- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына арналған
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар тұралы мәліметтер
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны.
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
- •2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары
- •1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
- •2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау
- •3 Шарикті подшипниктердің ақауын анықтау
- •4 Біліктердің, подшипниктердің және тісті дөңгелектердің жұмысқа
- •Айналатын бөлшектерді теңгеру әдістері
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік
- •2.7 Өзiндік бақылау тест тапсырмалары
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •«Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану»
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына арналған
2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары
1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
(1 - Лабораториялық жұмыс)
Жұмыстың орындалу ұзақтығы - 2 сағат.
Жұмыстың мақсаты: таспалы конвейер жетегі негізінде, жабдықтарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесін меңгеру, ақау тізімін құру, талдау процесінің реті мен сұлбасын құрау, жабдықтарды талдауды практика жүзінде іске асыру мен технологиялық карталар құруға дағдыландыру.
Лабораториялық жұмыстың бағдарламасы:
жетектің құрылымымен танысу;
жетектің жеке тораптары мен бөлшектерінің атқаратын міндеті мен өзара байланысын анықтау;
жетектің редукторын талдау ретін анықтау;
машинаны талдаудың технологиялық процесінің іріленген және торап-тарды талдаудың кеңейтілген сұлбаларын құру;
талдаудың технологиялық суреттемесін құру.
Лабораториялық жұмысты орындауға керекті уақыт -2 сағат.
Лабораториялық жұмысты орындауға керекті жабдықтар мен аспаптар:
таспалы конвейердің жетек станциясы;
гайкаларды бұрауға арналған әртүрлі өлшемді кілттер;
балға мен қашау;
бірнеше әсерлі ажыратқыш;
шомылдық, керосин, сүртуге қажет материалдар.
Жұмыстың орындау реті:
1.Жетекті станцияның құрылымын зерттеу.
2. Жеке түйіндердің және бөлшектердің өзара іс-әрекеті және тағайын-далуы.
3. Машинаның бөлшектеуін тізбекпен анықтаңыздар.
4. Технологиялы сұлбасымен сәйкес машинаны бұзып және жасалынған сұлбаны дұрыстықтығын анықтап алыңыз.
5. Бөлшектеу технологиялық сүреттеменi жасаңыз.
6. Жұмыстың нәтижелерiн өңдеңiз және есептi жасаңыз.
Есеп берудің мазмұны:
1. Жұмыстың атауы және мақсаты.
2. Жабдықтар, аспаптар, құралдар және олардың қысқаша сипаттамалары.
3. Зерттелетін бөлім бойынша жалпы мәліметтер. Айлабұйымдардың нобайлары және қондырғылар.
4. Жүргізілген жұмыстың қысқаша сипаттамасы.
5. Жұмыстың нәтижелері, есеп мәліметтерін салыстыру және талдау.
Әдебиеттер: 1 нег. [177-178]
Бақылау сұрақтары.
1. Жабдықтарды талдау реті немен анықталады?
2. Жабдықтарды талдау сұлбасын құру принципі.
3. Талдаудың технологиялық сүреттемесін құру реті.
4. Бөлшектердiң жарамды, ауыстыру және жөндеу коэффициенттері қалай анықталады?
2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау
(2 - Лабораториялық жұмыс)
Жұмыстың мақсаты: редуктордың тісті берілістерінің ақауын анықгау әдістерімен танысу.
Лабораториялық жұмысты орындауға керекті уақыт - 2 сағат.
Керекті жабдықтар (аспаптар, материалдар):
өлшеу шегі 0-160 мм, өлшеу дәлділігі 0,02 мм (МЕСТ 166-89) ШЦ-11 штангенциркулі;
өлшеу дәлділігі 0,02 мм тіс өлшегіш;
тангенциалды тіс өлшегіш;
тісті дөңгелектердің тістерін бақылауға арналған қима үлгі;
өлшеу шегі 25-50 жөне 50-75 мм дейінгі МК микрометрі;
ИЧ өлшегіші (индикатор) (МЕСТ 557-80));
слесарьлық іскенже;
- ақауларын анықтауға арналған тісті дөңгелектер мен редуктордың I және II сатысындағы біліктер;
- ақау суреттемесі, өлшейтін бөлшектердің сызбалары.
Жұмыстың орындау реті:
Редуктордың жетек және жетекші біліктеріндегі тісті дөңгелектердің ақау шамасын анықтандар. Осмотром зубчатого колеса ведомого вала и шестерен ведущего вала редуктора определите наличие дефектов. Белгілі ақауларын ақау ведомостіне жазыңдар.
Тіс өлшегішпен тістердің қалыңдығын өлшеңіз.
Тангенциалды тіс өлшегішпен тістердің қалыңдығын өлшеңіз.
Штангенциркульмен тістің қалыңдығын өлшеңіз.
Шаблонмен (қалыппен яғни үлгімен) тісті дөңгелектің тістегеріш тістерін тексеріңіз.
Микроөлшегішпен білік мойынының диаметрлерін өлшеңіз.
Алынған аса кіші көрсеткіш өлшемдерін есептемеге жазыңыз.
Есеп берудің мазмұны:
1. Жұмыстың атауы және мақсаты.
2. Жабдықтар, аспаптар, құралдар және олардың қысқаша сипаттамалары.
3. Зерттелетiн бөлiм бойынша жалпы мәліметтер. Айлабұйымдардың нобайлары, қондырғылар.
4. Жүргізілген жұмыстың қысқаша сипаттамсы.
5. Жұмыстың нәтижелерi, есеп мәліметтерді салыстыру және талқылау.
Әдебиеттер: 2 нег.[176-184]
Бақылау сұрақтары.
1.Штангенциркуль, тiс өлшегiш және индикаторлы тіс өлшегіштермен өлшенген тістің қалыңдығы неге әртүрлі нәтиже береді?
2.Неге индикаторлы тіс өлшегіштің оң көрсеткіші тiстiң қалыңдығының төмендегенін көрсетеді?
3.Тістің биіктігі мен ұзындығы бойындағы тiстiң сатылап тозуы неге байланысты болуы мүмкін ?
