- •Қ.А ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті cтоматология факультеті « терапиялық cтоматология» кафедрасы
- •2016-2017 Оқу жылдарына арналған
- •1.Тақырыбы: Стоматологияда тіс протездерін дайындау технологиясының рольі, мақсаты және міндеті.
- •3.Дәріс тезистері:
- •5. Сұрақ ;Тіс протездерін дайындауда қолданылатын зерттеу әдістері.
- •Тақырыбы: Тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясы. Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістем түрлері.
- •3.Дәріс тезистері:
- •Төменгі жақ сүйектерінің қозғалыстарының әртүрлі тістесуіндегі биомеханикасы.
- •Жоғарғы және төменгі тіс қатарының құрылысы.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылай сұрақтары :
- •8. Сұрақ: Мүсіндеуші материалдар түралы түсінік.
- •1. 7. 1. 21. Сұрақ: Қалыптық -өлшем материалдары.
- •1.1. 12. 3.1.13. Қалыпты қасықтар.
- •Өз бетімен қатаятын пластмассалардан жеке дара қасықтар дайындаудың технологиясы.
- •2.2.11. Өз бетімен қатаятын пластмассалар
- •2.2.12. Дара жеке қасықтарды жасауға арналған пластмассалар.
- •Фотополимерлік композитпен жеке- дара қасық дайындау технологиясы.
- •3D сканер арқалы жеке дара қасықты дайындау технологиясы.
- •2.2.13. Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •2.1.19.20. Протездерді жылтырату.
- •2.1.2. Полимерлердің жіктелуі:
- •2.1.24.25. Айырғыш және жапқыш материалдар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Металды –керамикалық көпір тәрізді протезді дайындау технологиясы.
- •Металл-керамикалық көпір тәрізді протез дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
2.1.24.25. Айырғыш және жапқыш материалдар.
Пластмассаны полимеризациялау кезінде су моншасында, гипстен пластмассаға су буының енуі материалда қысым пайда болады, мұның салдарынан микросызықтар пайда болады. Жоғарыдағы айтылған жәйттерге байланысты әртүрлі Айырғыш материалдар ұсынылады. Бұл материалдарға жатады: Изокол лак, АЦ-1, Силикодент, Изодент, ФИС-8, Изофикс,Акро-сип, Джи Си, Стомаплекс лак,Сепара G, Ивоклар, Мегадент, Мега-1 тағы басқалар.
Изокол альгинат натрийдің коллоидты ерітіндісінің ажыратушы қасиеті өте жоғары. Құрамы: альгинат натрий (1,5%), аммоний оксилаты (0,02%), диоцидантисептик қолданылады(0,003%) және су.
Ажыратушы материалдарға тән қасиеттер:
- гипстің сұйықтығын оқшаулайтындығы;
-түзілген қабыршықтың қалындығы 0,005мкр;
- Қысым және полимеризация жағыдайына төзімділігі;
- полимердің түсін өзгерпеу және оны боялмауы;
-протез базисінің гипстен оңай ажырауы;
- полимерге қатысты интертті болуы.
Ажыратқыш лак базистік пластмассаға арналған. Гипс мүсінің бетін жылтыр, тегіс жасайды. Полимеризациядан кейін базистен оңай ажырайды.
Мульти -сеп атты универсал ажыратқыш лагі балауызды гипстен, гипсті гипстен, пластмассаны гипстен оңай ажырату үшін қолданылады.
Жапқыштар.
Комбинирлі(аралас) көпір тәрізді протездерді дайындау кезінде пластмассаның түсін сақтау үшін, оны металл қанқасынан оқшаулату қажет болады. Осы мақсатта жапқыштар (покрывные) лактар ұсынылады. Бұл лактардың металға адгезиясы жақсы болуы қажет және жұқа қабат түрінде жалтыратқыштығы жақсы болу керек. Бұл топтарға жататын материалдар: Жапқыш лак комбинирлі көпіртәрізді протездердің металл қанқаларын жасыруда қолданылады. Лак қолдану алдында сілкілу жолымен жақсы араластырылады.
Болат таяқшамен протездің қанқасына жұқа қабатпен жағылады, осыдан кейін оны 15- 20 минут уақыт ашық ауада қалдырамыз, ашық оттың жалынында лак құрғатуға болмайды.
Жапқыш ЭДА лагі-тез қатаятын акрил шайырының негізіндегі композиция, ұнтақ және сұйықтықтан тұрады.
Метилметакрилат-екі сұйықтықтың эпоксидті шайырымен қандырылған, адгезивті беріктігі 2,9 МПа( 30кгс/см кв), лак қабыршығының қатаю уақты 8-10 мин.
Термостоп сықпасы-ұсынылады доғалы протездердің(бюгель) жөндеу, кейбір жағыдайларда оларды дәнекерлеу немесе пісіру(сварка) де қолданылады. Балқытып пісіретін жерге жақын пластмасса негізімен тістерді сықпа жауып жатады. Бұл сықпа , доғалы протездің полимерлі элементтерін дәнекерлеуде жоғары тепературадан сақтайды.
Қалыпты қасықтар.
Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербес болып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.
Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді. Функционалды қасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады , соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар; бүйірі толық қасықтар, бүйірі жартылай қасықтар, толық жазықты қасықтар, бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық және бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық болып келеді қасықтар бар. Қасықтардың «жартылай қасық» түрі бар, олар жартылай оң, жартылай сол жақтық болып бөлінеді.
Салмаларды жасу технологиясы.
Салмалар( inlfy.onlay)шағын (микропротездерд) тіс протездері, тістің сауыт бөлігінің пішінін және оның атқаратын функциясын орнына келтіру үшін қолданылады, осымен қатар олар көпір тәрізді және алынбалы тіс протездерінің тірек элементері ретінде де қолданылады.
-Салмалар үшін жасалған қуыс, пломбалар үшін арналған қуыстарға салыстырғанда әрдайым дұрыс және кемшіліксіз;
-салма арқылы тістің тура анатомиялық пішінін, шайнау беткейіндегі бұзылған дөңістерді және эмал белдіктерін, экваторды, кесу қырларын және түйісу нүктелерін толығымен орнына келтіруге болады;
-тісаралық түйісу мен апроксималдық жақтардың пішіндерін сақтау, дұрыс жатуын бақлауға, бекітуге дейін мүмкін;
-қуыстың кіреберісін, шеттерін фальц жасау.
-салманың бетін жылтырату мүмкіндігі;
-құйма салма өзінің тұрақты көлемін сақтайды.
Кариестің пайда болған жерлерін және олардың тіс тіндерінде жайылуын ескермей қуысты қалыптастыру кариестің екінші рет пайда болуын соқтырады.
Black бойынша тіс қуыстары немесе аққаулары бес топқа бөлінеді.
- I- класс; үстінгі және төмегі моляр мен премоляр шайнау беттеріндегі тіс қуыстары.
-ll- класс; Моляр мен премолардың МО, ДО, МОД МЕЗИО- ОККЛЮЗИВТІ- ДИСТАЛДЫ тіс қуыстары;
-lll- класс;фронталды тістердің апроксималды беттеріндегі тіс қуыстары;
-lV- класс; Алдынғы тістердің кесетін қырлары мен апроксималдық беттеріндегі тіс қуыстары;
-V- класс; Тістің мойын тұсындағы қуыстары.
Салма үшін арналған қуысқа қойылатын талаптар:
-қуыстың кіреберісі оның табанынан кеңдеу болу керек(девигирлеу);
-Қустың қарама қарсы қабырғалары паралалль ал табанына перпендикуляр болуы керек;
-Тістің кіреберісіне фальц жасау керек;
-міндетті түрде қуыстың шетінде орналасқан ретенциялық қосымша алаң қажет;
-Қуыс түбі мен қабырғалары шайну қысымына шыдамды және төзімді болу керек;
-Фальц жасау арқалы салманың эмалға тығыз бекуін қамтамасыз ету керек;
-Дайындалған қуыстың шеті тек эмаль шегарасында ғана емес, міндетті түрде дентинді қамту қажет.
Композитті салма дайындау технологиясының кері әдісі.
Салма дайындау кезеңдері:
Клиникалық кезең:
1. Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап
Жансыздандырылады
2.Тістің сауыт бөлігінде салма үшін қуыс дайындау;
3.Тіс қуысынан және антогонис тістен қалыптық өлшем алу;
4.Орталық окклюзияны анықтау;
Зертханалық кезең:
қалыптық өлшемді ғаныштау;
Орталық окклюзияға негізделіп, оккюдаторға ғаныштау;
Клиникалық кезең:
5.Көшірменің гипіс мүсініне ажыратқыш жағып, кептіру;
6. гипіс мүсініндегі тіс қуысына аққыш копозит жағып, адгезипте өңдеп, жұқа қабаттап композитпен мүсіндеу,алдымен дентин қабатымен мүсіндеу, диотты шырақпен қыздыру;
7. окклюзиялық беткейін эмаль қабатымен мүсіндеп, антогонист тістермен тістетіп,окклюзиялық беткейді мүсіндеу диотты шырақпен қыздыру;
8. Композитті салма тегістеп, жылтырату;
9. Композитті салманы мүсіннен ажыратып, тіс қуысын және салманы медикаменті өңдеп,ауыз қуысында шақтап көру;
10. Аққыш копозитпен немесе стеклоиномер цементерімен салманы тіс қуысына бекіту, артық копозитті тазалап немесе цементі тазалап , тегістеп, кеңес беру.
Алынбайтын адгезивті протездер.
Ақырғы кезде адгезивті материалдардың пайда болуына байланысты, металл емес протездерді дайындау(виннир,қосымша қалау, тіссауыттар)дың мүмкіншілігі пайда болды. «Стомаплекс», «Эвикрол», «Консайз», «Charisma» «Denthesive» «Cluma» т.б жоғары қасиеті бар материал.адгезивті материалдар. Әйнекті полимер «Артгласс» өзінің құрамы мен құрылымына сәйкес осы мақсатта қолданылады. «Артгласс» үш әйнек тәрізді құрылым бөлшектерінен тұрады, Барий-алюмосиликат пен белсенді кремний қышқылы негізінде жасалған әйнектің ең кіші бөлшектерімен бірге, материалда органикалы әйнек бар,бұл органикалық әйнекке ұқсас,аморфтылығы жоғары дымқылданғыш құрылымға жететін, метакрилл қышқылының көп қызметті эфирінен құралады.
Раймонд, Л.Бетролотти ұсынған «Артгласс» материалынан алынған, тіс венирін даярлау техникасын қарастырып көрейік.
Венирлер дегеніміз-фарфор немесе копозиттерден жасалған, қалындығы 0.5-0.7 мм, алдынғы тістердің ерін бетін жауып тұратын қаптағыш зат. Венирлер алдынғы тістердің жарасымдылығын орнына келтіру үшін, тістің қатты тіндерін сақтай оттырып тістің қалыпы мен түсін тузетү үшін пайдаланады,мысалы, эмал гипоплязиясы, флюороз кезінде, диастемаларды жабуда, косметикалық кемшіліктерде, сынған фацеткаларды жөндеуде қолданылады.
Вестибуляр беткейді препарация жасаужа ең аз мөлшерде егеледі, салбырап тұратын қырларсыз болуы керек.Қалыптық өлшем алынады,супер гипсте ғанышталады. Арнайы қарандашпен ажыратқыш жығылады. Барлық бетке сәйкес реңде дентин массасы жағылады, полимеризацияланады. Дайын болған венирлерді ауыз қуысында шақтап көріледі, жылтыратады. Венирдің улайды(протравка), жуады, кептіреді. Өндірушінің нұсқасына сәйкес эмал\дентин адгезивті жүйесі жағылады, диотты шамда полимерленеді. Венирлер тіске сұйық копозиттермен қатырылады. Егер қапталатын тістердің реңі өзгерген болса, алдын ала ағару жұмыстары жұгізіледі, тек содон соң венир дайындалады.
Венирлерді орнатудың негізгі шарттары: ауыз қуысының гигиенасы таза болу қажет, дені сау парадонт және окклюзиялық тістем ортогнатиялық болуы шарт.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындау технологиясы.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың көрсеткіштері:
А.
Б.
В.
Г.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың кемшіліктері:
А.
Б.
В.
Г.
Клиника кезеңдері:
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті сауыт бөлігін егеудің өз ерекшелігі бар, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз. Пластмассалар ауырлық күшке тұрақсыз болғандығы себепті, тірек тістің кіреуенке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді.
Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап
1)жансыздандырылады
2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз.Пластмассаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек.....(уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің астына енгізіледі. Сумен жуылып, антисептикпен тірек тісті өңделеді, ауамен кептіріледі.. Тірек тістің қабырғасы мен қызыл иектің астына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда екі қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдалады. Таңдалған қасыққа қалып өлшемніңбазистік массаны салып тірек тістің өлшемі алынады. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастаймызда, екінші қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде , тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің астына жібереміз.
Зертханалық кезең
1. сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйамыз, үстелдің үстіне гипс блокін құйамызда , оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшемді аударамыз, артықша гипсті ұқыптылықпен жинаймыз.он, он бес минут қатуын күтеміз. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшемді ажыратамыз.
2. Тірек тістің мойын бөлігін сызып аламыз да балауызбен модельдейміз. Балауызбен түссіз болу шарт
3. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп аламыз;
4. кювейтаға қаймақ тәрізді гипсті құйамызда, балауызды модельдің сауыт бөлігінің вестибуляр бетін жағары қаратып жайғастырамыз. Ол қатқаннан соң, суға салып аламызда үстіне гипстің екінші қабатын құйамыз. Кювейтаның бетін жауып, оның қатуын он, он бес минут күтеміз.
5. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрамызда кювейталарды ашамыз. Ондағы балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жібереміз.
6. Гипстегі қалыпты өлшемге ажратқыш жағамыз( изакол), он бес минут қатуын күтеміз.
7. Пластмасса тіс сауытын жасау үшін Синема, Сигма 10, Сигма 75, Сигма М сияқты пластмассалық материалдарын қолданамыз. Кішкене шыны ыдыс алып, ішіне екі, үш, төрт тамшы мономер тамызамыз, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосамыз,үстін жауып қоямыз. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы қалыпты өлшемді толтырамыз. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысамыз.
8.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатамыз, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытамыз.
9. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталарды ажыратамыз. Дайын болған пластмасса тіс сауытының артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып аламыз(ұқыптылықпен).
Тегістеу және жылтырату
1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.
2. Пемза ұнтағына су араластырып, молынан сауыт тіске жағып аламызда, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасаймыз(үйкелеу)
3. Сауыт тісті пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
4. Сауыт тісті пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған сауыт тісті малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.
6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.
7. Пластмассалы тіс сауытын жуғыш ұнтағы бар ыстық суда щеткамен жақсылап жуамыз.
Клиника кезеңі
1. Дайын болған пластмассалы тіс сауытын ағын суда жуып, кептіріп, спиртпен өңдеп аламыз.
2. Пацентің ауыз қуысында пластмассалы тіс сауытын тірке тіске кигізіп шақтап көреміз, бәрі дұрыс болса,қайта шешіп алып тіс сауытын және тірек тісті медициналық өңдеп, кептіреміз. Шақтап көруге байланысты, тіс сауытын уақтынша цементке отырғызуымыз мүмкін.
3. Залалсыздырылған шыны тақтайшаға стеклоиномер цементінің сұйықтығын тамызып, шпательмен аз аздап ұнтағымен араластырамыз, қаймақ скілді масса дайын болғанда пластмассалы тіс сауытының ішіне салып тірек тіске қатырамыз, пресстелген мақтамен антогонис тіспен тістетіп қоямыз (валик).
4. он бес минуттан соң мақтаны алып тастаймыз, тағы он бес минут күтеміз.
5. Артық цементті ұқыптылықпен тазалап, 3 сағат пластмассалы тіс сауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес береміз
