Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дильмухамед.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

1.3 Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.

Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.

Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).

Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.

Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.

Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек.Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.

Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер

Емдеу

Бұл қатерлі кеселді емдейтін психиатрлар тапшы. Кейбір дәрігерлер оны қатерлі ауру ретінде қарастырмай, жай ғана психологиялық дерттің түріне жатқызады, сөйтіп, психикалық ауруларға тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады, айналадағы адамдардың өзіне деген түсінбеушілігін тудырады.  Негізінен, аутист балаға үш жасқа дейін ем қолданса, оны аталған дерттен құлан таза айықтыруға болады. Ал дер кезінде шара қабылдамаса, бала өсе келе қоғамға бейімделе алмайды. Бастапқыда ата-ана баланың мінез-құлқын түсінбейді. Аутист бала да өзінің айналасында не болып жатқанын ұқпайды. Ол үнемі басқа әлемде жүргендей мінез танытады. Мұндай балалардың барлығына нақты көмектер керек. Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқысы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған. Мұндай дертке шалдыққан балаларды тәрбиесі қиын балаларға жатқызуға болады. Мұндай ауруды емдеуге болады. Тек мемлекеттің толық, жан жақты қол-дауы және ата аналардың келісімі қажет.  Бала аутизіміне шалдыққан балаларды неғұрлым ертерек анықтап, ем алса, медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық түзеу көмектерді дер кезінде беруге болады. Ата-аналар балаларының қылығында өзгешелік, яғни сөйлесудегі қиындықтар, тіке қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл-қозғалыс, баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, өзімшіл әрекет жасауын байқаса, бірден бала дәрігеріне тексеруден өткізгендері дұрыс. Бала дәрігерлері ата-аналарға түсіндіріп айтып, психиатр дәрігерге көріну қажеттігін ұғындырулары керек

Аутист балалар суды өте жақсы көреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Бұл балалар суды көргенде ғана эмоциялық әрекет жасауы мүмкін. Дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70%-ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдардың дәлелдеп шыққаны қашан. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Жануарлармен емдеу жағы да ақсап тұр. Иппотерапияны қолға алып едік, арнайы мамандар мен қаржының тапшылығынан ол да тұралап қалды. Жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ десек, бұл жағдай қазақтығымызға сын болып отырғаны да рас.

Орталыққа келетін барлық балалар ардақты, ерекше, қайталанбас әрі біз үшін өте маңызды. Біз үшін әр бала қымбат. Өзіңіздің және өзгелердің балаларына әрдайым құрметпен қараңыз! Басқа кез келген бала сияқты аутизмі бар бала да жеке тұлға!

Орталықтың міндеттері

  1. Аутизмі бар балаларға және олардың жақындарына диагностикалық және консультативтік көмек көрсету.

  2. Аутизмі бар балаларға және олардың жақындарына психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету.

  3. Аутистік спектр ауытқулары бар балалардың білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасау және мұнда оларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау.

  4. Аутизмі бар балаларды сауықтырудағы әлемнің озық тәжірибесін зерттеу және енгізу.

  5. Психологтарға, дефектологтарға, мұғалімдерге және аутизмі бар балаларға білім, тәрибе беру, оларды дамытумен айналысатын жалпы білім беру және арнайы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға білім және консультативтік көмек беру.

  6. Аутизмі бар балалар, оларға әлеуметтік, қоғамдық өмірдің барлық салаларында (мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ата-аналардың ұйымдары, ақпарат құралдары, ж. т. б.) көмек көрсету мәселелері бойынша ағартушылықпен айналысып, ақпарат тарату. Аутизмі бар балаларға қолдау білдіруге ниетті жандардың барлығымен әріптестік орнатып, бірлесе жұмыс істеу.

Орталықтың көрсететін қызмет түрлері

  1. АСА диагностикасының отандық және әлемдік озық әдістерін (АBLLS, VB-MAPP, АDOS) қолдана отырып медициналық және псхиологиялық-педагогикалық диагностика жасау

  2. АВА-терапия (АВА-терапия әдістерін қолданатын ерте дамыту және мектепке даярлау топтары)

  3. Томатис- терапия

  4. Сенсорлық интеграция әдісі

  5. РЕСS әдісі

  6. Психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог сияқты мамандармен жеке және топтың дамыту сабақтары.

  7. Ата-аналарға кеңес беру және оқыту.

Отандық және әлемдік АСА (АBLLS, VB-MAPP, АDOS) диагностика әдістерін қолданып, медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жасау

Аутистикалық спектр және дамудың басқа да ауытқуларына дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, логопед, педагог-дефектолог сияқты мамандар диагноз қояды. Балаларға диагностика клиникалық, психологиялық-педагогикалық және ADOS, ABLLS сияқты халықаралық стандартталған әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

ADOS (аутизм кезіндегі диагностикалық тексеру жоспары) – аутистикалық спектр ауытқулары деп жалпы аталатын аутизм және психикалық дамудың басқа да мәселелерін бағалап, диагноз қоюдың «алтын стандартына» жатқызылады. ADOS-ты интеллект және сөйлеу дағдыларының дамуы әркелкі болып келетін түрлі жастағы балаларға қолдануға болады. Онда баланың өзгелермен қарым-қатынасы мен әлеуметтік әрекеттесуі, ойнауы мен мінез-құлқы стандартты процедуралар негізінде бағаланатын құрылымдалған әдіс қолданылады. ABLLS — аутизм және дамуы жөнінен басқа да мәселелері бар балалардың негізгі дағдыларын бағалау құралы. ABLLS-R бойынша тестілеу нәтижесі ата-аналар мен мамандарға өте көп ақпарат береді, соның негізінде баланың бастапқы дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай дербес оқыту бағдарламасы әзірленеді.

АВА-терапия (АВА-терапия әдістерін қолдана отырып мектепке дайындау, ерте дамыту топтары)

АВА-терапия - Applied Behavior Analysis (Мінез-құлықты қолданбалы талдау)  адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді.  АВА емдеудің мінез-құлықтық әдістерін қолдана отырып, жағымды мінез-құлық белгілерін көбейтіп, қауіпті және проблемалық мінез-құлық белгілерін азайтуда осы заңдылықтарды қолданады.   Сонымен қатар АВА терапия сөйлеу және коммуникация дағдыларын, зейін мен жадын және академиялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

ABA-терапияның құрамына түрлі әдістер кіреді, бұл аутизмді емдеудің ғылыми негізі бар ең үздік әдісі саналады.

Томатис терапия

Томатис — арнайы аудио-вокалдық жаттығу әдісі. Әдістің мақсаты – мидың есту арқылы алған ақпаратты қабылдап, қорыту мүмкіндіктерін арттыру. Томатис әдісі негізіндегі жаттығулардың арқасында сөзді қабылдау және түсіну процесін қайта жетілдіруге мүмкіндік бар. Бұл жаттығуларды аутистикалық спектр ауытқулары, назардың жетіспеуі синдромы және гипербелсенділік, сөйлеу және психомоторлық дамудың тежелуі, жазу дағдысының дұрыс қалыптаспауы (дисграфия, дислекция) сияқты ауытқу түрлері бар, естіген ақпаратты қабылдап, қорытуда біраз қиналатын, соның кесірінен коммуникация мен білім алуда қиындықтарға ұшырап, әлеуметтік дағдыларын дамытуда артта қалып жүрген балаларға қолданады.

Аудио-вокалдық жаттығулар

А.Томатис негізіндегі аудио-вокалдық жаттығулар баланың ақпаратты қабылдап, игеруге үйретеді, соның арқасында адамдармен қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастырады.

Сенсорлық интеграция әдісі

Сенсорлық интеграция — ағзаның сезімдерін қозғалыс, оқу және қалыпты іс-әрекет мақсатына жұмылдыра алуы. Біз бұл сезімдерді  сезім мүшелері арқылы білім аламыз. Олар: визуалды (көру), дыбыстық (есту), иіс сезу (иіскеу), дәм сезу (дәм тату), тактильдік (ұстап көру), вестибулярлық (орта құлақ) және жердің тартылыс күші.  Аутизмі бар балалардың көбінің сезінуінде ауытқулар болады. Олардың кей сезім мүшелері шектен тыс дамыған немесе керісінше онша дамымаған болуы немесе өз сезімдерін интеграциялай алмауы ықтимал. Сенсорлық интеграция терапиясы баланың сезімталдығын бәсеңдетіп, сезіну арқылы алған ақпаратты қайта құрылымдауына басты назар аударады. Сенсорлық интеграциялық терапияға түрлі сенсорлық стимулдармен арнайы байланыс орнату әдісі де жатады. Бұл терапияның мақсаты – орталық жүйке жүйесінің сенсорлық стимулдарын өңдеу мүмкіндіктерін күшейту, теңгеру және дамыту.

РЕСS (ПЕКС) – коммуникацияның балама жүйесі

РЕСS — баланың негізгі коммуникация дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік беретін бағдарлама. РЕСS-тің арқасында бала тез бастама көтеріп, жылдам сөйлей бастайды.  РЕСS-ті қолданатын бала айналасындағылармен ашық қарым-қатынас жасап, ашылып сөйлесе бастайды, соның арқасында вербальдық дағдыларын жинақтауға мүмкіндік туады.

Психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, коммуникацияны дамытушы сияқты мамандармен жеке және топтың дамыту сабақтары.

Мамандардың түзету және дамыту мақсатындағы көмегі балалармен жеке, топтық және консультативтік сабақтар түрінде өтуі мүмкін.

Психолог — баланың коммуникативтік, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын жақсарту бойынша сабақтар өткізеді. Сабақтар ойын терапиясы түрінде жүреді. Ойын барысында бала бөтен адаммен сөйлесуге, әрекеттесуге және әріптестікке дағдыланады, әлеуметтік ойынның негіздерін меңгереді, коммуникативтік дағдыларын және эмоционалдық жағдайын басқаруға үйренеді.

Логопед — сөйлеуді дамытуға байланысты сабақтар өткізеді, пассивті сөздік қорын кеңейтіп, активті сөздік қорын жинақтауға, дұрыс сөйлеуге, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, фразалық және мағыналық байланысын нығайтуға машықтандырады.

Дефектолог — баланың танымдық қабілетін дамыту бойынша сабақтар өткізеді. Баланың танымдық әрекеттеріне ойлау, сезіну, зейін, жинақтау және басқа да психикалық функциялары жатады. 

Әлеуметтік педагог – дұрыс киіну, өз қажетін өзі орындау, отбасында және қоғамда өзін ұстаудың қалыптасқан ережелері сияқты күнделікті өмір дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтар өткізеді.

Баланы аутизмі бар балалар орталығына қабылдаудың реті мен шарттары

Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) консультативтік немесе сауықтыру көмегін алу үшін Аутизмі бар балалар орталығына өз қалауымен не басқа ұйымдардың, мамандардың нұсқауымен келе алады. 

Келгеннен соң бала туралы мәліметтер (баланың аты-жөні, келген күні, бала мен оның ата-анасының төлқұжат мәліметтері) тіркеу журналына жазылады, содан соң ата-анасымен алғашқы кездесу уақыты белгіленеді. Алғашқы қабылдауға ата-аналар баласын ертпей, тек өздері ғана келеді, онда медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнез мағлұматтары жиналады. Өзіңізбен бірге мына құжаттарды ала келгеніңіз дұрыс:

  • медициналық (поликлиника) карточка (форма №112)

  • параклиникалық және басқа да зерттеулердің нәтижелері (ЭХОЭГ, ЭЭГ, КТГ, көздің түбі, т.с.с.)

  • дәрігерлердің есту, көру қабілеті туралы тұжырымдары, генетиктің, эндокринологтың, ортопедтің тұжырымдары.

Барлық мағлұматтар жиналған соң екінші кездесу белгіленеді, оған ата-аналар балаларын алып келеді. Баланың психикалық дамуы ұжымдық негізде бағаланады, соның нәтижесінде баланың ата-анасына және заңды өкілдеріне оның жалпы ахуалы, даму деңгейі туралы алғашқы ақпаратпен таныстырылады, аутизмі бар баларды тәрбиелеп, оқытуға байланысты кеңес беріледі.

Балада аутистикалық спектр ауытқуы бар екені анықталған бала Орталық мамандарының қорытындысы мен ұсыныстары негізінде Аутизмі бар балалар орталығынан психологиялық-педагогикалық көмек ала алады.

Орталық мамандары әр балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бағдарламасын жасайды. Баланың даму орталығындағы шаралары аяқталған соң ата-ана берілген ұсыныстар негізінде сауықтыру процесін үйде жалғастыруға мүмкіндік алады. Бала тек 6 айдан кейін Орталыққа қайта жатқызылуы мүмкін (Орталық мамандары консилиумының шешіміне байланысты).