Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК ММ ЖНДЕУ ж ПАЙД. 709 3 курс. doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

3 Шарикті подшипниктердің ақауын анықтау

(3 - Лабораториялық жұмыс)

Жұмысты орындау ұзақтығы - 2 сағат.

Жұмыстың мақсаты: шарикті подшипниктердің ақауын анықтау әдістерін үйренуге бағытталған.

Керекті жабдыктар (құрал-саймандар, материалдар):

- өлшеу шегі 25-50 және 50-75 дейінгі МК микрометрлері (МЕСТ 166-89);

- өлшеу шегі 18-50 мм дейінгі индикаторлы тіс өлшегіш (МЕСТ 868-88);

- ұлғайтқыш;

- эталон ретінде қодданылатын шарикті подшипник;

- ақауы анықталған подшипниктер;

- шарикті подшипниктердің саңылауын бақылауға арналған айлабұйым;

- ақау суреттемесі.

Жұмыстың орындау реті:

  1. Оқытушының нұсқауы бойынша шарикті подшипникті алыңыз және оны қарап шығыңыз.

  2. Подшинктің шуылын және жеңіл айналуын тексеріңіз.

  3. Микроөлшегішпен сыртқы және ішкі диаметрін индикаторлы ішкі өлшегішпен өлшеңіз.

  4. Ұсынылған айлабұйымдарда подшипниктердің тозуын анықтаңыздар.

Есеп берудің мазмұны:

1. Жұмыстың мақсаты және атауы.

  1. Керекті жабдықтардың, құрал-саймандар мен материалдар тізімі.

  2. Жүргізілген жұмыстың қысқаша мазмұны мен қолданылған айлабұйым-дардың нобайлары.

  3. Қарастырылған шарикті подшипниктердің сипаттамалары.

Әдебиеттер: 2 нег. [181-184]

Бақылау сұрақтары

  1. Подшипниктің радиалды және ось бойындағы саңылаулары қалай анық-талады?

  2. Подшипниктің саңылаулары неге бірнеше нүктелерін өлшеу арқылы анықталады?

  3. Құбылма түске өзгерген подшипниктерді қолдануға бола ма?

4. Подшипниктердің жарамсыздығын анықтайтын ақаулардың негізгі түр-лері?

4 Біліктердің, подшипниктердің және тісті дөңгелектердің жұмысқа

жарамдылығын анықтау

(4 - Лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты: біліктердегі, подшипниктер мен тісті дөңгелектер-дегі пайда болған ақауларды анықтау әдістерімен танысу.

Жұмыстың орындалу ұзақтығы -2 сағат. Керекті жабдықтар, құрал-саймандар мен материалдар:

- бұрама ажыратқыш;

  • өлшеу аралығы 0-25 мм дейінгі мкм;

  • штангенциркуль;

  • тіс өлшегіш;

  • ашалы кілттер жинағы;

  • қорғасын тіліктер (4 дана);

  • N3 сүңгіш (щупь);

  • сүртуге қажет маталар.

Жұмыстың орындау реті:

  1. Бірінші және екінші білігінде орналасқан тісті дөңгелектер мен подшипниктердің күйін анықтап, оларды ақау тізіміне енгізіп қорытынды жасалады.

  2. Әмбебап ажыратқыш көмегімен екінші біліктің подшипниктері мен тісті дөңгелектері шығарылады;

  3. Біліктің тісті дөңгелек орналасқан жерлеріндегі кілтектер мен кілтек ойықтардың жағдайы анықталады. Кілтектер мен кілтек ойықтардың жүмыс беттерінің бір-біріне жанасуы сүңгіш арқылы тексерілген соң, олардың жарам-дығы анықталады;

  4. Жарамды білікке тісті дөңгелектерді баспалау арқылы орнатады. Осылай орнатылған тісті дөңгелектің күпшегіндегі кілтек ойықтың түбі мен біліктегі кілтектің жоғарғы беті арасындағы саңылау сүңгіш арқылы тексеріледі. Содан кейін, подшипниктердің сақиналарын баспалау арқылы орнатады;

  5. Тіс өлшегіш көмегімен әрбір тісті дөңгелек тістерінін қалыңдығы өлшеніп, арнайы кестеге түсіріледі;

  6. Жиналған біліктер редуктордың орнықты бөлігіне орналастырылған соң, қакпағы жабылып, бұрандамалармен тартылып бекітіледі;

  7. Редуктордың қақпағын жабар алдында, екі іліністегі айналып тұрған тісті дөңгелектердің арасынан өлшемі 1,5x3x50 мм қорғасын тақтайша өткізі-леді. Осы тақтайшаны мкм өлшеу аркылы радиалды және олардың бүйірінің жалпы саңылауы-анықталады.

8. Өлшеу жұмыстары дөңгелек шеңберінің әрбір 90° қашықтығыңдағы төрт жағдайы үшін жүргізіледі, ал кестеге олардың орта арифметикалық мәні жазылады;

9. Осьаралық қашықтықтың дұрыстығы таңбадаққа түскен радиалды саңылаудың өлшеміңе қарай анықталады. Таңбадақтың өлшемі 0,25 модульдің шегіне сай болуы қажет.

Есеп берудің мазмұны:

1. Жұмыстың мақсаты және атауы.

2. Керекті жабдықтардың, құрал-саймандар мен материалдар тізімі.

3. Жүргізілген жұмыстың қысқаша мазмұны мен қолданылған айлабұйым-дардың нобайлары.

4. Жұмыстың нәтижелерi, есеп мәліметтерді салыстыру және талқылау.

Әдебиеттер: 1 қос. [17-24, 80-109]

Бақылау сұрақтары

  1. Подшипниктердің теңгеруде радиалды және ось саңылаулары қалай анықта-лады?

  1. Подшипниктің саңылауларын неге бірнеше нүктелерде арқылы анықта-лады?

  2. Құбылмалы түстер бар болатын подшипниктерді, неге келесі жұмыстар-ға жіберілмейді?

4. Подшипниктерді теңгеру кезінде негізгі ақауларын атап шығыңыз.