- •Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану
- •5В070900 - «Металлургия» мамандығы студенттеріне арналған
- •Алматы 2013
- •1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
- •1.2 Жұмысты орындау реті мен әдісі
- •2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау
- •2.1 Жұмыстың орындалу реті
- •3 Шарикті подшипниктердің ақауын анықтау
- •3.1 Жұмыстың орыңдалу реті
- •4 Біліктердің, подшипниктердің және тісті дөңгелектердің жұмысқа
- •4.1 Жұмыстың орындалу реті
- •Айналатын бөлшектерді теңгеру әдістері
- •5.1 Теңгерудің теориялық негіздері
- •5.2 Статикалық теңгеру
- •5.3 Жұмыстың орындалу реті
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Лабораториялық жұмыс
- •5В070900 - «Металлургия»
- •Алматы 20.....
- •Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына оқитын студенттердің
1.2 Жұмысты орындау реті мен әдісі
Лабораториялық жұмысты орындау үшін кенді ұсақтау бөлімшесіндегі шихта материалдарын тасымалдауға арналған таспалы конвейер жетегі қолда-нылады. Конвейердің жетегі қуаты 14кВт АОС типтес ассинхронды электр-қозғалтқыштан, екі сатылы редуктордан және екі тежегіштен тұрады.
Электрқозғалтқыш, редуктормен жалғастырғыш аркылы жалғанған.
Редуктор элементтері оның майлық қалтаға құйылған майымен майланады. Жетек таспалы конвейердің металл конструкцияларына анкер бұрандамалары-мен бекітіледі.
Жалпы машиналарды жинау процесі технологиялық сұлба түрінде көрсе-тіледі. Технологиялық сұлбалар, бұйымдар мен оларды құрайтын бөліктерді жинау құрылымы мен ретін анықтайды.
Мысал ретінде, 1-суретте машина (а) мен оның жеке торабына (ә) жинаудың технологиялық сұлбалары көрсетілген.
Технологиялық
сұлбаларда машинаның элементтері үш
бөлікке тік төрт-бұрыш түрінде белгіленген.
Тік төртбұрыштың жоғарғы бөлігіне
элемент аты, астыңғы сол жағына сандық
көрсеткіші (индексі), ал оң жағына
элементтің құрылымдағы саны жазылады.
1 - сурет. Жинаудың технологиялық сұлбасы
Элементтердің сандық көрсеткіштері (индекстері) құрастыру сызбасы мен сипат тізімдегі нөмірлерге сәйкес болуы қажет.
Жинау - орнықты элементтен басталады. Сұлбада жалпы жинау процесі көлденең сызықпен көрсетілген. Көлденең сызық - бұйымның орнықты элементінен басталып, толық жиналған бұйымға қарай бағытталады.
Көлденең сызықтың үстіңгі жағына жиналу ретіне қарай, бұйым құрамына енген барлық бөлшектер, ал астыңғы жағына - оның барлық құрама бөліктері орналастырылады. Торапты жинаудың технологиялық сұлбасына, оның құрамындағы бірнеше кіші тораптар сызықтың астына, ал бөлшектер үстіңгі жағына орналастырылды. Кейбір жағдайда, торап тек жеке бөлшектерден ғана тұруы мүмкін. Технологиялық сұлбаларда жинау кезінде атқарылатын жұмыс- тарды түсіндіретін сөздер (баспалау, дәнекерлеу, тойтару, дұрыстау, реттеу, саңылауды тексеру, т.б.) жазылуы мүмкін. Құрылған технологиялық сұлба машинаны талдау кезіндё тексеріледі. Егерде талдау кезінде ескерілмей қалған жұмыстар анықталған жағдайда, олар сұлбаға қосымша енгізіледі.
1- кесте. Талдаудың технологиялық суреттемесі
Нөмірі |
Операция атауы
|
Қолданылған жабдықтар, аспаптар мен айлабұйымдар |
Талдаудың техникалық нұсқауы |
Талдаушының разряды мен талдауға белгіленген уақыт |
Ескертулер |
Технологиялық суреттеме (1- кесте) жеке тораптар үшін жасалады.
Суреттемеде талдау операциясының орындалу реті мен қолданылатын айлабұйымдар, құрал-саймандар және олардың түрлері келтіріледі. Сонымен қатар, кестеде талдаудың техникалық шарты, тораптың нобайы мен талдау операциясын орындауға керекті еңбек сыйымдылығы анықталады.
Талданған жабдық бөлшектерінің беттеріне сызық іздер немесе бояу жағу арқылы қайта жинау реті анықталады. Толық талданған машинаның барлық белшектері, арнайы қораптарда жуылып тазартылады. Бекіту бөлшектері, яғни гайка мен тығырыққа енгізілетін бұраңдамалар негізгі бөлшектерден басқа, қораптарда тазартылады. Тазаланған бөлшектер бақылау мен сұрыптаудан өтеді. Онда бөлшектердің сапасы, күйі, жөңдеу қажеттілігі мен жарамсыздары анықталады. Оның басты мақсаты - бөлшектің ауыстыру коэффициентін анықтау үшін қажет. Анықталған көрсеткіштерге сай ақау тізімі мен жөндеудің техникалық талаптары құрылады (2- кесте).
2- кесте. Ақау тізімі мен жөндеудің техникалық талаптары
(МЕСТ талаптарына сай құрылады)
Бөлшектің нобайы
|
Бөлшектер немесе құрама бірліктердің атаулары |
Олардың белгілеңуі |
||||||
|
|
|||||||
Олардың материалы мен қаттылығы |
Бір бұйымдағы саны |
|||||||
|
|
|||||||
Нобайдағы орны
|
Мүмкіндік ақауы
|
Ақауды анықтау әдісі мен қолда- нылған бақылау аспабы
|
Өлшемдері |
Жанасқан бөлшектер арасындағы ең шеткі мүмкіндік саңылау |
Жанасқан бөлшектердің белгіленуі
|
Қалпына келтіру әдісі
|
Жөндеу өлшемі
|
|
Нақтылы |
Мүмкіндік |
|||||||
Ақау тізімін құру үлгісі 3- кестеде көрсетілген. Ақау тізіміне бөлшектерді сұрыптау нәтижесінде анықталған, яғни Пг жөндеусіз қолданылатын бөлшек-тер: Пр жөңдеуді қажет ететін бөлшектер мен Пс жарамсыз бөлшектер еңгізіледі. Ақау тізімдерінің нәтижесі бойынша Кг жарамды, Кр жөндеу мен Кс ауыстыру қажеттілігінің коэффициенттері анықталады.
мұңдағы ΣПГ; ΣПр; ΣПс - бір аттас жарамды, жөңдеу мен ауыстыруды қажет ететін бөлшектер қосындылары;
ΣП - бір аттас бөлшектердің жалпы саны.
3 - кесте Ақау тізімі
Бөлшектер мен тораптардың атаулары |
Жалпы саны |
Бақылау әдісі мен аспаптары |
Жөндеу әдісі әдісі |
Ескертулер |
|
Бақылау сұрақтары.
1. Жабдықтарды талдау реті немен анықталады?
2. Жабдықтарды талдау сұлбасын құру принципі?
З. Талдаудың технологиялық суреттемесін құру реті?
4. Бөлшектердің жарамды, жөндеу, ауыстыру коэффициенттері қалай анықта-лады?
