- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына арналған
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар тұралы мәліметтер
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны.
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
- •2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары
- •1 Машиналарды жеке бөліктерге талдаудың технологиялық процесі
- •2 Тісті дөңгелектер мен редуктор бірліктерінің ақауын анықтау
- •3 Шарикті подшипниктердің ақауын анықтау
- •4 Біліктердің, подшипниктердің және тісті дөңгелектердің жұмысқа
- •Айналатын бөлшектерді теңгеру әдістері
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік
- •2.7 Өзiндік бақылау тест тапсырмалары
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •«Металлургиялық машиналарды жөндеу және пайдалану»
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығына арналған
2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
1- Дәріс. Жабдықтардың жұмыс істеу жағдайы, тозу және онымен күресу шаралары. Машиналардағы үйкеліс түрлері
Металлургия саласындағы жабдықтар үнемі әсер ететін, бүлдіретін технологиялық факторлар жағдайында жұмыс атқарады. Оларға жататындар: өте жоғарғы жылулық; дымқылдық үлкен күш әсері; шаңдалған және агрессивті орта нәтижесіндегі физикалық, химиялық және механикалық әсерлер. Бұл жағдайлар әсіресе сұйық металл және шлакпен жанасатын жабдықтарда айқын байқалады. Ондай жабдықтардың ішкі жағындағы қорғау қабатында жылулықтың өзгеруіне байланысты терең жарықшақтар пайда болып, қабырғаларының жонуынан тесіктер пайда болады.
Жабдықтардың көптеген бөлшектері мен тораптары бір мезгілде белгіленген циклмен әсер ететін механикалық күш пен жоғарғы жылулық әсерінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар бөлшектерде механикалық және термиялық болдырулардан немесе микрожарықшақтардың пайда болуынан жануға немесе балқуға әкеліп соғуы мүмкін. Бір мезгілде әсер ететін үлкен механикалық күштің әсерінен кейбір бөлшектер тез істен шығып, агрегаттардың бұзылып тоқтауына әкеліп соғады; ал жоғарғы жылулық, дымқылдық, шаңдалған және агрессивті орта бөлшектердің қажалып, тотығып одан коррозиялық тозуларын туғызады.
Тозған бөлшектерді ауыстыру үшін жабдықтарды тоқтатып, көптеген қосалқы бөлшектерді дайындауды немесе ауыстыратын жабдықтарды жасауды және үлкен көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Технологиялық процестердің қарқындауына байланысты, жабдықтардың өнімділігі мен өлшемдерінің өсуі олардың қолдану жағдайын төмендетеді. Ал ол жабдықтарға көрсетілетін техникалық жұмыс пен жөндеуге кететін шығын жөндеушілер санын арттыруға әкеліп соғады.
Сондықтан, қосалқы бөлшектерге және жөндеуге кететін шығын шамасын қысқартумен, жабдықтардың сенімділігін арттырудағы маңыздысы олардың құрылысын дұрыс таңдау, жасау технологиясын жақсарту, материал мен бөлшектерді қалпына келтіру әдістерін дұрыс таңдау. Сондықтан, жабдық-тардың жұмыс бөлшектеріне әсер ететін үйкеліс пен тозудың пайда болу жағдайларын талдай отырып, олардың әсерін бәсеңдету әдістерін қарасстыру қажет.
Машиналар мен механизмдердің бөлшектерінің салыстырмалы қозғалы-сындағы кинематикалық белгісіне қарай үйкелістің екі түрі байқалады, олар сырғанамалы және тербелмелі үйкелістер. Түр өзгертетін денелердің салыстыр-малы қозғалысы, олардың жанасу алаңшалары арқылы жүреді. Сондықган, жанасу алаңшаларында әртүрлі физикалық және механикалық құбылыстар болады. Олар, дене бөліктерінде серіппелі және иілімді түр өзгерту, молекулалық жабысу, газдың жіңішке қабатқа адсорбциясы, коллоидты бөлшектердің дисперсиясы т.б.
Жанасу беттеріндегі құбылыстардың сандық және сапалық күйі, олардың арасындағы сұйық немесе газ қабатының, яғни майлайтын заттың болуына байланысты. Майлайтын заттың болуына немесе болмауына қарай және үйкеліс беттерінің сипатына қарай, үйкелістің мынандай түрлері бар:
а) екі жанасу беттерінің арасында сұйық немесе газ түріндегі қоспалардың болмаған жағдайындағы құрғақ үйкеліс;
ә) екі үйкелетін беттердің қалындығы 0,1 мкм шамасындағы май қабатымен бөлінген жағдайьшдағы шектес үйкеліс;
б) екі үйкеліс беттерін бір бірімен жанастырмайтын қалың май қабатымен бөлінген жағдайдағы сұйық үйкеліс;
в) май қабаты үйкелетін беттердің кедір бұдырын толық жаппаған, яғни жанасу екі беттің кедір бұдырлары арқылы болған жағдайдағы жартылай құрғақ үйкеліс;
г) күштің көп бөлігі екі бет арасындағы май қабатында, ал қалғаны үйкеліс беттерінің кедір бұдыры арқылы жанасатын жағдайдағы жартылай сұйық үйкеліс.
Екі жанасу беттерінің сенімділігін арттыру үшін, жоғарыда аталған үйкелістің ең қолайлы жағдайын қамтамасыз ету қажет.
Бүліну мен тозудың түрлері
Металлургия жабдықтарында кездесетін бүліну мен тозулар табиғи және аппатты болып бөлінеді.
Табиғи тозу – техникалық қолдану ережесі бұзылмай, күнделікті механикалық күштің, үйкелістің, жоғары жылулықтың ұзақ мерзім әсерінің салдарынан туады. Мұндай бүліну мен тозулар өте баяу және біртіндеп дамиды. Бөлшектердің өлшемдерінің өзгеруі белгілі бір шекке дейін, машина жұмысындағы сапалық өзгерістерді байқалтпайды, ал олардың тоқтауы біртіндеп болады.
Апатты бүліну мен тозу – машинаның аз қолдану уақытында, жоғарғы жылдамдықта және сынған бөлшектің өлшемдері айтарлықтай өзгермейтіндігімен сипатталады. Апатты бүліну техникалық қолдану кезінде, жобалаудың, жасаудың және техникалық қызмет атқару мен жөндеудің сапасының төмен болуының салдарынан туады. Жұмыс барысында екі кедір-бұдырлы беттер бір-біріне қысылған кезінде дөңестер алғашында серіппелі деформацияға ұшырайды.
Бөлшектердің тозуы мен бүлінуінің мынандай түрлері болады: сынықтар мен деформация, коррозия және коррозиялы-механикалық бүліну, механикалық тозу .
Динамикалық сынық күштің аяқ-асты әсері нәтижесінде шамадан артық ықпалы мен ұру кезінде болатын құбылыс.
Динамикалық сынықтар омырылғыш және беттері ірі дәнді, мүлдем деформация болмайтын, жылжуы ең жоғарғы жанама кернеу бағытында өтетін және едәуір иілімді деформациямен байланысты материалдарда болады.
Коррозиялық бүліну бөлшектердің қоршаған ортамен физика-химиялық әрекеттестік нәтижесінде пайда болады. Коррозияның химиялық және электрохимиялық түрлері болады.
Химиялық коррозия, электр бейтарап ортада, бөлшектің материалының химиялық белсенді элементтерінің (оттегі, күкірт, қышқыл газы, қышқылдардың буларымен) реакцияға түсу нәтижесінде болады. Осы әрекеттестік нәтижесінде материалдың бет жағында пайда болған тұрақсыз оксидті қабыршық бөлшектің бүлінуіне әкеліп соғады және оның геометриялық өлшемдерін өзгертеді.
Механикалық тозу деп бөлшектің басқа бөлшектермен немесе материалдармен әрекеттестігіне байланысты, үйкелетін беттерден материалдың бөлініп шығуы нәтижесінде өлшемдері мен пішінінің өзгеру процесін айтады. Механикалық тозудың бірнеше түрлері бар. Оның ішінде ең көп тараған тозудың түрлері: ұстасудың I түріндегі тозу; тотығу тозуы; ұстасудың II түріндегі немесе ыстық тозу; қажалып тозу; оспа тәріздес тозу.
Тотығу тозуы дегеніміз бөлшектердің үйкеліс беттерінің қоршаған ортадағы оттегімен әрекеттесуі нәтижесінде біртіндеп бүліну процесі.
Қажалып тозу сырғанамалы үйкеліс кезінде , екі жанасу беттерінің арасында қажаушы қатты заттардың (окалина, шаң, және т.б.) болғандығынан, үйкелетін бөлшектедің беткі жағында иілімді деформация микрокесулер арқылы пайда болады. Бұл тозу түрі, металлургия жабдықтарының бөлшектерінің жұмысында кең тараған және олардың жұмыс істеу ұзақтығы н анықтайтын тозудың бірі болып есептеледі. Мұндай тозу экскаватордың шөмішінің тістерінде, шанақтарды қорғайтын тақтайшаларда, сусымалы материал тасымалдайтын науаларда, домна пешішінің шихта салу құрылғыларында т.б. соған ұқсаған құрылғыларда болады.
Қажалып тозудың бір түрі абразивті эрозия. Бұл тозу, бөлшек беттеріне газ немесе сұйық құрамындағы абразивті заттардың ағынмен бірге қозғалғандағы әсерінен болады. Абразивті эрозияға домна пешінің шихта салу құрылғысы, шаңдалған газ тасымалдайтын құбырлар, насостардың жұмыс роторлары т.б. жабдықтар жиі шалдығады.
Бөлшектердің беттерінің тозуы, құрамында абразивті түйіршіктері болмайтын газ немесе сұйық ағындарында да болады. Тозудың бұл түрі кавитациялық және газ эрозиясы деп аталады.
Кавитациялық эрозия металл бетімен аққан сұйық ағындағы кавитациялық көпіршіктердің (бу мен газ) құрылуы нәтижесінде болады. Кавитацияның біткен кезінде (көпіршіктердің бір бірімен қосылған кезінде) металл беті жергілікті гидравликалық ұруларға шалдығады. Ұру деформациясының бірнеше рет қайталанған әсері нәтижесінде бөлшек бетінде тойтарылу және материалдың болдыруы пайда болғандықтан, оның бет жағында морт сынғыш бүлінуі пайда болады. Кавитациялық эрозия негізінен гидравликалық жабдықтардың бөлшектерінде кездеседі.
Оспа тәріздес тозу тербелмелі үйкеліс пен аралас үйкеліс кезінде ауыспалы және белгісі ауысатын күш, шыдамдылық шегіне жететін жоғарғы меншікті қысым әсерінен пайда болады. Тотығу тозуының өтуін бәсеңдету үшін, әртүрлі мықтылау әдістерін, бөлшектердің құрылысын жақсарту мен майлайтын май түрлерін дұрыс таңдау арқылы жүргізуге болады.
Әдебиеттер: 4 нег. [6-13]
Бақылау сұрақтары
1. Үйкеліс беттерінің сипатына қарай, үйкелістің түрлері қандай ?
2. Металлургия жабдықтарында кездесетін бүліну мен тозудың түрлері.
3. Тозған бөлшектерді ауыстыру үшін жабдықтарды не істеу керек ?
4. Машиналар мен механизмдердің бөлшектерінің салыстырмалы қозғалы-сындағы кинематикалық белгісіне қарай үйкелістің қалай байқалады ?
5. Жанасу беттеріндегі құбылыстардың сандық және сапалық күйі неге байланысты ?
2 - Дәріс. Тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиясы. Машина торап-тарын бөлшектеу және жуу
Машиналарды тораптарға бөлшектеу алдында, оларды міндетті түрде талдауға жеңіл болу үшін ластан тазартады. Тораптың сыртын жуу үшін, алдымен қырғыштармен қырып, темір щеткалармен тазалаған соң, сумен немесе қысыммен берілетін сумен жуылады.
Жуылған агрегаттар мен тораптар бөлшектенген соң әрқайсысы майдан, ластан және қақтанудан тазаланады. Ол қолмен немесе арнайы жуу камералары мен қайнату қазандарында жүргізіледі. Бөлшектерді тазалаудың маңызы өте зор, себебі тек таза бөлшектердің акауын анықгауға және керекті өлшемдерін өлшеуге мүмкіндік туады.
Бөлшектерді майдан тазарту үшін ыстық немесе суық әдістер қолданылады. Бөлшектерді суық әдіспен тазалау үшін керосинді немесе арнайы құраммен дайындалған сұйықгы, ванналарға немесе арнайы құрылғыларға құйып жуу арқылы тазалайды.
Суық жуудың ең қарапайым әдісінің бірі, ваннаға құйылған керосинге бөлшектерді салып қолмен жуу. Бұл әдістің кемшілігі керосиннің өнімсіз көп шығыны, жуу процесінің ұзақтығы мен зияндылығы болып табылады.
Бөлшектерді ыстық әдіспен тазалағанда, сілті ерітіндісін қайнату қазанда-рында немесе арнайы машиналарға құйып қыздыру арқылы жуады. 80-90°С дейін қыздырылған ерітіндінің құрамында су, каустикалық сода мен 1% сабын бар. Бөлшек бетінің тазалығы мен жуу ұзақтығы ерітіндінінің қоюлығына тікелей байланысты. Жөндеу кәсіпорындарында бөлшектерді майдан тазарту үшін, жиі қолданылатын ерітіндінің құрамына 5-8% каустикалық сода қосылады.
Казіргі уақытта бөлшектерді жууға және майдан тазартуға ОП-7, ОП-10 типтес органикалық жартылай өнім ерітіндісі қолданылады. Сонымен катар, белсенді бетті синтетикалық жуатын заттар-сульфанол мен ДС-РАС қолданылады. Бұл ерітінділер, қара металдардан жасалған бөлшектерді жуғанда коррозия туғызбайды, алюминийден жасалған бөлшектерге әсер етпейді, жұмысшылардың қолдарының терісі мен киген арнайы киімдеріне зиянды әсері жоқ. Бөлшектерді қақтан, коррозиядан және сырлардан механикалық немесе химиялық әдістермен тазалайды. Ол үшін бөлшектер, күйік қырғыштармен, сымнан жасалған щеткамен немесе құмды үрлеу арқылы тазартылады. Күйікті химиялық әдіспен тазалағанда, бөлшектерді 90-95°С дейін қыздырылған ерітіндіге 2-4 сағатқа салып қою қажет.
Ерітіндінің құрамы 1- кестеде келтірілген.
1 кесте - Кақтан тазалауға арналған су ерітіндісінің құрамы, г/л
Ерітіндінің құрамы |
Болат және шойын бөлшектер үшін |
Алюминий қорытпалары үшін |
Ащы натр |
25 |
- |
Көмір қышқылды натрий |
36 |
19/10 |
Сабын |
25 |
10/10 |
Сұйық шыны |
1,5 |
9/2 |
Хромпик |
- |
-/1 |
Күйіктен тазаланған бөлшекті ұсақ зімпара ұнтағын салып, ескі шүберекпен тазалаған соң , ыстық сумен немесе дизель отынымен жуады.
Болат бөлшектер бетінде пайда болған қақты 3-5% тринатрийфосфат ерітіндісінде немесе сұйек желім қосылған 5% тұз қышқылының ерітіндісінде тазалайды.
Алюминий бөлшектеріндегі пайда болған қақ мына құрамның біреуін қолдану арқылы тазаланады (1 л суға):
а) фосфор қышқылы - 100 см3; хром ангридриді - 20 г;
ә) 5% азот қышқылының ерітіндісі;
б) 10-15% сірке қышқылының ерітіндісі.
Радиаторларда пайда болған қақты тазалау үшін оны 8-10 сағатқа,
каустикалық соданың 2-3% ерітіндісіне салып қою қажет. Кіші өлшемді бөлшектерді (клапандар, бармақтар, бүркігіштердің инесін, т.б.) дірілдеткіш және ультрадыбысты тазалатқыштармен тазалайды. 1-суретте бөлшектерді дірілдет-кішпен өңдеу сұлбасы көрсетілген.
Бөлшектер дірілдеткіштің жұмыс ортасына сәйкес сипатты ерітіндімен толтырылған 1 бөлімшесіне салынады. Серіппелер үстіне орнатылған жұмыс бөлімшесіне діріл 7 теңгерілмеген жүкті айналып тұрған білік арқылы беріледі.
Дірілдің амплитудасы 0,5-тен 9 мм дейін, ал жиілігі 15-50 Гц. Бөлшектер мен жұмыс ортасы, дірілдеу процесі барысында таңбасы ауыспалы үдеу қозғалысын жасайды. Жұмыс ортасы мен өңделетін бөлшектер қарқынды араластырылу жағдайында болады. Сонымен катар, жұмыс бөлімшесі тербеліс жасайды және барлық салынған заттар баяу айналады. Нәтижесінде бөлшек пен жұмыс ортасы арасындағы күшті үйкелістен бөлшектер тазартылады.
1 – сурет.. Бөлшектерді дірілменен өңдеу сұлбасы:
1 - жұмыс кеңістігі; 2 - ерітіндіні шығару тесігі; 3 - ерітінді құюға арналған резина құбыры; 4 - насос; 5 - тұндыруға арналған ыдыс; 6 - серіппелер; 7- теңгерілмеген жүкті білік; 8 - жүк; 9 - қаңқа; 10 - таспалы серіппе
Бөлшектердің техникалық жағдайын қадағалау
Майдан тазартылып жуылған бөлшектердің техникалық жағдайы тексеріледі. Бұл операцияның негізгі мақсаты бөлшектердің сынған немесе үзілген жерлерін; болдырудан болған жарықшақтарды, әртүрлі деформацияларды, жұмыс беттерінің тозуын анықтау үшін қажет.
Бөлшектерді бақылау техникалық сұрыптау жағдайына сәйкес әрбір жөнделетін машина түріне жеке жүргізіледі.
Техникалық жағдаймен мыналар анықталады :
1) бөлшектердің жарамсыздығын анықтайтын ақаулар, яғни оларды әрі қарай қолдану мүмкіндігі;
2) күрделі жөндеу кезінде бөлшектердің жұмыс беттерінің тозу шамасы-ның мөлшері;
3) бөлшектердің жөндеу өлшемдері мен ауытқыма мөлшері, осінің сәйкес-тігі, сопақтығы және перпендикулярлығы.
Бөлшектерді бақылау кезінде ең бірінші олардың сыртқы қабатының бүтіндігі қаралады (көзбен көру арқылы), содан соң аспаптар көмегімен көзге көрінбейтін жарықшақтар, сынған, майысқан және тозған жерлері, т.б. ақаулар анықталады.
Бөлшектер тозу шамасына қарай жарамды, жөндеуді керек ететін және жарамсыз болып үш топқа сұрыпталады.
Көзбен көріп бақылағанда бөлшектердің жай көзге жақсы көрінетін ақаулары белгіленеді. Компрессорлардың, экскаваторлардың және басқа машиналардың қозғалт-қыштарының бөлшектеріндегі ұсақ, көрінбейтін ақауларды магнит ағыны, люминес-ценция, боялар жағу және рентген сәулелерін түсіру арқылы анықтайды.
Магнит ағыны арқылы ақауды анықтау мынандай құбылысқа негізделген. Магнит ағыны бөлшек арқылы өткен кезде көрінбейтін жарықшақ, ақаулар мен бөгде кірмелер төңірегінде магниттік күш сызықтарының шашырауы пайда болады, ал осы ақаулардың астындағы бөлшек бетінде магнит өрісінің шашырауы пайда болады.
Оны анықтау үшін тексерілетін бөлшек бетіне магнит ұнтағы немесе магнит суспензиясы жағылады. Ол үшін 1 литр трансформатор майы мен керосин қоспасына (1: 2 пропорциясында алынған) 35-50 г магнит ұнтағы (окалина) араластырылады. Жөндеу мекемелерінде магнитті бақылау үшін тұрақты магнитті 77МД - 1, МЭД - 2 және тасымалданатын 11ПМД -3 ақау анықтағыштары қолданылады.
Бөлшектерге бояу жағу арқылы тексергенде, алдымен бөлшекті бензинмен жуып майдан тазартады, содан соң оның бетіне ашық қызыл түсті арнайы сұйық жағылады. 5-10 минут өткен соң жағылған бояуды жуып тазартады.
Оның үстіне жарықшақтарда қалған қызыл бояуды сіңіретін ақ нитроэмаль , бояуы жағылады. Ақ бояу жарықшақ-тарға сіңген ашық қызыл бояуды өзіне тартып, олардың түрі мен шамасын анық қызыл сызық түрінде көрсетеді.
Әдебиеттер: 1 нег. [68-76 ]
Бақылау сұрақтары.
1. Бөлшектердің техникалық жағдайын қадағалау немен анықталады ?
2. Бөлшектерді бақылау кезінде нелер анықталады ?
3. Бөлшектерге қандай әдістер қолданылады және не үшін ?
4. Бөлшектерді қалай немен тексереді ?
5. Бөлшектердің ақаулары қалай анықталады ?
3 - Дәріс. Пайдалану жүйелері
Пайдалануға технологиалық машиналар мен электромеханикалық жабдық-тардың пайдалануға дайындығы, олардың орналасуы бойынша қолданылуы, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтау, есептеулер жатады. Пайдалану тасымалдау техникалық қызмет ету жөндеу және сақтауға кіретін бөлігі машиналардың техникалық пайдалануы деп аталады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі олардың тасымалдауы, сақталуы пайдалануы технологиялық машиналар ТМ кезіндегі жинақталған бірліктерге және қолданылған бөлшектерді қолдануға және қайта қалпына келтіруге қажетті өзара әрекеттердің, операциялардың, құжаттама және қызметкерлер жиынтығын құрайды. Технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету оларды жұмысқа жарамды дәрежеде сақтап тұруға, бөлшектердің жарамдылығын күшейте түсуге, келіспеушіліктер мен ақауларды ескерту, пайдаланудың қауіпсіздік ережесін сақтау, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету қажет. Технологиялық машиналарды пайдалану кезінде арнайы техникалық қызмет көрсетудің құрама жүйесі қолданылады, оған айлық, күндік, апталық және екі апталық қызмет көрсетуден тұратын жөндеу аралық техникалық қызмет көрсету және айлық жөндеу қызметтері ағымды жөндеулер, қалпына келтіру және тексеру, күрделі жөндеуден тұратын жоспарлы жөндеу-лер жатады.
Аусымдық техникалық қызмет көрсету (ТҚК-1) кезекші электрслесар-ларының, машинистер және өндірістік процесстер жұмышылардың күшімен жүзеге асады және оған мыналар жатады: бақылау-өлшеу аспабының көрсеткіштерін тексеру, түйіндердің үйкеліс қызыуының дәрежесі, сымдардағы және машиналардың жауапты түйіндегілерді діріл мен шу дәрежесін тіркеу; машинаның апаттық тоқтап қалуына әсер ететін бөлшектер мен түйіндердің бекітілуін тексеру; жұмыс машинасындағы азғана келіспеушіліктер мен ақауларды жою; түйіндердің үйкелуін майлау, сұйық және қою майлағышымен орталықтанған жүйемен майлағыш температуралардың берілуін қадағалау; тежегіш, қорғаушы қондырғы және механизімді тоқтатуға арналған жабдықтар-дың түзімділерін тексеру; жабдықты таза ұстау.
Машинаның жұмыс тәртібі, өндіріс процесінің тығыздығы және ұйымның қызмет көрсетуіне байланысты ТҚК-1 жұмыс ауысымы уақытында немесе жабдықтың технологиялық тұруы кезінде ауысым аралығында, арнайы жеке уақыттарда орындала береді. Күндік техникалық қызмет көрсету (ТҚК-2) берілген жабдық түріне қызмет ететіндер, жадық машинистері, және өндірістік процесс жұмысшылары, жөндеу электрслесарларының күшімен жүзеге асады.
Күндік техникалық қызмет көрсету кезінде ТҚК-1 бойынша жұмыстар мен қатар жеке механизмдерді реттеу және ретке келтіру, ақауларды жою, электржабдықтар жағдайын тексеру және т.б. жұмыстар орындалады.
Апталық техникалық қызмет көрсету (ТҚК-3) берілген жабдық түріне ылғи қызмет ететін жөндеу электрслесарларының, қызметінің электрмеханикалық электрслесарьлары, жабдық машинистері және өндіріс процесі жұмысшылар-дың күшімен жүзеге асады. ТҚК-3 бойынша жұмыс тізімі қолдану қағазымен қадағаланады.
Екі апталық техникалық қызмет көрсету (ТҚК-4) екі аптада бір рет жөндеу электрслесарларының мамандандырылған ұйымның күшімен жүзеге асады.
Екі апталық техникалық қызмет көрсету ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3 жұмыс-тарынан басқа, жабдықтың жұмысқа жарамдылығына қауіпзсіздігін қамтамасыз ететін қосымша жұмыстардан тұрады және стационарлы жабдықтың жеке түрлері үшін орындалады.
Айлық техникалық қызмет ету (ТҚК) айына бір рет шахталық элетро- механикалық қызметінің жөндеу электрслесарлары, жабдық машинистері, өндіріс процесі және жөндеу электрслесарьларының мамандамдырылған топта-рының көмегімен орындалады.
Айлық техникалық қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін демалыс күндерінде орындалады. Демалыс күндері уақытында ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3 және ТҚК-4 құрамына кіретін жұмыстар толығымен атқарылады, сонымен қатар тез тозатын бөлшектерді ауыстыра жояды, майлау сынағын алумен ауыстыру және басқада жұмыстар жасалады.
Жөндеулер және тексерулер жабдық орнында, арнайы нұсқауларға сай жинақтарды басқару немесе мамандандырылған келіспеушілікті реттеушілер күшімен орындалады. Нұсқауларда жасырын ақауларды табу мен жоюды машиналық жұмыс тәртібінің үйлесімділік ретін, жөндеуші топтарының құрамы мен жабдықталуын көрсетеді.
Қазіргі заманғы өндірістерде пайдалану және технологиялық машиналар мен металлургиялық машиналарды пайдалануда техникалық қызметі көрсету кезінде және пайдалану жүйесінің екі түрі қолданылады:
1) берілген ресурс бойынша элементердің пайдалану жүйесі;
2) жағдайы бойынша элементтердің пайдалану жүйесі;
Берілген ресурстар бойынша жүйе элементтердің кепілдендірілген сапасы және пайдалану тәртібінің үзіліссіздігі кезінде тиімді. Берілген жүйе оған кіретін бір иерархиялық дәреже элементтерінің жоғары және шамамен бірдей сенімді ұзаққа, шыдамдылыққа ие кезінде тиімдірек. Алайда бірдей төзімділік принципін тәжірбиеде барлық уақытта жүзеге асыра алмаймыз.
Жағдайы бойынша элементтер жүйесін пайдалану техникалық қызмет көрсеу бойынша жұмыстың екі тәсілін жүргізуді ұсынады:
1) жүйе элементтерін техникалық қызметін берілген уақыт аралығында реттеу. Мұнда ауысым, тәулік, апта, ай және т.б. уақыт аралығында техника-лық қызмет көрсету әр түрлі көлемі қадағалануы мүмкін.
2) ішкі фактор және төзу әсерінің нәтижесін өзгертетін элементтердің диогностикалық жағдайы немесе жүйенің қажетті параметрлерін өлшеу.
Негізгі алынған техникалық қызмет көрсету және жөндеу берілгендер бойынша, қандай жұмыс түрі орындалуы керектілігі анықталады. Берілген ресурс бойынша элементтердің жүйелік пайдалануымен салыстырғанда беріл-ген жүйенің тиімділігімен үнемділігі автоматтандырылған қондырғы және автоматты қондырғы кезінде қамтамасыздануы мүмкін. Бұл әдіс техникалық қызмет көрсетудің дамыған әдісі болып табылады, өйткені жүйенің ауытқуы сәтті жайында ақпаратпен салыстырғанда терең сандық техникалық жағдай жайлы ақпаратты қолдануға негізделген.
Әдебиеттер: 2 нег [143-153].
Бақылау сұрақтары
1.Технологиялық машиналарды пайдалану жүйесіне нелер жатады?
2.Технологиялық машинамен бірге, қандай техникалық құжат қойылуы қажет?
3. Технологиялық машиналарды тағайындау бойынша қолдану дегеніміз не?
4. Машиналарда ТҚК қандай түрлері қолданылады?
5. Жабдықты тасымалдауға қандай талаптар қойылады?
6. ТМ жағдайының құрылымы және ТҚК қолданылатын түрі қандай?
4 - Дәріс. Бөлшектерді механикалық әдіспен қалпына келтіру
Тозған бөлшектерді қалпына келтірудің екі негізгі әдісі бар. Олардың біріншісі жөндеу өлшемдері әдісі. Бұл әдіс бойынша бөлшектердің геометриялық пішіні мен жанасу беттерінің кедір-бұдырын қалпына келтіреді, бірақ алғашқы өлшемдері сақталмайды.
Екіншісі нақтылы өлшем әдісі, мұнда тозған бөлшектердің алғашқы өлшемдерін сақтай отырып қалпына келтіреді. Бірінші әдіс бойынша бөлшек-тердің беттеріндегі тозу іздері механикалық өңдеу арқылы түгел тазаланады, ал екіншісінде тозған жерлерге қосымша компенсаторлар енгізі-леді. Мұнда илемді деформацияны қолдану немесе тозған беттерді металмен қаптастыру (балқытып қаптастыру, гальваникалық әдіспен қаптау, металдау және электр импульсімен металдау) арқылы қалпыла келтіріледі.
Тозған бөлшектерді ең шеткі өлшемдеріне дейін қалпына келтіру тиімді әдістердің бірі болып саналады, себебі тозған бөлшектерді бірнеше рет қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, бөлшектерді тозуға төзімді металдармен қаптастыру арқылы олардың алғашқы өлшемдерін қалпына келтірумен қатар, тозуға төзімділігін арттыруға мүмкіндік туады.
Жөндеу өлшемдері арқылы тозған бөлшектерді қалпына келтіру.
Жөндеу өлшемдері дегеніміз жөнделетін бөлшектердің зауыттан шыққан-дағы және нақтылы өлшемдерге сәйкес келмейтін, андын-ала белгіненген дайындаманың өлшемі. Жөндеу мекемелерінің тәжірибесінде жиі қолданыла-тын әдістің бірі, жөндеу өлшемдері арқылы қалпыла келтірудің екі түрі қолданылады. Олар андын-ала белгіленген стандарт және шектелмеген еркін өлшемдер арқылы қалпына келтіру.
Стандартталған жөндеу өлшемдерін қолдану үшін қолайлы дайын бөлшек-тердің болуы қажет. Бұл жөндеу уақытын қысқартатын, өзара ауысымды жөндеу әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Шектелмеген еркін жөндеу өлшемдері арқылы қалпына келтіру операциясында, тозған бөлшектің өлшемдері белгісіз болғандықтан, андын-ала дайындау мүмкіндігі шектелгендіктен, оларды үйлестіруге керекті өңдеу әдістерін сақтай отырып, жартылай шикізат ретінде дайындайды.
Стандартты жөндеу өлшемдерін есептеудің алғашқы шарты ретінде, олардың техникалық және тиімділік жағдайлары ескерілуі қажет. Оның ішінде өңделетін бөлшектің беріктік жағдайын және оларға отырғызылатын бөлшектерінің керекті саңылауын сақтау. Әр жағдайда екі жаласатын бөлшектердің ауыстырылатын-дары мен қалпыла келтіріленетіндері жеке қарастырылады. Негізінде өте қымбат тұратын бөлшек қалпына келтіріледі, ал арзандары ауыстырылады.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін, олардың жұмыс беттерінің негізгі геометриялық пішінін сақтай отырып, тозу іздері түгел механикалық әдіспен өңделуі қажет. Жеке мысал ретінде, біліктің тозған мойыншасын қалпына келтіру әдісі қарастырылады, оның ішінде: білік мойнының шеңберінің біркелкі тозуы (2 а -сурет); биік мойнының орталығының ығыспай бір жақты тозуы (2 ә - сурет); білік мойнының орталығының х1 әртүрлі шамаға ығысып тозуы ( 2 б - сурет).
2 - сурет.. Біліктің жөндеу өлшемін анықтайтын сұлбасы
Бөлшектерді қысыммен қалпыла келтіру. Бұл әдіс бөлшектерді қыздыру арқылы немесе суық күйінде илемді деформациялық қасиетіне сүйене отырып, қалпына келтіруге негізделген. Қысыммен төлкелер, тісті дөңгелектер, поршеньдердің саусағы, клапандары, иінді және бағдартқышты біліктер т.б. бөлшектер қалпына келтіріледі. Бөлшектерді өңдеу үшін қосымша металдың қажеттілігі жоқ және өнделетін бөлшектің сапасы өзгермейді. Сонымен қатар, өңдеудің еңбек сыйымдылығы мен жөндеу құны аз мөлшерде жұмсалады.
Бөлшектерді қысыммен жөндеудің мынандай түрлері белгілі: шөктіру, кеңейту, жаншу, кермелеу, түзету, түрлеу, роликпен домалату және қақталма.
3 - сурет.. Бөлшектерді қысыммен қалпына келтіру сұлбасы: а- шөктіру; ә - басып енгізу; б- кеңейту; в- қысу; г - кермелеу; д - түзету; Рд - қысым; Мбк - бұралу моменті
3- суретте бөлшектерді қысыммен жөндеу түрлері көрсетілген. Тұтас және құбыр тәріздес бөлшектердің ұзындығын кішірейту арқылы сыртқы диаметрінің өлшемдерін ұлғайту үшін (3а -сурет) шөктіру әдісі қолданылады. Қуыс бөлшектерді тұрақты өлшемге кеңейту шарикпен немесе сотанмен, ал кез-келген өлшемге шырқайландырғышпен немесе кесілген конус түріндегі төлкемен атқарылады.
4- суретте поршеннің саусағын сотанмен және кесілген конусты төлке арқылы кеңейтуге арналған айлабұйым көрсетілген. Осындай айлабұйым көмегімен төлкелердің немесе басқа құбыр тәріздес бөлшектердің кеңейтілуі жүргізіледі (4ә -сурет). Бөлшекті суық күйінде кеңейту кезінде, аспаптардың тозбауын қамтамасыз ету үшін, олар майланады. Жаншу кезінде бөлшектердің өлшемдері кішірейеді. Жаншу арқылы ішкі диаметрлері тозған түсті металдан жасалған төлкелерді, ішкі тістерінің пішіні өзгерген тісті муфталарды, құлақтастың саусақ кіретін тесігі тозған табан шынжырлардың буындарын т.б. бөлшектерді қалпына келтіруге болады.
4 - сурет. Поршеннің саусағын кеңейтуге арналған айлабұйымы:
а- сотан арқылы кеңейту; ә - кесілген төлке мен конус тәріздес өзек
арқылы кеңейту; 1 - негіз; 2 - ұяқалып; 3 - поршеннің саусағы; 4 - сотан;
5 - кесілген төлке; 6 - конусты өзек
5 - суретте баспақ арқылы суық төлкені жаншуға арналған айлабұйым көрсетілген.
5 - сурет.. Бронзадан жасалған төлкелі жаншуға арналған айлабұйым:
1 - сотан; 2 - жаншылатын төлке; 3 - ұяқалып; 4 - тұғырық
Айлабұйымның ұяқалыбының қабылдау бөлігі 7-8° бұрышпен, ал шығатын бөлігі 18-20° бұрышпен жасалады. Ұяқалыптың қабылдау және шығатын бөлігі биіктігі 3-5 мм белдеушемен бөлінген. Белдеушенің D диаметрі, бөлшектің ішкі диаметрінің тозуы мен жаншылғаннан кейінгі механикалық өңдеуге керекті әдіс мөлшерін ескере отырып қабылданады. Жаншылған төлкенің ішкі беттері механикалық өңдеуден немесе керекті өлшемге дейін ұңғылаудан өтеді.
Бөлшектерді кермелеу арқылы жөндеуді, оның көлденең қимасының өлшемдерін кішірейту арқылы жүргізеді. Қалдықты деформация нәтижесінде
болған майысу, бұралу, шалысу түріндегі ақауларды түзеу арқылы жөндейді. Бұл әдіспен әртүрлі біліктер, бұлғақтар, үйкеліс дискілері, иінтіректер, кронштейндер жөнделеді.
Деформацияның түрі мен шамасына қарай баспақ арқылы түзету, арнайы тақтайшалар бетінде немесе айлабұйымдар қолдану арқылы жүргізіледі. Түзетілетін бөлшектер қолданылатын айлабұйымдардың құрылысына қарай суық немесе қыздырылған күйінде түзетіледі. Қыздыру арқылы түзетілген бөлшек-тердің механикалық қасиеті өзгереді, сондықтан, түзетілген бөлшектерді термия-лық өңдеуден өткізу қажет.
Бөлшектерді суық күйінде түзеткен кезде, металдың серпімділік шегінен асатын беріктігін, тұтқырлығын және болдыру беріктігін төмендететін, құбы-лыстарды тудыратын қалдықты деформация пайда болады. Сондықтан кейбір машиналар бөлшектеріне баспақ арқылы түзетуді қолданумен шектеледі.
Әдебиеттер: 1 нег. [68-86], 2 нег. [181-195 ].
Бақылау сұрақтары
1. Бөлшектерді механикалық әдіспен қалпына келтіру әдістері қандай ?
2. Білікті жөндеу өлшемін қалай а н ықта йды ?
3. Тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қандай әдістерді қолданады ?
4. Жөндеу өлшемдері дегеніміз не ?
5. Бөлшектерді түзететін күйлері қандай ?
5 -Дәріс. Бөлшектерді пісіру және балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтіру
Машиналарды жөндеуде пісіру мен балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтіру, ең кең тараған әдістер болып саналады. Бөлшектердегі жарықшақтарды, тесілген, жұлынған, сынған жерлерін пісіру арқылы, ал тозған жерлерін балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтіреді. Қазіргі уақытта өндірісте, бөлшектерді пісіру мен балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтірудің мынандай түрлері кеңінен қолданылады: электрдоғалы пісіру мен балқытып қаптастырудың қолмен атқарылатын түрі; металдарды газбен пісіру және кесу; шойын бөлшектерді пісіру; флюс қабатының астында жүргізілетін автомат-тандырылған балқытып қаптастыру; қорғау газдары мен бу ортасында пісіру мен балқытып қаптастыру; бөлшектерді арнайы электродтар мен қатты қорытпалар қолдану арқылы жүргізілетін, электр импульсты балқытып қаптастыру.
Қолмен атқарылатын электрдоғалы пісіру. Пісірудің бұл түрі жөндеу өндірісінде өте кеңінен қолданылады, себебі бөлшек металы мен қосым материалдары берік және сенімді қосыныс береді. Электродтар мен олардың сыламаларының керекті түрін таңдау арқылы қалыңдығы әртүрлі және керекті қаттылықты бөлшектер алуға болады. Электрдоғасымен пісірудің бірқатар теріс жақтары бар, олардың негізгілері: балқытылған металл аумағында оскидтердің құрылуы; ішкі термиялық кернеудің пайда болуы; металдың құрылымының өзгеруі мен бөлшектің термиялық өңдеуінің бұзылуы. Электродтардың материалын таңдаған кезде, бөлшектер жасалған металдың ерекшеліктерін, жұмыс істеу жағдайы мен бөлшектің пісірілген немесе балқытып қаптастырылған элемент-теріне қойылатын талаптарды ескеру қажет. Электродтардың дұрыс таңдалуы жөндеу жұмыстарының сапасына әсер етеді.
Электрдоғаны пісіру кезінде электрод сымдары жасалатын болаттардың маркалары мен химиялық құрамы жөнделетін бөлшек жасалған металдың құрамына қарай таңдалады. Пісіру барысында электродтардың сыламасының сапасын дұрыс таңдау арқылы, пісірілген бөлшек жігіндегі балқытылған металдың керекті құрамын алуға болады. Электродтардың диаметрі жалға-натын металдың қалыңдығына қарай таңдалады. Жалғанатын металдың 2 ден 10 мм дейінгі қалыңдығында электрод-тардың диаметрі 3, 4, 5, 6мм және пісіргендегі ток күші 140-300А болуы қажет. Металл қалыңдығының 10-20 мм дейінгі аралығында электродтардың диаметрі 7, 8, 10 м шамасында ал ток күші 340 - 420А болуы қажет. Төменгі көміртекті (0,25% С ) болаттарды электр доғасымен пісіргенде қиындық тумайды. Ал орта көміртекті (С = 0,4 – 0,45% көбірек) болаттардың пісірілуі күрделірек, себебі оларды пісіру үшін УОНИ 13/45 және УОНИ 13/55 электродтарын қолдану қажет. Құрамында 0,25% жоғары көміртекті бар болаттарды пісіру үшін ОММ - 5, УМ – 7, Э42 электродтары қолданылмайды, себебі пісірілетін металда өте жиі жарықшақтар пайда болады.
Пісіріліп жалғалған бөлшектердің беріктігін арттыру жолдары.
Пісіріліп жалғанган бөлшектердің беріктігін құрылымдық (күш әсеріне қарай пісіру жіктерін тиімді орналастыру, жіктің пайдалы пішінін қолдану) және технологиялық әдістермен (жікті пісіру кезінде зиянды әсерден сақтау, термиялық өңдеу, суық илемді деформация арқылы өңдеу) арттыруға болады.
Құрылымдық әдістерін қолдану арқылы пісірілген бөлшектердің беріктігін арттыру жолдары 6 - суретте көрсетілген.
6 - сурет. Пісірілген құрылымдардың беріктігін арттыру жолдары
1-3 көріністерде бұралу кезеңімен жүктелген пісіріліп орнатылған ернемек торабына енгізілетін бөлшектің диаметрін ұлғайту арқылы жіктің ұзындығын өсіру мен беріктендіру жолдары көрсетілген. Жіктің бірдей қимасында, бірінші жалғамамен салыстырғанда екіншісінің қию кедергісі (жалғаманың диаметрінің квадратына пропорционалды) 7 есе, үшіншісінікі 18 есе артық.
Пісірілген жіктерге түсетін күшті бөлшектің негізгі материалы қабылдай-тындай етіп өзгерту қажет, ал пісіру жігі бөлшектерді жалғау міндетін атқаруы керек.
Пісірілген жіктерге түсетін күштердің шамасын төмендетудің мысалы 4,5 (ось бойымен жүктелген өзектер) және 6,7 (таяныш ернемектердегі) көріністерде көрсетілген.
Ішкі қысым әсеріндегі цилиндр тәріздес сұйық құйылған қойманың (8 көрініс) ернеушесіне пісіріліп бекітілген қақпақтың жігі, иілу және қию күштері әсерінде жұмыс істейді. Осы құрылғының жақсартылған құрылымында (9 көрініс), қақпақ екі ернемектің арасына қысу арқылы, жікке әсер ететін қысым күші төмендетілген.
Егерде пісірілген жікке түскен күш иілу әсерінде болған жағдайда, оның әсерін созу немесе ығысу әсеріне айландыру қажет.
Көлденең Р күші әсеріндегі өзек екінші бөлшек бетіне пісіріліп орнатылған. Р күшінің әсерінен өзек О нүктесі арқылы бұрылуға тырысады. Өзектің О нүктесінің қарама-қарсы жағында, өте жоғары үзілу кернеуі пайда болады және өзекті пісірген жік қию кернеуі (10 көрініс) әсерінде болады. Қию кернеуінің әсерін төмендету үшін, өзекті болшекте жасалған ұяға енгізіп, пісірген. Мұнда, өзектің ең қауіпті қимасы қосымша пісірілген жік әсерімен әлсіздендірілген (11 көрініс). Сондықтан, көлденең Р күшінің әсерінен болатын иілу мен қию кернеулерін төмендету үшін, өзек екінші бөлшекте тесілген ұяға енгізіліп, жанасқан жерлері пісіріледі. Сондықтан, пісірілген жікке Р күші әсер етпегендіктен, ол өзек пен бөлшекті жалғау қызметін атқарады (12 көрініс).
Бір жағынан пісірілген тік қабырғаға Р иілу күшінің әсерін төмендету үшін, еқінші жағынан қаттылық қабырғасын пісіріп орнату (14 көрініс) қажет.
Түйістіріліп жалғанған жікке әсер ететін Ми (15 көрініс) иілу кезеңінің шамасын жапсырма (16 көрініс) орнату арқылы төмендетуге болады.
Түйістіріліп жалғанған бұрыштық металдар әлсіз жік береді (17 көрініс). Сондықтан, бұрыштық металдарды сөре жазықтарымен пісіріп жалғаған ыңғайлы. Бұрыштық металдардың жауапты жалғамаларын қосымша үшкілдер қосу арқылы күшейтіліп (18 көрініс) пісіріледі.
Пісіріліп жалғанған қаттылық қабырғалары созылуға (19 көрініс) емес, тек қысылуға (20 көрініс) жұмыс істейтін етіп орналастыру қажет.
Пісірілген жіктерді жоғарғы кернеу аумағынан тыс орналастырған ыңғайлы.
Циклдық және динамикалық күш әсеріндегі жалғамалардың, пісіру жігін шоғырланған кернеулерден қашықтау орналастыру қажет. Мысалы, бір өлшемді қимадан, екінші өлшемге ауысқан жерлеріндегі шоғырлалған кернеуден (21 көрініс) қашықтау болуы тиіс. Себебі пісірілген жік бұл жағдайда, жоғарғы кернеу әсерінде болады және кернеудің шоғырлануы металдар құрылымының біркелкі еместігімен айқындалады. Мұндай құрылымдардың құрылысын жақсарту үшін, пісіру жігін (22 көріністе) көрсетілгендей етіп орындау қажет.
Егер де пісіру жіктерін жалғаманың кернеу шоғырланған бөлігінен басқа бөлігіне шығару мүмкіндігі болмаған жағдайда, қысқа доғамен іске асырылатын терең балқытылған ойысты жік жасау қажет (23 көрініс). Жіктің пішіні
мүмкіндігінше әсер ететін күшке симметриялы орналасуы керек. Тавр тәріздес қосылыстардағы созу әсеріндегі жіктерді екі жағынан бірге пісіру қажет (23, 24 көрініс). Пісірілген жіктердің циклдық беріктігін арттыру үшін, жікті механи-калық өндеу арқылы тиімді пішін жасап, кернеудің шоғырлануын төмендету (25 көрініс) қажет.
Шойын бөлшектерді пісіру арқылы қалпына келтіру. Шойыннан жасалған бөлшек-терді жөндеу барысында пісірудің үш түрі қолданыладъі: ыстық күйіндегі немесе бөлшекті түгел қыздыру арқылы пісіру; жартылай ыстық пісіру немесе бөлшектің пісірілетін жерін ғана қыздыру; кейінгі кезде кеңінен қолданылып жүрген суық немесе металды қыздырмай пісіру.
Ыстық пісіруді ацетилен мен оттегі қоспасының жалынымен немесе электрдоғасымен арнайы сыланған қаптауы бар, болат немесе шойын электродтарымен жүргізеді. Мұндай пісіруді негізінде күрделі пішінді бөлшектерге (тұрқы бөлшектеріне, шығыршық пен цилиндрлердің бастиектеріне) қолданады. Пісіру процесі барысында, бөлшектің ең шеткі бөлігінің жылулығы 400-350°С шамасында болуы қажет. Пісіргеннен кейін бөлшектің ішкі кернеуін төмендету мақсатымен, отқа төзімді кірпіштерден қаланған, екі жағы қақпақпен жабылған шүңқырда 600-650°С дейін қыздыру арқылы босандатылады.
Келтірілген жылу режімін Сч-15-32, Сч-18-36 және Сч-24-44 сұр шойындарынан құйылып жасалған бөлшектерге қолдануға болады. Барлық ақауы бар бөлшектер, алдын ала пісіруге дайындалуы қажет. Егерде бөлшектердің жарықшағы болған жағдайда, олардың ұштары диаметрі 4-6 мм бұрғымен тесілуі қажет. Шойын бөлшектерді пісіргенде қосым материалдары ретінде А мен Б маркалы (ОМ4-1, В4-3, Э4П т.б.) шыбықтар қолданылады. Тәжірибеге қарағанда, мынандай химиялық құрамдағы шойын шыбықтар өте жақсы нәтиже береді, %: С - 3,3-3,7; Sі - 2,5-3,5; Мn - 0,3-0,6; Сг - 0,3; никель 0,2-ге дейін.
Шойынды газбен пісірген кезде мынандай флюстер қолданылады: 100 немесе 56% бура (Na2В407), 22% көмір қышқылды натрий (Nа2С03) және 22% көмір қышқылды калий (К2С03); 23% бура, 27% көмір қышқылды натрий мен 50% азот қышқылды натрий (Nа2N07); 43% бура, 27% көмір қышқылды натрий және 30% азот қышқылды натрий. Бөлшектің пісірілген жеріндегі балқытылған жік наждак дөңгелегімен, егеумен немесе механикалық әдіспен өнделеді.
Жартылай ыстық пісіруді бөлшектердің элементтерін қыздырғанда еркін ұлғая алатын, ал суығанда қайта қалпына келу мүмкіндігі бар бөлшектерге қолданылады. Бөлшектердің пісірілетін жерін 600-700°С қыздыруды ошақга немесе муфель пешінде газ шілтерлері арқылы жүргізіледі.
Шойын бөлшектердің ақауын суық күйінде пісіру арқылы жөндеуді, пісіру кезіндегі пайда болған жылулықтың негізгі металға көп әсерін тигізбейтін жағдайында қолдануға болады. Шойын бөлшектерін қыздырмай пісіргенде шойын, болат және түсті металл қорытпаларынан жасалған электродтар қолданады. Э-34 бормен салынған және УОНИ 13/55 қаптамасы бар болат электродтарымен, жарықшақтар мен бұрандалы тесіктерді пісіріп қалпына келтіру үшін қолданылады.
Мыс-темірлі электродтарымен қозғалтқыштардың суыту көйлегіндегі, цилиндрлердің бастиегіндегі, беріліс қорабындағы, редукторлардағы механика-лық өңдеуді керек етпейтін жарықшақтарды пісіреді. Ондай электродтардың құрамында 60 -80% Сu, 40-20% Ғе болуы қажет. Мыс-темірлі электродтар УОНИ 13/55 қаптамасымен қапталады.
Әдебиеттер: 2 нег. [143-153].
Бақылау сұрақтары
1. Машиналарды жөндеуде пісіру мен балқытып қаптастыру әдістері ?
2. Пісіріліп жалғанган бөлшектердің беріктігін арртыру жолдары?
3. Қазіргі уақытта өндірісте, бөлшектерді пісіру мен балқытып қаптастыру түрлері ?
4. Шойын бөлшектерді пісіру арқылы қалпына келтіру түрлері ?
5. Шойын бөлшектердің ақауын қандай күйінде қолданылады ?
6 - Дәріс. Машина тораптарының жеке бөлшектерін жөндеу ерекшеліктері.
Орнықты бөлшектерді жөндеу.
Орнықты бөлшектерге (жылдамдық қораптарына, редукторлардың сыртқы қабатына, қаңқаларға, қозғалтқыштың цилиндрінің бірікпесіне, тұғырларға, арқалықтарға және т.б.) бір-бірімен керекті дәлділікпен жинастырылған бөлшектер мен тораптар жиналады. Сондықтан, оларды жөндеуден кейін қайта құрастырғанда, әрқайсысының алғашқы күйін сақтай отырып, жоғарғы ұқыпты-лықпен жинау қажет. Орнықты бөлшектер негізінде құйылып жасалған, пісіріл-ген немесе жартылай құйылып, пісірілген конструкциялар.
Машиналар мен жабдықтарды қолдану барысында, шектен асқан күштің, дірілдердің және жылулықтың әсерінен жарықшақтар, пісірілген немесе тойтарылған жіктердің үзілуі, опырылуы немесе бөлшек бөліктердің үзігі секілді және басқа ақаулар пайда болады. Мұндай ақаулар механикалық өндеумен немесе пісіру арқылы жөнделеді.
Механикалық өндеу арқылы жөндегенде тойтарыстар мен бұрандамаларды орнатуға арналған тесіктерді тесуге, біраз уақыт пен материалды шығын шығаруға тура келеді. Пісіру арқылы жөндегенде, еңбек сыйымдылығы төмендейді және жөндеу жұмыстарын жүргізу жеңілдетіліп, бөлшектің жөндеуін аз уақыт аралығында жөндеуді орындауға мүмкіндік туады. Бөлшектердегі жарықшақ-тардың екі ұшын ұлғайтқыш әйнекпен көру арқылы немесе капиллярлы әдіспен анықтайды. Ол үшін тексерілетін бөлшектің беткі жағына керосин жағылып, кепкенге дейін сүртіледі. Ақаудың екінші жағына суда ерітілген бор жұқа етіп жағылады. Жарықшақтарда қалған керосин, жағылған бор бетінде жарықшақ-тың ізін қайталайтын дақ түрінде көрінеді. Соған қарап жарықшақтың ізі мен екі жанындағы ұшын анықтауға болады.
Болаттан жасалған бөлшектердегі жарықшақтарды анықтау үшін, магниттеу әдісі қолданылады. Ол үшін, тексерілетін бөлшекті НА-5-ВИМ типтес арнайы аспап көмегімен магниттейді, содан соң оның бетіне металл ұнтағы жағылады. Металл ұнтақтарының жарықшақ бойында шоғырлануына қарай, оның пішіні мен өлшемін анықтауға болады. Жарықшақтың дамуын тоқтату үшін, оның екі ұшынан диаметрі 5-6 мм тесіктер тесіледі (7 а- сурет).
7 - сурет. Жарықшақты штифтеу сұлбасы
Жарықшақтарды бітеу үшін штифтеу әдісі қолданылады. Жарықшақтарды штифтеу әдісі мынандай ретпен орындалады:
1) жарықшақ төңірегіндегі бөлшек беті тазаланады;
2) жарықшақ бойына бір-бірінің арасы 1,5-2 мм қашықтықта диаметрі 5-6 мм тесіктер тесіледі; ең шеткі тесік, бөлшектің жарықшағы біткен жерінен 0,5 мм диаметрге тең қашықтықта тесіледі;
тесіктер мен босандатылған мыс сымына бұранда кесіледі;
мыс сымын бұранда кесілген тесіктерге бұрап енгізеді;
қоларамен немесе өткір кемпірауыз бен сым шыбығын, бөлшек бетінен 1,5-2 мм биіктігін қалдырып кеседі;
6) шығып тұрған сымдар тойтарылған соң, егеумен тазаланады.
Штифтеу арқылы бөлшектердің қымталуы қамтамасыз етіледі, ал ол жердің
беріктігі төмен болуы мүмкін. Сондықтан, штифтеу қысқа жарықшақтарды бітеу үшін қолданады (7 ә - сурет). Үлкен өлшемді тұғыр тәріздес бөлшектердегі жарықшақтардың дамуын тоқтаумен қатар, олардың механикалық беріктігін арттыру қажет. Сондықтан, бөлшектердің жарылған жерлерінің тартақысуын сегізге ұқсаған немесе тесілген тесіктері бар тақтайшалар арқылы тартылып қысылады (8 - сурет).
8 - сурет. Шойын бөлшектердегі жарықшақтарды жөндеу:
а, ә - жапсырма қою арқылы; б - сақина қою арқылы
Шойын немесе дюралюминий бөлшектеріне жапсырмаларды бұрандалармен немесе бұрамалармен бекітеді. Жапсырманың бөлшектерге тығызданып отыруын қамтамасыз ету үшін, олардың жаласатын беттері білдекте немесе қолмен өңделіп тегістеледі. Жапсырманың қымталуын қамтамасыз ету үшін, оны бояуға (сурикке) отырғызады. Жапсырманы тойтарғыштар арқылы бекіткенде, олардың саны мен орналасу реті, берік және тығыз жіктің құралуына сәйкес болуы қажет.
Болат бөлшектердің жарылған жері жапсырма арқылы бітелмейді, себебі ондай жарықшақтарды пісіріп бекіткен тиімді. Орнықты бөлшектердің жарықшақ-тарын пісіру арқылы бітеу технологиясы мынандай операциялардан тұрады. Жарықшақтың екі шеті анықталған соң, біткен жерлерінің екі ұшынан тесік тесіледі. Содан соң, жарықшақ бойымен, пісірілетін металдың қалындығына қарай, әртүрлі пішінді қиякесік немесе қиықжиек жасалады. Жарықшақты пісіру оның басынан аяғына қарай жүргізілу қажет.
Болаттан құйылып жасалған орнықты бөлшектерді жөндегенде өте жиі суық пісіру қолданылады. Төменгі кернеу әсерінде жұмыс істейтін және пісірілгеннен кейін механикалық өңдеуді қажет етпейтін шойын бөлшектерді, мелмен сыланған аз көміртекті электродтардың көмегімен, суық пісіру әдісін қолдана отырып қалпына келтіреді. Жөнделетін жалғамалардың беріктігін арттыру үшін, шахмат ретімен орлаласқан аз көміртекті шпилькалар орнатылады, олар бөлшек бетінен 2-3 мм шамасында шығып тұруы қажет. Шпилькаларды қолдалған кезінде тесіктер тесу, бұранда жону және шпилькаларды дайындау, орнату секілді қосымша шығынды қажет етеді.
Сондықтан, кейбір жағдайда жөндеу жұмысын жеңілдету үшін шпилькалар орнына суық пісіру қолданылады. Ол үшін омырығы қимасының ауданына қарағанда, жіктің ауданы екі есеге арттырылады. Шойын бөлшектеріне қолданылатын суық пісірудің негізгі кемшілігі, балқытылған металл мен бөлшек шекарасында шыныққан қатты қабат пайда болады. Қазіргі кезде шыныққан қатты қабатты болдырмау үшін флюстер мен сынаулардың арнайы қоспалары қолданылады. Мысалы, шойыннан құйылып жасалған орнықты бөлшектердің сапасын жақсарту үшін, мелмен қапталған, қалайыланған қаңылтырдан жасалған биметалды электродтармен пісіргенде, жіктің иілімділігі мен беріктігі жоғары жік пайда болады. Ыстық пісіру алдында, бөлшектердің жіктері дайындалған соң, олар құмда немесе пеште қыздырылады. Қыздырылған бөлшектер, шойын электродтармен пісірілген соң, баяу жылдамдықпен суытылуы қажет. Шойын электродтармен пісірген жік сапасын жақсарту үшін (50% бура, 47% екі көміртекті сода мен 3% кремний қышқылынан тұратын) флюс қолданылады. Ыстық пісіруді жүргізу үшін жасалатын қосымша операцияларға біраз уақыт қажет болғандықтан, оны күрделі пішінді орнықты бөлшектерді қалпына келтіруге қолдалады.
Орнықты бөлшектердің тозған беттері мен бөлшектер отыратын жерлерін жөндеу үшін, металды балқытып қаптау, қосымша бөлшектер орнату немесе жөндеу өлшемдерін қолдану секілді әдістермен қалпына келтіреді.
Бөлшектердің жұмыс беттерін қалпына келтіруде жоғары өнімді және сенімді түрінің бірі болып ұнтақ материалдармен тозаңдатып қаптау әдісі. Бұл әдіс бойынша әртүрлі пішінді бөлшектер беттерінде 0,05-тен 3,0 мм дейінгі қалындықты және кең ауқымды қолдану қасиеті бар қаптау қабаттарын алуға болады. Қазіргі жөндеу технологиясында газ жалынымен тозаңдатып қапталған қабатты қосымша балқыту әдістері қолданылып жүр. Бұл әдістің негізінде, андын-ала қыздырылған бөлшек бетіне газ жалынының ағынымен сұйық күйге жеткізілген ұнтақ материал қапталады. Осылай қапталған қабат, негізгі металмен бірге газ жалынымен балқытылады. Осылай жасалған қабаттың негізгі сипаттамалары, тозаңдатып қапталған қабаттарға қарағанда бірнеше есе жоғары.
Қапталған қабаттардың жабысу беріктігі мен екі қабат арасында саңылау-лардың болмауы бөлшектерді жоғарғы күш әсеріндегі жұмыс жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер: 3 қос. [85-89].
Бақылау сұрақтары.
1. Болаттан жасалған бөлшектердегі жарықшақтарды қалай анықтайды ?
2. Жарықшақтарды бітеу үшін әдіс ?
3. Бөлшектердегі жарықшақтардың ақауын қандай әістермен анықтайды?
4. Бөлшектердің жұмыс беттерін қалпына келтіру қандай әдіс қолданы-лады?
5. Шойыннан құйылып жасалған орнықты бөлшектердің сапасын жақсарту?
7 - Дәріс. Сырғанамалы және тербелмелі подшипниктердің жөнделуі
Кез келген машинада, агрегатта немесе механизмдерде міндетті түрде тербелмелі немесе сырғанамалы подшипниктер кездеседі. Подшипниктердің ең шеткі тозуына байланысты машилалардың қалыпты жұмысы бұзылады. Бұзылған тербелмелі подшипниктерді, МЕСТ- не сәйкес жаңа подшипниктермен ауыстыру қажет.
Тербелмелі подшипниктердің тез түзеуге болатын ақауларын, оның ішінде білікке немесе тұрқы бөлшектеріне дұрыс отырғызылуын, подшипниктердің сеператорларының майысқан жерлерін түзету секілді жұмыстарды атқаруға болады. Кейбір жағдайда, сынған немесе тозған тербеліс элементтерін ауысты-руға, олардың жүгіру жолдарындағы тоттанған дақтардың ГОИ майұнтағымен тазалауға болады. Подшипниктерді білікке отырғызғанда, олардың ішкі сақинасы тығыздалып, аздаған тартылумен енгізіледі, ал тұрқы бөлшек-терінің ұясына сыртқы сақинасы аздап босаңдатып орнатылады.
Сырғанамалы подшипниктердің шектен тыс қызуы, тозуы, жарықшақтар пайда болуы, олардың материалдарының балқып білікке жабысуы және басқа қанағатталарлықсыз жағдайлар май қабатының төмендеуінен, яғни подшипник-тердегі жартылай сұйық немесе жартылай құрғақ үйкеліс нәтижесінде болады. Көп жағдайда, олардың дұрыс жұмыс істемеуі машинаны жасау технология-сымен және пайдаланудағы жіберілген қателіктерге тікелей байланысты.
Сырғанамалы подшипниктердің істен шығуының негізгі себептері:
май шамасының жеткіліксіздігінен;
машинаны пайдалану;
- майдың подшипник торабынан уақтылы шықпауы;
подшипник торабының құрылымының дұрыс болмауы, яғни подшипник-терге түсетін күштердің тең бөлінбеуі салдарынан екі жақ ұшына түсетін күштің ұлғаюы;
білік пен подшипниктің қаттылығының жеткіліксіздігі;
подшипник материалының дұрыс таңдалмауы;
білік бетінің қаттылығының төмен болуы, яғни білік пен подшипниктер беттерінің қаттылық қатынастарының дұрыс еместігі;
көтеру беттерінің макро және микрогеометриясының дұрыс еместігі;
майдың сапасының төмендігінен, пайдаланған кезде майдың тотығуы;
- майдың механикалық қоспалар мен қатты заттардан дұрыс тазаланбауы.
Көп тіреулі біліктердің подшипниктерінің жиі істен шығуының басты себептері, біліктердің тіреулерінің немесе мойындарының осьтестіктен ауытқуы мен тұрқы бөлшектерінің тіреулерінің қаттылығының төмен болуы. Егерде аталған себептер сандары дұрысталған кезде, сырғанамалы подшипниктер дұрыс жұмыс істейді.
Біліктің айналу жылдамдығын арттырғанда майлау режімінің сипаттамасы жақсартылады деп есептенген, ал тәжірибе нәтижесі оның төмендейтінін көрсетеді, себебі біліктің жоғарғы жылдамдықпен айналған кезінде үйкеліс кедергісінің әсерімен жылулық шамасы өскендіктен майдың тұтқырлығы төмендейді.
Тұтқырлығы жоғары май қолдану арқылы, майлау режімінің сипаттамасын жақсарту көп жағдайда тиімсіз. Майдың жоғарғы тұтқырлығы үйкеліс шамасын ұлғайтып, жылулықтың бөлінуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде майдың подшипник торабынан шығуы қиындайды, ал ол май қабатының жылулығын жоғарылатып, майдың тұтқырлығын төмендетеді. Осыған сәйкес, тұтқырлығы жоғары майдың көтергіш қабілеті, тұтқырлығы төмен майға қарағанда төмен. Сонымен қатар, тұтқырлығы жоғары маймен майланатын машинаны іске қосу қиынға түседі. Подшипниктердің көтеру қабілеті, май қабатының ең төменгі қалыңдығында артады, он үшін білік пен подшипниктердің кедір-бұдырын төмендету, білік бетінің қаттылығын арттыру, өздігімен орнығатын подшип-никтер қолдану, майды механикалық қоспалардан дұрыс тазарту қажет.
Көтеру қабілетін жоғарылатудың ең тиімді тәсілінің бірі подшипниктердің диаметрін ұлғайту, себебі олардың көтеру қабілеті, басқа тең жағдайларда, диаметрдің кубына пропорционалды.
Сырғанамалы подшипниктердің негізгі ақаулары: құйған кездегі пайда болатын ақаулар; жеке бөліқтерінің опырылуы; жұмыс беттерінің тозуы болып саналады. Ақаулар мен опырылған жерлері оттекті-ацетиленді шілтерлермен балқытып қаптау арқылы бітеледі.
Қола және жез подшипниктерін пісіру арқылы жөндегенде қосым материалы ретінде жез сымдары қолданылады, ал флюс материалы ретінде 70% бурадан, 20% ас тұзынан және 10% бор қышқылынан тұратын ұнтақ алынады. Толық тозған сырғанамалы подшипниктердің орнына жаңасы орнатылады.
Металлургия жабдықтарында жиі қолданылатын антифрикциялық материал ретінде баббит пен синтетикалық материалдар (текстолит) қолданды. Тозған сырғанамалы подшипниктердің антифрикциялық материалы толық алынады, ал олардың орнына жаңасы құйылады.
Егерде подшипниктерге түсетін меншікті қысым шамасы 10-15Па, ал жұмыс жылулығы 120°С аспаған жағдайда, подшипник материалы ретінде баббит қолданылады. Жоғарғы меншікті қысым мен жылулықта жұмыс істейтін подшипниктер, қорғасынды қоладан құйылады. Кейінгі кезде баббиттің жетілдірінген Б83, БМ, БН, БТ маркалы қорытпалары қолданылып жүр. Баббитті құю процесі подшипниктердің барлық түріне бірдей, тек олардың кейбіреулері ғана жеке операциялар түрімен өзгешеленеді.
Подшипниктерді құю төмендегі ретпен жүргізіледі: подшипниктердің ішпегін тазалау және жуу, ескі баббитті шығару; ішпектерді майдан тазарту; өңдеу, подшипңиктерді флюстеу және қалайылылау. Тозғаннан қалған баббитті өткір қашаумен шауып немесе дәнекерлегіш көмегімен балқыту арқылы тазалайды.
Ескі баббитті тазалаудың жетілдірілген тәсілдерінің бірі, подшипник-терді шомылдықтағы немесе отбақырдағы балқытылғанп баббитке салып тазалау. Подшипниктерді өңдеу үшін 30% хлорлы мырыш қышқылының тұзды ерітіндісі қолданылады. Тұрқы бөлшектерін кірден, майдан және оксидтерден каустикалық сода ерітіндісінде тазалап, ыстық сумен жуған соң кептіреді.
Егерде тұрқы бөлшегінде антифрикциялық қабатты бекітуге арналған ойық тесігі болмаған жағдайда, жаңа баббит қабатын құяр алдында, оның беті третникпен (70% қалайы, 30% қорғасыннан тұратын қорытпамен) қалайыланады. Баббит ашық отбақырда балқытылады. Олардың балқыту жылулықтары бабиттердің маркаларына тікелей байланысты.
Мысалы, Б83 антифрикциялық баббитің ең жақсы қасиеті 340-420°С, аралығында балқытқанда пайда болады. Баббитгі шектен тыс жылулыққа қыздырған жағдайда үлкен дәнді құрылым пайда болады және антифрикциялық қабаттың механикалық қасиеті төмендейді. Балқыған баббиттің тотықпауын қамтамасыз ету үшін, оның бетіне ағаш көмірі төселеді. Құюға дайындалған отбақырдағы сұйық баббиттің жылулығын, керосин немесе бензин шамдарымен немесе электр тоғымен қыздыру арқылы сақталады.
Подшипниктерді темірқорамдарға қолмен немесе ортадан тепкіш күш әсерімен және қысыммен құяды. Барлық жағдайда, ішпек 200-250°С дейін қыздырылуы қажет. Қолмен құйғанда, екі бөліктен жалғанған ішпек асбест табағының үстіне тік етіп орнатылады. Оның ішкі жағына, ағаштан жасалған цилиндр тәріздес тығын асбестке оралып орнатады. Ішпек пен ағаш цилиндрі арасындағы саңылауға балқытылған баббит құйылады.
Құйылған подшипник суыған соң қалыптан шығарылып өнделеді. Ортадан тепкіш күш әсерінен құюды, ішпекті айналдыру арқылы орындайды. 9- суретте жонғыш білдекті қолдану арқылы ішпекті ортадан тепкіш күш әсерімен құю әдісі көрсетілген.
4 - сурет.. Ішпектерді ортадан тепкіш күш әсерімен күю сұлбасы
Ішпек 3 жиналған айлабұйым білдектің 1 қысқышсына бекітіліп, айланды-рылады. Айлабұйымның қақпағындағы тесік арқылы шөміштен үздіксіз балқытылған баббит құйылады.
Айландыру барысында балқытылған баббит біркелкі қабатпен қабырғаға жабысып, біртіндеп суыған соң білдектен шығарылады. Білдектен шығарылған подшипниктерді жону арқылы өндейді.
Өнделген подшипниктерге май жүретін тесіктері мен майландырғыш бунақ-тар жасалады. Подшипниктердің біліктің мойнына отыратын жерлері қыру арқылы өңделеді.
Әдебиеттер: 3 қос. [94 - 98].
Бақылау сұрақтары.
1. Тербелмелі подшипниктердің ақауларын түзету үшін не істеу керек?
2. Сырғанамалы подшипниктердің істен шығуының негізгі себептері?
3. Сырғанамалы подшипниктердің негізгі ақаулары ?
4. Подшипниктерді құю қандай ретпен жүргізіледі ?
5. Подшипниктерді темірқорамдарға құю әдістері қандай ?
8 - Дәріс. Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру
Ажырамайтын баспақты қосылыстар келесі әдістермен алынады:
- бойлық құрастыру осьтік күш әсерінен (баспақтаумен) ;
- көлденең құрастырумен – бір- бірімен жанасатын бөлшектер қызып кеткен жағдайда суыту және оларды құрастыру процесі кезінде еркін қосылуына мүмкіндік береді.
- көлденең және бойлық құрастырулардың бірігуінен, мысалы гидробас-пақпен құрастыру кезінде, оның қосылу аймағына осьтік күшпен қатар көлде-нең құрастыруға қажетті мөлшерде жоғары қысымда май беріледі.
Баспақты қосылыстардың беріктігі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар құрастыру сапасымен жанасатын беттердің күйін көрсететін берілістен де болады.
Баспақты қосылыстарда бөлшектерді қарапайым жеңіл әдіспен алуға болады. Олар қолдан, гидравликалық және пневматикалық әдістер арқылы жүргізуге болады. Баспақтауды орындайтын кезде, алдыменен қамтылатын бөлшектерді үлкен емес күшпен қамтитын бөлшектерге бағыт беру мақсатында іске асырылады.
Баспақтаудың соңында қамтыланатын бөлшекті тығыз орналастыру үшін күшті көбейтеді. Сонымен бірге баспақтау кезінде ауытқулардың болмауын мұқият қадағалау қажет. Баспақтау өнімділігімен сапаның жоғары нәтижесін арнайы құралдарды қолдану арқылы алуға болады.
Егер шағын бөлшектерді ауыр корпустарға баспақтау керек болса (әсіресе қол жетімсіз жерлерде), онда қолмен жұмыс істейтін (9,а сурет) немесе пневматикалық домкраттарды қолданған дұрыс. Осы жағдайларда арнайы гидравликалық (9,ә сурет) немесе көп еңбекті қажет етпейтін, бірқалып-тылықты және баспақтау сенімділігін қамтамасыз ететін бұрандалы (9, б сурет) құралдарды қолдану мүмкін.
а ә б
а- қолды домкратпен; ә,б - гидравликалық және бұрандалы құрал- сайманды домкратпен; 1 - баспақталатын бөлшек; 2 -корпус; 3 - домкрат
9 - сурет. Бөлшектердi баспақтаудың әдiстерi
Баспақтау кезінде күшті азайту үшін майлауды қолданады, яғни жанасатын бөлшектердің үйкелісу беттеріне жүргізілетін ұнтақты түрдегі сернисті молибден қолданады. Сернисті молибденді қолдану баспақты қосылыстарда жанасатын беттерде үйкелістердің жоқтығын қамтамасыз етеді.
Баспақтаудан басқа қосылыстарды алу үшін керілісті термиялық құбылыс-пен бір немесе екі бөлшекті қосуда, бөлшекті қыздыруда және сууытуда осы әдісті қолданады. Кейбір жағдайларда бөлшектерді бір уақытта қыздыру және суыту қолдану мүмкін. Қосылыстың беріктігі, жылу құбылысын қолдану 1,5...2 рет қосылыс берiктiгiн жоғарылатады. Термиялық әсермен жалпы және жергілікті бөлшектерді қыздыру мен құрастыру әдісі тиімді қолданылады. Бұл әдіспен үлкен диаметрді кіші диаметрлі ауданымен жанасатын бөлшектерді қосуда қолданылады.
Орташа және кіші өлшемді бөлшектерді қыздыру майлы немесе сулы ванналарда жүргізіледі. Ірі габаритті бөлшектерде жергілікті жылыту бөлігін саңылауларына отырғызуда қолданы-лады. Жергiлiктi жылыту газ шiлтерi көмегiмен iске асыра алады, оларға спиралi бар құрылым немесе ТВЧ индукторы кіреді. Қыздыру температурасына тиiстi керiлiстік байланыста бөлшектердi қыздыру 75 тен 400°С аралығында болып тұрады. Автоматты құрастыруда бөлшектерді қыздыру арнайы туннельді пештерде жүргізіледі. Сақиналы түрде бөлшектердi қыздыру үшiн арнайы индукциялы құрылымдар қолданады. Бөлшектерді терең суытуда сұйық азотта (-195,6°С ) немесе қатты көмір қышқылда (-78,5°С) жүргізіледі. Сұйық оттегі және сұйық ауа бұл үшін жарамайды, өйткені олар жарылғышты келеді. Бөлшектерді суыту және сұйықтарда ұстау уақыты олардың өлшемдері мен салмағына байланысты. Сұйықты азотта шамамен ұстау уақыты: жұқа-қабырғалы бөлшектерде қабырғасы 7-10мм қалыңдықта 8-10мин; төлкелерді қабырғасы 20-30 мм қалыңдықта 15-20 минут; қалың қабырғалы бөлшектерді қабырғалары 40-50 мм қалыңдықта 35-40 минут болады.
Көмір қышқылды қолдану кезінде суыту арнайы термоста жүргізіледі. Суытуды жақсарту үшін мысалы көмірқышқылға метилды немесе денатурды спиртті қосып, сұйықты ортада орналастырады. Сондықтан алдымен ыдысқа сұйықты құяды, ал содан кейін көмірқышқылды қосады. Терең суыту әдiстiң кемшiлiгi бөлшектердi қосуда соқпа тұтқыр-лығының кiшiрейуі, суыққа ұшырауы, отырғызу қосылыс-тарын таңдау кезінде ескерту қажет. Егер қосылыстарда нақты керілістер қарастырылған болса, онда құрамалы әдісті қолдану - бөлшектерді қыздыру және суыту ұсынылады. Бөлшектің кеңеюімен арасындағы тәуелділік (қысумен немесе диаметрі бойынша) және қыздыру температурасымен (суытумен)келесі формула бойынша есептейдi
мұндағы k - кеңейту (немесе қысу) мм;
d - отырғызу диаметрі, мм;
α - құюдың кеңейту (қысу) коэффициенті, қыздырылатын металл (немесе суытылатын) бөлшектер;
t - қамтылатын қыздырудың температурасы °С (немесе қамтылатын суыту), бөлшектер. Шамалы мәндерді есептеу үшін кеңейту (немесе қысумен) бөлшектер 0,001 температураны 100°С өзгерiсiнде қабылдайды.
Баспақтаудың күшін анықтау
Қажетті күштi баспақтауда мына формула бойынша анықтауға болады,
мұндағы ƒ3 - баспақтау кезде үйкелес коэффициенті;
d - түйiндестiрiлетiн бөлшектiң саңылау диаметрі, мм;
l - түйiндестiрiлетiн бөлшектiң ұзындығы, мм;
р - меншiктi қысым, Н/см2.
Тәжірибенің көрсетуінше, демек екi-үштен кейін қайталанатын баспақтау-ларды және баспақтан шығару күштерінің кішіреюінде ғана емес, сонымен бірге тіпті ұлғаюы да мүмкін, қосылыстардың беріктігі сақталуы шарттары бойынша қайтадан баспақтауға толық шақтамалы.
Бөлшектердi баспақтау технологиясы.
Қамтылған бөлшектерді қыздырумен баспақтау негізгі бейнемен, егерде баспақтауға отырғызу мүмкiн емес немесе қиын болған жағдайда, үлкен диаметрлер кезінде және аса ұзын емес жанасатын бөлшектерде қолданылады. Қажетті қыздыру температурасын талап ететін керілісті және жанасатын өлшемдерінің тәуелдігін анықтайды. Ыстық отырғызуларда керiлiстер пайда болады, олардың орташа шамасы 2 есе көбiрек, ал алынатын отырғызуларда баспақтаулар кезінде жасалады. Қамтыланатын бөлшектерді қыздыру темпера-тураны мына формула бойынша анықтайды.
мұндағы, i max - ең үлкен отырғызу керiлiсі, мм;
Δ – минималды қажетті, құрастыру кезінде берілген саңылау, мм;
α – сызықты кеңейту коэффициенті;
d - түйiндестiрiлетiн беттердің, номиналды диаметрi, мм;
t0 - қоршаған ортаның температурасы, 0С.
Қателікті компенсациялау үшін, баспақтау уақытында салқындатумен байланысты болады,ал қыздыру температурасын әдетте 15-20% -ке есептеуден көбірек қабылдайды. Негізгі артықшылықтары бумен және сумен қыздыру кезінде бөлшектерді бір қалыптылықпен қыздырады.
Бөлшектерді маймен қыздыру мойынтректерді арнайы төсемдер арқылы ваннада орнатады. Ваннаның қабырғасымен және түбіндегі байланысты қорғау үшін, сонымен қатар айналу бөлшектерін маймен қыздырғанда барлық жақтарының қалыңдығы кемінде 30÷40 мм қалыпты болу үшін. Қыздыру майда 40 минуттан көп емес және 90°С -температурада жүргізіледі. Қыздыру уақыты және майдың температурасы басқа бөлшектер үшін ұлғаюы мүмкін.
Үлкен керіліспен отырғызу кезінде құрамалы тәсілді қолданады: қамтылған бөлшекті қыздырады, ал қамытылғанды суытады. Құрамалы тәсіл кезінде құрастырулар қамтылатын бөлшек көп жағдайларда салыстырмалы темпера-турада 50÷150°С қыздырады. Мұндай қыздыру бөлшектің материа-лы үшін қауіпті емес.
Әдебиеттер: 1 нег. [70-76], 2 қос. [120-129]
Бақылау сұрақтары.
1. Баспақтау қосылысы қандай тәсілдермен алынуы мүмкін ?
2. Баспақтау қосылыстарының қандай тәсілін алуы аса қарапайым болып табылады?
3. Баспақтау кезінде күштердi азайту үшiн не қолданылады?
4. Жылулық әсерiмен алынған қосу берiктiгi баспақта жиналған қосылыс берiктiгiн неге жоғарылатады?
5. Қандай артықшылықтарымен алынған қосылыстар терең суытуды әдiске ие болады?
9 - Дәріс. Тісті және бұрамдықты берілістерді жөндеу
Тісті қосылыстарды пайдалану барысында төмендегі ақаулар жиі кездеседі.
Оларға жататындар: тістердің бүйір беттері мен дөңгелектің күпшегінің биік бойымен қозғалатын орталықтандыратын цилиндрлі беттерінің тозуы; қосы-лыстарға бұрану кезеңінің әсерінен болатын тістердің бүйір беттерінің жаншылуы; беріліске әсер ететін динамикалық күштерден, тістердің сыртқы қабатындағы металдың үгілуі; тістердің ұзындық бойында біркелкі тозбауы.
Біркелкі тозбаудың себебі, тіс тәжінің, шкивтердің тоғындарының және дискалардың жұмыс беттерінің күпшекке қарағанда симметриядан ығысын орналасуларының нәтижесінде, тісті қосылыстардың жұмыс беттеріне түсетін меншікті қысымның әртүрлі болғандығынан болады.
Тісті қосылыстардың біркелкі тозбауы, қосылыстардың арасындағы саңылауларды ұлғайтады, ал ол тісті дәңгелектердің қисайып жалғануына әкеліп соғады. Тісті қосылыстағы жанасып жұмыс істейтін, тістері тозған немесе сынған қосылыстардың тісті дөңгелектері бірдей ауыстырылады. Егерде тісті қосылыс-тардың үлкен дөңгелегі кішісінен бірнеше есе үлкен болған жағдайда, тозған кіші дөңгелектің уақытылы ауыстырылуы, үлкен дөңгелекті тозудан сақтайды. Бұл жағдайда, ауыстырылатын дөңгелектің тістерін, ауыстырылмайтын дөңгелек-тің тістерінің тозу шамасына ұлғайтып жасау қажет. Мұндай амал, жанасатын тісті дөңгелектердің бүйіріндегі саңылауларды сақтау үшін қажет.
Тісті дөңгелектердің тозған тістерін балқытып қаптастыру, бірнеше тіс тобын немесе тісті бұрандап орнату арқылы жөндейді. Мұндай әдістерді тек уақытша жөндеу деп қарастыру қажет және баяу қозғалатын, жауапкершілігі төмен тісті берілістердің бір немесе бірнеше сынған тістерін ауыстыру үшін және басқа қалпына келтіру әдістері болмаған жағдайда қолданылады. Тістерді бұрандап орнату арқылы жөндегенде, сынған тістердің орнына орнатылатын тістер бірнеше тығыз бұрандалы сұққыштар арқылы орнатылады (10 а-сурет).
Сұққыштар дөңгелектің пішініне қарай араланады немесе жонғыш білдектерімен өңделеді. Кейбір жағдайда сұққыштарды дөңгелектің пішініне сай өндеу алдында металл қабатын балқытып қаптастырады. Аталған жөндеу жұмыстарымен қатар, дөңгелектің тоғынында қарлығаш құйрығына ұқсаған ойық жасалады (10ә -сурет). Осы ойық пішініне сәйкес тістері бар ендірме тығыздалып енгізіледі. Ендірме бұрама көмегімен немесе пісіру арқылы бекітіледі (10- сурет).
10 - сурет. Тісті дөңгелектердің сынған тістерін жөндеу әдістері
Тіс топтарын арнайы жасалған тісті тәжден немесе сол дөңгелек өлшем-деріне сай келетін сынған тісті дөңгелектерден кесіп алынады. Тісті дөңгелектердің жөндеуінің ең көп тараған түрінің бірі, жаңа тісті тәж орнату арқылы қалпына келтіру. Күрделі пішінді тісті дөңгелектердің көптеген тістері тозған жағдайда, олардың орнына тісті тәж жасалынып, оны дөңгелекке нығыздап отырғызу арқылы қалпына келтіреді. Ол үшін дөңгелектің тістері түгелдей кесіліп тазартылған соң, орнына өлшемдері сәйкес келетін алдын ала даярланған тісті тәж орнатылады. Тәжді тісті дөңгелектің жонылған тоғынына суық немесе ыстық күйінде орнатылады. Ыстық күйінде орнату сенімдірек.
Сапталған тісті тәж, кейбір жағдайда бір жанынан бұрамашегемен немесе пісіру арқылы бекітеді. Бұл әдісті тісті дөңгелектердің қалған бөліктері қанағаттанарлық болған жағдайда, ал тістері жоғарғы күш әсерінен сылған немесе тозған тәждерін қалпына келтіру үшін қолданылады. Егер де термиялы өңделген дөңгелектерден тісті тәжге дайындау керек болған жағдайда, оларды алдын ала босаңдату қажет. Ол үшін ең орындысы, жоғарғы жиілікті токпен (ТВЧ) қыздыру қажет, себебі бұл жағдайда тісті дөңгелектердің тек керекті немесе ауыстырылатын бөлігін ғана өндеу арқылы, қалған бөліктерінің құрылымын сол күйінде қалдыруға мүмкіндік туады. Қымбат және жасалуы күрделі, бірақ ол жұмысқа жарамды бөлшектердің тозған бөліктерін ғана ауыстыру арқылы қалпына келтіріледі. Мысалы, берілістер қорабының тозған бөлшектерін ауыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Тісті біліктің тозғаң тістерін қалпына келтіру үшін, тозған тістерді, білдекте жөнып алу қажет. Содан соң, арнайы тісті құйрықша дайындап, оны білікке нығыздап отырғызған соң, газ жалынымен немесе электрдоғасымен пісіріледі. Осылай қалпына келтірілген биік түзетіліп, ауытқу шамасы тексерілген соң, пісірілген жерлері ажарлауға әдіс қалдырып білдікте жонылады. Біліктің пісірілген бөлігін шынықтырылған соң, қайта түзетіліп, ажарлау өңдеуі жүргізіледі. Үлкен қадамды тісті дөңгелектердің тозуға төзімділігін арттыру үшін, сормайтпен немесе сталинит-пен балқытып қаптастыруға болады. Дөңгелектің тістерін сормайтпен балқытып қаптастыру технологиясы мына ретпен жүргізіледі. Тіс беттері кірден және қылаудан тазаланған соң, тозған беттер электрдоғамен балқытып қаптасты-рылады. Балқытып қаптастырылған қабат шлак пен отқабыршақтарынан тазартылады (11- сурет).
11- сурет. Тозған тістерді сталинитпен балқытып қаптастыру сұлбасы
Содан соң, әр тіске 1 сталинит шихтасының қабаты салынып, электрод-тарын қолдану арқылы электрдоғасымен балқытылады. Нәтижесінде 2 балқытылып қаптастырылған сталинит пен болаттан құралған қабат пайда болады. Осылай барлық тістер балқытып қаптастырылған соң, олар тазаланады. Тазаланған беттерге сталинит шихтасын қайта салып, көмір электродтарын қолдану арқылы электр доғасымен балқытады. Барлық тістердің қимасы үлгі көмегімен өлшенеді, сонда сталинитпен қаптастырылған қабаттың қалыңдығы өңдеуге керекті әдіс пен дайын тістің қалыңдығына сәйкес болуы қажет.
Балқытып қаптастырылған тістер, дәлділігі 40-50 корборунд дөңгелектерімен өңделеді. Бұл әдіс, тістерді қалпына келтіруде тәжірибесі мол маман ғана орындай алғандықтан өте сирек қолданылады. Тозуға төзімді қорытпалармен балқытып қаптастыруды дөңгелектердің тістерінің табиғи тозуынан кейін қолдануға болады.
Жөнделген тісті дөңгелектерді жоғарғы ұқыптылықпен құрастырылуын, яғни тістердің жанасуын тексеру қажет. Тексеру үшін, тісті берілістің бірінші дөңгелегінің бүйір беттеріне жұқа етіп бояу (берлин лазурі, баспахана бояуы) жағылады. Осыдан кейін, тісті берілістің бояу жағылған дөңгелегі айналдырылады. Жанасудың дұрыстығын екінші дөңгелекке түскен бояу дағының пішіні мен өлшеміне қарай анықтайды. Тісті берілістердің дұрыс жұмыс істеуі үшін, олардың радиалды және бүйір саңылауларының керекті мөлшерінің сақталуы қадағаланады (12-сурет).
Тістердің бүйір саңылауы, олардың жұмыс істеу барысында бір-бірімен тістесіп қалмауын қамтамасыз ету үшін қажет. Радиалды және бүйір саңылауларды қармауышпен, мөлшерленген сыммен немесе қорғасын тілігімен тексеріледі. Мөлшерленген сымды немесе қорғасын тілікті тісті дөңгелектердің арасынан өткізіп, саңылау мөлшерін микрометрмен немесе штангенциркульмен өлшеу арқылы тексереді.
12-сурет. Тісті іліністердің саңылаулары: а - радиалды, б - бүйір.
Бұрамдық берілістерді жөндеуі. Бұрамдық берілістердің тозуының негізгі түрі, жұмыс элементтерінің қажалуы (бұрамдықтың орамының және дөңгелектің тістерінің) болып саналады, тозу нәтижесінде олардың калыңдықтарының төмендеуі бұрамдықтың орамы мен тістерінің мықтылығын төмендеуге әкеліп соғады.
Бұрамдық берілістерді жөндегенде, бұрамдық пен бұрамдық дөңгелегінің жұмыс беттері жұмыс істемеген жағына ауыстырылады, бұрамдық ось бойымен белгіленген мөлшерге ығыстырылады немесе берілістің тозған элементтері ауыстырылады. Көп жағдайда, бұрамдықтың тозуы дөңгелекке қарағанда аз мөлшерде болғандықтан, дөңгелектің өзін ғана аударған жеткілікті.
Бұрамдық берілістерді жөндеудің кеңірек тараған тәсілінің бірі, олардың тозған элементтерін ауыстыру болып саналады. Шынықтырылған бұрамдықты берілісте негізінде дөңгелектің тісті тәжі, ал шынықпаған бұрамдықгы берілістердің дөңгелегі мен бұрамдық бірге ауыстырылады. Тозған тісті тәждерді өңдегенде оларды отырғызуға керекті өлшемдерін қамтамасыз ете отырып жүргізеді. Бұрамдықтың тісті тәжінің сыртқы беттеріне алдымен алғашқы өндеу жүргізіледі, ал тісті тәж күпшекке отырғызылғанан кейін керекті тазалыққа дейін өңделеді. Тәждің сыртқы беттеріне таза өндеу жүргізгенде технологиялық орнығы ретінде күпшек тесігінің беттері алынады. Сонымен қатар, күпшек тесіктерінің беттері, дөңгелектің бастапқы шеңбері мен біліктің подшипник отыратын мойынының осьтестігін қамтамасыз ету үшін керекті технологиялық орнығы болып саналады.
Бұрандалы қосылыстарды жөндеу. Бұрандалы қосылыстарда бұрандаманың орташа диаметрінің пішінінің өзгеруі, жұмыс бетіндегі бұранданың пішінінің жаншылуы, бұрандамалардың өзегінің майысуы немесе сынуы секілді тозу түрлері болады.
Тозган бұрандалы қосылыстардың бөлшектері (бұрандама, бұрама, бұрама-сұқпа) қалпына келтірілмейді, олар жаңа бөлшектермен ауыстырылады. Бұрама-сұқпаның өзегі майысса, бұрандамасы бүлінсе олар міндетті түрде жаңа бөлшектермен ауыстырылады. Егерде тесіктердің бұрандасы тозган немесе бұрандасы кесіліп кеткен жағдайда, тесікті келесі өлшемге ұлғайтып тесіп, жаңа бұранда кесіледі. Ондай тесіктерде екі сатылы әртүрлі диаметрлі бұрамасұқпа орнатуға болады.
Бұрмасоқпаның диаметрі үлкен жағымен тұрқының кеңейтілген тесігіне енгізіледі, ал екінші жағына тозбаған, бұрылғы қолданылған гайканың диаме-тріне сай бұранда кесіледі. Көп жағдайда тесіктердің бұрандасы тозған кезде, олар үлкенірек өлшемге тесіледі. Ал оған ішкі диаметрі бұрынғы тесіктерге сай келетін өтпелі немесе ауыстырмалы төлке орнатынып бұранда кесіледі.
Өтпелі төлке орнату арқылы тесіктерді қалпына келтірген кезде мынандай жағдайлардың сақталуы қажет: төлкенің ұзындығы бұрынғы тесікте кесілген бұранданың ұзындығынан кем болмауы; төлкені бояуға (сурик немесе ақ бояу), баспалау, бұранда арқылы бұрап енгізу; төлкенің ұшы бөлшек бетінен шықпауы; төлкенің қозғалуын шектеу үшін, төлке мен бөлшектің шеңберінің үш жерінен тереңдігі 1-1,5 мм нүкте белгі қойылуы керек немесе тұрақтандыратын бұрама орнатылады.
Өтпелі бұрандамалы төлкелер болаттан жасалады. Бұл әсіресе шойын бөлшектерінің тозған тесіктерін жөндегенде тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер: 3 қос. [103-108 ]
Бақылау сұрақтары
1. Тісті қосылыстарды пайдалану барысында кездесетін ақаулар қандай?
2. Тісті дөңгелектердің тозған тістерін қалпына келтуру әдістері қандай?
3. Тісті дөңгелектердің сынған тістерін жөндеу әдістері?
4. Бұрамдық берілістерді жөндегенде нелер ауыстырылады?
5. Бұрандалы қосылыстарды жөндеу.
10 - Дәріс. Техникалық күту мен жөндеуді ұйымдастыру және өткізу.
Терминдер мен анықтамалар.
"Техникалық күту" мен жөндеудің терминдері МЕСТ-18322-78 техникалық күту мен жөндеу техникасы жүйесінде ережеленген.
Техникалық күту дегеніміз жабдықтардың атқаратын міндетіне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жұмыс қабілетін сақтап, бүлінбеген күйінде ұстап тұруға көмектесетін операция немесе операция жиынтығы.
Металлургия жабдықтарының техникалық күтуі, екі жоспарлы жөндеу аралығында, жабдықтардың жұмыс қабілетін сақтауға бағытталған жұмыстар жиынтығы. Оның құрамына жоспарлы профилактикалық байқау, күту, қадағалау мен әрбір ауысымдардың жүргізетін күтуі кіреді. Техникалық күтудің басқы мақсаты жабдықтардың бүлінген жерлері мен ақау түрлерін анықтау және оларды қалпына келтіру арқылы бөлшектер мен тораптарды мезгілсіз тозудан сақтау шаралары. Сонымен қатар, алдағы атқарылатын жөндеу жұмыстарының көлемін, мерзімі мен ұзақтығын дұрыс анықтау үшін қажет.
Жөндеу дегеніміз жабдықтардың немесе оларды құрайтын тораптардың бұзылған жерлерінің алғашқы қорын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіруге арналған күрделі операция.
Жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстардың кейбіреулері техникалық күтуде атқарылған жұмыстармен сәйкес болуы мүмкін, бірақ жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстардың міндетті түрдегі шарты, жабдықтардың, алғашқы техникалық нормативті құжаттарда көрсетілген сипаттамаларын қалпына келтіруге бағытталуы қажет.
Жөндеу жұмыстарын өндірістік цехтардың жөндеушілері немесе заводтың бас механигінің қарамағындағы жөндеу цехінің немесе мамандандырылған жөндеу тресттерінің жұмысшылары жүргізеді.
Техникалық күту мен жөндеу жүйесі (ТК мен Ж) дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты жабдықтардың, ТК мен Ж құжаттарымен орындаушылардың жабдықтарды қалпына келтіріп, жұмысқа жарамды күйінде ұстап тұруға бағытталған, ТК мен Ж жүйесіне кіретін жиынтық.
Техникалық күту мен жөндеу жүйесіне кіретіндер: екі жөндеу аралығында жүргізілетін техникалық күту мен оның құрамындағы жабдықтардың профилак-тикалық байқауы мен әрбір ауысымдардың жүргізетін күтуі және жабдықтардың жоспарлы жөнделуі.
Техникалық күтудің (жөндеудің) мерзімділігі дегеніміз жабдықтардың екі техникалық күту (жөндеу) аралығындағы уақыты немесе жұмыс істеуі.
Жөндеу циклі дегеніміз жабдықтың ең аз уақытта қайталанып атқарылатын екі жөндеу аралығы, яғни осы жөндеу аралығында белгіленген ретпен анықталған жөндеу түрлері жүргізіледі. Металлургия саласындағы жөндеу циклі ретінде екі күрделі жөндеу аралығы алынады.
Жабдықтарды техникалық пайдалану.
Техникалық пайдалану дегеніміз жабдықтарды пайдалану барысында олардың техникалық көрсеткіштерін төмендетпей, бір қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін күрделі шаралар жиынтығы. Бұл шараларға машиналар мен агрегаттардың жұмыс істеу барысындағы технологиялық процестің дұрыс жүруін қадағалау және техникалық күтуі мен жөндеу жұмыстары кіреді.
Машиналар мен агрегаттардың жұмысын және ондағы технологиялық процесінің дұрыс жүруін өндіріс цехінің технологтары жүргізеді. Олар, технологиялық процестердің талабына қарай, машиналар мен агрегаттардың жұмысын икемдейді және технологиялық процестерге сай олардың параметр-лерінің сақталуын қадағалайды және олардың параметрлерінің шектен тыс өзгергенінде уақтылы жұмыс режиміне сәйкестендіріп реттеп отырады.
Агрегаттар мен машиналарды техникалық күтуді және жөндеуді өндіріс цехінің әрбір ауысымдағы кезекшісі мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар орындайды. Жөндеу жұмыстарына, аталған мамандардан басқа, заводтың жөндеу жұмыстарын жүргізетін цехының немесе мамандандырылған жөндеу тресттерінің жұмысшылары қатысады.
Жабдықтарды дұрыс пайдалану бекітілген техникалық пайдалану ереже-лерімен анықталады. Техникалық пайдалану ережелерінде жабдықтарды
пайдаланатын және техникалық күту мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін инженер-техникалық, пайдаланушы және жөндеуші қызметкерлердің міндеттері анықталған. Сонымен қатар, бұл ережеде барлық жабдықтарға жүргізілетін технологиялық операциялардың реті, әрбір ауысымдардың жабдықтардың жоспарлы тоқтауына дейін жүргізілетін профилактикалық қарауларды орындау реті, машилалар мен механизмдердің жұмыс істеу барысындағы ауысымдық, кезекші, жөндеу жұмыстарын жүргізу реті, инженер-техникалық мамандар орындайтын күнделікті күту, жоспарлы тексеру мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған нұсқаулар берілген. Ережеде машилалар мен механизмдердің жауапты бөлшектерінің ең шеткі тозуының мөлшерлері келтірілген.
Техникалық пайдалану ережелері мен жабдықтардың дұрыс күйінде сақталуын қадағалау заводтың директорына, бас инженеріне, цех бастығы мен оның жабдықтар жөніндегі орынбасарына жүктелген.
Жабдықтардың жұмыс жасауының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін ережеде мынандай шаралар көзделген: жабдытарды профилактикалық қарау; анықталған ақауларды түзету; әр-техникалық қызметкерлердің белгіленген мезгілмен жабдықтарды тексеріп, анықталған ақаулар мен оларды түзету мерзімін агрегат журналына жазу; бекітілген графикпен, белгіленген уақытта керекті тексеру мен жөндеу жұмыстарын өткізу.
Ауысымды тапсыратын жұмысшылар, тапсыру және қабылдау журналына ауысым кезінде атқарылған жұмыстар мен жабдықтың күйі, анықталған ақаулар жайында, техникалық пайдалану ережелерінің немесе технологиялық нұсқаулардың бұзылғаны және қалай түзетілгені жайында қабылдап алатын ауысымды хабарлар етуі тиіс.
Журналға жазылған ақпарат, қабылдап алған ауысым жұмысшыларының анықталған ақауларды түзетуге керекті жұмыс көлемі мен жөндеу жұмыс-тарының жалпы көлемін анықтауға көмектеседі.
Техникалық күтуді өткізу және ұйымдастыру.
Техникалық күтуді өндіріс цехінің пайдаланушы, кезекші және жөндеуші жұмыскерлері жүргізеді. Жөндеуші және кезекші жұмысшылар, цехтің механиктер қызметінің құрамына кіреді және оларды цехтің аға механигі немесе цех бастығының механикалық жабдықтарын қадағалайтын орынбасары басқарады. Оған цехтың механигі бағынады.
Цехтың механигіне әрбір бөлімшенің мастер-механиктері бағынады. Сонымен қатар, әр цехта крандарды, гидравликалық жабдықтарды және машиналарды майлауды ұйымдастыратын мастер-механиктер болады. Мастер-механиктердің қарамағында жеке бригадаларға бөлінген кезекші және жөндеуші жұмысшылар болады.
Кезекші жұмысшылардың (слесарьлар) әр қайсысы жеке жабдықтардың жұмысына жауапты және олар өздерінің ауысымдарында жұмыс істейді. Кезекші жұмысшыларға техникалық күтуді жүргізу көлемі жүктеледі. Олар тек күндізгі ауысымда жұмыс істейді. Олардың міндетіне жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін жөндеуге дайындау (екі жөндеу аралығында) және жөндеуді өткізу жүктеледі.
Профилактиканың қарауды, сол жабдықта жұмыс істейтін пайдаланушы жұмысшылар жүргізеді. Ауысым бойында жабдықты күтуді пайдаланушы және кезекші жұмысшылар жүргізеді. Пайдаланушы жұмысшылардың міндетіне механи-змдерді ретке келтіру, технологияның нұсқауларды қатаң түрде сақтау, жабдықтың параметрлері шектен шыққан жағдайда уақтылы тоқтату, шеткі өшіргіштерді, тежеу құрылғылары мен белгі беру жүйесінің жұмысын тексеру, жұмыс орны мен жабдықты тазалықта ұстау кіреді. Кезекші жұмысшылардың міндеті: сұйық және қою май құбырлары мен технологиялық арматура жүйесінің істен шықпауын қадағалайтын құрылғылардан, жабдықтардың картерлері мен гидрожүйесінен майдың ақпауын тексеру; подшипник тораптарын; тісті берілістердің, гидравликалық және пневматикалық жүйелерін; машина тораптары мен бөлшектерінің сенімді бекітілуін қадағалау және т.б. жұмыстар кіреді.
Цехтың инженер-техникалық қызметкерлері заводтың бас инженері (механигі) бекіткен кесте бойынша, жабдықтарға профилактикалық жоспарлы қарау жүргізеді. Қараулардың мақсаты жабдықтың істен шығуына немесе апатты тоқтауына себеп болатын ақауларды анықтау, жауапты бөлшектердің техникалық күйі мен өткізілетін жөндеулердің көлемін белгілеу болып саналады. Осылай анықталған ақаулар машиналар мен агрегаттардың күнделікті журналына жазылады. Агрегат журналы жабдықтардың техникалық жағдайын, жұмыс қабілетін, жөндеу жұмыстарының мазмұны мен көлемін және бөлшектер мен тораптардың жұмыс істеу ұзақтығын анықтайтын негізгі құжат болып саналады.
Әдебиеттер: 3 қос. [113-117]
Бақылау сұрақтары.
1. Техникалық күту дегеніміз не?
2. Техникалық күтуді өткізу және ұйымдастыру
3. Жабдықтарды техникалық пайдалану.
4. Техникалық күту мен жөндеу жүйесі дегеніміз не?
5. Пайдаланушы жұмысшылардың міндетіне нелер кіреді?
11 - Дәріс. Машина тетіктерін жөндеу қызыметін жоспарлануы, жүргі-зілуі және қолданылатын жабдықтар. Жөндеу механиктерінің қызметін ұйымдастыру түрлері.
Жөндеу механиктерінің қызметін ұйымдастыру орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас түрлері болып бөлінеді.
Механиктер қызметінің орталықтандырылмаған жөндеу түрі, жөндеу-шілер мен материалды-техникалық жабдықтар әрбір технологиялық цехтарға бөлінеді және олар өздерінің күшімен осы цехта шоғырланған жабдықтардың жөндеуін ұйымдастырып, өткізеді.
Орталықтандырылған жөндеу түрі, барлық жөндеу қызметкерлері мен материалды–техникалық жабдықтар кәсіпорынның орталық жөңдеу цехында немесе басқа орталықтандырылған бөлімшелерде, болмаса арнайы мамандан-дырылған жөндеу мекемелерінде шоғырланады.
Жөндеудің орталықтандырылған түрі ең тиімді әдіс болып саналады, себебі күрделі және үлкен көлемді жеңіл-желпі жөндеулерді өткізу кезінде жеткілікті жұмыс күшін шоғырландыруға, жөндеуде индустриялық әдістерді қолдануға және жөндеу технологаясын үнемі жетілдіріп отыруға, жөндеудің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жөндеу жұмыстарының орталықтаңдырылуы өндірістік сала аралық және салалық болып бөлінеді.
Сала аралық орталықтандыруда күрделі жөндеу жұмыстары құрылыс монтаждау және мамандандырылған трест басқармаларының көмегімен жүргі-зіледі. Бұл мекемелерде жөндеу жұмыстарының сериялы әдістері қолданылған-дықтан еңбек шығынын азайтып, жөндеу сапасын жақсартуға мүмкіндік туады.
Салалық орталықтандыруда жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған күштер мен жабдықтар, осы саланың орталық мамаңдандырылған жөндеу меке-месінде шоғырланады.
Орталықтандыру деңгейі жөндеушілер санымен және атқарылған жұмыстардың бағасымен анықталады. Кәсіпорындардағы технологиялық және механикалық жабдықтарды пайдалану, техникалық күту мен жөндеудегі күрделі жұмыстарды ұйымдастыру мен басшылық ету осы кәсіпорынның бас механигіне жүктеледі. Оның, негізгі міндеті жабдықтардың жұмыс қабілеті мен қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Цехтар қызметі мен олардың жабдықтарды жөндеуге қатысты бөлім-дерінің жұмыстарын үйлестіру мен бағыттау, айлық, тоқсандық және жылдық жөндеу жоспарын жасау, жабдықтардың техникалық күту мен жөндеу кестесін құру, олардың іске асуына қажетті шараларды жасап, қадағалау бас механиктің бөлімдеріне жүктеледі.
Бас механик бөлімдеріне, әрбір цехтан жабдықтарды жөндеуге керекті қосалқы бөлшектерді қандай көлемде дайындау қажеттілігі жайында мәлім-демелер түседі.
Барлық цехтардан жиналған мәлімдемелерге сәйкес, бас механиктің бөлімдерінде жалпы кәсіпорынның жабдықтарын жөндеуге керекті қосалқы бөлшектердің тізімі кұрылады және олардың сатылып алынатындары мен өз күшімен қандай бөлігі жасалатын бөлшектер анықталған соң, механика-лық цехтарына тапсырыс жасалады.
Бас механиктің қол астына техникалық аппараты, механикалық жөндеу цехы мен жабдықтардың қосалқы бөліктерінің орталық қоймасы кіреді.
Бас механик, өзінің бөлімдерінің, цех механиктерінің және заводтың жабдықтарының жеңіл-желпі жөңдеуін жүргізетін бөлімшелердің жұмысы мен завод жабдықтарының орталықтандырылған күрделі жөндеуін жүргізетін кәсіп-орындардың немесе мамандандырылған жөндеу цехтарының жұмыстарын ұйымдастырады.
Бас механик тікелей бас инженерге бағынады. Бас механиктің техникалық аппаратының құрамына жоспарлы сақтық жөндеу бюросы кіреді.
Жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру және өткізу жұмыстары, жоспарлы сақтық жөндеу (ЖСЖ) жүйесінде анықталған нұсқаулар мен ережелер негізінде жүргізіледі.
Техникалық күту мен жөндеуді ұйымдастыру және өткізу.
Техникалық күту дегеніміз – жабдықтардың атқаратын міндетіне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жұмыс қабілетін сақтап, бүлінбеген күйінде ұстап тұруға бағытталған операция немесе операция жиынтығы.
Жөндеу дегеніміз – жабдықтардың немесе оларды құрайтын тораптардың бұзылған жерлерінің алғашқы қорын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіруге бағытталған күрделі операция.
Техникалық күту мен жөндеу жүйесі (ТК мен Ж) дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты және жөндеу құжаттарына сәйкес орындалатын жабдық-тарды қалпына келтіруге немесе жұмысқа жарамды күйінде ұстап тұруға бағытталған жиынтық.
Жөндеу әдістері мен түрлері.
Жөндеу оның мазмұнына, көлеміне, қаржылануына, жоспарлану әдісіне қарай бөлінеді. Технологиялық жабдықтарға жүргізілетін жөндеу түрлерінің бір-бірімен салыстырғанда, айтарлықтай өзгерістері бар.
МЕСТ-18322-78 талаптары бойынша жөндеу түрлерінің төмендегідей анықтама болып бөлінуі.
Күрделі жөндеу дегеніміз - бұйымның кез келген істен шыққан бөлігін, керек болған жағдайда орнықты бөлшегін ауыстыру арқылы, толық немесе толыққа жуық қорын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жөндеу. Толыққа жуық қордың мәнін техникалық нормативті құжаттар анықтайды.
Орташа жөндеу дегеніміз – бұйымдарды кұрайтын бөліктерінің шектел-ген номенклатурасын ауыстару немес қалпьна келтіру арқылы бұзылған жерлерін түзетіп, техникалық нормативті кұжаттарда бекітілген бөлшектердің техникалық күйін қадағалау үшін жүргізілетін жөндеу түрі. Шектелген қорының шамасын техникалық нормативті кұжаттар анықтайды.
Жеңіл-желпі жөндеу – бұйымның кейбір бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы жұмыс қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін жүргізілетін жөндеу.
Жеңіл-желпі жөндеу кезінде жабдықтардың тез істен шығатын тораптары мен бөлшектері ауыстырылады, жеке тораптарының жұмыстары реттеледі, жеке механизімдерін тазалап, жуу арқылы тозу шамасы тексеріледі, майлау жүйесінің майы ауыстырылғандағы, бекіту жүйелері тексеріліп, істен шыққан-дары ауыстырылады. Пеш агрегаттарының отқа төзімді қабаттары мен басқа бөліктері түгелдей немесе жартылай ауыс-тыру жұмыстары жүргізіледі.
Пеш агрегаттарының жөндеуге тоқтағандағы күйіне қарай жеңіл–желпі жөндеулерді ыстық немесе суық күйінде өткізілетін жөндеу түрлеріне бөледі. Жеңіл–желпі жөндеу негізгі қызметтің пайдалану шығынының өзіндік құн құрамындағы "Жеңіл–желпі жөндеу және негізгі өндіріс құрамдарын сақтау" мен "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысын статьялары арқылы қаржыла-нады.
Күрделі жөндеу кезінде жабдықтардың паспортындағы көрсетілген техни-калық сипатамаларының көрсеткіштері, яғни өнімділігі, дәлділігі, қуаты қалпы-на келтіреді. Күрделі жөндеуден өткен жабдықтардың сапасы жаңа жабдықтар-дың сапасымен бірдей болуы қажет.
Күрделі жөндеулер арнайы амортизация-лық бөліну арқылы қаржыланады. Бұл бөліну белгіленген амортизация нормасына сәйкес (6-50%) алынады және жабдықты пайдалану уақыт аралығында жиналған қарғысы, тозған жабдықтың орнына жаңасын алуға немесе күрделі жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс.
Орташа жөндеу күрделі және жеңіл–желпі жөндеулердің орта жағдайын құрайды. Жөндеу кезінде, агрегаттың күрделі жөндеуге дейінгі синхронды пайдалануын қамтамасыз ету мақсатымен, кейбір тұрқы бөлшектер күшейті-леді, іргетас пен іргетастың бекітетін бөліктері жөнделеді. Орташа жөндеудің мерзімділігі бір жылға дейін жөндеулер жеңіл–желпі жөндеу секілді, ал одан ұзақ болған жағдайда күрделі жөндеу секілді қаржыланады.
Жоспарлы сақтық жөндеу (ЖСЖ) жүйесінің негізгі мазмұны бөлінбейтін төрт элементтердің терме үйлесімінен тұрады: үйлесімді техникалық күтуден; техникалық пайдалану ережесін сақтаудан; техникалық күтуді қадағалаудан; жабдықты пайдалану мен шын мәнісіндегі күйіне қарай жүргізілетін жоспарлы сақтық жөндеуден. Алдыңғы үш элементі дұрыс орындалған жағдайда, төртінші элементтің шығыны төмендейді.
Қазіргі металлургия саласындағы жабдықтар мен тасымалдаушы құрылғы-лардың жоспарлы сақтық жөндеу жүйесі жеңіл–желпі және күрделі жөндеу түрлері болып бөлінген.
Жабдықтардың тораптары мен бөлшектрінің тозуға тұрақтылығына қарай, әртүрлі көлемді жеңіл-желпі (Т1 Т2) жөндеулер жүргізіледі Жөндеу циклына екі күрделі жөндеу аралығында қайталанып атқарылатын бірлық техникалық күту мен жөндеу түрлері кіреді (12-сурет).
12- сурет. 80 тон көлденең конверторды жөндеу циклі:
ТО-15 тәулік сайын атқарылатын техникалық күту; Т1 мен
Т2 - бірінші және екінші жеңіл-желпі жөндеулері; К - күрделі жөндеу.
Технологтар жөндеуге тоқтатылған агрегатты суытып, шихтадан, жарты-лай шикізаттан, металл қалдықтарынан тазартып, барлық жалғанған (электр тоғы, су, бу т.б.) заттардан босатуы қажет Бұл технологиялық дайындық уақыты болып саналады. Жөндеу жұмысы аяқталған соң, технолог-тар жабдықты кері ретпен қабылдап, актіге қол қояды.
Жоспарлы сақтық жөндеу жүйесінде, металлургия саласындағы барлық кәсіпорындардың негізгі жабдықтарының техникалық күтуі, жөндеу мерзімді-лігі мен ұзақтығы және жөндеу циклдарының кұрылымы ережеленген.
Сонымен қатар, осы жүйеде агрегаттардың жөндеуге тоқтайтын уақыты анықталған. Жөндеу уақыты мынандай жұмыстар қосындыларынан құралады: технологиялық дайындық таза жөндеу жұмыстарын жүргізуге керекті және жөнделген жабдықты іске қосу уақыттары. Таза жөндеу жұмыстарын жүргізуге керекті уақыт деп, жөндеу мекемесінің жабдыққа жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазына қол қойылған уақыттан бастап, жабдықтың жөндел-геннен кейінгі қабылдау актісіне қол қойылғанға дейінгі уақьп аралығы саналады.
Жөндеу жұмыстарын жоспарлау.
Жабдықтардың жөндеуі ЖСЖ жүйесінің жағдайларында келтірілген мөлшерлерге сәйкес жоспарланады. Жабдықтарды жөндеу жоспары ЖСЖ кестесіне сәйкес жасалады және жөнделетін жабдықтардың тізімін кәсіпорын-ның басшылары бекітеді.
Әрбір кәсіпорын, өзінің негізгі жөнделетін жабдықтарының жылдық сақтық жөндеу кестесін құрады. Ол әрбір цехтың жылдық жоспарына бөлінеді. Әрбір цех жылдық жоспарға сәйкес айлық жоспарлы жөндеу кестесін құрады.
Бас механиктің бөлімдері, әрбір жылдың аяғында, цехтардан түскен ақпараттарға сүйене отырып, келер жылдың мерзімділік жөндеуінің жоспарын құрады. Құрылған жоспар заводтың өндірістік және технологиядық бөлімдері-мен келісілген соң, кәсіпорынның бас инженері бекітеді.
Бекітілген жоспар, жыл аяғына 15 күн қалғанға дейін, механикалық цехтарға және осы кәсіпорынның жөндеу жұмысын атқаратын мамандан-дырылған мекемеге тапсырылады. Жабдықтардың бекітілген жөндеу жоспарын іске асыру жауапкершілігі, кәсіпорынның әкімішлігі мен олардың бөлімше-леріне жүктеледі.
Жылдық ЖСЖ кестесі негізінде айлық жөндеу кестесі құрылады және әрбір жабдықтардың тоқтайтын күні мен тоқтау ұзақтығы анықталады. Керек болған жағдайда, айлық ЖСЖ кестесіне. жылдық кестеде ескерілмеген жөндеу жұмыстары енгізіледі.
Айлық жөндеу кестесіне кәсіпорынның бас механигі, цех бастығы мен оның жабдық жұмысына жауапты орынбасары қол қойған соң, бас инженер бекітеді. Бекітілген ЖСЖ кестесі негізгі құжат болып саналады және осы құжат талаптарына сәйкес, жабдықтардың жоспарлы айлық қарауы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу кестесінің бір данасын келесі ай басталғанға дейін, жөндеу жұмыстарын атқаратын цехқа, ал екінші данасы жөндеу жұмыстарының орындалуын қадағалау үшін, бас механик бөліміне беріледі.
Жабдықтардың күрделі жөндеуін жоспарға енгізу үшін, цех әкімшілігі үшінші токсанда, бас механик бөліміне келесі жылда өткізілетін жөндеулер жайында мәлімдеме береді. Осы мәлімдеме негізінде, бас механик бөлімі, жабдықтардың күрделі жөнделуінің титулды тізімін құрайды.
Титул тізімін кәсіпорынның директоры бекітеді. Бекітілген тізім жаңа жылға бір ай қалғанға дейінгі мерзімде цехтарға жіберіледі. Күрделі және ірі көлемді жеңіл-желпі жөндеулерді өткізу үшін, кәсіпорын-дар жыл сайын жөндеу тресттерімен келісім шарт жасайды. Бұл келісім шарт ЖСЖ жылдық кестесіне сәйкес, агрегаттар мен жабдықтарды уақытылы жөндеуге тоқтатып, тазаланған күйінде жөндеуге өткізудің кепілдемесі ретінде заңды құжат болып саналады.
Әдебиеттер: 2 нег. [70-85]
Бақылау сұрақтары.
1. Техникалық куту түсінігінің мәні және маңызы?
2. Жөндеу әдістерінің түрлері қандай?
3. Жөндеудің орталықтаңдырылған түрі дегеніміз не?
4. Күрделі жөндеу түсінігінің мәні?
5. Орташа жөндеу түсінігінің мәні?
12 - Дәріс. Сырғанау мойынтiректердің түйіндерін жөндеуден кейін
құрастыру.
Жабдықтарды құрастыру кезінде мойынтректі түйiндердi құрастырумен кездеседi:
а) iрi мойынтректерді құрастыру кезінде;
ә) жабдықтарды жөндеу кезінде мойынтректі түйіндерді іске қосқанда ақаулықтармен пайда болумен байланысты ;
б) мойынтректі түйiндерiн реттеу кезінде;
в) жабдықтың жөндеу кезінде;
Мойынтректі түйiндерді құрастыру келесi операциялардан тұрады:
а) түйiндердi жинақтауға дайындық;
ә) бiлiктерi бар iшкi сақиналардың түйiндесi немесе цапфалармен;
б) конустары бар сыртқы сақиналардың түйiндесi немесе күпшектермен;
в) мойынтректі түйiндерді реттеу.
Дайындау операциялары:
1. Мойынтректердің бөлшектерiн тексеру. Сақиналардың жұмыс беттерінің және денелердің домалау, сызаттардың жоқтығына, бурттардың сынықтарына, жұмыс беттерінде коррозия, сепараторда және домалау денелерiне сапасына көңіл бөлу өте қажет.
2. Радиальды мойынтiректердi жетiлудi жеңiлдiктiгін тексеру. Қолдан сыртқы немесе iшкi сақинаның айналуларымен жүзеге асыру.
3. Мойынтректердің сақиналарында (мойынтректердің нөмiрi, жасау зауыт және жылы) таңбаның бар болуын тексеру.
4. Домалау мойынтiректерi тек қана құрастырудың алдында бумадан алуға ұсынылады. Бумадан шешiлген мойынтрек жанармай және ыстық минерал май немесе тек қана минерал майда араластырғышта жуулу керек.
5. Мойынтiректердi жуу.
Мойынтiректердi таза шелекте немесе бөшкеде, оған жеткілікті 6-8% мөлшерлі жанар майды құяды, жеңiл минерал майды, мысалы индустриалды «12» немесе «20», содан соң мойынтiректердi (орташа және кіші өлшемді) қоспаларға батырады, iшкi сақинаны ұстап тұрумен, ақырын сыртқы сақинаны айналдырады сепараторды, жолдарын және мойынтiректің дене тербелісін майлардан толығымен тазартқанша.
Егер мойынтiректер қатты ластаса, онда бұзылған жерлерін қатты бөлшектермен ластарды жылтыранған жұмыс беттерін оларды айналдырмай, жанармайда алдын ала үлкен бөліктен ластарды мұқият жуу керек.
Бiр уақытта жуылатын мойынтiректерді екi жуу ваннасы қолдануға ұсынылады: алдын ала және соңғы жуу үшiн. Жуылған мойынтiректерді ванналардан шығарып алады, жанармайлардан ағызып верстақта кептiру үшін жайып, жабулы таза қағазбен жинақтайды.
Мойынтiректерді ыстық майда металлдық ванналарда электр немесе бу қыздырумен жууды жүргізеді. Мойынтiректерді жумауға да болады, егер олардың орамасы бұзылмаса, ал майы қатпаған.
6. Отырғызылатын орындарын дайындау. Домалау мойынтiректердi бiлiкке және корпусқа отырғызылатын орындарын дайындау және тексеруден кейін құрастыруға болады. Мойынтiректерге отырғызылатын орындар таза өңдеулi болу керек.
Тексерудi корпусқа және бiлiкке отырғызылатын орындарын мұқият байқауларымен жүзеге асырады, шет (беттi, керу және дистанциялық төлкелерді т. б.) бөлшектердi мойынтректермен бүйірлерін мұқият тексереді.
Мойынтiректердің беттерінде айқындалған забоин және коррозионды дақтар міндетті түрде жойылу керек. Забоиндарды және қабыршақтарды егеумен №000 зiмпаралы терiсiмен егеуiнен сөзсiз тазалаумен дербес егеу-лермен алып тастайды.
Бiлiкте және корпуста барлық майлаушы арналарын тексеру керек, қысылған ауамен үрленген және таза болу керек.
Отырғызылатын орындардың ақауларын түзетуден кейiн механикалық өңдеумен және бөлшектердің оларымен жанасатын, жоңқалардан, құмнан, үзінділерден-(опилок) керосинмен жуады, құрғақ таза майлықтармен құрғатып сүртеді және біліктің түзу сызықтығын тексереді, сопақтық және конустық біліктің отығызу орнын, корпуста отырғызу тесіктерін (штихмаспен немесе калибрмен) беттердің перпендикулярлығын, оске айналдыру треуіш иығын және радиусын иықты біліктің қайсысы мойынтректің радиусынан кіші болу керек. Мойынтректер, отырғызылатын орындар және түйiндестiрiлетiн бөлшектің дұрыс өңделмегені, конустықтығы және сопақтықтығы болуынан, шеттен тыс шығатындардан мойынтректерді жинақтауға рұқсат етiлмейдi.
7. Отырғызылатын орындардың біліктің және корпустың жұқа қабатпен жабылған майларды, сонымен бірге түйiндестiрiлетiн мойынтректермен бөлшектер. Күмiсті графитпен немесе минерал майды қоспамен майлау.
8. Мойынтректердi нығыздаумен.
Мойынтректердiң iшкi сақиналары бiлiктiң иықтарына тығыз нығыздалып тiрелу керек. Ныздалынбаған мойынтректердi мыс жалғамасы арқылы балғашықтың соғумен суық күйде нығыздалынады.
2 - кесте. - Мойынтірек бiлiктiң иықтарына ішкi сақинаның тiрелуiнің шақтамалы ауытқулары
Біліктің диаметрі, мм |
Максималды шақтамалы саңылау, мм |
Шақтамалы соғу, мм
|
|
Радиалды және радиалды-треуішті |
Треуішті мойынтректер |
||
50 дейін 100 дейін 250 дейін 600 дейін |
0,03 0,04 0,05 0,07 |
0,01 0,016 0,02 0,035 |
0,004 0,006 0,01 0,012 |
Дұрыс отырғызылған мойынтрек жақсы бекiтілу керек осьтік бағытта. Осьтік бекітпенің сенiмдiлiгiн ең жұқа сүңгiмен тексередi - саңылау болу тиiстi емес.
9. Домалау мойынтiректерiнiң түйiнiндегi мүшелену корпуста керiлiспен iске асады, керiлiспен бiлiкке және корпусқа.
Монтаждың жеңiлдiк мақсаттарында бiлiкке қоюды алдында және бұзудан аман болу үшiн отырғызатын орындардың бiлiкке, барлық майда және орташа мойынтректер тiкелей отырғызуларда және барлық iрi мойынтректер қандай да болмасын отырғызуда минералды майда қыздырады, температурасы 100°С аспау керек.
Білікке мойынтректерді отырғызу әдiстерi:
1. Мойынтректерді бiлiкке отырғызудың ең жақсы тәсілі өте дәл оларды отырғызу қамтамасыз ететiн баспақтың көмегімен нығыздау болып табылады.
Бiлiктің аса үлкен емес габариттi өлшемдерiнде мойынтректерді баспақтың көмегімен келесі тәсілдермен жинақтайды:
1) бiлiкті қозғалмайтынға орнатады және оған мойынтректі баспақтайды;
2) мойынтректі қозғалмайтынға орнатады және оған білікті баспақтайды (13,а сурет).
Баспақтау кезде мойынтректің және біліктің орналасу остестігін қамтама-сыз ету қажет, өткені iшкi сақинаның қиғаштанулары білікті отырғызу-ды қиындатады, отырғызу мойынының формасына қажамаларды-(задиров) алып келедi, ал кейде мойынтректердің iшкi сақиналарын үзiлуiне алып келеді.
13 - сурет. Бiлiкке домалау мойынтiректердi отырғызу әдiстерi
2. Бiлiкке мойынтректерді арнайы монтаждық құбыр көмегiмен баспақ-тайды (13ә, сурет).
Сақиналардың қиғаштанудан сақтау үшiн, сынған шариктерді немесе арналардың қирауы мойынтректерді соғумен баспақтауға рұқсат етілмейді.
3. Баспақтың жоқтығы жағдайда немесе оны қолдану мүмкiн еместiгiнiң жағдайында (13 б, сурет) арнайы монтаждық құбырдың бекітпесімен (13,в сурет) және балғашықпен мойынтректерді құрастыруға болады.
Бiлiкке мойынтректерді жинақтау кезінде қағу талдың арқасында қадағалау керек, iшкi сақинаның бүйіріне тығыз, шетi сепаратор немесе сыртқы сақинаға тимеу керек. Балғашықпен соққылары iшкi сақинаның шетiнiң дөңгелегiнiң қарама-қарсы нүктемен бiр қалыпты және кезекпен келтiру керек.
Егер мойынтірек корпусқа жылжымайтын отырғызумен құрастырылады (бiлiкте жылжымалы отырғызуда), онда монтаждың барлық әдiстерi болуы мүмкін. Мойынтректерді корпусқа отырғызу үшiн көпшілік жағдайларда арнайы монтаждық құбырларды немесе құралбіліктерді, сәйкесiнше өзгертiлген өлшемдермен бiлiкке құрастырылады.
Мойынтіректі жинақтауда қажетті кезде керіліспен бiлiкке және корпусқа монтаждық құбырдан күштердi беру үшiн бiр уақытта мойынтректің екі сақинасына құбырдың бүйіріне фланецті (13 в, сурет) пiсiредi. Бiлiкке мойынтректің жанасуы қалыңдығымен 0,03 мм-ге дейiн сүңгі көмегімен тексередi.
Дұрыс баспақтау кезінде сүңгiш мойынтректердің және біліктің иықтарын немесе корпусын жазықтықтарымен арасында өтпеу керек. Егер мойынтрек аяғына дейін баспақталмаса, онда оны суық күйінде балға-шықтың соққыларымен мыс жалғамасы арқылы баспақтау керек.
Білікті мойынтректерімен корпусқа орнатудан кейін және құрастыруларды бөлшекпен жанасқандарды, айналмалы бөлшектер жылжымайтын бөлікке жанаса ма және мойынтіректеге майлардың қамтамасыз етілгенін тексеру керек.
Нығыздағыш құрылғыларды құрастыруды және әсіресе саңылауларды лабиринтты нығыздағышты мұқият тексеру керек.
Мойынтректің жұмысын тексеру.
Дұрыс құрастырылған мойынтрек тегiс, ерекше шусыз және түрткiлерсіз жұмыс iстеу керек. Бәсең естілетін үзiлмелi дыбыс мойынтректің ластануына көрсетедi, ал ысқырықты дыбыс мойынтрек жеткіліксіз майланған, немесе мойынтрек түйiнiнiң қандай да бір бөлшектердің арасында үйкеліс пайда болады, құрғақ үйкеліс және жиі соққы сепаратордың қирауы немесе дене тербелісі пайда болады.
Мойынтіректі ақаулы жинақтау жұмысы кезінде көпшілікті жағдайда температураның жоғарылауымен болады.
Мойынтректің температурасы қоршаған ортаның температурасын 60°С және температураның 90°С шамадан жоғары болмау керек. Температураның аса жоғары әдетте мойынтректі босандатуды шақырады және оның шапшаң қызмет мерзiмi күрт кiшiреуi.
Әдебиеттер: 2 нег.[287-298 ].
Бақылау сұрақтары.
1. Барлық сырғанау мойынтiректерi қандай типтерге бөлінеді ?
2. Ажыранғысыз сырғанау мойынтiректерiн құрастыруда маңызы немен қорытындыланады?
3. Негізгі талаптарды келтіріңіз, ажыранғысыз сырғанау мойынтiректерiн құрастыруға ?
4. Сырғанау мойынтiректердің жұмыс істеуінде қандай кемшіліктер болуы мүмкін ?
5. Қандай жағдайда домалау мойынтiректердi шаюға болмайды?
13 - Дәріс. Илемдеу цехтарының және кенді ұсақтауға арналған жабдық-тарын жөндеу
Илемдеу цехтарының жабдықтары көпірлі жүккөтергіштердің әсер аймағын-да болғандықтан, олар торапты және агрегатты әдістермен жөнделеді.
Рольгангтер іріленген тораптар түрінде немесс салмағы 100 тн шамасындағы секция түрінде ауыстырылады. Торапты әдіспен редукторлар, тістегерішті қапастар, моталкалар және басқа жабдықтардың ірі тораптары ауыстырылады.
Жабдықтардың іріленген түрде жиналуы арнайы алаңшаларда құрылған стендтерде жүргізіледі (14 -сурет). Стенд іргетасқа бетонмен құйылып бекітілген темір жолдарынан тұрады. Темір жолдар нивелир көмегімеи дұрысталады. Темір жолдардың биіктігі және көлденең бағыттағы ауыткуъі 1 м ұзындыққа 1 мм – ден аспауы қажет. Темір жолдың пісірілген жерлері ажарлағъш машиналар көмегімен 1 м ұзындықта ауыткуы 0,2 мм шамасынан аспайтын етіп өнделеді.
Егерде ескі іргетастарды жөндеу керек болған жағдайда, оларды қопарылыс арқылы бұзады. Илемдеу цехтарында көпірлі жүккөтергіштердің әсер ететін аумағынан тыс орналасқан жабдықтарды жөндеу үшін арнайы орнатылған сырықты, консольды, т.б. жүккөтергіштер қолданылады.
14 - сурет. Илемдеу жабдықтары тораптарының іріленген жинауын қамтамасыз ететін стенд
Күрделі жөндеуге дайындық барысында илемдеу жабдықтарының ауысты-рылатын тораптары арнайы дайындалған соң, жөндеу жүргізілетін алаңшаға жеткізіледі. Негізгі жабдықтардың күрделі жөндеуін бастамас бұрын, көпірлі жүккөтергіштерді күрделі жөндеуден өткізіп алу қажет. Сонымен қатар, жеңіл-желпі жөндеу кезінде рольгангтердің қаңқасының, манипуляторлардың және баска жабдық-тардың анкер болаттарының біраз гайкалары босатылады.
Илемдеу жабдықтарының жөндеуін жүргізу барысында еңбек шығынын көп керек ететін жұмыстарға жататындар, қолмен атқарылатын жұмыстар мен көпірлі жүккөтергіштің әсерінен тыс орналасқан жабдықтардың жөнделуі. Сондықтан, ондай жерлердегі жабдықтарды жөндеу үшін жылжымалы автомобиль жүк көтергіштері қолданылады.
Мысалы, олардың көмегімен қыздыру пештерінің немесе құдықтардың ескі кірпіштері, тыс орналасқан рольгангтердің бөліктері, тістергішті қапастардың баббитті мойынтіректері және басқа іріленген бөлік-тердің ауыстырулары жүргізілед. Ірі диаметрлі бұрандалы қосылыстардың тартылуы УЗБ-150 және УЗБ-200 типтес гайка бұрағыштар арқылы жүргізіледі.
Блюмингтер мен слябингтерді қыздыруға арналған құдықтардың тозған кірпіштерін бұзып шығару, олардың насадкалы бөлігіне орнатылған, қиғаш скип көтергіші мен қорапқа дейін тасымалдауға арналып. таспалы конвейерлер көмегімен жүргізіледі.
Кенді ұсақтауға арналған жабдықтарды жөндеу.
Түсті және қара металлургия саласында ұсақтауға арналған жабдықтардың бірнеше түрлері қолданылады. Оларга жататындар жақты, конусты, балғалы және білікті ұсақтағыштар. Ұсақтағыштардың құрылысы мен өлшемдері көп жағдайда, олардың күрделі және жеңіл-желпі жөндеулерінің технологиясын анықтайды. Олардың жеңіл-желпі жөндеулері механик қызметінің жөндеуші-лерімен, ал күрделі жөндеу мамандандырылған жөндеу мекемесінің күшімен жүргізіледі.
Жақты ұсақтағыштардың жұмыс істеуі барысында, олардың қорғау қабаттары, мойынтіректерінің ішпегі, кернегіштері мен серіппелері тез қарқын-мен тозады. Ұсақтағыштардың жөндеуге тоқтаған уакытын қысқарту үшін, аталған тораптар мен бөлшектерінің қоры болуы керек. Ал ұсақтағыштардың ірілігіне қарай, олардың қозғалмалы жағы мен бұлғағы жиналған торап түрінде дайын болуы керек. Жеңіл-желпі жөндеу кезінде ұсақтағыштардың қорғау қабаттары ауыстырылады. Ол үшін, қозғалмалы жақты осімен бірге шығарып алып, жөндеу алаңшасына жеткізеді.
Жөндеу алаңшасында тозған тақтайшалар түгел шығарылып, олардың орнына жаңа тақтайшалар орнатылады. Қорғау тақтайшалардың тұрақтылығы, ұсақтайтын материалдың қасиеті мен ұсақтағыштың жұмыс істеу жағдайына байланысты 4 тен 8 айға дейін созылады. Ұсақтағыштардың қозғалмалы жағының қорғау тақтайшалары толық орнатылған соң, орнына қойылып кернегіштермен жалғанады.
Жақты
ұсақтағыштардың күрделі жөндеуін
мамандандырылған жөндеу заводтарында
орындаған ыңғайлы. Себебі
жөндеуден
өткен
ұсақтағыштарды әртүрлі режимде жүктеу
арқылы
тексеруге мүмкіндік бар. Ұсақтағыштың
күрделі жөндеуі, олардың негізгі
бөліктерінің
күйіне қарай бірнеше жылдан соң
жүргізіледі.
Күрделі және жеңіл-желпі жөндеуден
өткен ұсақтағыштардың үйкелетін
тораптарына берілетін сұйық май жүйесі
тексеріліп,
реттеледі.
Конусты ірі ұсақтағыштар байыту фабрикасының кенді өндеуде технологиялық тізбектің негізгі жабдықтарының бірі болып саналады. Ұсақтағьштардың негізгі жұмыс мүшесі, олардың қозғалмалы конусы. Қозғалмалы конус жоғарғы жағында траверсаға бекітіледі, ал төменгі жағыңца эксцентрикті стаканға отырғызыльш, айналмалы қозғалыс жасайды.
Ұсақтағыштардың қозғалмалы конусы көлденең жазықтықта лездік айналу орталығы арқылы баяу айналғандықтан, екі конус бір-біріне жақындап, ұсақтау аймағын құрайды. Ұсақтағыштың осы аймағына іліккен кен жоғарғы күш әсерімен біртіңдеп ұсақталады.
Конусты ұсақтағыштардың тез тозатын бөліктері, олардың қозғалмалы конусы, жоғарғы іліну торабы, эксцентрикті стакан мен қорғау қабаты.
Конусты ұсақтағыштарды жеңіл-желпі жөндеу кезінде негізгі жөнделетін тораптардың бірі болып қозғалмалы конус саналады (15- сурет).
15 - сурет. Конусты ірі ұсақтағыштың қозғалмалы конусы
1 - ілу торабы, 2 - гайка, 3 - конус,
4 - нығыздаушы келтеқұбырдың жалғасы, 5 - білік
Жөндеу жұмыстары көпірлі жүккөтергіштердің, лебедкалардың, жүккөтер-гіш сырықтардың көмегімен жүргізіледі. Конусты ірі ұсақтағыштың күрделі жөндеу әрбір 6-8 жылда бір рет өткізіледі.
Жөндеуге барлық ауыстырылатын бөлшектер мен тораптар толық дайын-далған соң ғана кіріседі. Ұсақтағыштардың техникалық күтуі кезінде оның жетегі мен сұйық майлау жүйесі тексеріліп, реттеледі. Конусты ірі және майда (КСД мен КМД) ұсақтағыштардан ерекшеліктері, олардың сыртқы қабаты ұқсайтын конустарының және ұсақталған материалдардың өлшемдеріне қарай өзгереді, ал ұсақтайтын конустың қозғалу кинематикасы мен негізгі тораптары-ның жұмысы барлық ұсақтағыштарда бірдей өтеді.
Жөндеу кезінде ең маңызды жұмыстың бірі,олардың қорғау қабаттарының тозған бөліктерін қалпына келтіру, ал оларды түгел ауыстыру тек күрделі жөндеу кезінде жүргізіледі.
Әдебиеттер: 3 қос. [172-175].
Бақылау сұрақтары.
1. Ұсақтағьштардың негізгі жұмыс мүшесі қандай?
2. Конусты ұсақтағыштардың тез тозатын бөліктері қандай?
3. Конусты ірі және майда (КСД мен КМД) ұсақтағыштардан ерекшеліктері қандай?
4. Илемдеу цехтарында аумағынан тыс орналасқан жабдықтарды жөндеу үшін қандай жүккөтергіштер қолданылады?
5. Жақты ұсақтағыштардың күрделі жөндеуін орындаған қайда ыңғайлы?
14- Дәріс. Көлденең конвертерді, гидравликалық жабдықтарды, құбырлар
Мен арматураларды жөндеу.
Түсті металлургия саласында конвертер процесі мыс, никель штейндерін және қара қорғасынды, темір тотықтары мен күкірттен тазарту үшін қолда-нылады. Ол үшін конвертерге құйылған сұйық металл қысылған ауамен үрлеу арқылы, керексіз қоспаларды шлакқа, ал күкірт тотығын газға айналдыру арқылы тазартылады.
Конвертердің цилиндр тәріздес сыртқы қабаты, қалыңдығы 20-45 мм жапырақты металдан иіліп жасалған сақиналардан пісіріліп жиналады. Екі жаны қакпақтармен жабылып, бірнеше арқалықтармен күшейтіледі.
Конвертердің аузы арқылы керекті материалдар салынады, ал олар дөңгеленген, тіктөртбұрышты және сопақша болып келеді. Олар, биіктігі 500-900 мм етіп құйылып жасалған бірнеше тақтайшалардан құралып, пештің сыртқы қабатына бекітіледі.
Конвертер, сыртқы қабаттың екі шетіне бекітілген құрсаулары арқылы, екі тербелмелі роликтерден жиналған треулер үстінде жатады. Әрбір тіреу траверсаға бекітілген екі цилиндр тәріздес роликтерден тұрады (16 - сурет).
16 - сурет. Көлденең конвертер:
1 - отқа төзімді қабат; 2 - қақпақ;3- құрсау; 4 - сыртқы қабат; 5 - конвертердің ауызы; 6-үлкен тісті дөңгелек; 7 -аралық құбыр;8- тығындау құрылғысы; 9 - тік құбыр; 10- тіреу роликтері, 11 – ауа коллекторы; 12- фурма, 13 - траверса; 14 – іргетас тақтайшасы; 15- тіреулерді реттеу құрылғысы; 16- қысылған ауаны тасымалдайтын құбыр; 17- электрқозғалтқыш пен червякты редуктор; 18- редуктор; 19- муфта; 20- іргетас; 21 - қорғау қалқаны; 22 – серіппе
Конвертердің ішкі жағы хромомагнезит кірпіштерімен қорғалған. Отқа төзімді қабаттың қалыңдығы 380 мм, ал фурма бөлігінде 800-900 мм құрайды.
Конвертердің отқа төзімді қабаты өте ауыр жағдайда жұмыс істейді, себебі ылғи қозғалыстағы металл мен жиі өзгеретін жылулық әсерінде болады. Мысалы, конвертерге сұйық металл құйғанда және оны қысылған ауамен үрлеу барысында жылулығы жоғарылайды, ал дайын металды құйып алғанда төмендейді. Жылулықтың белгілі бір циклмен жоғарылап, төмендеуі отқа төзімді қабаттың бетінде жарықшақтар туғызып, оларды тез тозуға әкеліп соғады.
Отқа төзімді қабат конвертердің ең жауапты элементінің бірі болып саналады және оның жұмыс қабілетін анықтайды. Сондықтан, жеңіл-желпі жөндеу кезінде негізгі атқарылатын жұмыстың бірі болып саналады.
Конвертердің жетегі электрқозғалтқыштан, редуктордан және ашық тісті берілістен тұрады. Конвертерге қысылған ауа коллекторға жалғанған қысқа құбырларға бекітілген фурмалар арқылы беріледі.
Конвертердің техникалық күтуі кезінде ауа беру жүйесі, оның ішінде олардың тығындарының қымталуы, пештің сыртқы қабатының жағдайы, жетектің элементтері мен тежеу құрылғылары тексеріледі.
Жеңіл-желпі жөндеу кезінде конвертердің отқа төзімді қабаты толық немесе толыққа жуық бөлігі ауыстырылады. Ауа беру құрылғылары үрленіп тазаланады, егерде ақау болған жағдайда қалпына келтіріледі. Жетектің элементтері тексеріліп, керек болған жағдайда ауыстырылады. Редуктордың майы түгел ауыстырылады. Сонымен қатар, конвертердің басқа негізгі тораптарының істен шыққан бөліктері жөнделеді.
Гидравликалық жабдықтарды жөндеу
Металлургия саласында көптеген және әртүрлі гидравликалық жабдықтар қолданылады. Олар, насостар, сұйық жүретін құбырлар мен арматуралар.
Өндірісті сумен қамтамасыз ету үшін көптеген ортадан тепкіш насостар қолданылады. Ал байыту фабрикаларындағы қойыртпақтарды тасымалдау үшін құмды, жер асты және шламды насостар қолданылады. Олардың барлығы ортадан тепкіш насостар түріне жатады, бірақ тасымалдаушы элементтері әртүрлі болғандықтан, олардың жұмыс дөңгелектері мен сыртқы қабаттарының құрылысы әртүрлі болып келеді.
Насостардың негізгі бөліктері болып, олардың жұмыс дөңгелектері, біліктері мен подшипник торабы, соратын және айдамалау камералары саналады. Білікке отырғызылған жұмыс дөңгелектері насостың роторын құрайды.
Техникалық күту кезінде насостың роторының остік екпіндеуін тексереді және подшипниктердің картерлері жуылып, тазартылған соң, майы ауысты-рылады. Майлау жүиесі мен тығындардың және жартылай муфталардың күйі тексеріледі.
Жеңіл-желпі жөндеу кезінде насос түгел талданып. ротор мел сыртқы қабаттың жанасу саңылауы тексеріледі, ротордың ауытқымасы анықталып, оның мөлшері өлшенеді. Оның шамасы белгіленген мөлшерден жоғары болған жағдайда реттеледі және бүйіріндегі тығындары ауыстырылады.
Күрделі жөндеу кезінде насос толық талданады және жеке немесе жинақталған тораптар тексеріліп қалпына келтіріледі. Жұмыс дөңгелектері мен олардың тығындары ауыстырылады. Жөндеу аяқталған соң насос сынақтан өткізіледі. Сынақтан өткен насос жұмыс орнына орнатылып, керекті құбыр-ларға жалғанады.
Егерде кәсіпорында бір типтес насостар өте көп қолданылған жағдайда, орталықтандырылғаи жөндеу бөлімшесін ұйымдастырған ыңғайлы және орталық қоймада олардың айналым қорын құру қажет.
Қорғасын және қалайы өндіретін цехтарда тік (винтті), ортадан тепкіш және ості насостар жұмыс істейді. Тік ортадан тепкіш насостар балқытылған қорғасын мен қалайыны тасымалдауға, ал ості насостар сұйық металды реагенттер қабатынан өткізу үшін колданылады.
Насостардың салмағы 900-1000 кг құрайды, олардың екі күрделі жөндеу аралығындағы тұрақтылығы алты ай шамасында. Сұйық металдарды тасымалдау үшін қолданылатын насостардың жқмыс тораптары өте жиі ауыстырылады.
Сондыктан, насостардың жеңіл-желпі жөндеуі кезінде, олардың тез тозатын жұмыс тораптары ауыстырылады.
Сұйық металды тасымалдауға арналган насостар айына екі рет жеңіл-желпі жөндеуден өтеді. Олар негізінде жөндеу базасында қалпына келтіріледі. Ол үшін, тозған насос жөндеуге жіберіліп, ал жөндеуден өткен насос олардың орнына жұмыс істейді. Тік насостардың күрделі жөндеуі мамандандырылған мекеменің жөндеу заводында немесе кәсіпорынның механикалық жөндеу шеберханаларында жүргізіледі.
Құбырлар мен арматураларды жөндеу.
Байыту фабрикасындағы технологиялық кұбырлар суды, қойыртпақ пен шлам түріндегі гидроқоспаларды және әртүрлі реагенттер ерітіндісін тасымалдау үшін қолданылады. Тарамдалған құбырлар тармақтарының түзу және иілген бөлік-тері кездеседі. Бұл негізінде бірнеше гидростатикалық қысымға және гидрав-ликалық арматураға есептелген, әртүрлі диаметрлі құбырлар. Жеке құбырлар мен олардың бөліктері бір-бірімен пісіру немесе ернемектер арқылы жалғанады.
Пісіріліп жалғанған құбырлардың жіктері өте жақсы қымталады, бірақ жөндеу кезінде ажырамайтын жалғау болғандықтан ыңғайсыз жағдайлары кездеседі.
Ернемекті жалғамалардың орындалуы қиынырақ және олар күтуді және белгілі бір мөлшерде металл қорын керек етеді. Бірақ, олар жөндегенде оңай бөлшектеніп, тозған бөлшектерін тез ауыстыруға мүмкіндік бар.
Сұйық немесе қойыртпақты материалды тасымалдайтын құбырларда коррозия мен қажалып, тозу процесі жүреді. Ең жоғарғы дәрежелі тозу процесі құбыр-лардың бүгілген, үш бағытқа тармақталған, көлденең қимасының қысылған және сұйықтың жылдамдығы мен бағытының тез өзгерген бөліктерінде болады.
Жөндеу кезінде құбырлар мен олардың тозған элементтері түгел ауыстырылады. Сонымен қатар, құбырлардың тіреулері, ілгектері де жөнделеді немесе ауысты-рылады. Ауыстырылған бөліктер тығыздық пен мықтылыкка тексеріледі. Тексерілген құбырлар сырланып керекті технологиялық тізбекке қосылады.
Құбырлар арматуралары тұрған орнында немесе сантехникалық бөлімшенің шеберханасында жөнделеді. Құбырларды жабуға арналған арматураларды жөндеу кезінде, олардың қақпағы ашылған соң, ішіндегі тығындаушы элементі шығарылып, шеберханага жіберіледі.
Арматуралардың бүлінуінің негізгі себебі, коррозия әсерінен тығындаушы беттердің қымталуының бұзылуы, ойықтардың болуы мен сыртқы күштін әсерінен болатын құбырлардың деформациясы.
Арматуралар бір орталыққа шоғырланған, мамандандырылған бригада күшімен, арнайы айлабұйымдар мен стендтерді қолдану арқылы жөнделеді.
Ысырмаларды жөндеген кезде, айналдыратын тегершік пен қақпақты бекітпе механизммен бірге шығарады. Бұл механизм талданады және бөлшектері жуылып кептірілген соң, ақауы анықталып, қалпына келтіруге жіберіледі.
Бекітпенің сыртқы қабаты тазаланып жуылған соң, гамма немесе рентген сәулелерімен сәулелендіру арқылы бүтіндігі тексеріледі. Сыртқы қабаттың ақауы болған жағдайда механикалық өндеу немесе пісіру арқылы қалпына келтіріледі.
Жөндеу барысында тығыздағыштардың күйі мен клапандардың ысқыла-нуына ерекше көңіл аударылуы қажет. Жиналған ысырманың тығыз-дығы мен қымталуын гидравликалық сынаумен тексереді.
Ысырмалар мен винтельдердің жөндеуі бір-біріне ұқсас. Тығыздаушы беттерді өндегеңде бөлшектердің орнықтандырылуы бұранда бойымен жүргі-зіледд. Ең бір жауапты және еңбекті көп керек ететін операцияның бірі тығыздаушы беттердің ысқылануы.
Жөндеу заводтары мен базаларыңда тығыздаушы беттерді ысқылауды механизацияланған әдіспен, негізінде ысқылау білдіктерімен немесе тесу білдіктеріне бекітілген арнайы айлабұйым-дармен жүргізеді. Винтельдің ершігі тұрған жерінде қажағыш қағаздармен, ұнтақтармен немесе майұнтақтарымен ысқылау арқылы қалпына келтіріледі.
Винтельдердің тығыздаушы беттері, оның сыртқы қабатына бұрандама- лармен бекітілген электртәрбінің жетегімен қозғалатын айлабұйым арқылы өңделеді. Винтельдердің қақпағының ұлғайған тесіктерін қалпына келтіру үшін, оларды үлкен диаметрге тесіп, төлке енгізу арқылы қалпына келтіреді.
Гидравликалық арматуралардың ішіндегі көңіл аударарлық элементтердің бірі, құбырдағы қысымның ұлғайған кезінде іске қосылатын сақтық клапандары болып есептеледі.
Сондықтан, сақтық клапандарын жөндеу, оларды талдаудан және бөлшектерін жуудан басталады. Талдау үшін қалпақша ашылып, созылған серіппе босаталған соң, қақпақ ашылып серіппе реттығын соташығымен, клапанның шүмегі реттегіш төлкесімен шығарылады.
Тығыздаушы беттердің аздаған ақаулары ысқылаумен, ал тозу шамасы үлкенірек болған жағдайда білдіктерді жонған соң, ысқылау арқылы қалпына келтіріледі. Жөнделген арматуралар тығыздық пен қымталуға тексеріледі.
Әдебиеттер: 4 нег. [88-96]
Бақылау сұрақтары.
1. Түсті металлургия саласында конвертер не үшін ?
2. Конвертердің құрылысы неден тұрады?
3. Гидравликалық жабдықтарды жөндеуде қандай бөлшектері жөнделеді?
4. Құбырлар мен арматураларды жөндеу элементтері.
5. Ысырмалар мен винтельдердің қалпына келтіру?
15 - Дәріс. Машиналарды жөндеуден кейін қайта құрастыру және техноло-
гиялық процесі.
Машиналардың құрастырылуы машина жасау және жөндеу өндірісінің акырғы жауапты сатылы болып саналады. Құрастыру бөлшектерді қалпына келтіру үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижесін анықтайды.
Құрастыру жұмыстарының сапасы машиналардың қабілетіне, сенімділігіне және ұзақ тұрақтылығына әсерін тигізеді. Сондықтан, құрастыру жұмыстарының маңызы өте зор. Жинау, машинаны жасаудағы жұмыстардың 20 - 50% құрайды.
Машиналар мен агрегаттарды құрастыру, өндірістің көлеміне карай, әртүрлі әдістермен және көптеген құралдар көмегімен орындалады. Дара дана етіп жасалатын заттар үшін, әрбір операция шоғырландыру принципімен жүргізіледі. Өндірістің көлемінің өсуіне карай операциялар шоғырландырудан кең көлемді дифференциялау әдісіне көшеді.
Машинаның жалпы құрастырылуынан түзілімдердің құрастыруын ерекшелеу қажет. Түзілім деп, машинаның бірнеше бөлшектерінен құрастырылған бөлігін айтады және олар басқа элементтерінен айрықша бір бүтін зат ретінде қарастырылады. Түзілім бірнеше қарапайым түзімшелерден тұруы мүмкін және олар бір бірімен бекіту элементтерімен жалғанады.
Бұйымның тікелей құрамына енген түзілім топ деп, ал бұйымға топ арқылы енген түзілім топша деп аталады.
Келтірілген жіктеу технологиялық деп аталады. Құрылым құжаттамасының бірыңғай жүйесі (ККБЖ) бойынша бұйымдардың түрлері: бөлшек, құрастыру бірлігі, кешен және жинақ болып ажыратылады.
Жинау цехінін жеке жұмыс орны, бір ғана операцияны орындауға арналған айлабұйымдар мен механизмдерден тұрады. Әрбір жеке жұмыс орындарында аткарылған операциялар, үздіксіз құрастыру тізбегін құрайды. Өндіріс қарқынының көлемінің өсуіне қарай, конвейерлі құрастыру әдістері қолданылады.
Құрастыру операцияларын жеңілдету үшін, олар түзілімді және жалпы құрастыру процесі болып бөлінеді. Түзілімді құрастыру операцияларында жеке бөлшектер кішігірім топшаларға, ал жалпы құрастыруда машина түгел жиналады. Жалпы құрастыру нәтижесінде, барлық техникалық талаптар мен жағдайларға сәйкес келетін дайын бұйым жасалып шығады.
Құрастырудың технологиялық процесі бірнеше жекеленген операциялардан тұрады, олардың ішіндегі негізгісі ретінде бұйымның жанасатын элементтерінің қосылысы саналады.
Құрастыру қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарға бөлінеді. Қозғалмай-тын қосылыстардың бөлшектерінің жұмыс жағдайы өзгермейді. Қозғалмайтын немесе ажырамайтын қосылыстар бір-бірімен пісіру, дәнекерлеу, тойтару арқылы бекітіледі. Сонымен қатар, қозғалмайтын және ажырамайтын қосылыстар бір-біріне қондыру (біртұтас, тығыз, кернеулі, бұранды, оймакілтекті) арқылы немесе арнайы серпімді бөлшектермен жалғанады.
Қозғалмалы қосылыстар бір-біріне қозғалысты қондырумен (сырғанамалы, жүрісті, жеңіл жүрісті), ойма кілтектермен немесе кілтектермен отырғызылады. Мұндай қосылыстардың бөлшектерін бүлдірмей қайта шығарып алуға болады.
Талданатын қосылыстар жоғарғы дәлділікті, бірнеше рет жинап талдауға шыдамды, сокпадақсыз, жаншықсыз және сыртқы көрінісі өзгермейтін болуы қажет. Құрастырудың технологиялық процесі жанасатын бөлшектер түзілімінен, ал түзілімдер машинаға жинайтын бірнеше операциялардан тұрады, олар:
құрастыру операциясы, бұл технологиялық процестің бір бөлігін және құрастырылатын бірліктің жиналуын бір жұмыс орнында, бір жұмысшы немесе бір бригада орындайды;
әрекет, бұл орыны өзгермейтін құралмен жеке құрастырылатын қосылыс-тарға жасалатын операцияның бір бөлігі;
тұрақ, бұл айлабұйымның өзгермейтін жағдайында орындалатын операция-ның бір бөлігі.
Технологиялық жинау процесіне, құрастырылған бірліктер мен бөлшектердің әрекетінің дұрыстығын тексеретін операциялар кіреді. Мысалы, салыстырмалы қозғалыстың бірқалыпты және дәл болуы, майлау жүйесінің тұрақты жұмысы, жеке механизмдердің бір бірімен біртіндеп қосылуы және тұрақты жағдайда болуы, машиналардың сыртын тазалау, жуу және сырлау, машиналар мен механизмдерді реттеу жұмыстары кіреді.
Машиналарды құрастыру әдістері.
Құрастыру процесінде бөлшектер бір бірімен, белгілі бір дәлдікпен орналасуы қажет. Қосылыстардың сапасын анықтайтын дәлділікке, құрастыру-дың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Қазіргі уақытта кұрастырудың мынандай әдістері қолданылады: толық немесе жартылай өзара ауысымдылық әдісі; тұрған орнында қозғалмайтын компенсатор қолдану арқылы қиылыстыру; қозғалмалы компенсаторлар көмегімен реттеу.
Толык өзара ауысымдылық әдісімен құрастыру.
Бұл әдіспен кұрастырғанда, барлық бөлшектер мен түзілімдерге ешқандай механикалық өңдеу немесе орынында қиылыстыру жұмыстары жүргізілмейді және бөлшектерді бірін бірімен ауыстырғанда машинаның жұмыс сипаты өзгермейді. Бұл әдіспен кұрастырғанда тұйықталатын буынның өлшем тізбегі әрбір жинау кезінде сақталады.
Бұл әдістің қолданылуының мысалы ретінде, түсті металлургияда жиі қолданылатын бульдозерлердің, білдектердің, редукторлардың және басқа жабдықтардың жылдамдық қораптарын кұрастыруды келтіруге болады. Кез келген жылдамдық қораптарын кұрастырғанда, олардың құрамына кіретін барлық бөлшектерді (тісті дөңгелектер, біліктер, шарикті немесе роликті подшипниктер т.б.) жасалғаннан кейін, тандаусыз және ешқандай қиылыс-
тырусыз орнатылады. Содан соң, толық өзара ауысымдылық әдісі бойынша, әрбір бөлшектер тобының шақтамасы есептеледі. Мұндай құрастыруды, қазіргі кезде бөлшектерді жасау және жөндеу әдістеріне сүйене отырып белгіленген дәлділікпен немесе шектелген ауытку аралығында тез арада жинауға болады. Бұл әдіс бойынша тұйықтайтын буыннын шақтамасын, құраушы буындардың өлшемдерінің ең шеткі шақтамасының мәні бойынша есептейді.
Толық өзара ауысымдылық әдісінің принципі бойынша құрастыру қара-пайым, тиімді және мынандай құндылықтарымен ерекшеленеді: құрастыруды орындау үшін жоғарғы дәрежелі жұмысшыларды қажет етпейді; тұйықтайтын буынның дәлділігі оңай орындалады, себебі өлшемдер тізбегі барлық құраушы буындарды жалғаумен шектеледі; бөлшектерді орнату барысында арнайы қиылыстыруды керек етпегендіктен, жөндеуге кететін шығын көп емес; бөлшектер мен тораптарды жасағанда кооперациялау мүмкіндігі бар.
Бұл әдістің негізгі кемшілігі бөлшектерді дайындау мен құрастыруын жүргізуге керекті жабдықтарды дайындау өте қымбатқа түседі. Жаппай өндірісте өзара ауысымдылық принципі арқылы құрастыру шығыны тез қайтады. Жиналатын машина бөлшектерінің толық өзара ауысымдылығы, құрастыру процесін автоматтандыруға ыңғайлы жағдай туғызады.
Жартылай өзара ауысымдылық әдісімен құрастыру.
Бұл әдістің ерекшелігі тұйықтайтын буынның керекті дәлділігіне барлық өлшем тізбегінде жете беру қиындау, сонда да олардың көпшілігінің тізбек дәлділігіне жетуге болады.
Қарастырылып отырған әдіс осының алдында қарастырылған әдіске қарағанда, буын құраушылардың үлкен шақтамасын керек етеді.
Әдебиеттер: 3 қос. [210-214].
Бақылау сұрақтары.
1. Құрастыру бөлшектерді қалпына келтіру үшін қалай анықтайды?
2. Машиналарды құрастыру әдістері қандай?
3. Құрастырудың технологиялық процесі қандай операциялардан тұрады ?
4. Толык өзара ауысымдылық әдісімен құрастыру?
5. Технологиялық жинау процесіне нелер жатады?
