Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жасыл саба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.32 Кб
Скачать

Жалпы білім беретін мектептердің

2-4 сынып оқушыларына арналған

«Жасыл – яғни үнемді»

тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізу үшін

«Жасыл сабақ» оқу-әдістемелік құралы

Астана 2017ж.

МАЗМҰНЫ

Жалпы білім беретін мектептердің 1

2-4 сынып оқушыларына арналған 1

«Жасыл – яғни үнемді» 1

тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізу үшін 1

«Жасыл сабақ» оқу-әдістемелік құралы 1

Астана 2017ж. 1

АННОТАЦИЯ 9

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналған «Жасыл сабақ» оқу-әдістемелік құралы жаратылыстану, өзін-өзі тану пәндері және бастауыш білім беру жүйесіндегі қосымша оқыту бағдарламалары шеңберінде мамандандырылған, тақырыптық сабақтарды өткізетін кезде мұғалімдерге қажет қосымша оқу материалы болып табылады. 9

Оқу құралы экологиялық мәдениет жәнетабиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен коммуналдық игіліктерді ұтымды тұтыну қағидаларына сүйене отыра адам мен қоршаған ортаны кешенді түйсіну негіздерін өскелең ұрпақ бойында қалыптастыруға және дамытуға арналған. 9

«Жасыл сабақ» 2-4 сыныптарда оқитын балаларға бағытталып әзірленген, өйткені қоғам мүшесі әрі азамат ретінде іс-әрекет ететін адамның басты қасиеттері осы жаста қалыптасады. Осы орайда, оқу құралының басты міндеті – экологиялық және табиғи ресурстарды қорғау мен ұқыпты пайдалануды көздейтін белсенді азаматтық ұстанымы бар, мейірімді, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу. 9

Бұл әдістемелік құрал балалардың материалды қабылдайтындай жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, сондай-ақ мұнда мінез-құлықтағы, медиа контентті пайдалану құрылымындағы басымдықтардың ауысу салдары ретінде заманауи сандық технологиялардың даму деңгейі ескерілген. Кешенді оқу материалы болып табылатын құралға төмендегі тақырыптар бойынша мамандандырылған «жасыл сабақ» өткізуге қажет толық әдістемелік кешен енген: 9

1. Ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану; 9

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігі; 9

3. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту және қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды пайдалану. 9

Әрбір тақырыптық бағыттар бойынша оқу бағдарламаларында материалды жасына қарай мөлшерлеп беру, жас ерекшелігінің психологиясы ескеріліп әзірленген тактілік және аудиовизуалдық материалдарды пайдалану сынды педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып, сабақты өткізудің түрлі нұсқалары көзделген. 9

Оқу құралына қоса берілген әдістемелік материалдар кешені қоршаған әлем мен ондағы іс-әрекет үлгісі туралы түсінік қалыптастыру үшін санасы ашық, өскелең «сандық» ұрпақтың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді. 10

«Жасыл сабақты» өткізу жөніндегі әдістемелік құралдың кешенді нәтижесі болашақ қазақстандық қоғамда экологиялық дүниетаным мен экологиялық этикет негіздерін қалыптастыруға және болашақтағы экологиялық таза «жасыл экономика» үшін негіз болатын тетіктерді дамытуға бағытталған. 10

Бұл оқу құралы Қазақстанда азаматтық қоғам негіздерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету мақсатында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы құрылған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы» ҚБ үкіметтік емес ұйымының бастамасы бойынша әзірленді. Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. 10

Материалдарды жүктеу үшін сілтеме (3 бейнеролик және қосымша материалдар):  https://cloud.mail.ru/public/BQJy/UJasHsNdZ 10

Байланыс үшін: 10

Султанбек Маркенов, жоба менеджері 10

E-mail: s.markenov@kz2050.kz 10

+77052435555 10

+77015348742 10

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл біздің ХХI ғасырдағы ұлттық идеямыз. Ол біздің халық ұмтылатын ұлы істерге бастайды. Мен сіздермен бұрыннан бері ойда жүрген идеяммен бөліскім келеді. «Болашақ» бағдарламасы негізінде «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынамын». 11

Н.Ә. Назарбаев 11

КІРІСПЕ 11

Қазіргі замандағы әлемдік өзекті мәселелердің бірі – табиғи ресурстардың сарқылуы мен қоршаған ортаның ластануы. Осы процестерге адамдардың өмір, шаруашылық, еңбек пен өндіріс туралы дәстүрлі түсініктерін өзгерткен өнеркәсіптік төңкеріс негіз болды. Қоғамның аграрлықтан индустриалдық сипатқа жаһандық көшуі ғылыми прогресті алға жылжытып, индустрияны дамытып қана қоймай, табиғи ресурстарды өндірісте ғаламдық ауқымда пайдалану есебінің бастау нүктесіне айналды. 11

Екі жүз жыл бойы жалғасқан экономиканы индустрияландыру өндірісті электрлендіруге, еңбекті автоматтандыруға, өнеркәсіпте тауарларды жаппай өндіруге әкелді. Бұлар үшін орасан ресурстар қажет болды. Ал оларды өндіру мен пайдалану қарқынды әдістермен жүзеге асырылып, қоршаған орта мен жаһандық экологиялық тұрақтылыққа тигізер зардабы бағаланған жоқ. 11

Сонымен қатар, бұл үдерістер әлемдік қоғамдастықты өзгертіп, зор әсерін тигізді. Индустриалияландыру тұрғындардың қалаға көшуіне, өнеркәсіп орталықтарының маңына шоғырланған ірі қалалардың дамуына ықпал етті. Халықтың ауылдық жерлерден қалаларға жаппай көшуі қалалық коммуналдық шаруашылықты дамытуға және тұрғындар тұрмысын жайлы етуге серпін берді. 11

Алайда, халықты электр қуатымен, сумен немесе тұрмыстық қалдықтарды шығарумен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды ұзақ жылдар бойы коммуналдық қызметтер де, тұтынушылар да тиімділік пен ұтымдылық тұрғысынан бағаламады. Сондай-ақ табғи ресурстардың әлемдік сарқылуы, атмосфераның ластануы, күннен күнге ұлғайып бара жатқан қоқыс орындары адамзаттың өз өміріне деген жауапсыздығын айғақтап отыр. Онымен қоса өнеркәсіп нысандары жұмысының кері салдары да экологияға теңдессіз зиян келтіруде. 11

Бүгінгі таңда, өндіріспен, ұтымды пайдаланбаумен күрес және өнеркәсіп нысандарының жұмысынан қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайту барлық дамыған әлем мемлекеттерінің басты міндеті болып табылады. Өндірісті тиімді, экологиялық ету, «жасылдандыру» үшін күрес көптеген елдердің негізгі мемлекеттік саясатына, ал азаматтардың осындай тұрмыс-тіршілігі – жалпыға ортақ іс-әрекет нормасына айналды. Дәл осы міндет, бүгінде, Қазақстанның да алдында тұр. 12

«Қазақстан-2050» стратегиясы және «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы қабылданғаннан соң, біздің ел саналы түрде болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғай отыра, инновациялық дамуды таңдады. Қазақстан өзінің алдына мемлекеттік деңгейдегі биік міндеттерді қойды. Олардың арасында балама энергия көздерінен қуат өндіруге көшу, көмірсуларды барынша тиімді етіп қайта өңдеу, ЖЭС жұмысында көмір мен мазутты пайдаланудан бас тарту, токсинділік мен атмосфераға шығарылатын қалдықтардың заманауи нормаларын ескере отырып, ірі өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту, тұрмыстық қоқыстарды қауіпсіз әрі тиімді жинау мен жою бар. 12

Энергия жеткізгіштер құнының құбылмалығына, олардың өсуі мен құлдырауына қарамастан, алдағы онжылдықтарда классикалық кен орындарындағы энергия ресурстары шөгінділерінің дәлелденген қоры азаятыны, ал әлемдік және ұлттық экономикада электр қуаты мен отынды пайдалану өсе түсетіні айқын. Өндірілетін отынның жалып әлемдік қорының азаюына және шалғай аймақтардағы оның өзіндік құнының өсуіне қарасақ, алдағы жақын онжылдықта отын бағасы жаңа тарихи жоғарғы шекке дейін көтеріледі, ал энергия тиімділігі мен ресурсты сақтау мәселелері отын-энергетика кешенін мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөлге ие болып қала береді. Осыған байланысты, бүгінде, мемлекет бар назарын оның тиімділігін арттыруға бағыттап отыр. 12

Электр қуатын өндіретін және электр желісі құрылғыларының ескіруі мен технологиялық артта қалуы энергия өндіру тиімділігінің төмендігіне, электр желілері арқылы электр қуатын беру кезінде белгілі бір мөлшерін жоғалтуына себеп болып отыр. 12

Жылыту тиімділігі төмен және тұтынушыларға жылуды жеткізу мен беру кезінде шығындары жоғары орталық жылыту жүйелеріндегі жағдай да осыған ұқсас. Орташа алғанда, Қазақстанда тұрғын үйлер ауа-райы жағдайы біздің елге ұқсас Солтүстік Еуропа елдеріне қарағанда аудан бірлігіне шаққанда үш есе көп энергия тұтынады. 13

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында атап өткендей, ауызсудың тапшылығы ағымдағы ғасырдың сын-қатерінің бірі болмақ. Халық санының өсуімен және тұщы су көздерінің сарқылуына байланысты, аталмыш мәселе барша әлемде өзекті болып отыр. Алайда, ТМД елдерінің арасында тұщы су қоры бойынша соңғы орында тұрған Қазақстан үшін мәселенің маңызы өте зор. 13

Еліміздегі су ресурстарының мәселесі тасымалдау немесе ақырғы тұтынушыға жеткізу сипатына қарай күрделеніп отыр. Ал бұл қазақстандық тұтынушылар мен экожүйені осал жағдайға душар етуде. Осындай қауіптің мысалы ретінде Арал теңізін және оған құятын Әмудария мен Сырдария өзендерін алуға болады. Бұл өзендердің бастауы Қазақстан аумағынан тыс жерде жатқандықтан, шектес мемлекеттердің ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі үшін көп су пайдалануынан, соңғы онжылдықта еліміз осы өзендердің Қазақстандағы бөлігіндегі судың тартылу апатының салдарын тартып отыр. 13

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және оларды адамзаттың тұтыну қарқынының өсу мәселесімен қатар, адам тұрмысында қолданылған өнімдерді қайта өңдеу мәселесі де өте өзекті болып тұр. Кейбір мемлекеттер үшін күмәнді құндылығына айналған тұрмыстық қоқыстар құрлықтағы ғана емес, әлемдік мұхиттағы орасан аумақтарды басып алып жатыр. 13

Тіпті, аталмыш мәселені шешумен бұрыннан айналысып келе жатқан дамыған мемлекеттердің өзі тұрмыстық қалдықтардың көп дегенде 70%-ын ғана қайта өңдеуге мүмкіндігі бар. Ал Қазақстанда бұл сан 5%-дан аспайды. Сондықтан тіркелген қоқыс үйінділерінің саны 4000-ға жетіп отыр. Олардың тек 10%-ы ғана қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған арнайы полигондар. 13

Еліміздегі қоқыс үйінділердегі тарихи қор 100 млн. тоннаны құрайтынына қарамастан, жыл сайын қазақстандықтар шамамен 5-6 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар шығарады екен. Қоқысты оп-оңай тастай салу әрбір адам үшін әдетке айналғаны соншалық, оған еш мән бермейді. Біз өзімізге қажет емес тастап жатқан затымыздың көбі қайта пайдалануға келетін, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды сақтауға жәрдемдесетін құнды, пайдалы материалдар болуы мүмкін деп ойланбастан, жай ғана қоқыс жәшігіне тастай саламыз. 14

Табысты ел мен ұлт болашағының кепілі экология саласындағы мемлекеттік саясатты өзгерту, экономиканы «жасыл жолдарға» қайта бағыттау және орталықтандырылған желілердің ресурстық тиімділігін арттыру екені анық. Алайда, мемлекет қандай шара қолданса да, мұндай өзгеріс әрбір азаматтың ой-санасын түбегейлі өзгертпей мүмкін емес. Қоғам іс-әрекеттің экологиялық үлгісіне қарай бет бұрып, қалыптасқан тұтыну әдеттерінен арылуы қажет. 14

Бар үміт өскелең ұрпақ – бүгінгі балаларда. Олардың жарқын болашағы қалыптасқан өмір салтымызды өзгерте алатынымызға, табиғат сыйға тартқан бар байлықты аса ұқыппен пайдалана білуімізге байланысты болмақ. Қозғалыс бала кезден бойына сіңірілген экологиялық мәдениет негіздері ересек өмірде жалпы қоғам іс-әрекетінің жауапкершілігіне мықты іргетас болады дегенге сенімді. 14

Әрбір азаматтың ресурстарды үнеммен тиімді тұтынуы, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс пайдалануы, табиғатты аялауы – алдыңғы буыннан бері қордаланған мәселелерді шешу үшін маңызды қадам болып табылады. Тұтыну мөлшерін азайту, қайта пайдалану, қалдықтарды өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдейтін және энергия сақтайтын қарапайым әрі ұтымды қадамдар. Бұлар «Жасыл сабақтың» көмегімен жас ұрпақтың ой-санасына сіңіріліп, күнделікті іс-әрекет үлгісіне айналуы тиіс. 14

Алдында айтылғандай, адамзат жаһандық ауқымдағы келелі мәселелермен бетпе-бет келіп, түрлі деңгейлерде, түрлі тәсілдермен оны шешу жолдарын іздеуге көшті. Жаңа технологиялар енгізіліп, ғылыми ізденімдер жүргізілуде, көнерген техника жаңғыртылуда. Алайда, Қозғалыс аталмыш мәселені қоғамдық ой-сананы, ғаламшардағы әрбір тұрғынның іс-әрекеті мен әдетін өзгерту арқылы шешуге болады деп есептейді. 14

Біздің пайымдауымызша, экологиялық түрленулер болашақ қоғамды тұрақты дамыту үшін қажет. Білім мен қарапайым күнделікті іс-қимылдардың арқасында біз үдерістерді басқарып, өзіміз қалаған жарқын болашақты құра аламыз. Ендеше, бұл істі осы құндылықтарды бойына сіңіре алатын, оларды өмір бойы ұстанып, кейінгі ұрпағына бере алатын, экологиялық мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу негізіне айналдыратын, ой-санасы тың, таза жандардан бастау қажет. 15

ГЛОССАРИЙ 16

Орта мектептің бастауыш сыныптарына арналған 18

«Жасыл – яғни үнемді» сабағын өткізу 18

ЖОСПАРЫ 18

18

Сабақ сатылары 18

Өткізуге бөлінген уақыт 18

I 18

Ұйымдастырукезеңі. 18

1 слайд 18

- Оқушыларды психологиялық дайындау. 18

5 слайд 18

5-7 минут 18

II 18

Шақыру кезеңі. 18

- Топтарға бөлу 18

2-3 минут 18

III 18

Түсініп алу кезеңі. 18

10-13 минут 18

IV 18

4. Рефлексия. 18

- Мини-диспут 18

- Сабақтың басына оралу 18

10-15 минут 18

V 18

1-2 минут 18

30-40 минут 18

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ 18

САБАҚ БАРЫСЫ 20

I. Ұйымдастыру кезеңі. 20

1 слайд 20

- Балаларды психологиялық дайындау. 20

5 слайд 20

II. Шақыру кезеңі. 20

- Топтарға бөлу(мұғалім сыныптың сандық және сапалық құрамына қарай балаларды 2-4 топқа бөледі). 20

III. Түсініп алу кезеңі. 20

4. Рефлексия. 23

- Мини-диспут: балалар өз таңдауының дұрыстығын дәлелдеп, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Диспутты өткізу барысында балалар екі негізгі сұрақтың жауабын табады: Экологиялық із дегеніміз не? Және экологиялық мәдениет дегеніміз не? 23

9 слайд 23

5. Үй тапсырмасы. 23

10 слайд 23

Покетмодты бояп шық. 23

- Балалар, ресурстарды үйде қалай үнемдеу керектігі туралы ақ-қара покетмодты жаднама мен түрлі түсті қарандаштардың көмегімен толтырындар. 23

"Жасылсабақ" қорытындысы мен өткізілген сынып сағаты бойынша байланыс орнату үшін оқушылар ата-аналарының арасында сауалнама жіберуіңізді өтінеміз. Сауалнаманы компьютерден, планшеттен немесе ұялытелефоннан өткізуге болады (сілтемені WhatsApp арқылы жібереаласыз). 23

Сілтеме: https://ru.surveymonkey.com/r/Jasylsabak 23

СЛАЙДТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 24

№ 1 «Оқушыларды психологиялық дайындау» слайды 24

- табиғаттың, планетаның және т.б. әдемі суреті; 24

№ 2 «Берілген әріптер» слайды 24

- Ы, Ж, Л, А, С әріптері; 24

№ 3 «Автор орындығы» слайды 24

- әдемі орындықтың суреті (орындықта ойланып отырған адамның 24

суретін қоюға болады), мүмкіндігінше жағымды әуен қосуға болады; 24

№ 4 «Жасыл» слайды 24

- «Зелёный», «Жасыл», «Green» сөздері (кезек кезекпен шығып отырады); 24

№ 5 «Суреттер» слайды 24

- бірінен кейін бірі шығып отыратын суреттер: жасыл өскін, 24

жасыл жапырақ, жасыл шөп және т.б.; 24

№ 6 «Сабақ тақырыбы» слайды 24

- «Жасыл – яғни үнемді!»; 24

№ 7 «Болады, болмайды» слайды; 24

№ 8 «Жасыл экономика» слайды; 24

- «жасыл экономика» сөздері және ЭКСПО туралы ақпарат; 24

№ 9 «Автор орындығы» слайды; 24

№ 10 «Үй тапсырмасы» слайды 24

Покетмод пен қатысқан үшін берілген алғыс хатты боя. 24

ЛИТЕРАТУРА 25