Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Adilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.21 Mб
Скачать

Атқарылған шаралар

«Аудандық масштабтағы дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру және олардың профилактикасы жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша қаражатты бөлу және игеруге қатысты. Бұл бағдарлама 2015 жылға дейін аудан аумағын дамыту бағдарламасына кіреді, ол бойынша өрттерді сөндіруге бейімделген техниканы, әртүрлі құрал-жабдықтарды кезең-кезеңмен сатып алу жоспарланған. 2010 жылдан бастап 8 тіркемелі сыйымдылық, 54 арқаға асатын өртсөндіргіш сатып алынды. Ағымдағы жылы 35 арқаға ілінетін өртсөндіргіш, профилактикалық сипаттағы 10 баннер сатып алынды, екі тіркемелі сыйымдылық сатып алуға конкурс өткізілді, өнім жеткізушінің кепілдік хаты бойынша жеткізу мерзімі 15 шілдеге дейін, барлығы 2 млн. 495 мың теңге игерілді. Осыдан басқа жыл сайын өрттерді сөндірумен байланысты шығыстардың орнын толтыруға қаражат қарастырылады. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 1 млн. 374 мың теңге қарастырылды.

5-сурет. Дала өрттерін сөндіру

Павлодар облысы аумағында дала өрттерінің ошағын ерте анықтау мақсатында жер бетіндегі бастапқы сатыдағы тұтанулардың жоғары температура ошақтарын анықтауға мүмкіндік беретін аумақты ғарыштық мониторинг жүйесі бірнеше жыл жұмыс істеп келеді. Ғарыштық мониторинг бойынша мәліметтер күнделікті тәулігіне екі рет барлық аудандық төтенше жағдайлар бөлімдеріне жеткізіледі. Осыдан кейін ошақты, тұтану себептерін анықтау және оны сөндіру бойынша шараларды қабылдау үшін біз ақпаратты жедел ауылдық округтер әкімдеріне жібереміз.

Дала аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың іске асырылуына қарамастан келелі мәселелер әлі де бар. Аудан әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның өртке қауіпті және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі мәжілісте берген хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ауыл және ауылдық округ әкімдеріне ауылдық әкімдерінен жұмылдырылатын күштер мен құралдары және дала өрттерін сөндіруге шаруашылық жүргізуші субъектілер құрамын түзету, сонымен қатар шаруашылық басшыларымен техника және шаруашылық қызметкерлерін тарту тәртібін келісу тапсырмалары берілді. Ауылдық әкімдіктер ұсынған ақпараттар бойынша ауданда барлығы 14 ерікті өртке қарсы құрама (ЕӨҚҚ) бар, жалпы ЕӨҚҚ мүшелерінің саны 147 адам және әртүрлі техниканың 66 бірлігі, соның ішінде тракторлар, тіркемелі сыйымдылықтар және өрттерді сөндіру кезінде пайдалануы мүмкін басқа да техника бар. Ағымдағы жылдың мамыр айында төтенше жағдайлар бөлімі ЕӨҚҚ-мен жаттығу және дайындық тексерісін жүргізді. ЕӨҚҚ дайындығының жағдайы авариялық-құтқарушы қызметтер үшін қабылданған принципі бойынша, яғни «дайын», «шектеулі дайын» немесе «дайын емес» баға бойынша бағаланды. Өткізілген жаттығулар нәтижесі бойынша ЕӨҚҚ дайындығы өте төмен екендігін көрсетті. Галицк және Новопокров ауылдарындағы ЕӨҚҚ – дайын, Константинов, Вознесен, Қаратай ауылдарындағы ЕӨҚҚ – шектеулі дайын, ал қалғандары дайын емес деп танылды. Яғни, ұсынылған мәліметтерде аталған техника мен адамдар жаттығу өткізу кезінде болған жоқ. Екінші мәселе ол өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің болмауы. Осы мәселе жазғы кезеңде әсіресе өзекті. Осыған байланысты, терең ұңғымаларды немесе өрт сөндіру автоцистерналарының суды алу үшін қондырғыларымен суы бар сыйымдылықтар сияқты өртке қарсы сумен жабдықтаудың барлық мүмкін альтернативтік көздерін іске қосу ұсынылады. Қазіргі таңда Вознесен, Қоңырөзек, Дмитриев, Ковалев, Қаратай, Надаров, Ольгин, Белоусов ауылдары үшін осы мәселе өткір тұр.

Дала өрттерінің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру мақсатында төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдарымен және ұйымдарымен бірге келесі жұмыс атқарды. Аудан әкімдігі 2015 жылғы 06 сәуірде «Өртке қауіпті кезеңде дала аумақтарында және елді мекендерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» № 81/4 қаулысын қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ірі масштабты табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі аудандық штабтың құрамы және 2015 жылы елді мекендердегі өрттерді және дала аумақтарында өрт сөндірудің профилактикасы және ұйымдастыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта осы жоспардың 9 шарасынан 5-уі орындалды, 3 шара іске асырылу сатысында, 1-уі ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларына жоспарланған. Ауыл шаруашылық құрамаларының басшыларымен дала аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі және ауыл шаруашылық өртеңін өткізу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмысы өткізілді, шаруашылық басшыларына ақпараттық жаднамалар берілді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында да жұмыс жүргізілді, «Огни села» газетінде «Табиғатты оттан сақтаңыздар» материалы жарыққа шықты, аудан әкімінің веб-сайтының ТЖБ бетінде 2 материал жарияланды. Мектеп оқушылары арасында үгіт-насихаттау жұмысы әрдайым жүргізіледі. Өртке қарсы қызметіне мектеп оқушыларының 2 экскурсиясы ұйымдастырылды, Қоңырөзек ОМ аясында жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында жарыстар өткізілді. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдары маңында жолдарға іргелес орман алқабында ені 1,5 метр периметр бойынша жыртулар жүргізілді. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде орман жолақтарын жырту жаңғыртылмады, осы жолдар облыстық орталықта орналасқан ұйымдар қарауында болғандықтан, біз облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат жібердік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]