- •Бөлімшелердің ауылдық елді мекендердегі өрттерді сөндірудің шұғыл іс-әрекеттерін ұйымдастыру
- •Ауыл шаруашылығы
- •Статистикалық мәліметтер
- •Атқарылған шаралар
- •Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
- •Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
- •Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
- •Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
- •Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесі
- •Өртті рәсімдеу құжаттары
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы № ___
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Өртті рәсімдеу құжаттары
Есепке алудың ресми құжаты өрт туралы акті болып табылады.
Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерінің немесе өрт сөндіруге жетекшілік еткен басшының басқаруымен құрамы кемінде 3 адамнан тұратын комиссия оқиға болған жерде, ол сөндірілгеннен кейін бір тәуліктің ішінде өрт туралы актіні жасайды. Комиссия мүшелері ретінде құқық қорғау органдарының, сақтандыру ұйымдарының (сақтандырылған құрылыстар бойынша), объекті әкімшілігінің немесе меншік иесін және басқа ұйымдарды тарта алады.
Аталған актіде өрттің себептері дәлме-дәл көрсетілуі және техникалық негізделуі керек. Егер өрт себебін дәлме-дәл анықтау мүмкін болмаса, онда алдын-ала шамаланған себептер немесе өрттің туындау себептерінің анықталмағандығы атап көрсетіледі.
Өрт туралы бар немесе өзге мәліметтердің жоқтығы акті жасауды кешіктірмеуге негіз болмауы тиіс.
Өрт бөлімшелері бармаған өрт туралы акті және Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне азаматтардан, құқық қорғау органдарынан және басқа көздерден (ауызша немесе жазбаша) ол туралы түскен хабарлама ақпарат алынған сәттен бастап 2 тәулік ішінде жасалады.
Актіге комиссия қол қойғаннан кейін ол өрт фактісі туралы тексеру жүргізген органда қалады. Өрт туралы актінің көшірмелері қажет болған жағдайда мүдделі заңды және жеке тұлғаларға ресми арызы негізінде беріледі.
Әрбір өрт бойынша өрттерді есепке алу карточкасы жасалады, оған аудан (қала) бойынша өрттерді бірыңғай есепке алуды жүзеге асыратын Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жергілікті органдағы өрттерді есепке алуды тіркейтін журнал бойынша нөмір беріледі.
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық
Нысан
(бет жағы)
(ұйымның атауы)
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы № ___
Журналды жүргізуді бастаған датасы "___" _____ 20__ ж.
Журнал жүргізуді аяқтаған датасы "___" _____ 20__ ж.
(ішкі жағы)
№ р/с |
Нұсқаулық өткізу датасы |
Нұсқаулық тан өтушінің аты-жөні (туған жылы) |
Нұсқаулы қтан өтушінің лауазымы (кәсібі) |
Нұсқаулық түрі |
Нұсқаулық берушінің аты-жөні |
Нұсқаулық берушінің лауазымы |
Нұсқаулықтан өтушінің қолы |
Нұсқаулы қ берушіні ң қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ескертпе: Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы барлық нұсқаулық түрі үшін немесе ұйым басшысының шешімі бойынша әр нұсқаулық түрі үшін ресімделеді.
Қорытынды
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі қазіргі мемлекеттің ролі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы. Ғылыми- техникалық прогрестің, қоғамның игілігі мен зияткерлік потенциалы өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және олардан келетін зиян масштабтарының ұлғаюына әсері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығы. Қазіргі өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлардың құрылу аймақтары. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары, олардың адамдарға әсерін бағалау.
Өндірістегі қауіптілік пен зияндылықты төмендететін, тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық әсерлері. Қауіпсіздікті арттырудың және еңбек жағдайларын жақсартудың «экономикалық» механизмі. Қауіпсіздік проблемаларын зерделеудің маңыздылығы және әдіснамасы. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері. «Машина – адам — өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар. Қауіпсіздік проблемаларын шешудің жүйелілігі. Технологиялық процестің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.
