- •Мемлекет оның құрылымдық нысандары және басқару түрлері
- •2.Құқық негіздері пәні және оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пәні әдіс- тәсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана және құқықтық мәдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция және конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •8.Адам мен адамзаттардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
- •9. Президент өкілеттілігі
- •10.Заң шығарушы орган
- •12. Конституциялық кеңес
- •13. Сот және соттар төрелігі
- •14. Жергілікті және өзін – өзі басқару органдары
- •15. Әкімшілік құқығы және оның әдіс – тәсілдері, әкімілік қатынастар және әкімшілік құқық нормалар
- •16. Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтерің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері
- •17. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық және оның құқықтық негіздері мен әкімшілік құқығының қайнар көздері
- •19. Азаматтық құқық түсінігі, азаматтық құқықтық қатынастар және азаматтық заңдар туралы түсінігі
- •21. Азаматтық мүліктік қатынас
- •22. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мәміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық және азаматтық құқығы шарт
- •24. Серіктес ұғымы
- •25. Отбасы құқығы және отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •26. Неке және некеге тұрудың шарты және тәртібі
- •27. Қорғаншылық және қамқоршылық
- •28. Өсиет бойынша мұрагерлік
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет және оның қалыптасу жолдары
- •31.Бюджетті жоспарлау және оның құқықтық реттеу негіздері
- •32.Салық және салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •33. Салықты құқықтық реттеу негіздері
- •34. Инвестиция ұғымы және оның түрлері
- •35. Салық түрлері жіне оның құқықтық реттеу негіздері
- •36. Қылмыстық ұғым және қылмыстық құқық пәні түсінігі, міндеттері мен қағидаттары және қылмыстық заң мен оның қолдануы мен негіздері.
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлар, қылмыс сатылары.
- •39.Жаза тағайындау мен жазадан босату негіздері.
- •40. Қылмыстық жауаптылық және жазалаудан босату
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері және іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •45.Жеке тұлға құқықтарының бұзылу себептері.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары және еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты және оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу және тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері және қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты және оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты және жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кәсіпкерлік қызмет және кәсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кәсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта және ірі кәсіпкерлік және оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы және экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық және экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •62. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты және оны заңдық реттеу.
- •63. Жалақы және еңбекті нормалау.
- •64. Еңбек даулары және оны қорғау тәртібі.
- •65. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары.
- •66. Неке және отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •67. Неке, отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау.
- •68. Некені бұзу, некені тоқтату әрекеттері.
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж және сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •75. Қылмыстық жауапкершіліктен және жазалаудан босату
- •76. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
- •77.Экология құқығы ұғымы экологиялық құқық туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері және оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері және халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
10.Заң шығарушы орган
заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар.шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.
заң шығарушы органдар мемлекеттік аппарат құрылымында орталық орынды алады. Бүл органдардың негізгі мақсаты заңдық қызмет болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде заң билігі органдарының ерекше рөлін көрсету үшін, жеке елдердің конституциялары «парламент мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатынына» ғана сілтемей, сонымен қатар «мемлекеттің жалғыз заңдық органы» ретінде қарастырылуын бекіткен (Жапонияның 1947 жылғы Конституциясының 41 бабы). Осы мақсатта басқа мемлекеттер парламентпен қабылданатын заңдарда қандай сипатты ережелердің болуын көрсетеді. Д. Локк «заң билігі қажетілік бойынша жоғарғы болуы және қалған биліктер белгілі бір дәрежеде оның қол астында және оған тәуелді болуы керек». Себебі заң шығарушы билік мемлекеттік пен қоғамдық өмірдің құқтық қайнар көздерін бекітеді және елдің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, демек атқарушы мен сот биліктері қызметінің нысандарын мен құқықтық ұйымдастырылуын анықтайды. Мемлекет механизмінде заң шығарушы органдардың басты жағдайына ие болуы салдарынан, онымен қабылданатын Заңдардың жоғарғы құқықтық күшіне иеленеді және құқық нормаларына жалпыға міндетті сипатта болады. Дегенмен, заң шығарушы органдардың жоғарғы орган ретінде қарастырылуы абсолютті сипатта емес. Оның қызметінің шектері құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, бостандық пен әділеттік идеяларымен шектелген. Оны қызмет ететін конституциялық заңдардың сәйкес болуын қамтамасыз ететін арнайы конституциялық органдар мен халық бақылайды.
Сонымен қатар заң шығару функцияларын шоғырландыра отырып,парламент бірқатар жағдайларда өзінің функцияларының біршамасын өзінің қол астындағы (өзі бақылайтын) органдарға тапсырады. Сөйтіп, АҚШ Конгрессі, РФ Федералдық жиналысы, ҚР Парламенті, Англия Парламенті, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенаты жоғарғы заң шығарушы органдар ретінде түрлі себептерге байланысты белгілі бір актілерді дайындап, қабылдауды өкіметке, жеке министрліктерге мен ведомстволарға тапсырады.
11. Үкімет дегеніміз не?
Келесі мемлекеттік басқару нысаны бұл— үкімет. Қазақстан Республикасы үкіметі— атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оған республиканың салалары бойынша құрылған министрліктері, үкіметтік органдары, комитеттер және агенттіктер қарайды. Жергілікті атқарушы органдар әкімшіліктер. Үкіметті қазақстан республикасының премьер министрі басқарады. Қ.Р.- ның Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжілісалдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
