдыңғы – төменгібөлімі жүрек тің ұшына, apex cordis, сәйкес келеді. Жүрек бетінде сол және оң қарыншалар шекарасы алдыңғы және артқы қарыншаарлалық жүлгелерге, sulci interventriculares, сәйкес келеді.Сол қарыншаның сыртқы жиегі дөңгелек пішіндес, өкпелік беті, facies pulmonalis деп аталады.

Сол қарынша қуысында екі бөлімді: едәуір кең артқы-сол меншікті қарынша қуысы және едәуір тар алдыңғы-оң бөлімді ажыратады.

Сол қарыншаның артқы-сол бөлімі солынан және артынан орналасатын сол жүрекше – қарынша тесігі арқылы сол жүрекше қуысымен, ostium atriventriculare sinistrum байланысады. Сол қарынша қуысының алдыңғы-оң бөлімі қолқа тесігінің, ostium aortae көмегімен қолқамен байланысады.

Сол жүрекше-қарынша тесік айналымына сол жүрекше-қарынша қақпағы, valve atrioventricularis sinistra бекиді, оның жармаларының бос жиектері қарынша қарынша қуысына енеді. Олар үшжармалы қақпақ сияқты, эндокардтың дупликатурасымен түзіледі.Бұл қақпақ сол қарынша жиырылған кезде, қанды өз қуысына кері бағытта сол жүрекшеге өткізбейді.

Қақпақтың алдыңғы, cuspis anterior, және артқы жармаларын, cuspis posterior, ажыратады, олардың аралығында екі кішкене тісшелер орналасуы мүмкін.

Алдыңғы жарма сол-жүрекше қарынша тесігі айналымының алдыңғы бөліміне,қолқа тесігінің дәнекертінді негізіне бекіп, солға және оңға орналасады.Алдыңғы жарманың бос жиектері сіңірлі жіпшелерімен,chordae tendinea, алдыңғы бүртікті бұлшықетке,m.papillaris бекиді.

Жармалар аралығында орналасқан кішкене тісшелер сіңірлі жіпшелер көмегімен бүртікті бұлшықеттерге, немесе қарынша қабырғасына бекиді.

Митралды қақпақ тісшелерінің қалыңдығын, үшжармалы қақпақ тісшелерінің қалыңдығында орналасатындай, дәнекертінді созылмалы талшықтар және сол жүрекшенің бұлшықет қабатымен байланысатын мөлшерде бұлшықет талшықтары орналасады.

Сол қарыншаның артқы сол бөлімінің қабырғасы ішкі беті жағынан көп мөлшерде шығыңқылармен-бұлшықет шарбақшаларымен,trabeculae carnee, көрсетілген. Бұл бұлшықет шарбақшалары бірнеше рет айырылып және қайтадан қосылып, қалың тор түзеді, торлар жүрек ұшында, әсіресе қарыншааралық қолқа аймағында көптеп кездеседі.

Сол қарынша қуысының алдыңғы-оң бөлімі артериялық конус, conus arteriosus, қолқа тесігімен, ostium aortae, қолқамен байланысады.Сол қарыншаның артериялық конусы митралды қақпақтың алдыңғы жапқышының алдында және оң қарыншаның артериялық конусының артында орналасып, жоғары және оң бағытталып, оны қиылыстырады.Осыған орай, қолқа тесігі өкпе сабауының тесігіне қарағанда кішкене артта жатады.Сол қарыншаның артериялық конусының ішкі беті оң сияқты тегіс.

Қолқа тесігі айналымына қолқаның үш оң, сол және артқы жартыайлы жапқыштары, valvulae semilunaris dextra, sinisstra et posterior, бекиді.Үшеуі қосылып қоқа қақпағын құрайды.Қолқаның жартыайлы жапқыштары эндокардтың дупликатурасынан түзілген, жақсы дамыған.Әрбі жапқыш қалыңдығында өте қатты және қалыңдау қолқа жапқышының түйіншісі, оның жан-жағында өте берік қолқа жапқышының шұңқыршалары, valva aortae, орналасқан.

Перикард немесе жүрекқап, pericardium, пішіні қиғаш келген конус тәрізді, көкетте орналасқан, төменгі негізі бар және ұшымен төс бұрышы деңгейіне жетеді.