Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус гистология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.92 Кб
Скачать

2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Анатомия, гистология және физиология тіршілік процесстердің құрылымдық және функциянальді қалыпты ұйымдасуы туралы жасушалық, ағзалық және жүйелі деңгейлерде фундаментальді теориялық білімдерді студенттерде қалыптастырады. Олардың даму заңдылықтарын айқындайды, осыған байланысты оларға мақсатты түрде әсер етуін мүмкіншілігін тудырады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Жасушалық және жүйелі дейгейлерде тіршілік процесстердің құрылымдық және функциянальді қалыпты ұйымдасуы туралы фундаментальді териялық білімдерді қалыптастыру. Клиникалық кафедраларда дәрігердің кәсіптік дағдыларын меңгеруінің әрі қарай жетікті оқытуын қамтамасыз ететін олардың даму заңдылықтарын қалыптастырады.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • Өмірдің әр түрлі жас кезеңдері ағзалар құрамындағы тіндер гистогенезін, құрылысын, гистофизиологиясын және регенерациясын жалпы зандылықтарын анықтап білуін үйрету;

  • Әр түрлі ағзалар құрамындағы дің жасушалар мен олардың орналасуы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Ә р түрлі ағзалар тіндерінің құрылыс ерекшеліктерін анықтай білуін үйрету;

  • Ағзалар құрамындағы тіндердің микроскопиялық деңгейде зерттеу

дағдыларын және ептіліктерін қалыптастыру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері :

А. Білуге және түсінуге тиісті:

  • нерв жүйесі ағзаларының гистологиялық құрылымын және қалпына келуін;

  • сезім ағзаларының гистологиялық құрылымын;

  • эндокринді жүйенің гистологиялық құрылымын және эндокринді ағзалардың эмбриональді даму заңдылықтарын;

  • жүрек және қантамырлардың гистологиялық құрылымын;

  • иммунды қорғаныс жүйе және қан жасаушы ағзалардың гистологиялық құрылымын;

  • асқорыту жүйесінің гистологиялық құрылымын;

  • бронхтар мен өкпенің гистологиялық құрылымын, респираторлы бөліктің және тыныс алу жолдары қабырғасының құрылымдық компоненттерінің өкпенің тыныс алу қызметінде атқаратын ролін;

  • несеп шығару мен жыныс жүйелерінің гистологиялық құрылымдарын;

В. Білімдерді және түсініктерді қолданып, білуге тиісті:

  • микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде нерв жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.

  • микропрепараттарда микроскопиялық деңгейде сезім ағзаларының әртүрлі бөлімдерінің құрылысын айыра білуді.

  • микропрепараттарда эндокринді жүйесі тіндерінің жасушалық құрамдарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде айыра білуді;

  • микропрепараттарда жүрек және қантамырлардың тіндік , жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді;

  • иммунды қорғаныс жүйенің және орталық және шеткі қан жасаушы ағзаларының құрылымдық құрамын айыра білуді;

  • микропрепараттарда асқорыту жүйесі тіндерінің жасушалық құрылымдарын айыра білуді;

  • микропрепараттарда бронхтар мен өкпенің тіндік , жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді;

  • микропрепараттарда бүйрек, несеп шығару жолдары мен жыныс ағзалары тіндерінің жасушалық және жасушаемес құрылымдарын айыра білуді;

С. Дағдыларды меңғеріп алуға міндетті:

  • ағзалардан дайындалған гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеуін;

  • гистологиялық препараттарды диагностикалауды және суреттерін салуды;

  • хаттама құрастыруды.

D. Қабілеттілікті көрсету және білуге тиісті:

  • зерттелінетін объектілердің құрылысын және функциясын гистохимиялық ерекшеліктерін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде түсіндіруді;

  • ағзалардың гистологиясы және гистофункциясы туралы алған білімін клиникада диагнозды дұрыс қоюға және аурудың алдын алуға мүмкіндік беретіндігін.

  • интернетті қолдануды, отандық заманауи және шетел әдебиеттерімен жұмыс істеуді.

Е. Коммуникативтік қабілетіліктері болуға тиісті:

  • пән аралық топтарда жұмыс істей білуге;

  • өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін медицина және биология саласы мамандарына жеткізе білуге.

2.5 Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология.

2.5 Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия, патологиялық физиология