Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Ф-МК-003/011

Қ.А ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті cтоматология факультеті « терапиялық cтоматология» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Стоматология факультетінің

деканы, профессор

__________ Ю.Түркөз

«___»_________ 2017 жыл

2016-2017 Оқу жылдарына арналған

II – КУРС «Тіс протездерін дайындау технологиясы» пәні бойынша дәрстік жинағы

Пән коды:В54.128

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Оқу семестрі: III

Емтихан : III

Түркістан- 2017

Емтихан сұрақтар жинағы «Стоматология» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі__________м.ғ.к.,доцент м.а. М.Ә.Искендиров

Дәріс № 1 2 курс 3 семестр

Тіс протездерін дайындау технологиясы негіздері.

1.Тақырыбы: Стоматологияда тіс протездерін дайындау технологиясының рольі, мақсаты және міндеті.

2.Мақсаты: Студенттерге тіс протездерін дайындау технологиясының стоматология саласында үлкен орын алатынын, оның ролі, мақсаты мен міндетін түсіндіру. Ауыз қуысын протездеуде тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясының маңызын, шайнау аппаратының биомеханикасы, артикуляция және окклюзия ұғымдарын білу, олардың тіс протездерін дайындау технологиясында алатын орны, тістем түрлерін оқыту, түсіндіру.

3.Дәріс тезистері:

Стоматология мамандығы бойынша жоғарғы касіптік білімі бар маман тіс протездерін дайындаудың негізгі технологиялық үрдістерін және олардың пайдалану ережелерін игеруі керек. Бұл оқулықтың алдына қойған мақсаты мен міндеті; тіс протездерін жасаудың технологиясын, қолданылатын құрал жабдықтарды, қосалқы материалдарды, оларды пайдаланудың тиімді әдіст амалдарын жүйелеп таныстырады. Тіс протездерін дайындауда ортопед стоматолог пен тіс технигінің жұмыстарының үйлесімділігі дайындайтын тіс протездерінің сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. .Стоматологиялық тіс протездері мен аппараттарын дайындау үшін тіс техникалық лабораториясының дұрыс ұйымдастырылуы, оның құрамына кіретін негізгі бөлмелерді, қондырғыларды, құрал-жабдықтарды және қолданылатын материалдарды білу ортопедтік стоматологиялық көмекті сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Tiс протездерін жасау технологиясының шапшаң қарқынмен

Шгерілеуіне байланысты жұмыс сапасын қамтамаеыз ететін негізгі

фактор - дәрігер мен тіс технигінің протез дайындауда амал-әдістерінің өзара үйлесімде болуы. Бүгінгі күнде жоғары талаптарға

сәйкес, тіс протезін жасайтын лабораторияның жұмысының сапасы

тіс технигіне тығыз байланысты.

Тіс техникалық лабораториясының құрылымы және оның жабдықтары.

Стоматология бөлімі көп қабатты ғимараттың бірінші қабатында жайғасады немесе арнайы құрылған ғимаратта орналасады және онда бірнеше бөлімдер болады, соның бірі ортопед стоматолог бөлмесі және тіс техникалық лабораториясы(шеберхана). Тіс протезін дайындайтын шеберхана құрамында арнайы бөлмелер болуы керек және олар тіс протезін дайындаудың әртүрлі кезеңдеріне тура келеді. Шеберхана құрамына;

1.негізгі,

2.гипістеу,

3. қалыптау, полимеризациялау,

4. дәнекерлеу,

5. металдарды құю бөлмелері,

6. Жылтырату

7. керамикалық және бағалы металлмен жұмыс істейтін бөлмелер жатады.

Негізгі бөлме: бұл бөлме тіс протездерін дайындау тістерді тізбелеу, протездері өңдеуді атқаруға арналған. Жұмыс бөлмесінің биіктігі 3 метр,тіс технигінің жұмыс орнының көлемі 13 м куб, ауданы 4м квадрат болуы тиіс. Негізгі бөлменің қабырғалары ақшыл түсті майлы бояулармен сырланып, жуып тазартуға ыңғайлы болуы керек.Едендер линолиуммен немесе кафельмен төселеді. Бөлменің терезелері металло-пластикалық немесе майлы бояумен бойалған ағаш терезе болуы мүмкін.

1.Терезелер бір бірінен және бөлменің бұрышынан бірдей қашықтықта орналаулары қажет;

2.Терезелердің жоғарғы шеті барынша төбеге жақын орналасулары қажет(20-30 см)

3.Терезелердің әйнектері біртұтас болғандары дұрыс.

4.Жұмыс орнына жарық сол жағынан немесе тура алдынан түсуі керек.

5.жарық сәулесінің жұмыс үстеліне түсу бұрышы 25-27º

6.Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе тұра алдынан түсуі керек.

7. егер жарық бүйір жақтан түсетін болса, жұмыс орны мен терезелердің арақашықтығы, еден және терезенің жоғарғы шетінін үш еселенген ұзындығынан артық болмау керек. Екі жақтан терезелер койылғанда бөлменің ені 15-18 м аспауы қажет.

Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуы, тіс технигінің денсаулығы үшін үлкен маңызы бар, өйткені олар зергерлік жұмыетарды көз жанарының көмегімен орындайды.

Шеберхананы жабдықтағанда арнайы ауаны ағынды желдеткіш қондырғылар, ыстық су жене суық су келетін құбырлар керек, сумен жылыту құрылғылары, қалдық ағатын құбырлар(канализация), электр өткізгіштер және техникалық шоғырлары келіп тұрады.

Тіс технигінің жұмыс орны.

Тіс технигінің жеке жұмыс орны столдан тұрады, столдың үсті мәрмәр тастан болмаса ортасы ағаштан, айнал шеті жалпақтығы 20-25 см латуннен немесе тот баспайтын болат қаңылтырмен қамтылады. Столдың ортасында финагель орналасқан ойық болады. Ойық астына бір немесе екі жәшік болады, бұл жәшіктер құрал саймандарды сақтауға және гипстің, пластмассаның, металл қалдықтарын салуға арналған. Сол столдың оң жағында мүсіндерді, материалдарды, протездерді сақтауға арналған тумба болады. Столдың үстінде сол жағында немесе тура үстінде жарық көзі, шлифмотор, арнайы бормашина, газ дәнекер, электрошпатель сияқты қондырғылар орналасады.Тіс технигінің орындығы айналмалы және арқалы болуы тиіс.

Гипс бөлмсі: бұл бөлмеде гипстен мүсідерді құю, кюветаға орналастыру, протездерді гипс қалыптан ажырату жұмыстары жұргізіледі. Бөлмеде үсті металмен қапталған үлкен столда пресстер орналасады, оның жоғарғы жағында гипске арналған бунке орналасады. Столдының тартпаларында окклюдаторлар, артиккуляторлар, кюветалар, резина колбалар, шпатель, гипсти кесуге арналған моторлы қондырғы( тример) және гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ , вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер) басқа құрал- саймандар сақталады.Бөлмеде ыстық және суық су құбырлары және қоқыс ағатын құбыр болады.

Қалыптау және полимеризациялау бөлмесі. Бұл бөлме пластмассалы тіс протездерін жасауға арналған матариалдар(фторакс, метилметакрил), герметик құтылар, пластмассаны полимеризациялауға арналған ыдыстар, пресстер болады, кювета газ ошағы т.б. заттар болады. Столдың үстінен гипс оңай тазалануы қажет. Бұл бөлмеде газ ошағы болып, үстінде вентиляция қондырңысы болады.

Жылтырататын бөлме. Бұл бөмеде тіс протездерін жылтыратын шлифмоторлар болады, шлифматорға арналған әртүлі пішіндегі және әртүрлі материалдан жасалған дисктер болады. Құмсепкіш аппарты. Барлық шлифмоторларда шаң ұстағыштармен қатар жарық беріледі.Құмсепкіш аппараты.

Дәнекелеу бөлмесі. Бұл бөлмеде дәнекерлейтін аппараттар және ауаны үрлеп тұратын компрессорлар болады. Бұдан басқа балауызды ерітетін муфельді пештер орналасады және ағарту жұмыстарына арналған қышқылдар болады , ағартуға арналған электронды қондырғы, дәнекерлеуші газ қондырғысы, припой, бура материалдарымен жабдықталады, бұл бөлмеде ауа сорғыш, желдеткіш қондырғылармен жабдықталады.

Металдары ерітіп құю бөлмесі. Бұл бөлмеде металдық керамикалық, бюгельді протездерді дайындау, олардың қанқаларын алу (металл қоспаларын ерітіп) құю жолымен жүргізіледі.Тіс протездерінің негізін, тіс сауыттарын, бюгельді протездері, көпіртәрізді протездері, имплантанттарды, пародон ауруыларында қолданылатын құрсауларды дайындағанда индукциялық токтың көмегімен металды ерітуге болады.

Индукциялық пеш блогы қорағыш металл корпуспен қапталған, бұл корпустың үстінде бақылау көзі бар, қалпақтың астында тигель мен опокер ыдысы жәнеде т.б құрал бар.

Металды керамика және бағалы металдармен жұмыс істейтін бөлме.Тіс протездерінің фафордан, металды керамикадан,бағалы металдан дайындалуы, арнайы қондырғылар мен материалдардың болуын талап етеді.Электронды бағдарламалы басқарумен жабдықталған қондырғы фарфордан және керамикадан жасалған тіс протездерінің беттерін күйдіру мен жылтыратуды қамтамасыз етеді және технологиялық өңдеуді іске асырады, атап айтқанда; күйдіру, құрғату, салқындату. Техникалық процесті басқару автоматты түрде бағдарлама бойынша іске асады. Балауыз мүсіндерді қалыптық массамен қаптау үшін вакуумды араластырғыш қолданылады. Бұл ыдыста ауа сорылып қалыптаушы масса балауыз мүсінді тығыз қабатпен қаптап, құйманың бетінің таза болуын қамтамасыз етеді. Осымен қатар тесіктердің, саңлаулардың, шұңқырлардың болмауына әсерін тигізеді.Металды керамикалық тістерді дайындаудың бірінші кезеңі гипстік, құю бөлмесі және жылтырату бөлмесінде жүргізіледі.

Құйылған құймаларды формовты массалардың қалдықтарынан, тотықтан және оның бетін ақырғы өңдеуге дайындау үшін арнайы құмсепкіш қондырғы қолданылады. Қондырғының ішінде герметикалық камера және құмды жинайтын бункер болады және құм себетін түтікшелер болады. Камераның қарайтын әйнегі және екі тесігі қолғаптармен бітеді.Қондырғыға аяқпен басатын педаль жалғанған, педальді басқанда түтікшеге қысымен ауа беріліп, ол бункерден құмның ұшып шығуын қамтамасыз етеді, шаң атоматы сорылады.

Фарфор және металокерамикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері бар, олар үшін арнайы қондырғы мен құрал жабдықтардың болуы тиіс және арнайы бөлменің болуы керек. Мүсінді құю, окклюдаторға отырғызу жәнеде басқа гипспен байланысты опирациялар, гипс бөлмесінде орныдалады. Бөлмеде дәлдігі 0,00001 грамға дейін болатын арнайы алтын өлшейтін таразы және алтынның деңгейлік тазалығын (пробасын) анықтауға арналған химиялық реактивтер болады немесе лазерліанализатор .