Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.

Қол сүйектері белдеуінің бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай:алдыңғы және артқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.

Иық белдеу бұлшықеттерінің алыңғы топ бұлшықеттері.

1.Кеуденің үлкен бұлшықеті –m.pectoralis major, жұп бұлшықеттен тұрады.

а) Үлкен кеуде бұлшықетінің бұғаналық бөлігі, бұғана сүйегінің төстік сүйегінің төстік шетінен,

ә) Төс бөлігі, төс сүйегінің алдыңғы бетінен және 2-7 қабырғалардың шеміршектік доғаларынан басталады.

б)Құрсақтық бөлігі, құрсақтың тік бұлшықетінің қынабынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына барып бекиді.

Қызметі: иықты медиальды қапталына қарай тартып, ішке қарай бұрады. Қолды тіреп ұстаған жағдайда, бұл бұлшықеттің кеуде-қабырғалық бөлігінің жиырылуы нәтижесінде кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.

Қол сүйектері белдеуінің бұлшықеттерінің артқы топ бұлшықеттері

Дельта тәрізді бұлшықет, m.deltoideus, сыртқы пішіні гректің дельта әріпіне ұқсас келгендіктен дельта бұлшықеті деп аталынады.Ол бұғана сүйегінің латералды бөлігі мен жауырынның қырқасынан басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары тоқпан жіліктің дельта атты бұдырына барып бекиді.

Қызметі: дельта тәрізді бұлшықеттің бұғаналық бөлігі дара жиырылған иық буынын немесе қолды бүгу.Артқы немесе жауырын бөлігі жиырылған кезде, керіснше иық буынын жазады.Бұл бұлшықеттің акромиалды бөлігі жиырылса иық буынын горизантальды жазықтыққа дейін алшақтатады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралиа артқы артериясы, a.circuflexa humeri posterior мен кеуде – акромиалді артерия, a.toracoacromialis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: қолтық нерві, n.axillaris арқылы нервтендіріледі.

2.Қылқан үстілік бұлшықеті, m.supraspinatus, ол жауырынның қылқан үстілік медиалды қырынан,латералды бұрышына қарай горизонталды бағытта бойлау орналасқан.Бұл бұлшықет жауырынның қылқан үстілік ойысынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі:дельта тәрізді бұлшықеттің қызметіне ұқсас келіп, иық буынын горизонталді жазықтыққа дейін көтеріп, алшақтау немесе әкету.

Қанмен қамтамасыз етілуі: - жауырын үстілік артериясы, a.suprascapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: - иық өрімінің жауырын үстілік нерві, n.suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

3. Қылқан астылық бұлшықеті, m.infraspinatus,Бұл бұлшықет жауырынның қылқан астылық ойысынан, басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырын үстілік артериясы, a.suprascapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: иық өрімінің жауырын үстілік нерві, n. suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

4. Жұмыр кіші бұлшыеті, m.theres minor, oл жауырынның латералды қырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі:иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

Қанмен қамтамасыз етілуі:жауырынның оралма артериясы, a.circumflexa scapulae, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: жауырын үсті нерві, n.suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

5. Жұмыр үлкен бұлшықеті, theres major, oл жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын төмен және артқа қарай тартып, қолды тұлғаға жақындатып, қолды ішке қарай айналдырып бұру.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырынастылық артeрия, a.subscapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендіріледі: жауырын астылық нерві, n. .subscapularis, арқылы нервтендіріледі.

6. Жауырын астылық бұлшықет, m.subscapularis, ол жауырынның бүкіл жауырын астылық ойысынан және бұл ойыстың бұлшықеттік көтеріңкілерінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне, барып бекиді.

Қызметі: иық буынын ішке қарай бұрып қоймай, буын қапшығын тартып, қозғалыс кезінде шаншылудан сақтайды.

Қанмен қамтамсыз етілуі: жаурын астылық артерия, a.subscapularis, арқылы қанмен қанмен қамтамасыз етіледі.Нервтендірілуі: жауырын астылық нерві, n.subscapularis, арқылы нервтендіріледі.