- •Комьютерлік желілер.
- •2.3 Схема. Ағаш тәрізді құрылымды Web сайт
- •2.4 Схема. Жүйесіз Web сайт (ретсіз).
- •Html-құжатының негіздері
- •Мәтінді пішімдеу
- •Html-тізімін қолдану. Тізімдер. Тізімдер анықтамасы.
- •Html-құжатының түстік гаммасы.
- •Html-құжатында суреттерді бейнелеу.
- •Кестелер.
- •Гипермәтіндік сілтеме. Қарапайым гиперсілтемені құру. Сілтеме ретінде графикалық файлды қолдану. Сілтеме және түс.
- •Графикалық файл сілтеме рөлінде.
- •Сілтемелер және түстер.
- •Көлденең сызықтар
- •Сырғымалы жол.
- •Формалар.
- •Фрейм туралы түсінік.
- •Сүзгілеулер. Сүзгілеуді мәтінге қолдану.
- •Filter: сүзгі аты (параметрлері)
- •Сүзгілеуді суретке қолдану.
Гипермәтіндік сілтеме. Қарапайым гиперсілтемені құру. Сілтеме ретінде графикалық файлды қолдану. Сілтеме және түс.
Интернетте тақырыбы бойынша ұқсас және тұтынушылардың бір аудиториясына бағытталған миллиондаған электронды құжаттар бар. Гипермәтіндік сілтемелер арқылы бір HTML-құжатты басқалармен байланыстыру мүмкіндігі болмаса, басқа құжаттарға өту қиын да күрделі болатын еді.
Шынайылығында, кез келген гипермәтіндік сілтеме – бұл браузер терезесінен бірден өту мүмкіндігі бар ауқымды желідегі мекен-жай көрсеткіші. Сілтеме арқылы өту екі жағдайда жүзеге асады: егер құжат сілтеме жасайтын ресурс бар болса және HTML бойынша гиперсілтеме құрылымы дұрыс болса.
Гиперсілтемелер құрылымы
Кез келген гиперсілтеме екі маңызды бөліктен тұрады, олар: сілтеме көрсеткіші және құжаттан өту керек болатын ресурс. Сыртынан гиперсілтемені қалыпты мәтіннен ажырату өте оңай: тышқан меңзерін сілтемеге апарғанда, меңзер сұқ саусақпен осы мәтінде гиперсілтеме бар екенін көрсетіп тұрған сияқты қолдың түріне ие болады. Егер көрсеткіш мәтін болса, сілтеменің асты сызылады. Сілтеме рөлін мәтін (жеке сөз, үзінділер, мәтіннің бүтін бөліктері) және графикалық бейнелер атқаруы мүмкін. Графика мен мәтіннің бірігуі сілтеме құра алады. Сілтеме көрсеткіші <A> тэгімен сипатталады, ал өту мекен-жайы HREF параметрінің көмегімен жүзеге асады, оның мәні басқа Интернет-ресурс жолы болып табылады (жабушы </A> тэгі міндетті). Сол сілтеме сөздің үстіне меңзерді қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер мекен-жайдан өзге кез-келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. HTML сілтемелері мәтінді немесе суретті басқа гипермәтіндік құжаттармен байланыстырады. Сілтеменің қарапайым құрлымы:
<A HREF="URL" TARGET="Терезе" TITLE="Көмекші сөз ">Сілтеме аты</A>
<A> элементінің параметрлері кестеде көрсетілген:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
HREF |
URL (унифицирленген ресурстар локаторы) - Интернеттегі кез келген файл адресі. Беттің толық адресі көрсетілу керек (мысалы, http://lenininc.narod.ru/index.html). Мұндағы файл атауы index.html. |
TARGET |
Гиперсілтемені қай терезеде (фреймге) жүктейтінін анықтайды және оның мәндері: top - гиперсілтемені бүкіл браузер терезесіне жүктейді (егер алдында фреймдер-ге бөлінген болса, онда ол жойылады). blank - гиперсілтемені жаңа терезеге жүктейді. self – құжат құрылымындағыларды сілтеме тұрған терезеге жүктейді (осылай жазғыңыз келсе TARGET параметрін қолданбаса да болады,). parent – сілтемемен берілген беттің ішіндегілерді фреймдер жиынтығын иемденген терезеге жүктейді. |
TITLE |
Гиперсілтемеге тышқан курсорын бағыттағанда пайда болатын көмекші мәтін. Бұл міндетті параметр емес. |
Графикалық файл сілтеме рөлінде.
Гиперсілтеме ретінде кез-келген графикалық файлды (әдетте - *.gif, *.jpg.) алуға болады. Ол үшін сілтеме атының орнына графикалық элементті жазу керек. TITLE параметрі тек суретте болу керек:
<A HREF="URL" target="Терезе"> <img border="0" src="Сурет" width="Ені " height="Биіктігі" TITLE="Көмекші мәтін”> </A>
