- •Бөлімшелердің ауылдық елді мекендердегі өрттерді сөндірудің шұғыл іс-әрекеттерін ұйымдастыру
- •Ауыл шаруашылығы
- •Статистикалық мәліметтер
- •Атқарылған шаралар
- •Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
- •Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
- •Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
- •Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
- •Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесі
- •Өртті рәсімдеу құжаттары
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық
- •Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу журналы № ___
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
Мал өсіру және құс өсіру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану ережесі. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт сөндіретін су айдындарын орнату ережесі. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, дабылмен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар конспектісін, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
Ұйым (шаруа қожалықтарының) басшыларының, өртті жою бойынша тұрғындар мен ауылдық жердегі жұмысшылардың өрт-техникалық жаттығуы. Өрт жеңдерін төсеу. Су көзінен су беру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу. Өртке қарсы қызметті шақырту.
Жылжымалы өрт техникасы санының жетiспеушiлiгi, сумен жабдықтау мен байланыстың қанағаттанарлықсыздығы, өрт бөлiмдерiнiң елдi мекендерден қашықтығы ауылдық елдi мекендердегi өрттердi сөндiрудi қиындатады.
Ауылдық елдi мекендердегi өрт кезiнде:
оттың жанатын құрылыстар мен материалдар арқылы тез таралуы;
оттың (ұшқынның, шоқтың) айтарлықтай қашықтыққа ұшуы;
тұрмыстық газ құралдарының жарылуы мүмкiн.
-сурет. Өрттен кейінгі шаруашылық
Ауылдық жерлердегi өрттi сөндiру үшiн өрт автокөлiктерi және мотопомпалар, сондай-ақ жабдықталған ауыл шаруашылық және басқа техникалар: автобензин құйғыштар, автосұйық шашқыштар, аспалы су сорғыштар мен жабдықталған автокөлiктер мен тракторлар, су тартқыштар, трактордың тiркеме су сепкiштерi және жаңбырлатқыш қондырғылар, суландыру машиналары, сүт тасығыштар, соқасы бар тракторлар және басқалар пайдаланылады.
Ауылдық елдi мекендегi өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:
iшкi iстер бөлiмiнiң кезекшiсi, жергiлiктi байланыс торабы немесе ББП арқылы аудандық жоспарда көзделген күштер мен құралдарды дер мезгiлде шақыруды ұйымдастыруға, өрт туралы ӨСБОП-не хабарлауға;
оттың таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды қолданумен бiрге адамдарды құтқаруды, малдарды және материалдық құндылықтарды көшiрудi ұйымдастыруға;
оттың таралуы мүмкiн жолдарды бөлiп тастау үшiн тракторларды, бульдозерлердi және басқа техникаларды пайдалануға;
өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнен және тұрғын халықтан, жаңа жану ошақтары қауiпi болған кезде, от сөндiргiштерi және су құйған шелектерi бар бекетшiлер қоюға;
жергiлiктi атқару органдары, шаруашылық әкiмшiлiгi арқылы өршiген өрттi сөндiруге шаруашылық объектiлерiнiң техникасы мен тұрғындарды жұмылдыруға мiндеттi.
Мал шаруашылығы жайларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:
малдарды көшiрудiң шарасын қолдануға, оқпандарды отты сөндiруге және көшiру жолдарын қорғауға енгiзуге, малдарды байлаудан босату үшiн қызмет етушiлердi, өртке қарсы құрылымдары мүшелерiн тартуға, малды көшiрудi тездету үшiн су ағындарын пайдалануға, ал оларды кiретiн есiктен түкпiрде орналасқан малдарға қарай беруге;
көршi объектiлердi қорғауды ұйымдастыруға мiндеттi.
Зығыр терiсiн, шөптi, маялаған, шөмеленген сабанды және қатқыл сабақты шөптер қоймасындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:
ашық жалынды сөндiру үшiн судың шашыранды ағынын беруге, аршуды жүргiзуге, жануды сөндiруге және маяларды, шөмелелердi ауыл шаруашылығы техникаларын қолдана отырып, тұрғын халықтың, өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнiң күшiмен жүргiзуге;
зығыр өңдеу бекеттерiндегi өрт кезiнде маяны белсендi желдетушi агрегат пен пневмокөлiктi өшiруге;
өрт сөндiргеннен кейiн қайтадан жану мүмкiндiгiн болдырмау үшiн өрт сөндiру құралдары бар өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыруға мiндеттi.
