Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Н.ММ.Жн.жне Пайда.Лаб.практ.5В070900.2013ж..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
825.34 Кб
Скачать

2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау

(2 - Лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты: редуктордың тісті берілістерінің ақауын анықгау өдістерімен танысу.

Лабораториялық жұмысты орындауға керекті уақыт - 4 сағат.

Керекті жабдықтар (аспаптар, материалдар):

  • өлшеу шегі 0-160 мм, өлшеу дәлділігі 0,02 мм (МЕСТ 166-89) ШЦ-11 штан-генциркулі;

  • өлшеу дәлділігі 0,02 мм тіс өлшегіш;

  • тангенциалды тіс өлшегіш;

  • тісті дөңгелектердің тістерін бақылауға арналған қима үлгі;

  • өлшеу шегі 25-50 жөне 50-75 мм дейінгі МК микрометрі;

  • ИЧ өлшегіші (индикатор) (МЕСТ 557-80));

  • слесарьлық іскенже;

- ақауларын анықтауға арналған тісті дөңгелектер мен редуктордың I және II сатысыңдағы біліктер;

- ақау суреттемесі, өлшейтін бөлшектердің сызбалары.

2.1 Жұмыстың орындалу реті

Редуктордың жетек және жетекші біліктеріндегі тісті дөңгелектердің тозу шамасы, жарықшақтары, сынған жерлері, соқпадақтылығы, қылаулары, тістерінің жұмыс беттерінің үгіліп шұңқырланған жерлері, бұраңдалар мен бөлшектер орналасқан орындардың күйлері, тісті дөңгелектердің тістерінің ұзындығы анықталады. Тісті деңгелектердің анықталған ақаулары мен өзгерген өлшемдерінің нәтижелері бөлек тіркеледі.

Тіс өлшегіш көмегімен дөңгелек тістерінің қалыңдығы өлшенеді. Ол үшін, (2- сурет) тіс өлшегіштің биіктік сызғышы жақтаушасының тақтайшасы, тістің бас тиегінен, бастапқы шеңбердің һх хордасына дейінгі биіктікке орналасты-рылады. һх биіктігі тістің есептелген бас тиегінің һ биіктігінен біршамаға биіктеу және оның шамасы мына формуламен анықталады: һх = m Н,

мұндағы m – тістің модулі; Н - 4 - кестеден алынатын коэффициент.

2- сурет. Тіс өлшегіш көмегімен тістің бас тиегінің биіктігін анықтау .

1- қарнак; 2- жақтаушаны жылжытатын бұрама; 3- гайка;

4- қозғаушы; 5- биіктік сызғышының жақтаушасы; 6- жақтауша мен қозғаушының қысқыштары; 7- жылжымалы ернеушенің қарнағы;

8- қозғалмалы өлшеуіштің ернеушелі жақтаушасы; 9- қозғалмалы өлшеуіш ернеуше; 10- биіктік сызғыштың жақтаушасының тақтайшасы;

11- қозғалмайтын өлшегіш ернеуше

Егерде кестеде берілген Н мәні қарастырылатын тісті дөңгелек үшін жеткіліксіз болса, онда һх мәні мына формуламен анықталады:

мұндағы z - дөңгелек тістерінің саны.

Тіс өлшегіштің биіктік сызғыш жақтаушасының тақтайшасын тістің үстіне орнатқан соң, (6) қысқышпен қысып, дәлділігін межелік және қосалқы межелік (нониус) арқылы тексереді. Содан соң қозғалмалы ернеушені тісімен, дөңгелек-тің өлшенетін тісіне жанасқанша жылжытады.

4 - кесте. Тісті дөңгелектің тістерінің санына байланысты Нкоэффициентінің мәндері

z

Н

z

Н

z

Н

z

Н

10

1,0615

19

1,0324

28

1,0221

37

1,0167

11

1,0559

20

1,0308

29

1,0212

38

1,0162

12

1,0514

21

1,0293

30

1, 0 2 0 6.

39

1,0158

13

1,04474

22

1,0280

31

1,0199

40

1,0154

14

1,0440

23

1,0268

32

1,0192

41

1,0150

15

1,0410

24

1,0256

33

1,0187

42

1,0146

16

1,0385

25

1,0245

34

1,0182

43

1,0144

17

1,0362

26

1,0237

35

1,0176

44

1,0141

18

1,0342

27

1,0228

36

1,0171

45

1,0137

Сонымен қатар, тақтайшаның өлшейтін тістің үстіңде жатуын, ал тіс өлшегіні тістің тік осіне перпеңдикуляр жазықтықта болуын қадағалау қажет. Өлшеуді тісті дөңгелектің әрбір 120° шамасында орналасқан үш тіске жүргізеді. Дөңгелек тісінің ұзындығы шет жағынан есептегенде, 1/4 тең қашықтықта орналасқан екі белдеуше өлшенеді;

мұндағы σх - дөңгелек тісінің бөлгіш шеңберінің хордасы бойынша тозуы;

Sх, - жаңа тістің бөлгіш шеңберінің бойындағы хордасының қалыңдығы;

Sх - тіс өлшегіш арқылы өлшенген тістің қалыңдығы;

Sх - тің мәні тісті дөңгелектің сызбасынан алынады. Ал сызбасы болмаған жағдайда, мына формула арқылы анықтауға болады:

мұндағы m - тісті дөңгелектің модулі; z - тістер саны.

Тангенциалды тіс өлшегіш арқылы тістің қалыңдығын өлшеу үшін, оны мөлшер өлшегіш көмегімен тісті дөңгелектің ілініс бұрышы мен модуліне сәйкес реттеу қажет (3-сурет). Ол үшін тіс өлшегіштің өлшейтін аяқтарын мөлшер өлшегіштің беттеріне тиетіндей етіп, ал (индикатордың) өлшеуіштің өлшейтін сұққыышы шамамен екі аяқтардың ортасына орналасуы қажет (4-сурет). Тіс өлшегіштің осылай реттелген жағдайы бұрама және гайка көмегімен бектіліп, өлшеуіштің межелігі нөлге қойылады.

3- сурет. Тангенциалды тіс өлшегіш 1- қозғалмайтын аяқ; 2- негізгі сызғыш; 3- өлшегішті реттейтін төлке; 4- өлшегіш (индикатор); 5 пен 10- реттейтін төлкені тұрақтандыратын гайка; 6 мен 7- қозғалмалы аяқты тұрақтандыратын бұрама; 8- микрометрлік бұрама; 9- қозғалмалы аяқ

4- сурет. Тангенциалды тіс өлшегішті мөлшер өлшегіш көмегімен реттеу

Осылай реттелген тіс өлшегіш - өлшейтін тіске орнатылады. Тіс өлшегішті тістің бойымен еппен қозғалта отырып, өлшегіштің (индикатордың) ең жоғарғы көрсеткішін жазып алу керек. Өлшеуді бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан үш тіске жүргізіледі.

Аталған әдіс бойынша тістің қалыңдығы, модуль мөлшері мен тісті дөңгелектің тістерінің санына тәуелді етіп анықталады. Ал тангенциалды тіс өлшегішпен тістің қалыңдығы тұрақты хорда бойынша анықталады. Тұрақты хорда - дөңгелектің модуліне тәуелді. Тістің тозу шамасын анықтау үшін, алдымен тозбаған тістерді өлшеу арқылы өлшегішті (индикаторды) реттейді. Реттелген өлшегішті дөңгелектің тозған тістеріне қойған жағдайда, тіс өлше-гіштің аяқтары тозу шамасына, тіс тереңдігіне қарай жылжиды, ал өлшегіштің сұққышы тістің тозбаған төбесінде тірелгендіктен, оның өлшегіш жебесі алғаш-қы жағдайынан ауыткуға мәжбүр. Осы ауытқу мөлшерлеріне қарай, тістің тозуы тұрақты хорда шамасымен арқылы анықталады:

σхп = 2· δ· tg α ,

мұндағы σхп - тістің тұрақты хорда бойынша тозуы, шамасы мм;

δ - тозған тісті өлшегендегі өлшегіш жебесінің (индикатор) ауытқуы, мм;

α - ілініс бұрышы, рад.

Тістің қалыңдығын штангенциркуль көмегімен өлшеу үшін, дөңгелекті іскенжеге немесе арнайы айлабұйымға орнатқан соң, В мөлшері (5 - сурет) өлшенеді. Өлшеу үшін штангенциркуль аяқтарының арасында қанша тіс болуы керектігі 5 - кестеде көрсетілген шамаларға қарай арқылы анықталады.

5-кесте. Тістің қалыңдығын штангенциркульмен өлшегендегі қамтылатын тістер саны

Ілінісу бұрышы

Тісті дөңгелектің өлшенетін тістерінің саны

14,5

20

22,5

Штангенциркульмен қамтылатын тістер саны

12-15 26-37 38-50 51-62 63-76

12-21 22-32 33-42 43-53 54-64

12-16 17-24 25-32 33-40 41-48

2 3 4 5 6

Штангенциркульдің аяқтарымен қамтылатын тістер саны мына формуламен анықталады: n = ,

мұңдағы n - штангенциркульмен қамтылатын тістер саны;

z - тісті дөңгелектің тістерінің саны;

c - ілінісу бұрышына тәуелді алынатын мөлшерлер шамасы.

α

15,5

17

20

22,5

25

c

25,5

10,67

9

8

7,2

5- сурет. Тіс қалыңдығын штангенциркуль көмегімен өлшеу

Өлшеу барысында штангенциркульдің аяқтары тіс пішінінің 1/3 эвольвента бойындағы ұзыңдығын қамту қажет. Штангенциркуль тісті дөңгелектің шет жағыңдағы жазықтыққа параллель болуы қажет. Өлшеу тісті дөңгелектің диаметр бойындағы бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі тіс тобына жүргі-зіледі. Тісті дөңгелектің тістерінің бөлгіш шеңберінің хордасыңдағы қалың-дығы мына формуламен анықталады:

мұңдағы А - екі тісті дөңгелек орталықтарының қашықтығы, мм;

S - тістің қалындығы, мм;

α - ілінісу бұрышы;

n - штангенциркульмен қамтылған тістер саны;

z - тісті дөңгелектің тістерінің саны;

m - тісті дөңгелектің модулі, мм.

Тісті дөңгелектерді қимаүлгі (5-сурет) көмегімен өлшегенде, олардың тістерінің абсолютті мөлшері мен тозу шамасы анықтау мүмкіндігі болмағаң-дықтан, мұнда тісті дөңгелектердің әрі қарай қолдануға жарамдылығы ғана анықталады. Ол үшін дөңгелектің тістеріне сәйкес келетін қимаүлгі таңдалады (әрбір қимаүлгіде тісті дөңгелектің атауы мен нөмірі көрсетілген).

Қимаүлгінің А және В өлшемдері деңгелек тістерін жөңдеу қажеттілігін анықтайтын ең төменгі шақтамасына сәйкес таңдау қажет.. Қимаүлгіні тіске енгізген кезде, тістің төбесі мен қимаүлгінің жиегі арасыңдағы саңылаудың шамасына қарай деңгелектің жарамдылығы анықталады. Егерде саңылау болмаған жағдайда тістің шектен тыс тозғаны анықталады. Сондықтан, ондай тісті деңгелектер-калпына келтіруге жіберіледі немесе олар жарамсыз деп табылады. Біліктердің подшипник отыратын мойындарының тозу шамасын мкм өлшеу арқылы анықтайды. Өлшеу мойынының орта жәңе екі жағындағы бір-біріне перпендикуляр жазықтықта орналасқан бөліктерінде жүргізіледі. Өлшеу нәти-жесінің ең төменгі мәніне қарай шешім қабылданады.

6- сурет. Қимаүлгі арқылы тісті дөңгелек тістерінің тозуын анықтау

Өлшеу нәтижелерін өңдеу және есеп беру мазмұны:

  1. Жұмыстың атауы мен мақсаты;

  2. Қажетті жабдықтар, аспаптар, құрал-саймандар және олардың қысқаша сипаттамалары;

  3. Тозған тісті дөңгелектерді қалпына келтіру жайыңда жалпы мағлұмат. Қолданылатын айлабұйымдар мен құрылғылардың нобайы;

  4. Жүргізілген жұмыстың қысқаша сипаты;

  5. Жұмыс нәтижесі, тәжірибелік тәуелділік, тәжірибе және есептеу нәтиже-лерін салыстыру және талқылау.

6 - кесте. А - редуктордың тісті дөңгелектерінің және біліктерінің сипаттамалары

Бөлшектің атауы мен редуктордың маркасы

Бөлшектің материалы

Термиялық өңдеуі

Қаттылығы

Тісті дөңгелектің:

тіс саны z , модулі m = мм;

үлкен тісті дөңгелектің:

тіс саны z .., модулі m = мм;

ілінісу бүрышы α ..

Бастапқы шеңбердің хордасына дейінгі тістің бастиегінің биіктігі һх мм; тістің ұзындығы......мм; бастапқы шеңбердің хордасы бойынша өлшенген тістің қалыңдығы S..... мм; бастапқы щеңбердің диаметрі .... мм.

Біліктің негізгі өлшемдері

Жетекші біліктің мойнының диаметрі d1 ..........., d2 ..........., d 3 ........................ мм

Жетек біліктің мойнының диаметрі d1 ..........., d2 ..........., d 3 ........................ мм

Ә. Тісті дөңгелекті, үлкен тісті дөңгелекті, білікті зерттеу арқылы анықтал-ған ақаулары.

Б. Үлкен тісті дөңгелек пен тісті дөңгелектің өлшенген және есептелген өлшемдері.

7- кесте. Тісті дөңгелектің берілгендері

Өлшенген және есептелген

өлшемдер

1 тісті дөңгелек

2 тісті дөңгелек

1 үлкен тісті дөңгелек

2 үлкен тісті дөңгелек

Тіс нөмірі

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

А. Тіс өлшегішпен өлшенгендегі анықталған өлшемдер

1

Бастапқы шеңбердің хордасымен өлшенген тістің қалыңдығы, S x, мм

2

Тістің қалыңдығының тозу шамасы

δ x, мм

Ә. Индикаторлы тіс өлшегішпен анықтал-ған өлшемдер

3

Тістің қалыңдығының тозуы, δ x, мм

Б. Штангенциркульмен өлшенгендегі анықталған өлшемдер

4

Штангенциркульдің өлшеу аяқтарымен қамтылған n тістер саны

5

Өлшеу жазықтықтарының арасындағы қашықтық А, мм

6

Бастапқы шеңбердің доғасымен өлшенген тістің қалыңдығы, мм

Тістің қалыңдығының тозу шамасы

δ x, мм

Бастапқы шеңбердің хордасы бойынша өлшенген тісінің ең төменгі қалыңцығы, мм ...... тістің ұзындығы, мм ...................

Тістің қалыңдығының ең жоғарғы тозу шамасы, мм ...................

В. Редуктордың тісті дөңгелектері мен біліктердің тозу шамасына қарай студенттің жасаған қорытындылары:

  • сыртқы қарау нәтижесі бойынша

  • өлшеу нәтижелері бойынша ...........

6. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары

  1. Штангенциркуль, тіс өлшегіш және индикаторлы тіс өлшегіштермен өлшенген тістің қалындығы неге әртүрлі нәтиже береді ?

  2. Неге индикаторлы тіс өлшегіштің оң көрсеткіші тістің қалыңдығының төмендегенін көрсетеді?

  3. Тістің биіктігі мен ұзындығы бойындағы сатылап тозуы неге байланысты ?