- •Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану
- •5В070900 - «Металлургия» мамандығы студенттеріне арналған
- •Алматы 2013
- •1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
- •1.2 Жұмысты орындау реті мен әдісі
- •2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау
- •2.1 Жұмыстың орындалу реті
- •3 Шарикті подшипниктердің ақауын анықтау
- •3.1 Жұмыстың орыңдалу реті
- •4 Біліктердің, подшипниктердің және тісті дөңгелектердің жұмысқа
- •4.1 Жұмыстың орындалу реті
- •Айналатын бөлшектерді теңгеру әдістері
- •5.1 Теңгерудің теориялық негіздері
- •5.2 Статикалық теңгеру
- •5.3 Жұмыстың орындалу реті
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Лабораториялық жұмыс
- •5В070900 - «Металлургия»
- •Алматы 20.....
- •Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына оқитын студенттердің
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Cәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
Тау-кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы
М.Б.Құрманалиев, Б.С.Бейсенов
Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану
Лабораториялық практикум
5В070900 - «Металлургия» мамандығы студенттеріне арналған
әдістемелік нұсқау
Алматы 2013
ЖОК 621.7
Құрастырушылар: М.Б.Құрманалиев, Б.С.Бейсенов «Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану» 5В070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша оқитын студенттердің лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: ҚазҰТУ, 2013, 25 б.
Әдістемелік нұсқау маманның біліктілік мінездемесі міндетіне, 5В070900-«Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану» мамандығының мемлекеттік стандарты мен лабораториялық практикумды ұйымдастыру және жүргізу негіздерінің талаптарына сай қарасты-рылды.
Әдістемелік нұсқау 5В070900 - «Металлургия» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Әдістемелік нұсқауда лабораториялық практикумды орындау реті, есептеуге керекті формулалар, СТП 164-08-98 талаптарына сай есеп беруді кұрастыру жолдары көрсетілген.
Сурет - 10. Кесте - 8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 15 атау.
Пікір жазған: М.Р. Шаутенов, техн. ғыл. канд., доцент, ҚазҰТУ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011ж жоспарына сай басылды.
© ҚазҰТУ, 2013
КІРІСПЕ
В ГОСО специальности 5В070900 – Металлургия, курс «Эксплуатация и ремонт металлургических машин» относится к категории альтернативных дисциплин расширяющих кругозор обучающихся по этой специальности. Содержание курса определяет практическую деятельность бакалавра по металлургии на стадии ремонта и эксплуатации металлургических машин. Овладев современными знаниями по ремонту и восстановлению, эксплуатации и техническому обслуживанию оборудования и получив определенные навыки, молодой специалист может быстро включиться в производственную деятельность и руководить производством.
В результате выполнения лабораторных работ студенты должны усвоить правила техники безопасности, методы и формы организации рабочих мест, технологию разборки, дефектовки, регулировки стандартизованных узлов, обкатке и испытание агрегатов.
В лабораторном практикуме приведены методика проведения работ, расчетные формулы, таблицы. Структура лабораторных работ - едина. Описание лабораторных работ содержит сведения о наличии оснастки и приборов, применяемых в данной работе, цель и назначение, порядок выполнения. Лабораторная работа завершается составлением отчета по указанной форме. Наряду с выполнением лабораторных работ студент должен быть готов к ответу на контрольные вопросы, приводимые в конце работы. Этим достигается активизация работы студентов в процессе обучения.
1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
(1 - Лабораториялық жұмыс)
Жұмыстың орындалу ұзақтығы - 3 сағат.
Жұмыстың мақсаты: Таспалы конвейер жетегі негізінде, жабдықтарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесін меңгеру, ақау тізімін құру, талдау процесінің реті мен сұлбасын құрау, жабдықтарды талдауды практика жүзінде іске асыру мен технологиялық карталар құруға дағдыландыру.
Лабораториялық жұмыстың бағдарламасы:
жетектің құрылымымен танысу;
жетектің жеке тораптары мен бөлшектерінің атқаратын міндеті мен өзара байланысын анықтау;
жетектің редукторын талдау ретін анықтау;
машинаны талдаудың технологиялық процесінің іріленген және торап-тарды талдаудың кеңейтілген сұлбаларын құру;
талдаудың технологиялық суреттемесін құру.
Лабораториялық жұмысты орындауға керекті уақыт - 2 сағат.
Лабораториялық жұмысты орындауға керекті жабдықтар мен аспаптар:
таспалы конвейердің жетек станциясы;
гайкаларды бұрауға арналған әртүрлі өлшемді кілттер;
балға мен қашау;
бірнеше әсерлі ажыратқыш;
шомылдық, керосин, сүртуге қажет материалдар.
