- •Силлабус
- •1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •1.9 Пәннің саясаты
- •2.Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері :
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7 Тақырыптық жоспар
- •2.7.1 Дәріс тақырыптарының жоспары
- •2.7.3 Суденттердің өзіндік жұмыс (сөж) жоспары:.
- •2.8. Суденттердің өзіндік жұмыс (сөж) тапсырмалары.
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.10 Оқыту әдістері
- •2.11 Білімдерді бағалауының критерийлері және ережелері:
- •Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса
- •Гистология, цитология және эмбриология кафедрасындағы рефератқа қойылатын талаптары мен сөж бағалау критерийлері
- •7) Алдын-ала алынған тақырыпқа кез-келген еңгізілген өзгеріс оқытушымен келісіледі. Рефератты бағалау критерийлері
- •2. Пән бойынша толтырылған альбомның бағалау критерийлері
|
АО «Медицинский университет Астана»
|
С - 07.1.16 |
Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы |
|
Силлабус
«Морфология және физиология» модулі бойынша
5В 130100 - « Жалпы медицина» мамандығына арналған
Дәріс: 18 сағат
Практикалық сабақ: 72 сағат
СӨЖ: 45 сағат
Барлық: 135 сағат
Курс: 2
Семестр: 3
Емтихан: 3 семестр
Астана 2017
1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет
Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы
Кафедраның меңгерушісі, профессор Кикимбаева Айсулу Айтыкеновна, биология ғылымдарының докторы, ұстаздық стажы – 32 жыл
Ғылыми жұмыс саласы: Адам ұйқыбезінің және бауырдың морфологиясы.
Ғылыми мектебі: докторлық диссертация тақырыбы: «Қант диабетінің әр түрлеріндегі ұйқыбез, бауыр және гипоталамус нейросекреторлы жасушалардың құрылымдық-қызметтілік өзгерістері және олардың алдын алу жолдары», Алматы қаласында 2008 жылы профессор Г.Г.Мейрамовтың жетекшілігімен қорғалған. 123 ғылыми жұмыстардың авторы. 2 медициналық ғылымдарының магистрін дайындады. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.
– аға оқытушы Исаева Земфира Кахаровна, ұстаздық стажы – 32 жыл.
Ғылыми жұмыс саласы: Адам тінінің филогенезі. 23 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді
– аға оқытушы Тулиева Алия Молдабаевна, медицина ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 7 жыл. 17 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ, орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.
– аға оқытушы Қошыбаева Құралай Төлеуғажиновна, ұстаздық стажы –6 жыл. 6 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.
– оқытушы Қожахметова Ұлжан Абдуллаевна, ұстаздық стажы – 5 жыл. Тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.
– оқытушы Боксенова Салтанат Қайырбековна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 10 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.
– оқытушы Тлеубекқызы Перизат, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 1 жыл, 8 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
– оқытушы Қасымова Ботагоз Елубаевна, педагогика ғылымдарының магистрі, 2 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
1.8 Байланыс ақпараты:
Оқу кестесіне сәйкес сабақтар гистология, цитология және эмбриология кафедрасында өткізіледі . «АМУ» АҚ, №49 корпус, Бейбітшілік көш., 49, телефон: 53-94-29
1.9 Пәннің саясаты
Студенттер гистология, цитология және эмбриология кафедрасына оқу кестесіне сәйкес дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей келуге міндетті.
Студентте болуы тиіс: ауыстырып киетін аяқ-киім, медициналық ақ халат және колпак, гистологиялық препараттардың, сызбалардың, электронды микросуреттердің суретін салу үшін альбом және түрлі-түсті қарандаштар, дәріс жазатын дәптер және қаламсабы.
Әрбір студент аудиторияда болған уақытта кафедра мүлкіне (жиҺаз, интерактивті тақта, теледидар, микроскоптар, препараттар және т.б.) залал келтірген және шығын үшін жауапты.
Дәрістердің, практикалық сабақтардың және емтиханның кезінде студенттерге ұялы телефон, смартфон және басқада аудио, видео аппаратуларды пайдалануға тиым салынады.
Оқу нәтижелерінің бақылау және бағалануы «АМУ» АҚ қабылданған бірыңғайлау рейтинг әдісі бойынша өткізіледі. Оған кіреді: күнделікті, аралық бақылау, СӨЖ және қорытынды-емтихан.
Гистология кафедрасында білімді бағалаудың қорытынды әдістеріне жатады: студенттердің өзіндік жұмыстары барысында орындалған ағзалар мен тіндердің гистологиялық препараттардың микроскопиялауы, электроннограмма және сызбалардың тапсырмаларын зерттеуі, тестілеу және жағдаяттық тапсырмалардың шешуі, ауызша сұрауы, гистологиялық препараттардың диагностикасы және электрондық микросуреттердің диагностикалауы, тестілеу.
Студенттер СӨЖ тапсырмаларын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыру керек. Өз уақытында тапсырма орындалмаса студентке «0» (нөл) балл қойылады және оны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Егер себепті болған жағдайда студент СӨЖ-ді мерзімінде орындай алмаса, онда ол деканаттан себебі көрсетілген рұқсатнама әкеліп 2 аптаның ішінде өтеуі тиіс.
Күнделікті және аралық бақылау кафедрада өткізіледі. Қорытынды бақылау 2-кезеңде өткізіледі: 1-ші кезең (практикалық дағдылар) – гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу;
2-ші кезең (теория) – ауызша тапсыру. Емтиханға СӨЖ, дәрістер және тәжірибелік сабақтардан қарыздары жоқ, жіберілу рейтингісі 50% кем емес студенттер жіберіледі.
Студенттердің дәріс және практикалық сабақтарға кешігіп келуі, сабаққа катыспауы және жоғарғы аталған талаптар орындалмауы жағдайда деканатқа хабар беріледі.
Себепті жіберілген СӨЖ, дәріс және тәжірибелік сабақтары толық өтелуі тиіс.
Себепсіз жіберілген дәріс үшін баллдар шегеріледі. (әр келмеген сабаққа –минус 1 балл)
