- •Бөлімшелердің ауылдық елді мекендердегі өрттерді сөндірудің шұғыл іс-әрекеттерін ұйымдастыру
- •Ауыл шаруашылығы
- •Статистикалық мәліметтер
- •Атқарылған шаралар
- •Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
- •Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
- •Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
- •Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
- •Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесі
- •Өртті рәсімдеу құжаттары
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы № ___
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Статистикалық мәліметтер
2015 жылдың өткен кезеңі ішінде жалпы алаңы 92 га далалы аймақта 5 тұтану тіркелді, тұтанулардың барлық уақиғалары өрт ретінде есепке жатпайтындар ретінде тіркелді, тікелей материалдық залал келтірілмеді. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда дала аймағында тұтанулар саны 3,2 есе төмендеді, 2014 жылы 16 жағдай, соның ішінде орман қорына кірмейтін екпе ағаштарға залал келтірілген 3 дала өрті және орман қорының аумағына жататын 1 орман өрті болды. Ағымдағы жылы 2014 жылдың қаралатын кезеңімен салыстырғанда дала аймағындағы тұтанулардың жалпы алаңы 369-дан 92 гектарға дейін 4 есе кеміді. Қазіргі уақытта дала өрттерін сөндіру және алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 наурызда № 10433 бекітіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпанындағы «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығымен реттеледі. Аталған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларына сәйкес тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Жедел жағдайға, өрттің таралу шарттары және азаматтарға, ұйымдарға, қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне залал тигізу қаупінің болуына байланысты аталған өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жұмылдырылуы мүмкін.
2017 жылың басынан бүгінгі күнге дейін облыс аумағында көлемі 1170 га шығыны 8млн. 370 мың теңгені құраған 5 дала өрті, сонымен қатар көлемі 1092,8 га. 88 құрғақ шөптің жану оқиғасы тіркелді.
2-сурет. Ауыл шаруашылығындағы өрттер
2-Тарау
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шаралары
құрылыстық-жобалау;
техникалық;,
ұйымдастырушылық;
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
3-сурет. Алма бағындағы өртті сөндіру
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндіру тәсілдері
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
ауадағы оттегі HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%82%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96"концентрациясын азайту;
ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BC"м, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инерттHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%82%D1%82%D1%96_%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80"і газдар, булар қолданылады.
4-сурет. Егістіктегі өрттер
Өрт факторларының әрекеттері
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
жану зонасында иісті газбен улану;
жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өрт сөндіру құралдары
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
өHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%80%D1%82_%D1%81%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96"рткеHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%80%D1%82_%D1%81%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96" қHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%80%D1%82_%D1%81%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96"арсыHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%80%D1%82_%D1%81%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96" жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.
Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.
