- •Кардиологиядағы тексеру әдістері. Экг.
- •Миокардиттер
- •Кардиомиопатиялар. Клиникалық хаттама бойынша емдеу принциптері
- •1.Бірінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 60-80 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын са түйіні.
- •3.Үшінші реттік автоматизм орталығы – соңғы бөлім, Гис шоғырының аяқшалары мен тармақтары. Ол автоматизмнің төменгі қызметін атқарады, минутына 25-40 жиіліктегі электр импульсін тудырады.
- •1.Ырғақ реттілігі;
- •2.Дұрыс ырғақ – r-r орташа бірдей қашықтықтағы r-r 10% аралығы.
- •Кардиомиопатиялар
- •II. Жүрек ырғағының бұзылулары (Жыпылықтағыш аритмия. Жүрек ырғағының қарыншалық бұзылулары. Жүректің кенеттен өлуі.)
- •Жіктемесі Кардиомиопатиялар жіктемесі (word heart federation,1995 ж.):
- •1. Дилатациялық:
- •I. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (жфсж)
- •Қауіп-қатерлі факторлар
- •Диагностика
- •Лабораторлық зерттеулер
- •Госпитализация
- •Профилактика
- •2. Жүректің жиырылу жиілігін бақылау үшін препараттар:
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер
Милық натрийуретттік пептид (МНП) – МНП гипербелсенділігі стандарт ретінде анықталады жəне ЖФСЖ стадиясын анықтау.
Емдеу тактикасы
ЖФСЖ емдеу тактикасы ЖФСЖ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕГІ МАҚСАТТАР:
- ЖФСЖ симптомдарын жою;
- нысана-ағзаларды қорғау жолымен ауру үдеуін баяулату (ми, жүрек, бүйрек, қантамырлар);
- ЖФСЖ науқастардың өмір сапасын жақсарту;
- госпитализацияны төмендету (жəне шығындарды);
- болжамды жақсарту; Дəрі-дəрмексіз ем:
- диета;
- физикалық белсенділік режимі;
- психологиялық реабилитация, дəрігерлік бақылауды, ЖФСЖ науқастар үшін мектеп ұйымдастыру. 1 класс С деңгейде дəрі-дəрмексіз ем:
- вакцинация –ЖФСЖ аяқталуына ісер ететін дəлелдер жоқ, тұмау жəне гепатитке қарсы ұсынылады;
- сұйықтық қабылдауды шектеу (1,5 л/тəулігіне);
- саяхат жасау;
- сексуальді белсенділік;
- физикалық белсенділік; Дəрі-дəрмекті ем ЖФСЖ емдеу үшін препараттар Негізгі (I класс, А)
АПФ ингибиторлары (АПФи):
- АПФи миокард жиырылулық функциясының төмендеуімен ЖФСЖ емдеу кезінде бірінші линиялы препарат болып табылады (LVEF <40-45%) (Level of evidence A, class I);
- ісінулер болмаған кезде АПФи монотерапияда тағайындалады, сұйықтық іркілу жағдайы кезінде диуретиктер комбинациясында (Level of evidence B, class I);
- АПФи дозасы максималды көтере алғанға дейін титрленуі қажет, симптомдардың жақсаруына дейін ғана емес, бұл үлкен трайлада көрсетілген. Абсолюттік қарсы көрсетімдер:
- ангионевроздық ісіну;
- бүйрек артериясының екіжақтық стенозы;
- жүктілік. Адренорецепторлар блокаторы (БАБ)
Препараттар |
Бас. доза (мг) |
Тер. доза (макс, мг) |
Бисопролол |
1.25 |
10 (10) |
Метопролол сукцинат |
12.5 |
100 (200) |
Карведилол |
3.125 |
25 (50) |
Небиволол |
1.25 |
10 |
Дозаны титрлеу кезеңі – апта-ай. БАБ тағайындау ережелері
1. Тек бисопролол, карведилол, метопролол сукцинат жəне небиволол ұсынылуы мүмкін. Метопролол тартрат ЖФСЖ емдеу үшін ұсынылмайды.
2. БАБ тек қана «жоғарыдан» қолданылуы қажет, яғни АПФи қосымша, жəне ахуалы тұрақтанған науқастарға (венаішілік инотропты қолдаусыз).
3. БАБ пен емдеу жайлап басталуы қажет, 1/8 тер. дозадан бастап, жайлап көбейтіледі (2 аптада немесе 1 айда 1 реттен жиі емес).
4. Алғашқы екі аптада жүректік шығару төмендеуі жəне ЖФЖ симптомдары асқынуы мүмкін, олар АҚ, ЖЖЖ, диурезді қатаң бақылауды талап етеді. ЖФСЖ симптомдарының үдеуі кезінде, бірінші кезекте АПФи жəне диуретиктер дозасын жоғарылатады, тиімсіз кезде – БАБ дозасын уақытша төмендету. Гипотония кезінде, бірінші кезекте вазодилататорлар дозасын төмендету, тиімсіз кезде – БАБ дозасын төмендету, брадикардия кезінде – ЖЖЖ əсер ететін препараттар дозасын төмендету, тиімсіз кезде – БАБ дозасын төмендету. Тұрақты жағдайға қол жеткізген кезде – БАБ қабылдауды бастау немесе олардың дозасын титрлеуді жалғастыру.
5. Декомпенсация кезінде - фосфодиестераза ингибиторлары немесе левосимендан тағайындалады, себебі олардың гемодинамикалық тиімділігі β-адренорецепторлар блокадаларына тəуелсіз. БАБ тағайындауға қарсы көрсетімдер:
1. Бронхылы демікпе немесе өкпенің басқа ауыр патологиялары.
2. Симптомды брадикардия 50 соққы/ мин аз.
3. Симптомды гипотония 85 мм с. б. аз.
4. АВ - блокадалар 2-3 ст.
5. Облитерлеуші эндартериит.
Диуретиктер
ЖФСЖ үдеуін баяулатпайды болжамды жақсартпайды, ісінулік синдромды жою үшін қолданады.
Емді «əлсіз» диуретиктерден бастау қажет: алдымен гипотиазид, тиімсіз кезде – «тұзақтық» диуретиктер фуросемид. Аз дозадан бастау.
Диуретиктерді тағайындау ережелері:
- белсенді фазада қабылданған сұйықтықтан диурез тəулігіне 1-2 артықты құрау қажет, салмақтың төмендеуінде күніне 1 кг төмендеуінде. Ешқандай қарқынды дегидратация ақталмайды, тек қана нейрогормондардың гиперактивациясына жəне сұйықтықтың қайта іркілуіне алып келеді;
- ұстап тұрушы фазада диурез теңгермелі болу қажет жəне дене салмағы зəр айдаушы препараттарды тағайындау кезінде (күнделікті) тұрақты болуы қажет. Диуретиктерді үзіліспен жəне «коп мөлшерде» тғайындамау қажет.
Альдостерон антагонисттері
Альдактонның қанықтыратын дозасы 150-300 мг екі қабылдауға (таңертең жəне түсте) екі апта бойы, ұстап тұрушы доза - 25-50 мг.
Спиронолактон жəне АПФи үлкен дозасын қосу, калий жəне креатинин деңгейін бақылау қажет.
ЖФСЖ NYHA III-IV кезінде тірі қалуды жақсарту үшін жəне аурушаңдықты төмендету үшін АПФи, БАБ жəне диуретиктерге қосу ұсынылады.
Егер альдостерон антагонисттері II класстағы ЖФЖ немесе сол қарынша асимптоматикалық дисфункциясымен науқастарға тиімділік əкелсе, ол қолданылуы қажет.
Гликозидтер «бірінші» линиядағы заттар ретінде жыпылықтағыш аритмия жəне ЖФЖ кезінде қолданылады. Синустық ырғақ кезінде – тек төртінші препарат АПФи, БАБ жəне зəр айдағыштардан кейін, өлімшілдікке əсер етпейді, бірақ госпитализация жиілігі төмендейді. Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Жүрек функциясы жеткіліксіздігі симптомдарының регрессиясы (тыныштықта жəне жүктеме кезінде) - клиникалық белгілердің азаюы: ентікпе айқындылық дəрежесінің, тахикардия, бас айналу, естен тану, ұстамаларының азаюы, өмір спасының жақсаруы.
2. Миокард жиырылуы жақсаруының объективті дəлелдері.
3. СФЖ емдеуге оң жауап.
4. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылуларының тұрақтануы.
