Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
os_prava_shpor (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.56 Кб
Скачать

24. Серіктес ұғымы

25. Отбасы құқығы және отбасы құқығын реттейтін заңдар

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Неке отбасы қатынастары Қ.Р-сының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы қабылданған неке және отбасы туралы кодексімен реттеледі. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары сияқты мәселелер қарастырылады. Ал ерекше бөлімде азаматтық хал актілері және заңнама нормаларының қолданылу негіздері қарастырылады. Қ.Р-сының отбасы заңнамасы Республика конституциясына негізделеді, осы кодекстен Қ.Р-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

26. Неке және некеге тұрудың шарты және тәртібі

Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не ранайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда некені қиюды мемлекеттік тіркеу орындарында медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса онда кәмелетке толмаған жұбай және оның заңды өкілдері немесе прокурор талап етуге құқығы бар.

Неке қиюмен құқығы бұзылған жұбай сондай- ақ мәжбүр ету алдау, қателесу нәтижесінде немесе неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс- әрекетінің мәнін түсінбеген және өзін билей алмаған жай- күйінің салдарынан ерлі- зайыптыларының біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса прокурор некені жарамсыз деп тануға құқығы бар. Және басқа-да осы заңнаманың 26 бабының негізінде неке жарамсыз болған жағдайда некені жарамсыд деп тануға құқығы бар. Некені тоқтату ерлі- зайыптылардың өздеріне байланысты емес мән- жайлардың салдарынан немесе осы кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі- зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс- әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі- зайыптылар арасында заңды қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

27. Қорғаншылық және қамқоршылық

Қорғаншылық және қамқоршылық жетім балаларды ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп- бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Мемлекет кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетеке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз қызметін жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырады. Қ.Р-сының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметтері Қ.Р-ның Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асады. Қорғаншылық және қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары осы заңнаманың 123 бабында бекітіліп көрсетілген. Қорыта келгенде, отбасы құқығы өзінің қайнар көздері Қ.Р-сы конституциясы неке және отбасы туралы заңнама және осы заңнамаға сәйкес қабылданған өзге де заңдар арқылы реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]