Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Adilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.21 Mб
Скачать

Бөлімшелердің ауылдық елді мекендердегі өрттерді сөндірудің шұғыл іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Жоспары

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

1-Тарау

  • Ауыл шарашылығы және оның маңызы

  • Статистикалық мәлеметтер

  • Өрт және оның түрлері

2-Тарау

  • Өрттің алдын алу шаралары

  • Өрт қауіпсіздігі

  • Өрт сөндіру құралдары

  • Атқарылған шаралар

  • Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

3-Тарау

  • Өртті рәсімдеу құжаттары

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кіріспе

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды.

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді

Ауыл шаруашылығының маңызы

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

  1. Негізгі бөлім

1-Тарау

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Табиғи өрт

    Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

1-сурет. Ауыл шаруашылығындағы өрттің жану қарқыны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]