Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1.1. 12. 3.1.13. Қалыпты қасықтар.

Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербес болып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.

Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді. Функционалды қасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады , соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар;

1. бүйірі толық қасықтар;

2. .толық жазықты қасықтар;

3. бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық;

4.бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық ;

5.жартылай оң жақ тістеріне арналған және жартылай сол жақ тістеріне арналған.

Дара жеке қасықтарды жасау және оны дайындау үшін қолданылатын тез қататын полимерлі материалдар.

Толық алмалы салмалы протез дайындау үшін жеке дара қасықтар дайындалады. Жеке дара қасықтар дайындаудың 4 әдісі бар. Олар:

1.Өз бетімен қатаятын пластмассалар(протакрил, норакрил) дайындау әдісі.

2. Термопластик пластмассалармен (Erkopor, МТС-02, МТС-03, Стомапласт) вакуумдік мүсіндеу әдісі.

3.Фотополимерлік композиттермен (Individo lux Fastray LC) дайындау әдісі.

4.3D-АППАРАТЫНДА мүсіндеу әдісі.

Бұл әдісітердің барлығының артықшалығы және кемшіліктері бар.Практикада өз бетімен қатаятын пластмассалардан кеңінен пайдаланылады. Онымен жұмыс істеу арзан, қолайлы, тез, қымбат аппараттарды талап етпейді.

Өз бетімен қатаятын пластмассалардан жеке дара қасықтар дайындаудың технологиясы.

Қалыптық қасық таңдап алып, төменгі немесе жоғарғы жақтан силиконды материалмен қалыптық өлшем алынады. Гипспен ғанышталады, шегарасы сызылады, оған ажыратқыш жағылады( изокол 69,пикасил), базистик балауызды қыздырп гипстик мүсінді қаптайды, таңлай және альвеолалық өсіндіден дөңгелек етіп терезе ашады. Бұл терезе жеке қасықпен ауыз қуысының шырышты қабатында ара қашықтық қалдырылып, сликонды қалыптық массаға орын қалдырылады.

Шыны ыдыс алып мономер құйады, оған мономер қаныққанша полимер ұнтағын қосады. Қамыр тәрізді масса дайын болғанда балауызды мүсінді онымен қаптайды, артылған пластмассадан тұтқасын дайындайды. Қатқаннан соң, оны гипстик мүсінен ажыратылып, балауыз алынады, түрпілік борларда шеттері тегістеледі. Жеке, дара қасығымыз дайын болды.

2.2.11. Өз бетімен қатаятын пластмассалар

Бұл пластмассалар сыртқы теператураның әсерінсіз полимеризацияға ұшырайтын акрилатты пластмассаларға жатады. Өз бетімен қатаятын пластмассалар жатады:

Протакрил, редонт 02,03, норакрил, стадонт,карбопласт, акрилоксид және басқалар.

Редонт 02,03, Норакрил ортопедиалық стоматологияда сынған алмалы салмалы протездерді жөндеу үшін, базистің сынығын жамауда, кламмер мен қосынша тістерді бекітуде және қозғалған тістерді бірбіріне байлап бекіту үшін, ортодонтиялық аппараттар дайындау үшін қолданылады.Тез қатаятын пластмассалардың полимеризациясына арнайы құрал саймандарды қажет етпейді. Протакрил, Протакрил-М-тез қатаятын қызыл түсті пластмассалар, құрамында ұнтақ( полимер), сұйықтық(мономер), дихлорэтан желімі және ажыратқыш лак Изакол болады.

Дихлорэтан желіміпротездің базисінің сынық бөлшектерін бір бірімен желімдеуге қолданылады.Бұл үшін базистіңбөлшектерін желімен жағып, бір бірімен жапсырылады, мин өткеннен кейін, гипсті сумен араластырып, оған протездің базисін бекітеміз.Гипс мүсінен протездің базисін ажыратып, оны Изокол ажыратқышымен жағамыз. Сынық сызықтарын фрез, борлармен кеңейтіп, оған мономер жағып гипс негізіне қайтатара отырғызамыз. Полимер мономер копозициясын қамыр тәрізді кезеңінде қалыптаймыз. Тегістеп, жылтыратады.

Тез қатаятын Дуракрил әртүрлі түсте болады, Суперакрил О, U, V, Z алқызыл пластмасса.

Реберон алқызл түсті, Мега А, Мега Ф, Метасил алмалы салмалы протездердің реставрациясынан кейін айна секілді айрықша жылтырайды.

Репид , Репай алқызыл акрилді пластмасса, басқа пластмассалардан айырмашылығы полимеризациясы төмен температурада жүреді. Селакта- плюс пластмассасында ұнтақтан басқа полимеризацияны үдету үшін (8мин) және баяу жүргізу үшін (13мин) арналған сұйықтықы бар.