Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
os_prava_shpor (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.56 Кб
Скачать

5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқық дегеніміз— жалпығы бірдей, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқықтың қоғамдағы негізгі қызметі қоғамдық қатнастарды реттеу (тәртіпті сақтау, қорғау және мемлекет органдарының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу) құқық қүрделі құблыс, ол ғылымда зертелген құблыс, оған байланысты бірнеше теориялар бар.

Құқықтық қатынас –бұл қоғамдық қатынас, нақтырақ айтқанда адамдардың арасындағы қатынас. Құқықтық қатынастар адамдардың іс- әрекетінің, мінез- құлқының, өзара субьективтік құқықтар мен міндеттерінің негізінде пайда болады.

Құқықтық сана – бұл қоғамдық сананың бір саласы деуге болады. Құқықтық сананың сапалық күйі яғни тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның іс- әрекет еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігін арттыру бұл құқықтық мәдениетті білдіреді. Ал тұлғаның құқықтық мәдениеті, құқықты білу, ұғыну, түсіну және құрметтеуден тұрады. Жалпы құқықты дамыту, құқықтық мемлекетті құру тек тұлғаның құқықтық мәдениетінің дамуының нәтижесінде ғана жүзеге асады. Құқықтық мемлекет мемлкеттік басқарудағы құқықтың басымдық идеясынан шығып отыр, сондықтанда тек қана ресми органдармен лауазымды тұлғалардың ниетіне емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігінен туындап отыр. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай- ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым- қатынас саласындағы мәселелерге кірісудің өзі жат құбылыс. Сондай-ақ, құқықтық мемлекет қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына қамқорлық көрсетеді.

Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтықидеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т.б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т.б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан.

6.Құқықтық мемлекет

Мемлекет өзіне тәнбелгілері мен қажетіне және өзіндік мол мүмкіндіктеріне қарай экономиканы дамытудың әлеуметтік саяси- рухани, ұлтаралық және басқа да қатынастарды жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатынасып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әрекет етеді.

Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан ерекшеленетін өзіндік белгілері:

  1. Мемлекеттің аумағының (тереториясының) болуы.

  2. Жария билігінің болуы.

3. Мемлекеттің халқының, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинау органдарының болуы.

4. Мемлекеттің басқа қоғамдық саяси ұйымдардан тағы ерекшеленетін бір белгісі ол егемендек және тәуелсіздік сияқты белгілері (атрибуттарының) мен мемлекеттік тілінің болуы.

Құқықтық мемлекет дегеніміз— құқықтың құндылықтарына алғы шарттар жасайтын, жұртшылық арасында, сондай- ақ мемлекеттік апарат қызметкерлері арасында олардың билік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіс іс- қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті айтуға болады.

Құқықтық мемлекет белгілері:

1. Биліктің бөліну принципі.

2. Заңның үстемдігі.

3. Заң алдында барлық адамдардың үстемдігі.

  1. Мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі.

5. Азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейде дамуы.

6. Барлық қоғам мүшелерінің заңды орындауын бақылауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]