- •Дипломдық жұмыс Аутизм спектрінің бұзылулары бар балаларды оқыту және дамыту
- •Мазмұны
- •Глава I Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру
- •1.1 Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі
- •Глава II. Қазіргі кезеңдегі аутизм ауытқуы бар өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiн эксперименттiк тұрғыдан зерттеу
- •ГлавА 1. Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру
- •1.1 Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі.
- •1.2 Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.
- •1.3 Аутист балаларға арнайы көмек көрсету
- •Глава 2 Казіргі кезеңдегі аутизм ауытқуы бар өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiн эксперименттiк тұрғыдан зерттеу
- •2.1 Зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi, әдiстемелерi және сыналушылардың сипаттамасы
- •Ойын технологиясын қолдану.
- •«Айналма» ойыны.
- •Сенсорлық интеграция əдістемесін қолдану.
- •4. Ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша «Дэльфа–142,1» тренажерын қолдану.
- •«Дыбыс» мəзірі:
- •«Буын» мəзірі:
- •«Сөйлем» мəзірі:
- •«Сөздікпен жұмыс» жəне «Белсенді сөздігін қалпына келтіру»:
- •2.2 Эксперименттік зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.....……….….
- •2.3 Психокоррекциялық бағдарламалар және оның нәтижелерi
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
«Буын» мəзірі:
«Сиқырлы құдық» жаттығуы алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Сол арқылы балалар қиын буынды сөздерді айтуға жаттығады.
«Сөз» мəзірі:
«Тығылмаш» жаттығуы арқылы сөзге дыбыстық талдау жасауға жаттығады. Стимулды материалды таңдауға байланысты (суреттер, аудио) фонемды қабылдауын жан-жақты дамытуға болады;
«Мозаика» жаттығуы сөздің жазылуын тануға жəне сөзді тұтас оқуға үйретеді. Еске сақтау мен қабылдауды түзетеді.
«Сөйлем» мəзірі:
«Сөйлемді қалпына келтір», «Сөйлем құрастыр», «Түсіп қалған сөзді қой», «Сөйлемді аяқта» жаттығулары сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық жақтарын дамытуға арналған. Ол балаға сөздер мен сөйлем арасындағы мағыналық жəне грамматикалық байланысты қоюға жаттықтырады.
«Мəтін» мəзірі:
«Мазмұндау», «Əңгімелеу», «Сурет бойынша əңгімелеу» жаттығулары байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған. «Мазмұндау» бөлімінде берілген тақырып бойынша əңгімелеуге арналған көмекші сөздер, сұрақтар, сөздіктер берілген. «Суретке қарап əңгіме құрау» бөлімінде суретшілердің 21 түрлі картиналары берілген (портрет, сюжетті суреттер, пейзаж). Əр суретке, оның эмоциялық мағынасына сəйкес музыкалық үзінді таңдалған. Ол баланың суретті сипаттауына көмектеседі.
«Сөздікпен жұмыс» жəне «Белсенді сөздігін қалпына келтіру»:
Тренажерда базалық сөздік енгізілген. Ол жалпы көлемі бойынша 4,5 мың сөзден тұратын 63 сөздіктен тұрады. Ол жалпы жəне тақырыптық сөздер («Киім», «Тамақтар», Мектеп» т.с.с.), сонымен қатар сөздіктер фонетикалық принцип бойынша құрылған). Баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беріліп, логопедиялық жұмыспен қатар, баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік берілді.
Аутизмі бар балалардың оқытуда, қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық үрдістерін дамытуда кешенді түзете-оқыту əдістерін жүйелі қолданып, пайдалану үдерісіне сараптаулар мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:
тəжірибелік топтағы балалардың психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;
аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда балалардың белсенділігі, қызығушылығы арта түсті;
аутизмі бар балаларға жүргізілген эксперименттен кейін балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алды;
аутизм диагнозы бар балаларға эксперимент жүргізу нəтижесінде жақсы нəтиже көрсетілді.
Түйіндей келе, біз мынандай қорытындыға келдік. Аутизмі бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзінің қатарлас құрбыларымен қарым-қатынасқа жиі түсуін бақылау, отбасымен, арнайы мамандармен қарым-қатынасын, əлеуметтік педагог, психолог, логопед тарапынан қолдау табуы қажет. Балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету шараларын жүргізуде кешенді түзете-оқытудың, заманауи əдістердің маңызы зор. Аутизм диагнозы бар балалардың қоғамда өздерін ұстай алуын, достарымен қарым-қатынасқа түсуге əзірлігін арттырудың маңызды тəсілі арнайы таңдап алынған түзету-педагогикалық көмек көрсетуді қолдану болып табылады.
Қорыта айтқанда, аутизмі бар балалармен жүргізілген жұмыс нəтижесі бойынша зерттеу болжамдарының дұрыс екені дəлелденіп, аутизм диагнозы бар балаларды оқытуда кешенді түзете- оқытудың, заманауи əдістерді пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Яғни, аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу барысында кешенді түрде əдістерді қолдану баланың сауығуына барынша мүмкіндік береді. Ең алдымен, баламен қарым-қатынас орнату оңайға түседі, қызығушылығы оянады.
