Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мнайды физикалы жне химиялы асиеттері курсты Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

I Негізгі бөлім

5

1 Мұнай туралы жалпы мағлұмат

5

1.1 Мұнай және мұнай өнімдері

10

1.2 Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері

17

1.3 Ұлттық сараптау туралы жалпы мәліметі

28

1.4 Бастапқы шикізат туралы мәлімет

30

II Технологиялық бөлім

36

2. Мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін анықтау

36

2.1 Мұнай өңдеу физика-химиялық қасиеттерін анықтауда қолданылатын құрылғылар мен аппараттар

39

III Есептеу бөлімі

45

IV Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

50

Қорытынды

54

Қолданылған әдебиеттер тізімі

55

Кіріспе

Мұнай - ең маңызды сұйық пайдалы қазба. Бірақ оны дұрыс пайдалана білмесе, тіршілік атаулына зардабын тигізеді. Жыл сайын дүниежүзілік мұхитқа 10 млн тоннадай мұнай өнімдері төгіледі. Жердің жасанды серіктерінен түсірілген фотосуреттер, мұхиттар мен теңіздерде тікелей жүргізілген бақылау нәтижелері мұхит бетінің шамамен 1/3 мұнай кілегейі жапқанын көрсетеді. Бұл бүкіл әлем бойынша үлкен зардап келтіреді.

Мұнай мұхиттағы ірі сүтқоректілер: китке, дельфинге, итбалыққа және құстарға зиян келтіреді. Егер итбалық су бетіне мұнай жайылған жерден шығып, терісіне дақ түсірсек ондай тері жылытудан қалады. Сол сияқты мамығы бөлінген құс та суықты көтере алмайды. Онымен қоймай құстұмсығымен қауырсынын тазалаймын дегенде мұнай тамшыларын жұтып, уланады. Мұнаймен уланса кит те өледі. Сөйтіп, мұнайдан теңіз әр түрлі жолдармен ластанады. Мұнайдың суға төгілуі көбінесе теңіздің таяз жеріндегі мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда жиі кездесетін жағдай. Сонымен бірге теңізге құятын ластанған өзендер де өз үлесін қосады [2].

Мұнай түзілу - өте күрделі, көп сатылы және көп уақыт жүретін химиялық процесс, оның тетігінің кейбір сәттері әлі белгісіз. Себебі бастапқы органикалық материалдар шашыранды түрінде, оның мұнай мен газға айналу өнімдері де, әуелгі кезде мұнай аналық көбінесе балшық қабатында кездесуі әбден ықтимал.

Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл бұрын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге ХІІІ ғ бастап ие бола бастады. Мұнай жердің қалдық қабатына көп тараған сұйық, жанғыш минерал. Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер – асфальтендар және битумдар адам баласына көптен белгілі. ХІІІ ғ соңынан бастап мұнай өңдеудің өнімі – керосинді үйлерді және кұжарықтандыруда пайдалана бастады, ал ХІХ ғ бастап ішкі жану двигательдері ойлап табумен байланысты мұнай өнімдері әр түрлі жол көліктерінде негізгі отын болды.

Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы болып табылады. Мұнайдың анорганикалық түзілу теориясын алғашқылардың бірі болып Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы бойынша мұнай көмірсутектері жер астында металл карбидтерінің сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі. Бірақ мұнай құрамындағы көптеген әр түрлі құрылымды көмірсутектердің пайда болуына карбид теориясымен түсіндіру мүмкін емес.

Мұнай түзілу өте күрделі көп сатылы және көп уақыт жүретін химиялық

процесс. Жер шарында барлығы 10 мың мұнай және газ кен орындары бар. Оның ішінде 1500 мұнай және 400-ден астам газ кен орындары біздің елде ашылған. Мұнайды өндіру басқа жанғыш қазбаларға қарағанда жеңіл. Оны тасымалдау құбырмен іске асырылады және оны қарапайым өңдеп өте көп әр түрлі бағытта пайдаланатын өнімдер алады. Кез келген мемлекет экономикасы мұнайға көбірек байланысты [4].

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұнайды жер қойнауынан алу үшін әр түрлі қашауларды пайдаланады. Олар тісті конустардан тұрады. Жыныс бетінде қозғалғанда оларды майдалайды және ұнтақтайды. Соңғы кездері алмазды қашауларды қолдана бастады. Жұмыс кезінде қашау турбо бұрғы немесе электр бұрғысы арқылы үнемі қозғалып тұру керек. Мұндай жағдайда қашаумен бірге жер астынан көп сатылы турбина немесе электр қозғалтқышын түсіреді, олар қашауды іске қосады. Бұл өте жетік әдіс. Жер астынан майда ұнтақталған жыныстарды оған бұрғылау құбырлары арқылы сазды ерітінді жіберіп, ығыстырып шығарады. Бұл ерітіндінің бұрғылауда маңызы өте зор.Оның көмегімен бұрғылау инструменттері салқындатылады, жер беті цементтеледі.Бұл оның бұзылуынан сақтайды және судың, мұнайдың, газдың құбырдан шығуын болдырмайды.Қазіргі кезде бұрғылау 6–7 км. тереңдікке шейін жүргізіледі.Өнім қабатына жеткенде оған жоғары жағынан құбырлар шоғыры мен ысырмамен және штуцериен жабдықталған құбырлар коллоннасын түсіреді,ол ашық фонтан болдырмас үшін қажет.

Жұмыстың міндеттері: біріншіден, мұнай өнімдерінің сапасына оның алу технологиясының, бастапқы шикізаттың, айдау әдісін дұрыс таңдаудың, мұнайдың құрамындағы қажетсіз және зиянды компоненттерді бөлуде тазалау әдісінің әсерін қарастыру. Екіншіден, мұнай өнімдерінің сапасын МЕМСТ бойынша анықталынатын негізгі физикa-химиялық көрсеткіштерді анықтау арқылы баға беру.

1 Негізгі бөлім