Қорытынды
Қорыта айтқанда қазіргі кезде нарықтық экономикаға өткен ел үшін көліктердің қоғамдағы алар орны мен маңыздылығы жоғары болып табылады. Мен бұл өзіндік жұмысымда көлікке жалпы сипаттама берумен қатар Автомобиль және Әуе көліктерінің пайда болуы мен даму тарихын да талдадым. Сонымен қоса Автомобиль және Әуе компанияларына да мысал келтіре отырып отандық кәсіпорындардың тарихы мен жұмыстарын түсіндім. Ата-бабаларымыз ежелде жылқымен ұлан-ғайыр жерді айлап немесе апталап сапар шеккен болса біз қазіргі күні ондай қашықтықтарды жылдамдық жағынан тиімді автомобиль және әуе темір жол көліктері арқылы жүріп өтеміз. Бұлда болса адамзат дамуының жетістігі емеспе!? . Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесі өте маңызды құры-лым болып табылады. Біздің еліміз геосаяси жағынан алып қарағанда екі құрлықты жалғайтын континенттік көпір болып саналады. Геосаяси орналасуымыздың тиімділігі арқасында көлік түрлерінің барлығының дамуына мүмкіндік бар. . Каспий теңізі арқылы бес мемлекетпен шектесе отырып, Жерорта және Қара теңіздерге одан әрі мұхитқа шығатын мүмкіндігіміз бар. әрине бұның барлығы Ақтау порты арқылы жүзеге асырылады . . Темір жол қатынасы бойынша халықаралық дәрежеде жолаушылар мен жүктерді алыс шет елдерге тасымалдауға мүмкіндік алудамыз. Өз еліміздің ішіндеде әр облыстар арасындағы тасымал қатынастарында тиімділікті осы темір жол көлігі арқылы арттыруда. . Автомобиль көлігі арқылы қалалық және аудан аралық қатынастармен қатар шеттегі облыстармен де тиімді қатынас ортнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздегі автомобиль жолдарының күрделі жөндеуден өтіп және жаңа жолдардың салынуы еліміздегі автомобиль қатынасының дамуына бірден-бір себеп болып отыр. . Әуе көлігі елімізде ұзақ қашықтыққа тиімді жылдам жеткізуді қамтама-сыз еткенмен тасымалдау құны жоғары болып отыр. Бірақ бүгінде әуе компанияларының көптеп қызметке араласуына байланысты әуе тасымалының тарифі біршама төмендеуде. Мен мысал етіп қарастырған әуе компаничсымен қатар «Эйр Астана», «Скат» сияқты ірі әуе компаниялары бұл істерге бастама болып отыр. Еліміздің бірыңғай көлік жүйесіндегі тасымалдау әдістері мен олардың маңыздылықтары осы айтылған әуе компаниялары және автомобиль жолдары мен автомобиль құрастыру зауыттарына тікелей байланысты. Қазіргі күні әуе мен автомобиль көліктерімен тасымал қызметін жүзеге асыру арқылы нарықтық экономикада өз мемлекетіміз әл-ауқатын арттыруда.
Пайдаланылған әдебиеттер
1)Бірыңғай көлік жүйесі Балғабеков Т.К , Кошимов Б.С , Жаудин Д.А 2)Біртұтас көлік жүйесі Кенжекеева А.Р , Келисбеков А.К 3)Логистика Тулембаева А.Н , Бейжанова А.Т 4)Қосымша интернет порталдарынан
