- •«Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті» есеп
- •Мазмұны
- •Арнайы бөлім .......................................................................................... 8
- •VirtualBox бағдарламасын орнату ................................................ 8
- •Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату .............................................. 11
- •2. Арнайы бөлім
- •2.1 VirtualBox бағдарламасын орнату
- •2.2 Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
ҚAЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖШС
«Алматы қаласының инновациялық техникалық
колледжі»
«Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті» есеп
Мадияров Кайрат Есенжолұлы
(Аты,жөні,тегі)
Курс 2
Тобы: 16-09 Қ1
Мамандығы: 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
Біліктілігі: 1304043 «техник-бағдарламашы»
Тәжірибе өткен жер: Алматы қаласының Инновациялық Техникалық Колледжі
Тәжірибе басталған уакыты: 23.10.2017 ден 04.11.2017дейін
Тәжірибе жетекшісі: Ильясов А.А.
(Аты,жөні,тегі)
Оқытушының қолы_______________
Тексерген оқытушы: Ильясов А.А.
Қорғаған бағасы___________
Қорғаған күні: 04.12.2017
Мазмұны
Кіріспе ....................................................................................................... 3
Негізгі бөлім ............................................................................................ 4
Microsoft Windows ............................................................................ 5
Linux ................................................................................................... 6
Арнайы бөлім .......................................................................................... 8
VirtualBox бағдарламасын орнату ................................................ 8
Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату .............................................. 11
Қорытынды ............................................................................................ 18
Пайдалынылған әдебиет ...................................................................... 19
Кіріспе
Операциялық жүйе — Компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді:
Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;
Еңгізу-шығару және деректермен басқару;
Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды);
Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;
Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;
Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;
Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.).
Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді.;
Бір пайдаланушылық көп есептік ,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап,өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады;
Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.
Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады.Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. .
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттердең түру керек:
Еңгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;
Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратың бағдарламалар;
Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған камандаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.
Әр бір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады:
Каталогтарды қарау;
Сыртқы жетек таңбаларды орындау;
Бағдарламаларды еңгізу;
басқа әрекеттер.
Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың еңгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады. Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады — драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер еңгізу-шығару базалық жүйе жиының құрайды. (BIOS).
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс — пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Даму тарихы . ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды.
1.Негізгі бөлім
1.1 Microsoft Windows
Microsoft Windows - IBM тәрізді компьютерлерде графикалық интерфейсі қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Оның дамытылған нұсқалары түрінде Windows NT, Windows 2000 сияқты операциялық жүйелер кеңінен қолданылуда.
Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.
Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.
1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.
Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.
Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.
Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.
Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін
оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.
1.2 Linux
Linux ОЖ – бірмезетте бірнеше тапсырмалар орындалуын басқара алатын UNIX операциялық жүйесі негізінде құрылған көппайдаланушылық, көпесепті, көптерминалды операциялық жүйе, Ол серверлер мен жұмыс станцияларында жұмыс жасауға арналған, қосымша терминалдарды қосуды қамтамасыз етеді және осы режимде графикалық қабықшаны қолдануға мүмкіндік береді.
UNIX-сеpвеpлер үлкен көлемді ақпараттарды сақтау және өңдеуге арналған. Әсіресе, UNIX-серверлерді, ақпараттарды бөліктерге бөліп өңдеу үшін қолдану тиімді. Осы мақсатта CORBA стандартына сәйкес бөліктерге бөліп есепетеу жүйелері құрылған. Бұл жүйелерге деректер базасын басқару жүйелері (Oracle, Informix және т.б), файл-серверлер, FTP-серверлер, WWW-серверлер және Linux ОЖ қолдайтын т.б. жүйелер жатады. Бөліктерге бөлінген жүйелерде ақпараттар әртүрлі жұмыс станцияларында, әртүрлі дисктерде сақталуы мүмкін, бағдарламалық модульдер әртүрлі компьютерлерде орындалуы мүмкін, бірақ жүйе біртұтас құрылым ретінде жұмыс жасайды. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу кезінде пайдалаушыға қажетті ақпаратпен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік беретін клиент–сервер технологиясы қолданылады. Клиент-сервер технологиясының дамыған түрі интеллектуальды агенттер технологиясы болып табылады.
Linux ОЖ - 32 немесе 64 разрядты платформаларға арналған желілік операциялық жүйе. Ол ойын (Sony Play Station) қосымшаларынан бастап Internet кластерлік серверлеріне дейінгі диапазондағы масштабды қамтиды.
Linux ОЖ компьютердің нақты бір түрімен байланысты емес. Оның ядросы жоғары деңгейлі СИ тілінде жазылған, сондықтан оны бір платформадан басқа платформаға ауыстыру мейлінше оңай. Жүйе GNU лицензиясы немесе сол сияқты еркін лицензиялар бойынша таратылады, сонымен қатар Internet арқылы еркін орнатылады. Жүйенің шығу модульдерін қолдану басқа платформаға өту кезінде қолданбалы бағдарламалардың бейімделу және рұқсатсыз қатынас құруды жүзеге асыратын кодтарды бақылау мүмкіндігін береді. Жүйені құруға өздерінің авторлық құқықтарын бекіткен өте көп мамандар қатынасты, бұл жүйенің монополизациясын болдырмауға кепілдік береді.
Дербес компьютерлерді (ДК) UNIX–сервермен есептеу желісіне қосу TCP/IP хаттамасының көмегімен жүзеге асырылады, нәтижесінде пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерге ие болады:
1) UNIX-серверін файл-сервера ретінде пайдалану;
2) дербес компьютерге терминалды эмуляциялау (TELNET режимі);
3) клиент-сервер жүйесін ұйымдастыру (жұмыс станциясы SQL-сұраныстар құрады, сервер оларды өңдейді);
4) ДК арасында FTP хаттамасы негізінде файлдар алмасу;
5) CORBA стандарты бойынша бөліктерге бөлінген есептеулер жүргізуді ұйымдастыру.
UNIX операциялық жүйесінде барлық әрекеттер процестер ретінде құрылған. Процесс жүйелік командаларды орындау кезінде шақырылатын орындалатын бағдарламалар немесе орындалатын бір бағдарламадан тұрады. Процесс параллель орындалатын бір немесе бірнеше басқа да процестерді жүктеуі мүмкін. Linux ОЖ процестерді параллель орындау үшін көппроцессорлы архитектураны сүйемелдейді.
“Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:
Жүйе тегін таралады.
Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар. Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ.
Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді. Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.
Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.
Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі.
GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.
Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық — оны Netscape компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады
