- •1. Ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану; 9
- •2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігі; 9
- •3. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту және қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды пайдалану. 9
- •Аннотация
- •Ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану;
- •Глоссарий
- •Орта мектептің бастауыш сыныптарына арналған «Жасыл – яғни үнемді» сабағын өткізу жоспары
- •Сабақтың мазмұны
- •Сабақ барысы
- •Ұйымдастыру кезеңі.
- •2.Психологиялық тренинг.
- •II. Шақыру кезеңі.
- •III. Түсініп алу кезеңі.
- •4. Рефлексия.
- •5. Үй тапсырмасы.
- •Слайдтардың мазмұны
- •Литература
Глоссарий
Блиц-турнир (тура мағынада жедел турнир) – әдеттегі уақытпен салыстырғанда аз уақыт аралығында жылдам өткізілетін жарыс.
Ойынмен модельдеу –сабақта құбылыстарды ойын жағдайында үйрету арқылы белсенді оқыту ортасын қалыптастыру тәсілдерінің бірі.
«Ми шабуылы» әдісі (ағылшын тілінде «Brainstorm») – шығармашылық белсенділікті ынталандыру негізінде мәселені жедел шешу әдісі. Бұл талқылауға қатысушылар көптеген шешімдерді, тіпті, таңғажайып шешімдерді де ұсына алады. Соңында айтылған идеялардың ішінен істе қолдануға болатын, ең ұтымдылары іріктеліп алынады.
Мини-диспут – ұзақ емес немесеқатысушылар саны аз пікірталас (дау-дамай, мәні туралы көпшілік алдындағы сөзжарыстар)
Ынталандыру –оқушының белсенділігін оятатын факторлардың әсерімен, тиісті уақыт ішінде, барынша күш-жігерін жұмсай отыра, белгілі бір бағытта іс-әрекет етуге дайындығы.
Қызығушылықты ояту – жағдайды өзгерту үшін түйсіну, ойлау, әрекет етуді ұйымдастыратын мидың қауқарын көрсететін процесс. Қызығу – бізді іс-әркетке итермелейтін, бірақ еркін таңдау мүмкіндігін беретін күш.
Покетмод –А4 форматындағы қағаздан жасалған, ерекше бүктелген, қандай-да бір тақырып бойынша қажет ақпараты бар жиналмалы қойын кітапша. Покетмодты өзіңмен бірге алып жүруге және қажет болғанда оқуға қолайлы.
«Жіңішке және жуан сұрақтар» тәсілі–оқушылардың тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қоюын ұйымдастыру тәсілі. Мұнда «жіңішке» сұрақтың бір нақты қысқа жауабы болады, ал «жуан» (мәселелі) сұрақ тапсырманың тереңіне үңілуді, ұтымды ой-талқыны, қосымша білім іздеу мен ақпаратты талдауды талап етеді.
«Автор орындығы» тәсілі–өзіндік пікірін қалыптастыру, жеке көзқарасын дәйектеу мақсатында оқушыдан жауап алу тәсілдерінің бірі.
Психологиялық тренинг – іс-әрекет машықтарын белсенді үйрету және тұлғаны дамыту формасы. Қатысушылар психологиялық қасиеттерін немесе машықтарын көрсетуге немесе дамытуға бағытталған белгілі бір жаттығуларды орындауы тиіс.
Рефлексия – жаңадан меңгерген білімдері, машықтары мен біліктеріне байланысты өз жұмысын, қызметін, сезімдерін бағалау кезіндегі сабақтың қорытындысы.
Шақыру кезеңі – оқушының жадындағы осы сабаққа пайдалы ақпаратты еске түсіруге, жаңа тақырыпқа деген қызығушылықты оятуға және оқушының белсенділігін арттыруға арналған сабақтың кезеңі.
Түсініп алу кезеңі – жаңа ақпаратпен жұмыс жасалатын сабақтың кезеңі.
«Медитация»стратегиясы (латын тілінен аударғанда «ой жүгіртемін») –оқушылардың назарын, ой-санасын, жадын белгілі бір нысанға аударуға бағытталған ақыл-жігер әрекеттері. Бұл әдіс ескіден бір жаңалық табуға мүмкіндік береді, тереңнен үңілдіретін, қарқынды ой-толғау, пәнге, идеяға бар ынта-біліміңмен бойлау.
Орта мектептің бастауыш сыныптарына арналған «Жасыл – яғни үнемді» сабағын өткізу жоспары
№ |
Сабақ сатылары |
Өткізуге бөлінген уақыт |
I |
Ұйымдастырукезеңі. № 1 слайд - Оқушыларды психологиялық дайындау. А) 1. Ынталандыру: №2 слайд 2.Психологиялық тренинг. № 3 слайд Б) Қызығушылық тудырту. № 4 слайд № 5 слайд |
5-7 минут |
II |
Шақыру кезеңі. № 6 слайд - Топтарға бөлу |
2-3 минут |
III |
Түсініп алу кезеңі. А) - «Алма» ойынымен модельдеу - «Жер бетінде қанша су қалды» атты масштабталған тәжірибе - №1 бейнеролик- «Су» Б) Жаттығу № 7 слайд - «Болады, болмайды» ойыны №2 бейнеролик«Энергия» |
10-13 минут |
IV |
4. Рефлексия. А) Қорытынды шығару № 8 слайд Б) №3 бейнеролик«Қоқысты бөліп жинау» - «Кім тезірек болады?» жарысы - Мини-диспут № 9 слайд - Сабақтың басына оралу |
10-15 минут |
V |
№ 10 слайд Үй тапсырмасы. |
1-2 минут |
|
Жиыны: |
30-40 минут |
