Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Adilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.21 Mб
Скачать

Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.  Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық  патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ  шөбі бар және астық  өсетін ашық  алқапта пайда болады. Ол маусымдық  сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін. Өртті  жайылтпаудың негізгі әдістері: Ормандағы және даладағы өртпен  күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою. Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі. Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді. Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

Өрт адамдарға психологиялық  тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады. Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.  Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет. Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Мемлекеттік орман қорларының жерлері мен дала алқаптары құмды және таулы аймақтардың үлкен көлемдерін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдері аталған жерлерден үлкен арақашықтықтарда орналасқанын атап өту керек.

Облыста орын алып отырған дала өрттерімен күресудің ауыр жағдайына байланысты ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы нысандарындағы ерікті өрт сөндіру жасақтарына үлкен үміт артылады, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы қызмет органдары елді мекедер мен мемлекет меншігендегі аса маңызды нысандарды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Бірақ, өртке қарсы жасақтардың жауынгерлік дайындығын тексеру және өткен кезңдегі облыс аумағында болған табиғи өрттерді талдау ауылдық аймақтарда құрылған өртке қарсы жасақтардың ірі табиғи өрттерді өшіруге тек жартылай ғана дайын екендігін, яғни ЕӨСЖ құру және дұрыс қызмет ету механизмі жасалмаған.

Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады-оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғандарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша біз облысымыздың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.

Табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз.

- ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге рұқсат берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.

- желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.

- өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз.

Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына сәйкес дисциплинарлық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Орман – бұл көптеген ұрпақтардың меншігіндегі ұлттық қазына, сондықтан біз оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз!

Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілі

Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» – деп аталатын(«Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті. Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.

Табиғи өрттер туралы

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмғанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кеткен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондй-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Өрт адамға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

Өрттердің пайда болуына себепші болатын табиғи факторлар және өрттердің дамуына табиғи тәуекелдердің ықпалы.

Өрт сөндiру тәуекелiнiң деңгейi адам қызметке қатысты факторларды жиыннан бағынышты болады. Өрт тәуекелдерімен қоса басқа да тәуекелдер бар, олар әртүрлі болады және бірнеше санаттарға бөлінеді. Факторлардың әртүрлi тәуекелiнiң ұғымы көп жақты қызметтiң нақты түрiн мiнездейтiн ерекшелейді.Өрт шығаруға қабілеті бар факторлар және олардың мінездемелері сол және басқа да әртүрлі тәуекелдердің әрекеттерін түсінген дұрыс. Әртүрлі тәуекелді факторлар нақты әсер етуі кешенді түрде бүтін бір тәуекел тобына әсер етеді. Тәуекелдерді оқып-түсіну кезіндегі мәселелер әртүрлі тәуекелдерге және нақты тәуекелдің түріне көп мән береді. Қазіргі уақытта қазіргі қоғамға сай тәуекелдің теориясы әртүрлі қоғамда сұранысқа ие. Егер өртке қарсы қызметінің іс-әрекетін алсақ, өзінің алдында өте күрделі социалды-экономикалық структурасында тәуекелдер теориясынқолдануға болады. Қазақстан Республикасының жалпы аймағында дәл қазіргі уақытта әрекет етуші табиғи тәуекелдердің бірнеше түрлері бар.Олар өртке және өрттің дамуына себепші болуы әбден мүмкін.Өртке әсер етуші табиғи факторлар өртке қарсы қызметінің жұмысына оң және теріс жағынан әсер етеді.Өртке әсер етуші табиғи факторлар:жел,ауаның дымқылдылығы,су көздері,найзағай,жаңбыр,күннің ыстығы,жер сілкінісі,қаркөшкіні мен қHYPERLINK "http://www.melimde.com/malajziya-men-itaj-arasindafi-sauda-ekonomikali-atinastar-tari.html"ардыңHYPERLINK "http://www.melimde.com/malajziya-men-itaj-arasindafi-sauda-ekonomikali-atinastar-tari.html" әHYPERLINK "http://www.melimde.com/malajziya-men-itaj-arasindafi-sauda-ekonomikali-atinastar-tari.html"сері,орман өрттері,су тасқындары, дала өрттері,сырғымалар,тау тасттың құлауы,температураның әсері және тұман басу т.б .Бұл табиғи факторлар өрттің пайда болуы мен дамуына әртүрлі өздігінше әсер етеді.Толықтай ашып айта кететін болсам:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]